"Денсаулы? – байлы?тан ?ымбат" та?ырыбына ?ткен сыныптан тыс іс-шараны? жоспары
"Денсаулы? – байлы?тан ?ымбат" та?ырыбына ?ткен сыныптан тыс іс-шараны? жоспары
Ашы? т?рбие са?аты
Та?ырыбы: Денсаулы? – байлы?тан ?ымбат
Ма?саты:1. О?ушыларды? тазалы?, денсаулы?тарын са?тау туралы ??ымдарын ке?ейту.
2. ?орша?ан ортаны таза ?стап аялау?а, ?з денсаулы?тарын к?те білуге, тияна?тылы??а, е?бек?орлы??а ?йрету.
3. Салауатты ?мір салтына сай ?а?идаларды енгізе отырып, о?ушыларды болаша?ты? тірегі болатын дені сау, жан-жа?ты азамат етіп т?рбиелеу.
О?ушылар?а денсаулы? туралы т?сіндіру ж?не денсаулы?ты са?тап, ны?айту тікелей адамны? санасына, м?дениетіне, адамгершілігіне, ерік-жігеріне байланысты болатынын айту.
Просмотр содержимого документа
«"Денсаулы? – байлы?тан ?ымбат" та?ырыбына ?ткен сыныптан тыс іс-шараны? жоспары»
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Денсаулық – байлықтан қымбат
Мақсаты:1. Оқушылардың тазалық, денсаулықтарын сақтау туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулықтарын күте білуге, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа үйрету.
3. Салауатты өмір салтына сай қағидаларды енгізе отырып, оқушыларды болашақтың тірегі болатын дені сау, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеу.
Оқушыларға денсаулық туралы түсіндіру және денсаулықты сақтап, нығайту тікелей адамның санасына, мәдениетіне, адамгершілігіне, ерік-жігеріне байланысты болатынын айту.
Түрі: топтық, ұжымдық
Жүру барысы: Оқушыларды екі топқа бөлу
1.Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады
1-топ: «Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боласың»
2-топ: «Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»
Балалар, денсаулық дегенді қалай түсінеміз?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Ассоциация әдісі
Күннің көзі Денсаулық Аурухана
Спорт Таза ауа
Жеміс-жидектер Су
2. Денсаулықтың қастары мен достарын атап көрсету.
1-топ: Айранды көрсетіп, айранның денсаулыққа пайдасын айту.
2-топ: Құртты көрсетіп, құрттың пайдасын айту.
5. «Денсаулық» сөзіне сөзтізбек құрастыру.
д
Е
Н
С
А
У
Л
Ы
қ
Адам денсаулығын зерттейтін жаңа ғылым салауаттану ғылымы – валеология. Әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тәрбиесімен айналысуы керек. Басты байлық – денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ.
6. «Сұрақ-жауап» ойыны.
Салаутты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер?
Шынығу деген не?
Денсаулық деген не?
Тіршілік ету үшін адамға қажетті заттар? (Осы сұрақтарға байланысты оқушылар пікірлері тыңдалады)
7. «Спорт- сенің серігің»
Дене шынықтыру мен спорт ағзаның қабілеттілігін көтереді, адамның шат көңілді болуына жәрдемдеседі, ал бұл ұзақ жыл өмір сүрудің кепілі.
Қазақтың ұлттық ойындарын атап айтқызу.(Көкпар, асық ату, бес тас, қол күрес, арқан тартыс,қыз қуу, т.б) Осы ұлттық ойындарды оқушылар орындап көрсетеді.
8. Қорытынды.
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық терең бақыт» - деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Сақта халқым, денсаулықты Алла берген.
Оң болсын десең егер тіршілігің
Сақта халқым, саулығын аналардың
Болсын десең дені сау ұрпақтарың, - деп біз бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай өлең жолдарымен аяқтаймыз.