kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Денсаулы?ты баптаймыз, ?мірімізді са?таймыз! Ашы? т?рбие са?аты.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Денсаулы?ты баптаймыз,

                       ?мірімізді са?таймыз!
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік:
 таби?атты? адам баласына сыйла?ан басты байлы?ы –денсаулы?ты са?тауды? басты жолдары –зиянды, жат ?ылы?тардан аула? болып, салауатты ?мір с?ру екендігін ??ындыру.
Дамытушылы? : «Ауырып ем іздегенше, аурмауды? жолын іздегенні?» ?лде ?айда тиімдірек екендігін ??ындыру, дене т?рбиесіне, салауаттылы??а да?дыландыру.
Т?рбиелік : О?ушыларды? бойына адами игі ?асиеттерді ?алыптастыру?а, денсаулы?ты? ?адірін т?сіне, са?тай білуге т?рбиелеу.
Саба?ты? барысы:

?діл?азылар ал?асын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

Танысытыру;
«Т?рбие к?зі — халы?та»  ма?ал-м?тел сайысы;
«С?з тап?ан?а ?ол?а жо?»     с?ра?тар?а бір ?ріптен басталатын с?здермен жауап беру;
«Дені сауды? — жаны сау»    ?имыл-?оз?алыс ойындары
«Дені сау ?рпа?-жар?ын болаша?»   шы?армашылы? тапсырма
?орытынды
                               I.            Танысытыру;
Уа, хал?ым, назар аудар денсаулы??а.
?мірде ба?ыттысы? дені? сауда.
«Денсаулы?- тере? ба?ыт» деген с?зді,
??р айтпа?ан ?лы Абай данамыз да.
Дені? сауда к?штісі? б?л ?лемде,
Дені? сауда с?лусы? жер бетінде.
Сол мы?ты денсаулы?ты? ар?асында,
Жетерсі? ?лі талай ба?ыттар?а. — дей отырып ал?аш?ы турымызды бастаймыз.

IІ. «Т?рбие к?зі – халы?та».
Денсаулы?ты са?та т?зу ?сесі?
К?н?дан п?к ж?ннат ?мір кешесі?.
К?рген к?ні? ?ара??ы ?ой дерт шалса,
Харамменен т?ні?ді улап не етерсі??
Жаман ?дет к?п шектірер ?асірет,
Са?та ?зі?ді, жа?сылы??а жетерсі?.

1)  Денсаулы?                             — зор байлы?
2) Ауру батпандап кіріп,                      мыс?ылдап шы?ады.
3) Жан ауырса, т?н азады.
4) Т?ні сауды? –                                         жаны сау.
5) Т?уіпті? жа?сылы?ы                   — ауру?а ауру жамама?анды?ы
6) Бас аманда мал т?тті,                             бас ауырса жан т?тті.
7) А?дамай с?йлеген,                             ауырмай  ?леді.
8) Ауруын жасыр?ан                        ?леді
9)Дені? сау болса   …                         жарлымын деме
10) Тазалы? – саулы? негізі,                                    саулы? – байлы? негізі.
11) Ауырып ем іздегенше,                                      ауырмайтын жол ізде.
12) Ауруды? жа?сысы жо?,                                     д?ріні? т?ттісі жо?.
ІІІ. «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?»     с?ра?тар?а бір ?ріптен басталатын с?здермен жауап беру;
Денсаулы?ты са?та т?зу ?сесі?
К?н?дан п?к ж?ннат ?мір кешесі?.
К?рген к?ні? ?ара??ы ?ой дерт шалса,
Харамменен т??ірді улап не етерсі??
Жаман ?дет к?п шектірер ?асірет,

Са?та ?зі?ді, жа?сылы??а жетерсі?.
Біз сайысымызды? кезекті туры «С?з тап?ан?а ?ол?а жо?»   -?а  береміз.
А                                       Б                                        Ж

Жасы?ыз нешеде?
Денсаулы?ы?ыз жа?сы ма?
Саба?та басы?ыз ауырса не істейсіз?
Денсаулы? — зор байлы? па?
?ан тобы?ыз ?анша
Адамда ?анша сауса? бар?
Спортпен ш??ылданасы? ба?
Ден сау болу ?шін не істеу керек?
С?йікті та?амы?ыз ?андай?
Гигенаны ?алай са?таймыз?
Б?лмені ?анша уа?ыт сайын желдету керек?
Іш ауырса не істейсі??
Д?рігерден ?ор?асы? ба?
Ма?алды жал?астыры?ыз: «Денсаулы?ты? ?адірін ….»
Денсаулы? жайында тілек айты?ыз.
ІV. «Дені сауды? — жаны сау»    ?имыл-?оз?алыс ойындары
Денсаулы?- ол шыны?ан
Барлы? дене м?шесі:
Ден саулы?- ол тыны??ан
Ж?йке тамыр ж?йесі.
Денсаулы? – ол  к?луі?,
К??іл к?йі? жадырай.
Денсаулы?- ол ж?руі?,
Ешбір жері? ауырмай.
Болса? да ?лі ?аршадай,
Ойнау ?шін шаршамай,
О?у ?шін мектепте,
Ашу ?шін т?бетті,
??ру ?шін сен сауы?
Керек мы?ты денсаулы?.

?ас?ырдан ?ор?ып, ?ашып келе жат?ан ?оянны? ?имылын  к?рсеті?із. 1 минут
Бал?а тойып ал?ан аюды? аралардан ?ашуын к?рсеті?із.  1 минут
Иесі тама? ?келе жат?ан к?шікті? ?имылын к?рсеті?і?з. 1 минут

V. «Дені сау ?рпа?-жар?ын болаша?»   шы?армашылы? тапсырма
Басты байлы? – денсаулы?.
Бабам айт?ан даналы?.
Са?та жолын сен тауып,
Осы ша?тан балалы?.
Дені сауды?- жаны сау.
Денсаулы? сені? байлы?ы?.
Мы?ты болса? досым ау
Жуымас са?ан ?ай?ы м??.

1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
…………………………………………….
………………………………………….санамыз.
2- топ:
…………………………………………к?леміз,
………………………………………….ж?реміз,
……………………………………………….
……………………………………………с?реміз.
3- топ:
…………………………………………жанымыз,
………………………………………….?німіз,
……………………………………………….
……………………………………………с?німіз.
Флешмоб -9-сынып
Сайысты ?орытындылау барысында о?ушылар ?нерін к?рсетеді. 
VII ?орытынды:
Дені? сау болсын десе?,
?за? ?мір с?ргі? келсе
Жа?а достар тап?ы? келсе
К??ілі? сергек болсын десе?,
Зиянды ?деттен аула? бол?ы? келсе,
Салауатты ??мыр кешем десе?,
Арманы?а жетем десе?,
?лгілі болам десее?,
Таза болам десе?,
?нерлі бол?ы? келсе,
?з еркі?е то?тау салып,
Спортпен ш??ылдан!
 ?н: К??ілді к?н 
?діл?азылар екі топты? ?пайын есептеп, ал?ыс хат табыстайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Денсаулы?ты баптаймыз, ?мірімізді са?таймыз! Ашы? т?рбие са?аты.»

Тақырыбы: Денсаулықты баптаймыз, Өмірімізді сақтаймыз!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық : «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік : Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

Танысытыру;
«Тәрбие көзі — халықта»  мақал-мәтел сайысы;
«Сөз тапқанға қолқа жоқ»     сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
«Дені саудың — жаны сау»    қимыл-қозғалыс ойындары
«Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»   шығармашылық тапсырма
Қорытынды
                               I.            Танысытыру;
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға. — дей отырып алғашқы турымызды бастаймыз.

IІ. «Тәрбие көзі – халықта».
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.

1)  Денсаулық                             — зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп,                      мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың –                                         жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы                   — ауруға ауру жамамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті,                             бас ауырса жан тәтті.
7) Аңдамай сөйлеген,                             ауырмай  өледі.
8) Ауруын жасырған                        өледі
9)Денің сау болса   …                         жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі,                                    саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше,                                      ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ,                                     дәрінің тәттісі жоқ.
ІІІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»     сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,

Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.
Біз сайысымыздың кезекті туры «Сөз тапқанға қолқа жоқ»   -қа  береміз.
А                                       Б                                        Ж

 

Жасыңыз нешеде?
Денсаулығыңыз жақсы ма?
Сабақта басыңыз ауырса не істейсіз?
Денсаулық — зор байлық па?
Қан тобыңыз қанша
Адамда қанша саусақ бар?
Спортпен шұғылданасың ба?
Ден сау болу үшін не істеу керек?
Сүйікті тағамыңыз қандай?
Гигенаны қалай сақтаймыз?
Бөлмені қанша уақыт сайын желдету керек?
Іш ауырса не істейсің?
Дәрігерден қорқасың ба?
Мақалды жалғастырыңыз: «Денсаулықтың қадірін …..»
Денсаулық жайында тілек айтыңыз.
ІV. «Дені саудың — жаны сау»    қимыл-қозғалыс ойындары
Денсаулық- ол шынықан
Барлық дене мүшесі:
Ден саулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол  күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті,
Құру үшін сен сауық
Керек мықты денсаулық.

Қасқырдан қорқып, қашып келе жатқан қоянның қимылын  көрсетіңіз. 1 минут
Балға тойып алған аюдың аралардан қашуын көрсетіңіз.  1 минут
Иесі тамақ әкеле жатқан күшіктің қимылын көрсетіңіңз. 1 минут

V. «Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ»   шығармашылық тапсырма
Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң.

1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
3- топ:
…………………………………………жанымыз,
………………………………………….әніміз,
……………………………………………….
……………………………………………сәніміз.
Флешмоб -9-сынып
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 
VII Қорытынды:
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе
Жаңа достар тапқың келсе
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десеең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан!
 Ән: Көңілді күн 
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

















Ардақтайық қазақтың ата салтын!

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақтың салт дәстүрлері, олардың түрлері, халық арасында кеңінен қолданылатын дәстүрлер, қолданылудан қалып бара жатқан дәстүрлер, ырымдар мен тыйымдар, діни мейрамдар туралы түсіндіру
Оқушыларды ұлтжандылыққа, Отаншылдыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктер: Домбыра, бесік, оюлы төсеніштер, ұршық, плакаттар.

Сабақтың барысы:
«Біз қазақ деген, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз, дәстүрімізді сақтай білген елміз» деп Қазыбек бабам айтқандай, ен даланы жайлаған, көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының өзіне тән, өзге ұлттардан бөлініп тұратын салт - дәстүрлері бар.
Халқымыздың ғасырлар бойы жинаған бай қазынасы, салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып өз жалғасын табуда. Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздағы айтылатын салт - дәстүр, әдет - ғұрыптар туралы ой халқымыздың қазынасының мыңнан бір тамшысы деп қабыл алыңыздар.

Ән: «Нағыз қазақ»

Тақпақтар:
Армысыңдар аңсаған дана халқым
Сәлем беру ежелгі ата - салтым.
Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ
Бір мақсатқа арналған арман талап.

Танымасаң танып ал мен қазақпын
Жаным жайлау, көңілім кең қазақпын.
Ұлысым бай нұр жері кең қазақпын
Ырысым бай нұр жері кең қазақпын.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын.

Алтай, Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып
Ер жеттім ен далада лықа тойып.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім – күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.

Мен қазақпын, ажалсыз анамын мен
Құрсағыма сыйдырам даланы кең,
Пәк сәбимін бесікте гуілдеген
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын, жұлқынғанда
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.

Тілім барда қазағым бар халқым бар,
Дәстүрім бар ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдар

Қазақпын мен қазақтың тентегімін
Жау шебінде сыналған семсерімін.
Тайыз емен тереңмін, тамырлымын.
Иілмейді ешкімге еңсе бүгін.

Көтердік сәлде болса еңсемізді
Ел болайық қызығар көрсе бізді,
Жаңғыртып ата дәстүр салт – санамыз.
Халқыма имандылық берсе ізгі.

Ардақтап аталардың зиялы атын,
Күн келді дәстүр үшін ту алатын.
Қашанда ата жолын ұмытқандар
Ұлыстың ұлы күні ұялатын.

Би: Аққу

Баланы тәрбиелеуде ырымдар мен тыйымдардың алатын орны ерекше. Атам қазақ тыйым сөздер арқылы баланы жат қылық, жаман әдеттен сақтандырып отырған. Енді кезекті ырымдар мен тыйымдарға берейік.

Қазақ ырымдары
1. Бала бас ұстамайды, бас ұстаса әкесі өледі деп ырымдаған.
2. Ми жемейді, мидай былжыр, бос белбеу болады деп есептеген.
3. Омыртқаның жұлынын жесе суға кетеді деген ырым бар.
4. Жіліктің майын жесе, мұрнынан боқ ағады деген ырым бар
5. Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдында құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады. Оны төрге апарып 3рет аунатады.
6. Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын ешкімге байлатпайды, несібесі кетеді, аңшылықта жолы болмайды деген.
7. Сәби тоңқайып екі аяғының арасынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді деген.
8. Құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды., мұсылманның шариғат заңында бұл ауыр күнә болып есептелінген.

Қазақ тыйымдары
Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел жұрттан бөлінудің, үлкеннің
жолын кесу - әдепсіздіктің белгісі.
Дастарқанды нанды баспа. Малды, ыдысты, тамақты теппе.
Суды сапырма, суға дәретке отырма, суға түкірме.
Көкті жұлма, шашыңды жұлма.
Құдыққа түкірме, беліңді таянба.























Сабақтың тақырыбы:  Көше күтпеген жағдайларға толы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға көше жайлы, көшеде қалай жүру керектігі туралы түсінік беру.

2.Өмірге деген көз –қарасын  дамыту.

3.Көшеде дұрыс жүруге ,мұқият болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Жол белгілер суреттері .

Әдіс-тәсілдері : түсіндіру, сұрақ- жауап.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру.

а ) Психологиялық дайындық.

Балалар шеңбер құрып отырады.

Күн шуағы сендердің көздеріңнен беттеріңе қарай жылжиды . Алақандарыңмен сипаңдаршы. Ол ары қарай маңдайыңа , мұрныңа  бетіңнің ұшына ,  иегіңе түсті.  Алақандарыңмен күн шуағының жолдарын сипап көріңдер. Одан кейін мойныңнан, ішіңнен, қолыңнан, аяғыңнан, арқаңды сипап өтіп, желке тұсыңа барды.

Күн шуағы сені жылытып, аймалайды .Сен оған күліп,қарап, мейірімді шуағын жүрегіңе түй.

Жаңа сабақ.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын айту.

Көше күтпеген жағдайларға толы.

Оқушыларға тақтадағы ілулі тұрған суреттер туралы сұрау.

Мынау өздерің тұратын қала, кент немесе ауыл. Олардың барлығында 3 да үлкенді –кішілі көшелер  бар.

Көше деген не? Қала ,кент немесе ауыл ішіндегі автокөліктердің ,басқа да көлік түрлерінң , адамдардың жүруіне арналған жолдарды көше деп атайды.

Көшеде жүру үшін , көше тәртібін сақтау керектігін оқушыларға айтып түсіндіру.

Көшеде жүру тәртібін сақтамау не себепті қауіпті?

Кейде ерсілі –қарсылы жүріп жатқан авто көліктердің, мотоциклдердің қақтығысуы не себепті болады?

Егер автокөлік жүргізушілері жолда жүру ережелерін бұзбаса , оның талаптарын орындаса , мұндай жағдайлар болар ма еді?

Көшеде көліктер жүретін жер жол үсті деп аталады. Көшедегі жолдың екі жақ қапталына жаяу жүргіншілер үшін жаға жолдар салынады. Көп жағдайда жаяу жүргіншілердің өтетін жерлеріне жүргіншілердің қауіпсіздігі  үшін арнайы қоршаулар орнатылады.

Жаяу жүогіншілер көшенің екі қапталындағы жаға жолмен жүруі тиіс.

Жаға жолмен қалай жүреді ?Жолға шыққан соң міндетті түрде оның оң қапталымен , қарсы келе жатқан жаяу жүргіншілер –сол жақ қапталымен бір-біріне кедергі келтірмей жүруі тиіс.  Ал жолдың қарсы бетіне тек қана арнайы « Жаяулар өтетін жер» арқылы өтуге  болады.

Ал балалар  мектепке барарда өздерің  ең қауіпсіз жолдарды таңдауларың керек. Ол үшін көшелерді жақсы білулерің  керек, сонда өздеріңе ыңғайлы бағытты таңдау жеңіл болады.

Қашанда көшеден өткенде жан-жағыңа қарап ,өтуің керек.

Сұраққа жауап алу.

Өздерің тұратын қаланың, кенттің немесе ауылдың  көшелерін білесіңдер?

Көшелер не үшін қажет?

Жаға жолда қалай жүру керек?

Өздерің мектепке барғанда қандай жолмен жүресіңдер?

«Жаяулар өтетін жер» бар ма?

Сарамандық жұмыс

Оқушыларға нұсқа белгілерін көрсете отырып, жұмыс жасау.

Жолдан қалай өтетінін  көрсету.

Ойын  « Кім жылдам?»

Сабақты қорыту.







Жолда жүру ережесі”

Мақсаты:
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 
Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. интерактивті тақта, суретті тест, блиц -турнир сұрақтары ,«Бағдаршамды сыйлаңдар» сөзжұмбағы, бағдаршам макеті, сигналдық белгілер.

Балалар көшеде жүру ережесін 
білу бізге не үшін керек?
Жаяуға қай жермен жүруге 
болмайды?
Көшеде жүру тәртібін кім 
басқарады?
Бағдаршам туралы не білесіңдер?

ІІІ.Тарихтан тағылым
Жүргізуші:
Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.

Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді 
білдіреді.
Тротуарда жүру тәртібі
Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердіңбірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпежәне үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең: 
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып,ойнама.
3.Жүгірме,секірме,итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас,басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.

Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды.
Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз.Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады.Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой.Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл. 


Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады.
Жол қозғалысы ережелерін,нағыз қасақан бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі.Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1.Өз орныңды тап ( әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.)
2. «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)
3. Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.)
4.МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)
5. Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)
6. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)
7."Жол белгілерін еске түсірейік” лото
(1-суретте- жол белгілері салынған карта,
2-суретте-жол белгілерінің қиық картасы.)
8. Жолда жүруге байланысты «Жолдос көмекке асығады» мультфильмін көріп тамашалау.

ІҮ-кезең:

МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп-
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға











Тақырыбы: Зиянды заттардан аулақ бол!

Мақсаты: Оқушыларға жағымсыз әдеттер туралы мәліметтер беру.Зиянды заттардан бойларын аулақ ұстауға,оларға үйір болмауға баулу.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



Көрнекілігі: жазба қағаздар,суреттер.



Әңгіме:

Жағымсыз әдеттер темекі шегу,арақ ішу,улы заттарды иіскеуге әуестену(токсикомания)сияқты қауіпті әдеттер жатады.Оларға адам тез үйреніп кетеді.Әсіресе бала ағзасы тез үйренеді.Адам бұл тәуелділіктен тез арыла алмайды.Жағымсыз әдеттер «қауіпті құмарлық» деп аталады,олар тіршілік үшін аса маңызды мүшелер қызметінің бұзылуына,әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады.

Темекінің адам ағзасына зиянды әсері. Шылым шегу-денсаулыққа елеулі зиян келтіретін жағымсыз әдеттердің бірі.Шылым шеккен кезде ағзаға улы және зиянды заттардың өте көп мөлшері енеді.Темекі құрамында ағзаға зиян келтіретін никотин деген зат болады.Никотин-күшті у,ол тіршілік үшін өте қауіпті.Ол миға,өкпеге, жүрекке және бүйрекке әсер етеді.

Бүгінгі күні бұл заттардың 1200-ден астам түрі белгілі.Олардың 200-і ағза үшін өте зиянды.Темекінің қауіпті уларына никотин,темекі шайыры,улы газ жатады.Ағза никотинге әдеттенеді де,уланады.Темекі шайыры темекі жапырағы жанған кезде пайда болады.Тәулігіне темекі шегушінің өкпесінде көп мөлшерде шайыр жиналады.Улы газ оттегінің орнын алып,ағзаны уландырады.

Шылым тарту әр жаста да қауіпті.Әсіресе,балалар үшін өте зиян.Темекідегі улы заттар олардың бойының өсуін және дамуын төмендетеді,өкпе ауруына шалдықтырады.Міне,сондықтан да кішкене күнінен шылым шеккен балалардың бойы өспейді,тез шаршайды,нашар оқиды.Бұл балалардың есте сақтауы нашарлайды,көру қабілеті төмендейді.Шылым шегетін адамдардың өкпесі,асқазан,қан тамырлары көп зардап шегеді.Оттегі жетіспегендіктен,ағзаның жұмысы нашарлайды.

Жағымсыз әдеттердің келесі бір түрі-ішімділік(алкоголь).Алкоголь –у.Ол жүрекке,өкпеге,бүйрекке,бауырға әсер етеді.Алкоголь қанмен миға жетеді де сөйлеу қабілетіне,психикаға әсер етеді.Қатты бас ауру пайда болады.Бұл жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн!Өз денсаулығынды сақтап қалу үшін ешқашан темекі тартпа және ішімдік ішпе.Маскүнемдік-емделуі қиын,ұзаққа созылатын ауру.Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр,бүйрек және қан қысымының көтерілуі-гипертония,бауыр ауруы-цирроз және жүйке, жан сезім ауруларына душар болады.

Ырықсыз темекі шегу.

Шылым шегуші темекі түтінін жұтып қана қоймайды,сондай-ақ оның түтіні қоршаған ортаға да тарайды.Ауаға темекі түтінінің жартысы және темекі шеккен адамның шығарған түтіні де түседі.Сөйтіп ауа никотинмен,улы газбен,шайырмен және басқа зиянды заттармен ластанады.Балалар немесе ересектер шылым шеккен адамның қасында немесе темекі такртылған бөлмеде болса,ырықсыз шылым шеккіш қатарына қосылады.

Жапонияның ғалымдары темекі шеккен адамның(әкесінің,ағасының және басқа)қасында болған балалар шегілген шылымның жартысын қабылдайтынын дәлелдеді.Міне,темекі шегілген,түтіндетілген бөлмеде немесе темекі шеккен адамның қасында болуға болмайтын себебі осы.













Темекіні қоямын деген адамда ең бастысы-темекі шегушінің осы зиянды әдеттен арылайын деп шешім қабылдауы.Темекі шегуге құмарту ұзаққа созылмайды.Егер осы кезде бірнеше жаттығуларды орындап,қызықты іспен айналыссаң,музыка тыңдасаң,темекіге құмартуың ұмытылады.Темекі тартатын балалардан аулақ болғаның жөн.Егер өзіңнің темекіге құмарлық сезіміңді баса білсең,бұл сенің үлкен жеңісің болып есептеледі.Сен темекі шегуден арылып,денсаулығыңды сақтайсың,рухың жоғары болады.

Ішімдіктің және темекі тартудың зиянды әсерін біле отырып,мұндай заттарды пайдаланудан бас тартқан дұрыс.Саған темекі ұсынған жағдайда «жоқ» деп,зиянды заттардан дер кезінде бас тартуды үйрен. «Тек дарынсыздар ғана тағдырға бағынады» деп Абай атамыз айтпақшы ақылды бол,жағымсыз әдеттермен күресуде рухың биік болсын.

Улы заттарға әуестік.

Улы заттарға әуестік(токсикомания)деп адам белгілі бір тұрмыста пайдаланатын химиялық заттар:ацетонды,бензиндіжәне дәрідәрмектік заттарды иіскеуге құнығып кеткен жағдайды айтады.Осы улы заттарды иіскеген кезде адамның басы айналып,1,5-2 сағатқа мас болады.Содан соң әлсіреп,есеңгірейді.Бірнеше уақыттан кейін ағза осы жағдайды қайталауды талап етеді,яғни ағзада улы заттарға тәуелділік пайда болады.Улы заттарды иіскеген кезде қорқыныш сезімі пайда болып,адам сандырақтайды,қозғалысында өзгерістер пайда болады.Кейде тіпті қазаға ұшырайды.Егер осындай тәуелділік анықталса,міндетті түрде нарколог,психиаторда арнайы емделу қажет.

Нашақорлық-есірткеге құмарлық.

Денсаулыққа зиянды заттардың бірі-есірткі.Нашақорлық-есірткіге құмарлық,бұл ең қауіпті аурулардың бірі.Бірнеше рет қабылдаған соң,есірткіге тәуелділік қалыптасып,оны қажетсіну арта береді.Аса көп мөлшерде қабылданғанда,адамның тыныс алуы тоқтап қалуы байқалады.Есірткіні қабылдаған адамның миы зақымданады да,есте сақтау қабілетін толық жоғалтуға әкеп соқтырады.Нашақорлық ересек балаларға еліктеуден басталады.Бірнеше рет қабылдағаннан кейін-ақ адамда есірткіге деген тұрақты тәуелділік қалыптасады.Сонымен енді сен жағымсыз әдеттердің түрлерін білесің.Бұл зиянды заттарды қабылдаудан аулақ бол.Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өз денсаулығыңды нығайта біл.Сонда ғана саған тек пайдалы жұмыстар жасауға,дене шынықтыруға,спортпен айналысуға,мұражайларға баруға,музыка тыңдауға,саяхат жасауға мүмкіндік туады.Ұзақ әрі жемісті өмір сүресің.Дүниенің қызығы мен тамашасы мол.Саған соларды көріп,өміріңді мағыналы етуге жол ашылады.









Өрт қауіпсіздігі негіздері

Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.

                Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).

                Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.

Өрт – бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен  қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.

                Жану бұл – жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында  болатын процесс. Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар  жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.

Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа – біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.

 

Жанудың екі түрі бар:

а)дифуздық – тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;

б) кинетикалық – тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы  жану жылдамдығы.

Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын  кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік 

(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:

а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1м/с;

б) детонациялық – 1-10  м/с-тан астам;

в)  жарылып жанатын – 10 м/с.

Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда,  жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.

Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:

а) кәсіпорынды жобалаған кезде  болатын техникалық шаралар,  олар:

1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы;

 3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4)ғимаратты найзағайдан қорғау.

б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.

Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел туруына байланысты  салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.

Өндіріс категориясы: А – жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз  жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.

Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық – 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.

Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен  және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.

Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда  құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.

Максималды – 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар,  2-сағат – жай қоршаулар  өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);

б) қиын жанатын – жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе  де жана беретін құрылыс материалдар).

Өрт төзімділігінің  5  дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде  2,5 сағат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда  3-4 дәрежелі өртке төзімділігі  1,5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).

Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:

а) жұмысшыларға нұсқау беру;

б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.

 

 

 

 

Өртті болдырмау шаралары

 

                Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:

- жаңғыш;

- тотықтырғыш;

- тұтану көзі.

                Жаңғыш зат  - оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.

                Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және  жарылу.

                От алау деп – жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.

1. тез тұтанғыш сұйық

2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы

- жану дегеніміз – тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.

- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.

- өздігінен жану деп – жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда болған жану процессін айтады.

- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.

                Жарылу – жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.

- төменгі температураның тұтану шегі деп – сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады.

 

Өрттің шығу себептері

 

                Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:

1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;

2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;

3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.

4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;

5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;

6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;

7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;

8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;

9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы.

 

 

Өртті қарсы шаралар

 

1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;   2. Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану

4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;    5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.

 

Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары

 

- ашық от және ұшқындар;
- ауа мен заттардың жоғарғы температурасы;
- жанудың улы заттары;
- түтін оттегінің төмен концентрациясы;
- үйдің құлауы және жарылыстары.

 

                Өрт болдырмау жүйесі деп - өрт шығару мүмкіншілігін болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық шаралар мен техникалық құралдардың комплексін айтады.

                Өрттен қорғау жүйесі деп - өрт қәуіпті факторларының әсерін адамға тигізбеуге және материалдық шығын азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық құралдар комплексі деп айтылады.

 

Өрттен қорғану шаралары

 

Өндірістік бөлмелердегі материалдар жанатын, жанбайтын және қиын жанатын болып 3 топқа бөлінеді.

 Жанатын материалдар деп – ыстыққа немесе отқа төзімсіз тез жанатын матриалдарды атайиыз. 

Жанбайтын материалдар деп – қызу температурасы қаншаға көтерілсе де қалпын сақтайтын, тек қана түсін жойатын материалдарды айтамыз.

Қиын жанатын материалдарға – отқа төзімді, тек көп уақыт бойы жоғары температурасын жоғалтпай бықсып, түтіндеп тұратын материалдарды жатқызамыз.

  Өндірістік бөлмелер А,Б,В,Г,Д, Е категорияларымен жіктеледі.

 

Өртке қарсы кедергілер

 

                Өрт кезінде от жалынның үй көлеміндей жайылып өрістеуін шектеу үшін әр-түрлі кедергілер орнатылады. Олар өртке қарсы жабық қабырға, қалқа, қақпа, люк, тамбурлар, шлеуіздер. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалады.

                Өртке қарсы қабырға дегеніміз – отқа төзімділік шегі екі жарым сағатқа жанбайтын және сынбайтын бітеу қабырғалар. Өртке қарсы қабырғаларға – есіктер мен қақпалар жатады. Олардың орта төзімділігі екі сағаттан кем болмауы керек. Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерге арналған. Бұл жабындар жанбайтын немесе құрамы тұтас темір бетон ретінде болады.Түтін өртенген үйдің ішінен адамды шығаруға және от сөндіру жұмыстарын сөндіруге кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйлерге арнайы люктер қолдануылуы қажет.

 

Өрт сөндіру материалдары

 

Өртке қарсы су қондырғыларына қойылатын талаптар СНиП 11-31-74 құрылыс проект нормасымен анықталады.

                Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.

                Су – отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.

 

Өртті көбікпен сөндіру

    1. химиялық

    2. ауа механикалық

Химиялық көбік – натрий бикорбанатты немесе сода ерітіндісі және қышқыл ертіндісінің арасындағы химиялық реакциядан туады.

Ауа механикалық – ауа және көбік шығаратын заттың су ерітіндісін араластырғанда пайда болады.

Көбіктердің өрт сөндіргіш қасиеттері оның меншікті салмағы аз болғандықтан жаңған заттар бетін жауып оларға ауаның оттегінің өткізбей жану процесін тоқтатады.

Инертті газбен сөндіру – оларға: көмір қышқыл газы, азот, ардон, гелий, титан және пайдаланылған газдар өрт сөндіргіш қасиетті өрт зонасында ауа оттегісінің концентрациясын азайтады. Температурасын төмендетеді және жану процессін тоқтатады.

Минералды ұнтақтар.

От – досымыз, от –жауымыз тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: От – досымыз, от –жауымыз
Мақсаты: оттың адам өміріндегі маңызын,пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.
Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқушыларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б. қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ауызша журнал, сюжетті суреттер, плакаттар, тірек –сызба, макет.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Барысы.

1-бет.Оттың шығу тарихы.
Мұғалім:Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «От – досымыз, от –жауымыз». Жалпы «от» деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От –өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса тамақ піспейді, үй жылымайды.От қалай пайда болды?
Ерте заманда алғашқы адамдар отты пайдалануды найзағайдан түскен оттан үйренді. Сол найзағайдан түскен отты сөндірмей пайдаланды. Барлығы аң аулауға кеткенде, бір адам от басында қалатын болған. Тамақты пісіріп жеуді де найзағай отының астында қалған еттен байқаған.От астында қалған ет шикі еттен дәмдірек екенін байқап, асты пісіріп жеуді үйренген. Сол заманнан –ақ оттың өте маңызды екенін аңғарамыз.
2-бет.От –өрісі кең түбір. Енді осы «от» түбіріне байланысты сөздерді терсек: отағасы, отау,отарба. Яғни мұннан шығатын нәрсе –«от» сөзі жылылықтың белгісі іспеттес. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағы да жоқ емес. Қандай зияны бар, оқушылар?
Оқушылар: Өртену, күю, жану, жарақат алу.
Мұғалім: 3-бет. «Отпен ойнама, күйесің» дегендей оттың зиянды жақтарына тоқталсақ:
Оттың зиянды жақтары: отты дұрыс пайдаланбаса, адам күйіп қалады. Өртенген дала. Күйген ас.
4- бет. « Өрт –тілсіз жау» атты бөлімімізде өрттің шығу себептері туралы айтамыз. Бұл тарауда сіріңке, темекі, үтік, газ суреттеріне не айта аласыңдар? (сурет көрсетіледі)
Өрттің шығу себептері:1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Шырпымен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;

5-бет.»Ойыннан от шығады» атты бұл бетте Дидар баланың шырпымен ойнаймын деп, ойынның арты өртке айналғанын, өзі кеш түсініп бармағын тістейтіні туралы сөз етеміз.
1-оқушы: Ойын түбі –от.
Дидар бала бір күні
Көріп қалды кірпіні.
Қолына алды шырпыны.
Дидар: Кірпішекті шырпымен
Өртейін мен, жағайын.Лап етіп кірпі жанғанда,
Қызыққа мен батайын.

2-оқушы:Сөйтті дағы
Кірпінің жанына барып
Шырпыны лезде алып
Тұтатқанда кірпіні,
Бара жатты жанып.

3-оқушы:Жанталасты байғұс кірпі,
Ауладағы мая шөптің
Арасына барып кірді.
Шөп тұтанып лаулап жанып
Жұрттың бәрін дүрліктірді.

4-оқушы:Қатты састы Дидар бала
Өртке оранып мая кетті.
Көрші үйдегі құрбысына
Болған жайды баян етті.

Дидар:Кірпіменен ойнағанмын,
Не боларын ойламадым.
Өкінгеннен қандай пайда
Енді қайттім қиналамын?!

5-оқушы:От жақпа күйерсің,
Өртеніп жүрерсің.
Сіріңкені ұстасаң,
Бәлеге сен түсерсің.
Кірпіменен ойнасаң да,
Шырпыменен ойнамашы.

Дидар:Кешір,досым, қателестім.
Шырпыны ұстап, көктемеспін.
Ата –ананың рұқсатынсыз
Сіріңкеге беттемеспін.

Алыңдар ұғып, балалар,
Істері кейде шалалар.
Шырпы, оттық, электрге
Шама келсе жоламаңдар.

6-бет.Өрт қауіпсіздігін білу- әр оқушының міндеті. «Сақтықта қорлық жоқ» деп аталатын бұл бетте оқушылар өрт қауіпсіздігін айтып береді және өрт қауіпсіздігіне керек құралдардың суреттерімен жұмыс жүргізеді.

7-бет.Жағдаяттық сұрақтар.
Қалташалардың ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.
1.Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?
2.Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?
3. Үйге көп қонақ келді. Қонақтар шай ішіп болған соң үлкен кісілер шылым шегуге сыртқа шықты.Сөйтті де бір кісінің шеккен шылымының сөнбей қалған тұқылынан жердегі қураған шөп жана бастады.Мұндай жағдайда не істейсің?
4.Үйге анаң от жағып, өзі далаға шығып кетті.Жанып жатқан пештің есігі ашылып кетіп, ішінен жанған от түсіп кетті.Сен не істер едің?
5.Сен сабаққа келгенде сыныптасың оттық ұстап жүргенін көрдің.Мұндай жағдайда не істер едің?

8-бет.Мұғалім:От туралы мақал –мәтелдер айтайық.
6-оқушы:1.Отпен ойнама,күйерсің.
2.Ойын түбі –от.
7-оқушы:1.Отын деген шөп болар,
Жинай берсең көп болар.
2.От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.
8-оқушы:1.Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.
9-оқушы: От пен су –тілсіз жау.
10-оқушы:Өзі саққа құдай жақ.
11-оқушы:Сақ жүрсең сау жүрерсің.
12-оқушы:Сақтықты сұңқырдан үйрен.
13-оқушы: Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында.

Мін, балалар бүгін біз «От –досымыз, от -жауымыз» деген тақырта тәрбие сағатын өткіздік. Жоғарыда айтылғандарды естеріңде сақтап, әдепті оқушы болып жүріңдер.



















Жәт әдеттен сақтан

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас ағзаға зияны, әр түрлі аурулардың осы алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру. Өскен ортадан тек жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге баулу. Таза жүруге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер т.б.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Барысы: 
I. Кіріспе бөлім. Сұрақ-жауап
Адам болу, ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп, кем болмай,
Бақыт құсын қондыруда қолында.
1. Жыл мезгіліне қарай қандай жұқпалы ауруларды білесіңдер?(тұмау, сүзек т.б.)
2. Осы ауруларды болдырмау үшін не істейміз? ( екі бала туралы әңгіме айтып беру)
II. Мақал-мәтелдерді, даналық сөздер оқып мәнін ашу, түсіндіру.
Жасыңнан шексең темекі,
Түбіңе сенің сол жетер.
Түтінмен ыстап өкпені,
Никотин уын төккені.
Жүректің ұстап талмасы,
Мишықтық құрғап кеткені.
Мүгедек, ауру, демікпе
Өмірге қатер төнеді,
Салауатты өмір сүрейік!
Шекпеңіз дейміз темекі

Жасыңнан шексең темекі
Денеге дерт боп жетеді.
Әдет боп жаман кетеді.
Зиянды затты көп тұтсаң
Өмірің қор боп өтеді.
Спортпен болып мәңгі дос,
Мағынасыз жүрме бос!
Зиянды заттан аулақ деп,
Достарыңа ақыл қос!
Күркілдеуік тобына сәлем!
1. Дені саудың – жаны сау.
2. Тазалық бар жерде денсаулық бар.
3. Алдын алу – ауруды жену. 
4. Тазалықты әдет, рәсім қылып әбден қалыптарына сіңіріп алыңдар.
Мәдениеттің белгісі – тазалық. 
                                                                       С.Сейфуллин
5. Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам 
Ауруды құртуға бағыттылған ешқандай емдеуді қажет етпейді. 
                                                                                                                       Ибн Сина
6. Қозғалыс – өмір қоймасы.
                                                  Плутарх
       Темекі тартып, ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады. Бұл аурумен ауырған адамның нерв тамырларында кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен өлім қатерін туғызатын түйілулі пайда болады. Темекі түтінінде никотин, иіс газы, көгерткіш қышқыл және  басқа зиянды заттар бар. Бұл заттардың барлығы адам ағзасына кері әсерін тигізеді. Әсіресе сезім мүшелеріне, есту нервтеріне зиянды болады. Темекі көздің сыртқы ақ қабығына әсер етеді. 
(оқушыларға сұрақ беру) 
III Жұмбақтр шешу
Ит ішпейтін ащы,
Бар пәлеге басшы. (арақ)

Теріні кермек,
Жалқауға ермек. (темекі)

IV Нақыл сөздер 
1. Ішпеген,  шылым шекпеген,
Жасайды жылдар көптеген.

2. Темекіден түтін сорсаң, уланасың.
Өзіңді-өзің жіпсіз байлап, шырмайсың. 

V Пікірталас. Жақтау мен Даттау.

VI Қорытынды бөлім 
1. Қандай зиянды әдеттерден сақ болуымыз керек? 
2. Әртүрлі ауруларды болдырмау үшін қандай ережені сақтау қажет?
3. Темекі мен арақ қандай зиян келтіреді?
4. Бос кезімізді қалай өткізуміз керек?







































Табиғат әлеміне қамқорлық жасау және күтіп баптаудағы баланың іс - әрекеті

Бізде таным білім беру саласының базалық мазмұнында үш жастағы бала ересектерге еліктей отырып ойын образдарын жасай келе, белсенді түрде қимылдап, қоршаған әлемімен танысады. Айналысында болып жатқан барлық оқиғаларға назар аударып, мән беріп, ересектің соңынан сөйлемдер мен сөздер қайталап отырады. Мысалы: заттардың қасиеттеріне, табиғатқа, жан – жануарлар әлеміне деген қызығушылығын қалыптастыру. Мазмұны: заттардың температурасын сезіне білуге: қар суық, салқын, шай ыстық. Сыртқы белгілеріне қарай жыл мезгілдерін ажырата білуге және атауға үйрету. Заттармен іс - әрекеттерді орындау: қуыршақты киіндіру, ойыншықтарды жинастыру, киімін тазалау, қоршаған ортадағы тәртіпсіздікті бақылау. Киімдердің атауын атай білуін жетілдіру. Заттардың не үшін, неге арналғандықтарын түсіну. Біздің бүгінгі тәрбиелеп отырған бүлдіршіндеріміз - Отанымыздың болашақ азаматтары. Сондықтан оларды өз туған жерін сүюге, туған ел табиғатын күтіп, оның байлықтарын сақтауға қорғауға және баптауға тәрбиелеу міндетіміз.

Біздің топта 20 бала тәрбиеленуде. Бұл топтағы балалар екі жаспен үш жас аралығында. Былтырғы бөбектер тобынан келе жатқан балалар. Балабақшада балаларды қоршаған ортамен жан – жақты терең таныстырып отыру тек экология оқу іс – әрекетінде ғана емес, тіл дамыту оқу іс – әрекетінде де өз жалғасын табуы қажет. Ол үшін балалардың жасына, тәрбиеленетін тобына байланысты. Сабақтың тақырыптары белгілі бір жүйе бойынша топтастырамыз.
Қоршаған ортамен таныстыру сабағын балалардың бір - біріне деген ыстық лебіздерін, ойларын, алақандарының жылуын, жылы тілектерін бір – біріне беру, айтудан бастауға болады. Мәселен:
Сәлеметсіз бе балақайлар!
Қайырлы таң, балалар!
Бүгін күн қандай тамаша!
деген жылы сөздер бала жүрегіне әсер етіп көңіл - күйін бір сергітіп тастайды. Біздің топта қоршаған орта оқу іс – әрекеті екі аптада бір өтеді. Табиғатты күтіп баптау ертеңгілік қабылдаудан басталады. Ертеңгілік балалармен топтағы өсімдіктерді күтіп баптау туралы жұмыс жүргіземіз. Балаларға гүлдердің шаңын сүртіп, су құйып тұрса оның әдемі болып өсетінін, ал күтіп баптамаса оның солып, өліп қалатынын әңгімелейміз. Кейбір балаларға мысалы: Әзім, Әлім, Сая, Мейрамгүлдер қолдарына лейка беріп гүлдерге су құя білуді тапсырамыз. Балалар аулада құстардың тіршілігін, жазды күндері жердегі құрт - құмырсқаларды да бақылап оларға тиіспеуді үнемі айтып отырамыз. Мысалы: ағаштардағы құрт – құмырсқаны құстардың жейтінін, сөйтіп ағаштардың әдемі болып өсуіне жағдай жасайтындығы туралы түсінік беріледі. Топта кейбір балалар суды ағызып ойнағанды ұнатады. Көзді ала бере олар суды ағызып, қол - бастарын жуып, бір – біріне шашып тұрғаны. Өз бетінше жуына білген жақсы әрине. Бірақ балаларға судың да шектеулі екендігі, ол бітіп қалса, сусыз қандай жағдай болатындығын айтып түсіндіреміз және үйде де, топта да суды ластамау, таза суды пайдалану қажеттілігін айтып отырамыз.

Ауа туралы балаларға түсінік бере отырып, оның көзге көрінбейтіні, бірақ онымен біздің, басқа да тіршілік иелерінің дем алатындығын айтамыз. Ауа таза болмаса біздің ауыратынымызды айтып, оны таза ұстау үшін топтың, үйдің таза болуы, топта ойыншықтарын ойнап болғасын жинау керектігі, кез – келген нәрсені жерге тастап үйді шашпау, кез - келген нәрсені жерден алмау керектігі туралы айтып ескеріп отырамыз. Ауамен дем алатынымызды, қандай дене мүшелерімізбен дем ала - алатынымызды, мысалы: ауызды басса мұрынмен, мұрынды басса ауызбен дем алатынымызды тәжірибе жасау арқылы көрсетеміз. Мұндай жаттығуды балалар өте қызыға орындайды.
Табиғат әлеміне қамқорлық жасау мақсатында таным білім саласы, қоршаған орта бойынша:
1.«Судың маңызы»2. «Құстар тіршілігі». 3. « Ағаштар неге ашуланды». 4. «Үй жануарлары». 5.«Жыл мезгілдері». Тақырыптары да ұйымдасқан ойын іс – әрекеттері өтеді.
Біз үнемі ата – аналармен қарым - қатынаста болып тұрамыз. Үйде бос уақытында балаға көңіл бөлу керек екенін ескертіп отырамыз. Әр сала бойынша күнделікті бос уақытында жаттаған тақпақтарын мысалы: «Күшігім», «Мысығым», «Ұзын мұртты құмырсқа» т. с. с тақпақтарды үйде қайталатып, естеріне салып отыруларын ескерттік. Топқа әр - түрлі кітапшаларды көмек ретінде алып берулерін өтіндік. Бұған ата - аналар келісім берді.

Заттарды қолдану дағдыларын дамыту. Заттардың тағайындалуын түсінуге қалыптастыру. Заттардың құрылысымен өздеріне тән белгілері арқылы білу және есте сақтауға үйрету: киім, ойыншықтар, ыдыстар, жануарлар, құстар. Қоршаған ортадағы құбылыстар, заттар мен нысандарды зерттеуде, ойыншықтарды жуу, және жинаумен айналысқанды баланың өзіндік тілегін қолдау қажет.















Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады. Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi. Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.

Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.

Табиғатты және экологияны балалырмен таныстыру пәні . Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.

Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.

1.Оқушылардың адамгеншілік мәдениеттерін қалыптастыру

Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады.

Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.

Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.

Табиғаттан бабамыз ала берген секiлдi;

Дархандықты қазаққа дала берген секiлдi;

Еркелiктi ерiктi желден алған секiлдi;

Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.

Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғатты адам өмiрiнiң барлық қажетiн толық өтейтiн құрал болу үшiн, ол мiндеттi түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиiс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адам өзiнiң де, табиғаттың да қаласа досы, санасыз iс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Осындай ерекшелiктердi ескере отырып мұғалiм алдындағы әр оқушының санасына табиғат қорғаушысы болуын сiңiру жолдарын iздестiруi керек. Дүниетану сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру.

Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.

Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.

Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.

Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.

Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.

Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.

Төменгi сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.

Ал оны тереңдетiп, оқушыларға практикалық мысалдармен жеткiзе бiлу мұғалiмнiң шеберлiгiне байланысты. Әрине оқушылардың жас ерекшелiктерi, бiлiм деңгейлерi ескерiледi немесе жануарлармен таныстыратындығын алдын ала белгiлеп алады. Табиғат пен оған жасалған адам ықпалын оқу процесiнде оқушылар бөлме өсiмдiктерiн көбейту, құстарды тамақтандыру, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстардан да мағлұмат алады. Сабақ барысында табиғатқа, жан-жануарлар, өсiмдiктер мен құстарға деген қамқорлық жасау қалыптасады. Серуенге шыққан оқушыларды тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жiберуге, қатты заттарды көмiп тастауға үйретуi керек [43, 397 ].

Адамға бiлiм де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж.

Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол - табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi.

Жемiсiн адамға сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет. Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады, дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.

Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады. Адамгершiлдiкке тәрбиелеудiң аса бай жолдары белгiлi болғанына көз жеткiзу үшiн келесi әдiстер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету,жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, тыйым салу, ант беру, сөгiс беру,кiнәлау жатады.

Мәселен, халық ұғымында, адам баласының мiнез-құлығына тәрбие мен тәлiм арқылы тек бiлiм мен ақылды ұштастыра бiлгенде ғана сiңетiн, аса құдiреттi, қасиеттi мол адамшылық атаулының бiр көрiнiсi. Шындық пен әдiлнттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам балысының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.

Өйткенi, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.

Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жаныарлар енгiзiлген. Табиғатты қорғауы туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.

Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздерiң бiлесiңдер деп әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп [18, 111].

Кесте 1 2 сыныптағы “Дүниетану” пәнiн оқытудың күнтiзбелiк жоспары

Сабақтың тақырыбы Әдiстерi мен тәсiлдерi Көрнекi құралдары

I Кiрiспе-6 сағат.

1 Адамның айналадағы дүниемен қарым қатынасы. Бiлу және бiлгендi өмiрге пайдалану. “Табиғат” бейнеленген сурет, схема макеттерi.

2-3 Адам өмiрiне не қажет? Оларды адам қайдан алады? “Сыйға-сый,- әдептiлiк.” Схема макеттерi, судың, ауаның, күннiң суреттерi. Әңгiмелесу, схема құрастыру

4 Еңбекпен келген нан-қасиеттi тағам. Таблица макетi, Тақырыпқа байлынысты суреттер. Әңгiмелесу, таблица толтыру

5 Топсаяхат “Алтын күз”. Бақылау жоспары. Модельдеу, бақылау

6 Көкжиек және көкжиек сызығы, тұстары Схемалар Сарамандық әдiс

7 Бағдарлау. Компас Схемалар, компас Сарамандық әдiс

8 Қашықтықты өлшеу.

Масштаб шартты белгiлер. Ермек сазынан жасалған макет, шартты белгiлерiнiң суретерiнiң Сарамандық жұмыс

9 Сұлба және сурет. Үлкейтiлген жер бетiнiң сұлбасы. Оқушыларда: сұлба, қарындаш, сызғыш,

компас. Сурет. Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс

Кесте 1 жалғасы

10 Жергiлiктi жердiң

сұлбасы Сұлбалар, жiп сызғыш Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс

11 Қорытынды сабақ. Карточкалар, сұлбалар, схемалар Оқушылардың бiлiмiн бағалау әдiсi.

12 Өлi табиғат. Ауа. Ауаның қасиетерi 1- сыныптағы табиғаттың құрамының схемасы, доп, шарик, банка, майшам. Схеманы сызу әдiсi, сарамандық әдiс.

13 Ауаның табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы. Кемелердiң, ұшақтың суреттерi. Схема құрастыру, әңгiмелесу.

14 Судың қасиеттерi. Суреттер, стакан, қант, тұз, сүт, қағаз, шүберек. Модельдеу.

15 Су ерiткiш. Марганец, бордың ұнтағы, су, стакан. Таблицаны жалғастыру

16 Судың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы. Схеманы құрастыратын бөлшектер,суқоймасының «композициясы» Сарамандық әдiс, модельдеу.

17 Топырақ. 2 стакан, топырақ, спиртовка, темiр қалбыр Таблицаны толтыру.

18 Топырақтың табиғаттағы, адам өмiрiндегi маңызы. Топырақ коллекциясы, схеманың бөлшектерi. Модельдеу.

19 Қорытынды сабақ Таблицалар, 1-сынып схема “ Өлi табиғат”.

Балалардың бiлiмiн тексеретiн карточкалар,

Тестер Бақылау әдiсi.

20 Тiрi табиғат. 1-сыныптағы схема Модельдеу әдiсi,

Өсiмдiктердiң тiршiлiгi. суреттер, 1сыныптағы “Тұқым” тақырыбына арналған модельдер. сарамандық жұмыс

21 Өсiмдiктердiң жалпы құрылысы Суреттер, схемалар. Модельдеу әдiсi, сарамандық жұмыс.

22 Тамыр. Тамырдың түрлерi,

Гербарий, схема бөлшектерi. Модельдеу.

Әңгiмелесу.

Бақылау.

23 Сабақ. Суреттер, гербарий, схема бөлшектерi. Модельдеу,

әңгiмелесу.

24.Жапырақ. Күзде

жапырақ неге сарғаяды ? Микроскоп, оның шы-нылары, ине, жапырақ, жапырақтың суретi,

Гербарий. Сарамандық жұмыс.

Әңгiмелесу.

25 Өсiмдiктердiң көбеюi. 1-сыныптағы схема,

модельдер, схеманың бөлшектерi Модельдеу.

26 Өсiмдiктер қалай дүниеге келедi ? “Мәдени өсiмдiктердiң пайда болу орталығы”

таблицасы “Аквариум”. Бақылау, қосымша

әдебиеттермен жұмыс

27 Тұқым және жемiс. 1-сыныптағы модель схема №№1-2 бөлшектерi, тәжiрибенi қою Модельдеу әдiсi.

28 Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы көбеюi. 1-сыныптағы модель. Гербарий, схема бөлшек-терi №3 тәжiрибенi қою Модельдеу

29 Өсiмдiктердiң жер

бетiндегi мүшелерi арқылы Қалемшелер, “Жапырақпен көбею”. Сарамандық жұмыс.

Кесте 1 жалғасы

көбеюi. Схемасы.

30 Өсiмдiктiң өсiп өнуiне қажеттi жағдайлар. Бақылау тапсырмалары.

Тұқымдар, опырағы бар

Жәшiк. Бақылау әдiсi.

Сарамандық жұмыс

31 Өсiмдiкке топырақ керек №1сарамандық жұмыстардың сипаттамасы Таблица сызу.

32 Өсiмдiкке су керек №2 сарамандық жұмыс-

тың сипаттамасы Таблица сызу.

33 Өсiмдiктерге ауа және жылу керек. №3,4 сарамандық жұмыстардың сипаттамасы Таблица сызу

34 Қорытынды сабақ. Бақылау тапсырмалары, тестер Бақылау әдiстерi.

35 Тiрi табиғат. Жануарлардың тiршiлiгiне не қажет ?

Жылу Суреттер, схемалардың бөлшектерi Схема сызу.

Таблица толтыру

36 Жарық және су-жануарлар тiршiлiгiне қажеттi (заттар) жағдай. Табиғаттағы байланыстарды көрсететiн схеманың бөлшектерi, суреттер Модельдеу.

37 Жануарлар немен

қоректенедi ? Қоректiк тiзбектердiң бөлшектерi,1-сыныптағы мүшелер қатарлары. Модельдеу.

38 Жануарлар жемiсiн қалай аулайды. Әр құсқа өз тұмсығы қажет. Қоректену схемасының бөлшектерi 1-сыныптағы қатар Модельдеу.

Кесте 1 жалғасы

39 Бунақденелiлер жауыннан қалай қорғанады? Бейiмдiлiк. Суреттер,схемалар.

“Қоректiк тiзбек” Ойын, әңгiмелесу

40 Бейiмдiлiк. Бүркенiш рең жануарға да қажет. Аңдар неге “ жуынады” ? Суреттер 1-сыныптағы

Қатар Әңгiмелесу, ойын

41 Ұрпақ-тiршiлiк жалғасы Бунақденелiлердiң көбею схемасы. Қосмекендiлердiң көбею схемасы. Сүтқоректiлердiң көбею схемасы. Дидактикалық әдiс

Ойындар.

Жұмбақтар.

Ребустар.

42 Жануарлардың бiр-бiрi-не қайырымдылығы. “Биотикалық байланыс-тар” таблицасы. Схема бөлшектерi. Модельдеу әдiсi.

43 Табиғат-бiртұтас жүйе.

Өлi табиғат, тiрi табиғат Схемалар. Қоректену пирамидасы: оны құрастыру бөлшектерi. Модельдеу әдiсi.

44 Табиғатты қорғау. “Қызыл кiтап”, ”Қорықтар” суреттерi. Әңгiмелесу, жеке тапсырмаларды орындау

45 Бiз ненi үйрендiк:. Бақылау карточкалары, тестер, тапсырмалар. Бақылау әдiсi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк бiлiм беру саясаты Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуды,оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi.

Оқулық-мектептiң негiзi бiлiм беру мiндеттерiн, яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Қазақстан Республикасының ғалым-әдiскерлерi Т.Мұсақұлов, Б.Мұханов, Қ.А.Аймағанбетова, Қ.Жүнiсова, А.Бермағанбетовалардың жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуына, оқыту әдiстемесiне қосқан үлестерi мол.

Бастауыш мектептiң 2-сынып оқушыларына арналған Дүниетану оқулығының мазмұны: Адам. Табиғат. Өсiмдiктер. жануарлар. Отан деген бөлiмдерден тұрады. Оқулық мәтiндерi тусiнiктi, оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай деуге ьолады [18].

2. Адамды табиғатпен таныстыру негізіндегі адамгершілік мәдениетін қалыптастыру

Бастауыш сынып оқушылары үшiн ең жоғары бедел иесi – мұғалiм. Оқушылар әр пәннен алатын бiлiмдерiн мұғалiм арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшiн бөлiп - жарғысыз нәрсе. Үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тұрақтанған қалпы бар сала– бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейiн бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететiн, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсiнiктер берiп, тұйық концентр болып саналады. Қазiргi кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргiзiлiп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкiндiктерi ашылды.

Бүгiнгi күн ұрпақты жан - жақты бiлiм алуын, белсендi, шығармашыл болуын талап етедi. Осыған байланысты оқыту мазмұнын, түрiн, әдiсiн таңдай бiлу қажеттiгi туады.

Оқу-тәрбие жұмысында халықтық педагогиканы пайдалану, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерiн оқушының жас ерекшелiктерiне қарай пайдалана бiлу мұғалiмнен үлкен бiлiктiлiктi, шеберлiктi талап етедi.

Бастауыш мектептен бастап баланы өмiрге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылады. Бұл ретте дүниетану пәнiнiң маңызы зор. Дүниетану пәнiн оқытуда балалардың табиғат туралы ғылыми көзқарасын қалыптастырып, адамгершiлiкке тәрбиелеу мақсат етiледi [ 21 ] .

Адамгершiлiк – атамұра

Мақсаты: Қазақ халқының бала тәрбиесiндегi тағылым сөздерi мен өнегелерiнiң маңызын, мазмұнын, түрлерiн игеру, бiлу, өмiрде өз iсiне қолдану.

Оқушыларды 3 топқа бөлiп сабақтың бағытымен таныстырамын. Өткен сабақты бекiту сайыс сабақ арқылы жүргiзiледi.

а) Жәрмеңке өткiзу. Адамгершiлiк тақырыбына байланысты қандай кiтаптар, кiтапшалар кездестiргенiмiз жайлы мәлiмдеу. Ол кiтаптарды кiтап бұрышына қою [23] .

ә) Көкпар ойыны. Дорбадан асық алу арқылы әр топ тиiсiнше сұрақтарға жауап бередi. Сұрақтар төмендегiдей.

2- сыныпқа

1 Сенiң жақын досың туралы айт.

2 Туған жер табиғаты туралы не бiлесiң?

3 Өзiңнен кiшкентай балаға қалай көмектесесiң?

4 Үйде гүл өсiресiң бе? Өсiрсең қалай күтесiң?

5 Көшеде, автобуста үлкен адамдарға қалай көмектесесiң?

6 Дос туралы қандай мақал-мәтел бiлесiң?

Бастауыш сынып оқушыларын сабақ үрдiсiнде ерлiкке, батырлыққа, достыққа тәрбиелеу, адамды құрметтеу сезiмiн қалыптастыруға арналға материалды оқулықтан тауып дәлелдеу (алдын – ала үстелге қойылған бастауыш сынып оқулықтарын пайдаланады. 1-2 сынып “Ана тiлi”, 1-2 сынып “Дүниетану” оқулықтары).

3 топтан 3 оқушы шығып, таңдаған оқулығын алып, 5 минутта дайындалып, айтып түсiндiредi.Бұдан әрi сабақты жинақтау, бекiту, бағалау жүргiзiлiп, жаңа сабақ басталады.

Тақтаға қазақтың киiз үйiнiң бейнесi салынған плакат iлiнедi. Онда үйдiң маңдайына үзiктiң етегiн жағалай берiлген тор көзге тақырып жазылуы тиiс. Ал тақырып киiз үйдiң iшiнде берiлген ұлттық салт-дәстүр ерекшелiктерiне байланысты суреттер, карточкалардың мазмұнын табу арқылы бас әрiптерiнен құралады.

1 Ата

2 Дастархан

3 Абысын

4 Мес

5 Гәкку әнi

6 Ер

7 Рауғаш

8 Шаңырақ

9 Ішек

10 Лебiз

11 Ірiмшiк

12 Кереге

13 Алтыбақан

14 Тоқым

15 Аяққап

16 Май

17 Ұршық

18 Рақым

19 Алаша

Осылайша “Адамгершiлiк – ата мұра” тақырыбы ашылады [36].

Негiзгi бөлiм магнитафон тыңдату арқылы жүредi. Халықтың жазу-сызуды бiлмеген, ғылым мен мәдениетiнiң баспаға түспеген дәуiрiнiң өзiнде де өсер ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу отбасының, бүкiл қоғам мүшелерiнiң бiрлесе атқарған iсi болған. Мiне, осы тәрбие жөнiндегi халықтың ой-тұжырымын, тәжiрибесiнiң жиынтығын халық педагогикасы деймiз.

Халқымыздың атадан балаға қалдырған халықтық педагогикасында ғасырлар бойы жинақталған бай тәжiрибесi, бала, ұрпақ, оқушылар арасындағы тәрбие мақсаттары жатыр.

Мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өз ұрпағын өмiрде, отбасында, тұрмыс, тiршiлiкте батылдық пен батырлыққа, әдiлдiк пен адамдыққа, инабат пен iзгiлiкке, иба мен иманға үздiксiз тәрбиелеп отырған.

Халықтың ұлттық салт-дәстүрлерi қаншама уақыт өтсе де өмiрден өшiрiлмей, керiсiнше, қазiргi уақытта қайта жарқырай түскенін күнделiктi өмiр көрсетiп отыр. Қазақ баласы да қоршаған ортаның iшкi сырларын үлкендерден сұрап, елiктеп, байқап бiлгiсi келген. Адамгершiлiк қасиет, еңбекке, өнерге, тәрбиенiң басқа түрлерiне ойын, той, қонақ, сауық сияқты жерлерде тәрбиелеп, баулып отырған.

Қазақта баланы отбасы ғана емес, бүкiл ауыл болып тәрбиелеген.

“Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол,

Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол” –деп, ұл –қыз тәрбиесiне түгел қатысқан. “Үлкеннiң алдын кесiп өтпе”, “үлкенге сәлемдес”, “аттылының алдын кеспе” деп жолды кеспеуге баулыған. “Ат атандырма”, “сағымды сындырма” “сүйек жасытпа”, “сөз тасыма” деген жүйелi сөз тағы бар.[ 30]

Эпидаскоп арқылы тақтаға құлын, қозы, ботаның суреттерi түсiрiледi. Осы арқылы ата-ананың балаға деген мейрiмен, ықыласын түсiндiру, оның қазақтың тұрмыс тiршiлiгiмен астасып жатқандығын айтады. Оқушылар ата-әже, ана мейрiмiн бейнелеп көрсетедi.

Осыншалық мейрiмiн, шуағын төге отырып, қазақ баланы еңбекке үйреткен, төзiмдiлiк, ептiлiк, шеберлiк, шыншылдық, ар, ұят, әдеп, үлкендi сыйлау секiлдi қасиеттердi ұрпақ зердесiне сiңiре бiлген.

Мысалы: “Сiз деген –сыпайылық, бiз деген –көмек”, “Сыйға –сый, сыраға бал”, “Сөзiң тәттi болса, жұмысың қатты болсын” деген мақал –мәтелдер де сол игiлiктi iстерге бастап отырған. “Жақсы сөз –жарым ырыс” екенiн ұқтырған. Қонақтарға тапсырма: Үш санына байланысты халықтың ой –тұжырымдарын еске түсiру.

Үш жүз, үш арсыз, үш тоқтам, үш жұрт, үш даусыз, үш көз, үш қуат, үш қадiрсiз, үш ғайып, үш жаман.

“Адам туа бiлмейдi, жүре бiледi” Олай болса өмiрге келген әрбiр баланың болашағын алғашқы күн, айларынан бастап қалыптастырған.

Атамыз қазақ iлiм-бiлiмдi үйрете отырып “бiлiм ауысады, ырыс жұғысады” деп, татулыққа, достыққа бiлiмдiлiкке, өнерпаздыққа баули отырып, барлық тағлымды өз отбасынан бастап, мектепке жалғастырған.

Бастауыш сынып оқушылары не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді, сөйтіп барлық зейіні соған ауады. Алайда бұл аталған қасиеттер өзінен-өзі қалыптаспайды. Білім беруде қазақи ұлттық ерекшеліктерімізді кеңінен қолдану арқылы оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жөнінде арнаулы, нысаналы жұмыстың қажеттігін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол жұмыстың әдістемелігін әзірлеу мен тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың әсерлілігін тексеру үшін мынадай міндеттерді орындау қажет деп білеміз:

1) Қазақ этнопедагогикасының мазмұны арқылы адамгершілік мәдениетін қалыптастыру үлгісін анықтау.

2) Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың барлық кезеңдерінде оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастыру қарқынын қадағалау.

- Оқушылардың адамгершілігін қалыптастыру қазақ этнопедагаогикасының мазмұнына негізделуі тиіс;

- Адамгершілік, ұлттық құндылықтарға бағдарлау;

- Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін бағалайтын көзқарас туғызу;

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тәжрибелік – педагогикалық жұмыс мынадай бағыттарда жүргізілді

1 Оқушылардың оқудағы қызметін халықтық педагогиканың құралдарын пайдалана отырып ұйымдастыру -Оқушылардың дүниетану пәнінде гуманитарлық танымын кеңейту

- білім сапасын арттыру мақсатында қазіргі білім беру технологияларын қолдану

2 Адамгершілік тәрбие жөнінде сыныптан тыс жұмыс ұйымдастыру. - қазақтың ұлттық мәдениетіне деген көзқарас қалыптастыру. Отанға деген ой-өрісін, ынтасын қалыптастыру;

3 Этнографиялық мұражайлар ұйымдастыруға көмектесу, қазқатың ұлы адамдары, туған өлке тарихын тану. өз мемлекеті үшін мақтаныш сезімін дамыту;

Қазақ халқының мәдениетін мақтан етуге үйрету;

-Оқушыларды ұлттық рух, адамгершілік сезім қалыптастыру;

Мектеп оқу-тәрбиесінде халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиесін қолданып, оның оқушыларға білім мен тәрбие берудегі пайдасын жүзеге асыру әрбір ұстаз шеберлігіне байланысты. Халықтық педагогика экспериментін пайдаланып, оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін сіңірудің тиімділігін мына кестден көруімізге болады.

Дүниетану сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда халықтық педагогиканы пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімді қабылдауға барынша қолайлы ықпалын тигізеді.

Алған білімдерін күнделікті тұрмыста пайдаланып, өмір тәрбиесінде іске асыру.

Ұлттық саналығын, этномәдениетін дамытады [38,37].

Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі – балаға ақыл-өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Бұл әдісті мақал-мәтелден, нақыл сөздерден, ырымдар мен тыйым салу сөздерінен айқын көрініс тапқан. Өмірден көргені мен түйгені мол, білікті адамдардың ақыл-өсиетін оқушының санасына сіңіріп, үлкен ой салған.

Ырымдар мен тыйым салу сөздері баланы ағаттық жасаудан, түрлі қауіп-қатерден сақтандырып, адамгершілікке жетелейді. Мәселен, халқымыз «көкті жұлма; құстың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба; жалғыз ағашты жұлма; малды теппе; ақты төкпе; төгілген сүтті аяқпен баспа; т.б.» көптеген мысалдар келтіре кетуге болады 47,16.

Оқушылардың жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, сабақтарда шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де оқушыларда адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады:

Таза болсаң судай бол,

Бәрін шыдап көтерген.

Жақсы болсаң, жердей бол,

Бәрін шыдап көтерген.

Азғана іске көп рақмет айт [ 55 ] .

Жақсы қылық адамға ас пен киім; дос табу оңай, сақтау қиын; достарың көп болса да, аз деп біл.

Адамның басшысы –ақыл,

Жетекшісі – талап,

Шалушысы –ой.

Сынаушысы – халық,

Қорғаушысы – сабыр,

Қорғанышы –мінез,

Ең қымбаттысы –ар.

Таусылмайтыны –арман,

Барлығынан ардақтысы - өмір.

Қорыта айтқанда, оқушы біткеннің барлығы дерлік мектеп қабырғасында ұстаздардан тәлім алады. Егер біздің ұстаздарымыз әрбір сабақты жоғары сапалы, тиімді етіп өткізсе, жас ұрпақ тәрбиелеп өсіру ісінде кемшілік аз болар еді. Әрбір сабақ, тәрбиелік жұмыс ғылыми негізде ұстамды, жан-жақты танымды жүргізілсе рухани әсерлі болады. Демек, әр сабақ тәрбиелік бағыттан бөлінбей қатар жүргізілуі қажет. Ғалым-психолог Блумның пікіріне сүйенсек «7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызына дейін қалыптасады» дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезде алған алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны белгілі. Осы кездегі қаланған тәрбие адамгершіліктің негізін қалайды. Содықтан осы кезден оқушы бойына жақсы және жаман қасиеттерді қалыптастыра оқыту керек.

2.3 Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі

Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент жұмысы М.Горький атындағы орта білім беретін мектептің 2-ші сыныптарында жүргізілді.

2 А сыныбы (бала саны 9) эксперимент тобы ретінде, 2 Б сыныбы ( бала саны 11) бақылау тобы ретінде тіркелді.

Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.

Дайындық қезең:

2-сыныптағы дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға оқушыларды дайындаумен сипатталды.

Бұл кезеңнің міндеттері:

1) Оқушылардың дүниетану пніндегі мәтіндердің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлгізу, өздіктерінен мәтіннің тәрбиелік идеясын анықтауға үйрету.

2) Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр тақырып бойынша этикалық әңгімелермен таныстыру.

Негізгі кезең

Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды.

Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағыттылады:

1) Оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;

2) Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын негізге алып, сабақтар өткізу.

Қорытынды кезең

Мақсаты: Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениеттерін қалыптастырудың жүйелі жүргізілуінің оқушының жалпы тәрбиелік деңгейіне әсерін дәлелдеу.

Бұл кезеңнің міндеттері:

1 Эксперимент тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейімен бақылау тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейін салыстыру, қорытынды шығару.

2 Ұсынылып отырған адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының тиімділігін дәлелдеу.

Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетінің төмендегідей қалыптасу көрсеткіштерін зерттеу жұмысымыздың негізіне аламыз:

1 Оқушылардың тіршілік атаулыны сүйе білу мәдениеті;

2 Оқушыларың табиғатты қорғау қажеттіліктерін сезіне білуі;

3 Жан-жануарға қамқорлық жасай білуі;

4 Оқушылардың өзара көмекке келе білу мәдениеті;

5 Оқушылардың барлық жағдайда әділ бола білуі;

6 Жолдастық қатынас мәдениетінің болуы ;

7 Еңбексүйгіштік мәдениетінің болуы.

Белгіленген көрсеткіштерге сай адамгершілік мәдениетінің деңгейлері және оның диагностикалық белгілері анықталды.

Кесте 3 Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi

Адамгершiлiк мәдениет деңгейi Диагностикалық белгiлерi

(критерийлер)

Жоғары деңгей

Оқушылардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Тіршілік атауына сүйіспеншілікпен қарайды. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет ете біледі. Жолдасық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады.

Ортаңғы деңгей

Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Оқушылар табиғатты қорғау қажеттігін біледі, дегенмен маңыздылығын түсінбейді. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, мұғалiмнен көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады.

Төменгi деңгей Оқушыларда адамгершілік мәдениеті төмен дрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан-жануарға қатыгездікпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл.

Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы эксперимент және бақылау топтарынан тестілер алынды. Мұндай бақылау оқушылардың жеке даралық қасиеттерін анықтауға, тұлғалық мінездеме алуға, оқушылардың оқу пәндеріне қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тестілеу балалардың бойында адамгершілік құндылық бағдарларының қалыптасу деңгейін айқындау үшін пайдаланылады.

Тест сұрақтары төмендегiдей:

1 Үлкендi сыйлау қандай әрекетке жатады?

а) әдет

ә) әдет-ғұрып

б) дәстүр.

2 Ұлттық намыс қай рәсiмге жатады?

а) қайырымдылық

ә) әдептiлiк

б) перзенттiк парыз.

3 Саған ең жақын кiм?

а) дос

ә) аға

б) жолдас.

4 Бата қай дәстүрге жатады?

а) ырым

ә) тыйым

б) сенiм.

5 Ел белгiсi ненi көрсетедi?

а) рәсiм

ә) рәмiз

б) жөн-жоралғы.

6 Үлкенге сәлемдесу қай рәсiмге жатады?

а) iзеттiлiк

ә) салауаттылық

б) үнемдiлiк.

7 Мына үш негiздiң қайсысы өмiрге бiрiншi керек?

а) бiлiм

ә) еңбек

б) денсаулық.

8 Бірлі, достық туралы мақалдарды аяқта

а) Бірлігі жоқ ел тозады, ....

ә) Алтау ала болса, ....

Төртеу түгел болса,...

9 «Үш дос» жануарды анықта

а) түлкі, қоян, қасқыр

ә) аю, жолбарыс, борсық

б) суыр, архар, шақшақай.

10 Сыныптағы бір баланы барлығы мазақ қылады. Ал сен не істер едің?

а) ештеңені білмегендей боласың

ә) достарыңмен бірге мазақ қыласың

б) достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасасың

11 Досыңды қандай қасиеттеріне қарай бағалайсың

а) шыншыл, берілген

ә) мақтаншақ

б) өсекші

12 Малдың пайдасы қандай?

а) шөп жейді, су ішеді

ә) ет, сүт, жүн, тері береді

б) малдың пайдасы жоқ

13 Асқар – Алтынайдың ағасы. Алтынай-Арманның шешесі. Арман Асқарға кім болып келеді?

а) ағасы

ә) немересі

б) нағашысы

14 «Жақсыдан – үйрен, жаманнан - ....» мақалды аяқта

а) жирен

ә) үлгі ал

15 Жаман адам қайдан пайда болады?

а) білімдіден

ә) ұйқышылдықтан

б) тәртіпсіздіктен

Жауаптары: 1-б; 2-б; 3-б; 4-б; 5-ә; 6-ә; 7-б, 8-а Бірлігі күшті ел озады. ә-Ауыздағы кетеді, төбедегі келеді, 9-б, 10-б, 11-а, 12-ә, 13-б, 14-а, 15-б.

Тест мәліметтерін талдау эксперимент және бақылау топ оқушыларының дүниетануға қатысты адамгершілік мәдениет деңгейлері салыстырмалы түрде шамалас денгейде екені анықталды. Оны төмендегідей суреттен көруге болады.

3. Қоршаған ортаны қорғау

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан - 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.

Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.

50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.

Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.

Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.

Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.

1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.

Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.

Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.

Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.

Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.

Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.

Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.

Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда – 4,0 %, Ақмолада – 3,8 %, Ақтөбеде – 3,9 % жеткізу жобаланған.

Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.

Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.

Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.

Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма – отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.

Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.

Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.

Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.

Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы «қызыл тажалдың» құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.

Сөз соңында айтарымыз, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін экономикалық критерийге негізделген кешенді тәсіл қажет. Жердің сұлулығы мен байлығын қорғауды жан-тәнімен жақтайтын адамдар мен табиғатты кешенді пайдалану идеясын өмірге енгізу мен айналысатын мамандардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бұл айырмашылық кәдімгі «істегім келеді» мен «қолдан келеді» деген сөздердің айырмашылығындай. Бүкіл адамзат баласы болып қоршаған ортаның экологиялық тазалығына бір мезгіл көңіл бөлсе, өзіміздің Жер – Анамыздың алдындағы үлкен парыздың орындалғаны болар еді.

















«Атадан қалған асыл сөз»
Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: сахналау.
Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.
1. Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі - сопақ, өзі нәр.
2. Ата салты - ардақты,
Әрбір сөзі - салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
Жоспары:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Сұрақ - жауап /мұғалім - оқушы/
3. Досбол бидің шешендік сөзі.
4. Билердің отырысы/сұрақ - жауап оқушылар арасында/
5. көрініс «Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім.»
6. айтыс «Біржан мен қыз»
7. Көрініс «Қожанасырдың май сатып алуы»
8. Ертегілер еліне саяхат «Алтын балта»
9. Ескірмейтін сөздер/тиым, ырымдар/
10. Мақал - мәтел жарысы
11. Тәуелсіздік тұмары /билердің сөзі./
Барысы:
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.
Біз сөйлеу мәдениеті, ана тілі сабағында халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстық. Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен билерден, ақын – жыраулар мен сал - серілерден мұра - мирас болып қалған шығармаларды оқыдық.
- Халық шығармаларының түрлерін кім айтады?
- ертегілер, аңыздар, шешендік сөздер, мақал - мәтелдер, батырлар жыры.
- жырлардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Төрт түлік туралы, батырлар жыры т. б.
- Жырау деп кімді айтамыз?
- Жыршы деген кім?
- Жырды шығаратын адамды жырау деп атайды.
- Жыршы деп сол жырды халыққа таратушы адамды айтады.
- Шешендік сөздердің қандай түрлері болады?
- шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау.
- Балалар сендер қандай шешендік сөздерді білесіңдер?
/бірнеше оқушы жатқа шешендік сөздер айтады/
- шешендік сөздердің мақал – мәтелге ұқсастығы бар ма?
Айырмашылығы ше?
- Балалар, шешендік сөздердің ерекшелігі бір оқиғаға байланысты болады. Белгілі бір адамдардың атынан айтылады. Ұқсастығы қысқа, әрі нұсқа болады.
Шешеннің бағалы қасиеті - қиядан жол, қиыннан сөз табу.
/Досбол бидің шешендік сөзі. 1 - оқушы/
- Қандай белгілі шешендерді білесіңдер? Олар кімдер?
- Қазбек би, Төле би, Әйтеке би, Жиренше шешен, Сырым батыр, Аяз би т. б.

- Ал, қазір, ортаға шешендік өнерді бағалап, оқыған білгендерін көкейге тоқып жүрген оқушыларды ортаға шақырайық.
/ортаға Қазбек би, Төле би, Әйтеке би болып киінген оқушылар шығады/
Қазбек биге қойылатын сұрақтар: Дүниеде не қымбат? Дүниеде не жақын? Дүниде не қиын?
- Кім жақын? - деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Тату болса – ағайын жақын,
- Ақылшы болса - апайың жақын.
- Бауырмал болса - інің жақын,
- Инабатты болса – келінің жақын.
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
- Не қымбат? – деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді – апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
- Не қиын?- деген сұраққа Қазбек би былай жауап береді.
- Арадан шыққан - жау қиын,
- Таусылмайтын - дау қиын.
- Шанышқылаған - сөз қиын,
- Жазылмаса - дерт қиын.
- Іске аспаған - серт қиын,
- Ақылыңнан - адасып.
- Өзің түскен - өрт қиын
- Не істеріңді біле алмай,
- Ашиды сонда бас миың.
- Төле биге қойылатын сұрақтар:
- Төле бидің төрелігі
- Төле бидің билігі.
- Төле бидің шешендік сөздерінің бірін жатқа айтуы керек.
Әйтеке биге қойылатын сұрақтардың түрлері.
- Жігіттің жақсысы қандай болады?
- Бала Әйтекенің билігін айтыңыз.
- Әйтеке бидің кең тараған кең тараған шешендік сөздерін айтып беріңіз.
«билер» кезек - кезек оқушылардың сұрағына жауап берген соң
көрініс қойылады.
« Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім»
Мұғалім: айтыс деген не, кім айтады?
- Айтыс өлең түрінде болады. Оны айтысқа түсетін ақындар қолма - қол ойдан шығарып айтады.
- Айтыстың мақсаты - өзімен айтысушының қапысын тауып, қисынды сөзбен ұту, жеңіп шығу.
- Ал біздер айтыс білеміз бе?
Ұл бала мен қыз бала «Біржан мен қыз» айтысын орындап береді.
Келесі жұп «Оқушылар айтысын» айтып береді.
Мұғалім:- Ал, аңыздар деген не екен?
- Аңыздардан бізге кімдердің есімі белгілі?
- Қожанасыр, Алдар көсе, Тазша бала.
Оқушылардың орындауында « Қожанасырың май сатып алуы»
- Ал, балалар, ертегілердің қандай түрлерін білесіңдер?
- Қиял - ғажайып ертегілер, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер.
« Алтын балта» ертегісінен көрініс.
Мұғалім: күнделікті өмірде ата - әжелерің, ата - аналарың айтып отыратын тыйым сөздер жарысын өткіземіз, кәне кім көп біледі?
- Жағыңды таянба, құдыққа түкірме, босағаға тұрма, ақты төкпе т. б. /балалар жарысып айта береді/

Үш би тәуелсіздік тұмарына айналған өсиет сөздерін айтады.
Төле би: « Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
Хан азса, халқын сатады,
Халық азса хандыққа таласады.»
Қазбек би: « Қазақ деген халық мал баққан елміз,
Жерімізді жау баспасын деп,
Елімізден құт қашпасын деп,
Найзамызға үкі таққан елміз»
Әйтеке би: « Жүрген жерлеріңнің бәрі жазық болсын
Ар мен абырой өмірлеріңе азық болсын.
Бірің ту ұстаған қолбасшы,
Бірің сөз ұстаған би басшы болыңдар,
қанаттарым!
Бердім батамды!
Аллауакбар!»

Міне, балалар, сендер тәлім - тәрбие аларлықтай «Атадан қалған асыл сөздер» өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзін зер сала тыңдап, ұғып, әр сөздің астарына үңілу керек.
- Ал, балалар, осы сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?
- Тәрбие сағаты ұнады ма?
- Қай жері ұнаған жоқ?
- Әсіресе, оқушылардың рольдері қалай шықты?
- Осы тәрбие сағатының тақырыбын тағы басқаша қалай атауға болады? Неліктен?
- Үш арсызды талдайық.
- Неге ұйқыны, күлкіні, тамақты арсыз дейміз? Қалай ойлайсыңдар?
- Балалар сабақ сендерге ұнаса алдағы уақытта не істеулерің керек?
- Шешендік сөздерді оқып, жаттап, үлкендерді тыңдаймыз, көп оқып, билер сияқты шешен болуға тырысамыз, ырым - тыйымдарды еске сақтап, салт - дәстүрді қадірлейтін боламыз.













Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас...
Мақсаты: оқушыларға ұстаздар, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеу, білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу.
Міндеті: оқушы санасында ұстазды тұлға ретінде қалыптастыру және ұстаз еңбегін дәріптеу.
Барысы:
       Алмас: Армысыздар, жиналған қауым, ұстаз,
                    Күні бүгін ұстаздардың мерекесі.
                    Құтты болсын мереке баршамызға,
                    Жүріңіздер үнемі сіздер, алда!
        Дина:  Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
                    Жемісті біздер үшін, елге еккендер.
                    Адамзат ұрпақтарын тәрбиелей,
                    Зердесін болашақтың зерлеткендер!,-дей келе барша ұстаздар қауымы, сіздерді 3 қазан-«Ұстаздар күні» мерекесімен құттықтаймыз.  Әр ұстаздың еңбегіне нұр, шығармашылық табыс тілейміз. Ұстаз-ол ұлы тұлға. Ұстазға ғалым да, шахтер де, дәрігер мен ұлы ақындар да табынып, бас иген, ұстаз алдынан тәлім алған, әрі тәрбие көзін қабылдаған. Ұстаздар мерекесі қарсаңында 5 «ә» сынып оқушыларының дайындауымен «Ұстаздық еткен жалықпас...» атты ашық тәрбие сағатын ұсынбақпыз. Тәрбие сағатына мектептің барша ұстаздары қатысып, өз білімдерін, біліктіліктері мен талап-таланттарын алдарыңызға танытпақ.
Алмас:
 Армысыздар ұстаздар, нұрлы жандар,
 Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
 Іздерінен еріп жүрген түлекпіз,
Бас иеміз, әрқашан да тірексіз!,-деп  басымызды ие отырып кешімізді бастауға рұқсат етеңіздер.
Дина:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестрдің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен,дирижер боп күлімдеп.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып.
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп.
Алмас:
Соларменен асқарларға шығасың,
Әлем кезіп ғылым жолын қуасың.
Сәтті басқан қадамына ырза боп,
Жіпсіп арқаң,тыныстап кең тұрасың.
Жалын атып,от боп,бірге жанасың,
Білім беріп,содан бақыт табасың.
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір,мәңгі жас боп қаласың.
Дина:
Бұл өмірде танып оң мен солымды,
Мен де қудым,ұстаз,сенің жолыңды.
Бір кісідей терді төкті ел үшін,
Іздеуге де мұршам болмай жоғымды.
Бақыт таптым ұстаздықтың бағынан,
Қаншама ұрпақ қанаттанды алдымнан.
Сомдап соқтым боашақтың мүсінін,
Тіршілікте сол ғой ізін қалдырған.
Аружан:Ғылым иесі ғалым да ,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да,егін салған дихан да,мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де,бәрі-бәрі ұстаздан білім,тәлім алған,сондықтан,ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Мади:
Ұстаз сөзі-күн нұрына пара-пар,
Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
Айша:Ұстаздықтан асқан қиын да қызықты мамандық жоқ,өйткені оның жауапкершілік өлшемі-адам тәрбиелеу.
Азат:Халқымыздың біртуар ұлы,қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы «Ұстаз-ұлық емес,ұлы қызмет» деген екен.
Нұрила:Мұғалім-зор тұлға.Мен ұстащдарымды күннің құдіретті сәулесіне теңеймін.
Тайбек:
Мұғалім-әділ,турашыл,жоғары мәдениетті,салмақты,әдепті,кішіпейіл,мәңгілік нұрдың қызметшісі.Ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Индира:Сүйікті ұстаз-баланың өмірге қарайтын мөлдір де таза әйнегі.
Алдияр:Оқу-инемен құдық қазғандай.
Мұғалім: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз.Ұстаз!Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр.Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар-бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Жан дүниеңді түсіетін,қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық,өйткені ол диқан сияқты.Адамның жанына ақыл,білім дәнін сеуіп,аялап,көңілін де табады.
«Ұстаз» деген ардақты,киелі,үлкен құрметпен айтылатын сөз,ол өз адамның жастайынан сауатын ашатын,өнерге үйретіп,тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып,болашаққа жол көрсететін,анаңдай әлпештеп,маңдайыңнан сипайтын адам.
Айгерім:Қазақ халқының көрнекті жазушысы С.Мұқанов:


Мұғалім!Бұл-адамның ардақты аты,
Білімді бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...
Бар ғалам,барлық қоғам мұғалімді
Сыйлайды,мәңгі бақи беріп бәрін.
Мади:
Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең,сенің екі анаң бар,
Бірі-сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң-ұстаз деген данаң бар.
Мақсат:
Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Ана тілін оқимын,
Ерекше зор құрметпен.
Куаныш:
Ұстаз ана-болашақтың анасы.
Ұстаз ана-ақыл-білім панасы.
Жүзіндегі пәк мейірімді көргенде,
Әр шәкірттің оянады санасы.
Еркежан:
 «Оқушы жастардың ең сенімді,сыр жасырмай,ашық айтатын адамы-мұғалім» деп ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов айтқан екен.
Ақтілек: «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан данышпан Абай атамыз.
Әйгерім:
Білім беріп көзді ашқан,
Ақылшым,досым,ұстазым.
Мейіріңнен сен асқан,
Адалдық жолын нұсқадың.
Рахат:
Тәрбиелеп,мәпелеп,
Өрлеткен өмір шыңына.
Жөн сілтеп өзің жетелеп,
Ғылымның жаңа тыңына.
Әдемі:
Мектеп,сенсің адалдықты үйреткен,
Мектеп,сенсің жамандықты күйреткен.
Мектеп,сенсің жақсылықты ұран қып,
Мектеп,сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.
Шұғыла:
Мектеп деген-білім кені,жыр кені,
Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген-тәрбиеші адамға,
Мектеп деген-даналардың мекені.
Қанат:
Болса менің кішкене бір табысым,
Қорғағаным ұстазымның намысын.
Ұстазымша білсем деймін өмірді,
Ұстазымша болса деймін әр ісім.
Ақиқат:Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғыс айтамыз.Ұстазымызға зор құрметпен бас иеміз!
Ән: «Ақылшым мұғалім»
Мұғалім:Қ.Аманжолов: «Мектеп-кеме,білім-теңіз» деп тектен текке айтпаған-ау,сірә?Егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімділік сәулесі болса,ол-мұғалімнің еңбегі.Солнұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп,жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші!Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?Сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.
Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға»деп айтуында терең мән-мағына жатыр.Шынында да,ұстаз ебегі – ұлы да ұлағатты еңбек емес пе?
Оқушыларұстаздарғагүлұсынады.
  

























Сабақтың тақырыбы: «Бағдаршам»
Сабақтың мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.
Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.
Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Психологиялық сәт.
Қуан шаттан,
Қуан шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн,
Күліп шықты, күн бүгін.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау. Мұғалім: балалар, өткен сабағымызда қандай тақырыпты өттік.
Оқушылар: компьютер әлемінде.
Балаларға жаттаған өлеңін айтқызып, қайталату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: жұмбақ жасыру
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не? оқушылар -«бағдаршам».
Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғни
жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)
Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?
Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.
Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы
-- Қызыл түс.
- Сары түс.
- Жасыл түс.
Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар.(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу ) Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер
ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды.
Оқулықпен жұмыс: «Бағдаршам өлеңін»оқып беру, мағынасын түсіндіру.
ІV. Сергіту сәті.
Қызыл көзі жанғанда,
Сынық сүйем бас па алға,
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға,
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқан ба?
V. Жаңа сабақты бекіту.
- Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.
- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.
- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.
- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.
- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)
«Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа»
- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ.
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау.
- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?
- Бағдаршам туралы.
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Үш көзі бар.
- Қандай?
- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?
- Ақ жолақтар.
Жол тәртібін білейік.
Аман - есен жүрейік.
VІІ. МАДАҚТАУ:
- Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды.



































Ашық сабақ
«Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз»
Өткізген тәрбиеші:Мағзұмова Т.М.
Өскемен қаласы 2015
Сабақтың тақырыбы: Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру.
Дамытушылық: ой-өрісін дамыту, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасауға үйрету, есте сақтау қабілетін жетілдіріп, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: оқушылардың бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру.
көрнекілік: нақыл сөздер, бала құқығы туралы конвенция
Ұйымдастыру: 
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Тәрбиеші сөзі:
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді.
Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді:отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерде. Адамның қоғам мен мемлекет алдындағы міндеті:мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
«Біз неге құқылымыз?» сұрақ-жауап ойыны.
1. Құқық деген не?
Шыңғыс: Мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы.


2. Құқық немен қорғалады?
Света: Заңмен қорғалады.
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған?
Райгүл: 1789жылы. Францияда.
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
Света: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ)
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
Женя: Әлемде бейбітшілікті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
6. Қазақстан БҰұ-на қашан мүше болды?
Жеңіс 1992жылы. 2-наурыз.
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?
Досжан: Бала құқығы туралы конвенция.
8. Бала болып кімдер саналады?
-Жәния: 18 жасқа толмағандар бала болып саналады.
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
Шыңғыс: 1995жылы Нью-Йорк қаласында 156 мемлекет болып қол қойды.
Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
- Қуаныш: Парламент шығарады.

«Қызықты сұрақтар»
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?

а) Біздің мемлекет – Қазақстан Республикасы 
Қуаныш: 
Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.

ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. 
Света: 
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба. 
Шыңғыс:
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,

в) Елорда – Астана.
Жеңіс: 
Астана - арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап – жасыл боп,
Мен үлкен болғанда да.
г) ҚР кім басқарады? – Президент. 
Света: 
Елбасы елді қорғайды, 
Халық қамын ойлайды. 
Осындай жақсы адамның, 
Жақсылығы тарайды. 
Тәуелсіздікті елге сыйлады, 
Бейбітшілікті қалады. 
Орындалып арманы, 
Халқымызда ажарлы. 
Осының бәрі әрине, 
Елбасының арқасы.
Пікірталас.
Адамға не қымбат? – Өмір
Ерасыл:. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
Қуаныш: . Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
Балнұр: ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға құқылы.Балалар енді өз міндеттерің мен құқықтарыңды біліп жүріңдер
ІІІ. Қорытынды.
Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз.. Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыңыз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына,өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».

































ӨМІР ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ

Е.А.Батешовтың және З.М.Шаукерованың аудармасы

1 ТАҚЫРЫП: ТАБИҒАТ АПАТЫ



НЕГІЗІ



Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді.

Көбінесе жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: алғашқы медициналық көмек төтенше жағдайлар кезінде. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және де әр қайсысы түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауын біздің денсаулығымызға және өзіміздің өмірімізге, балаларымызға қаншалықты маңызды екенін білу керек.

Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Сендер бұндай жағдаймен кездесеңіз сабырлық сақтау керек – сіздің оған жасаған көмегіңіз оның өмірін сақтап қалуына мүмкіндік жасайды. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану біздің міндетіміз.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / ДАУЫЛДАР МЕН ҚАТТЫ ЖЕЛДЕР (Бури и сильные ветра)



  1. Сіз дауылдың жақындағаның біліп сезсеңіз, онда есік пен терезелерді қатты жабу керек. Әйнектерге пластырьларды жабыстыру керек.

  2. Шамдарды дайындап қойыңыз (электричестваны сөндіру мүмкін).

  3. Электротехникалар мен сыртқы телеантеннаны сөндіру керек.

  4. Жел алып кететін заттарды далада қалдырмау керек.

  5. Егер дауыл болатының білсеңіз, теңіз жағасынан, өзендерден алыс ұсталу керек. Себебі, сіздерді су тасқынымен алып кетуі мүмкін.

  6. Жер үйдің үлкен және мықты жағына баруыңыз керек, одан да жақсы подвалға бару керек.

  7. Егер сізді ашық жерде дауыл алып кетсе, онда тұйық жерге жорғалап, тығылу керек. Бірақ, құлап жатқан ағаштардан, бұтақтардан сақтаныңыз.



Кейбір жағдайларда дауыл тынышталады, бірақ сіз оған ұсталынып қалмаңыз және дауылдан тығылып жатқан жерден шықпаңыз, себебі дауыл басталып кетуі мүмкін.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / КҮН КУРКІРЕУІ (Гроза)



Сіздің әрекетіңіз:

  1. Егер сіз биік жерде болсаңыз, жылдам төмен түсіуіңіз керек. Ашық жерде биік, үлкен заттардан алыс ұсталу керек. Мысалы, жалғыз өсетін ағаштардан.

  2. Денеңіздің дірілдегенің сезсеңіз (характерное шекотание кожи) және де шашыңыздың көтерілгенің (волосы поднимаются дыбом), біліңіз найзағай сіз тұрған жердің маңына соғатының. Ойланбай, жылдам жерге жатыңыз.

  3. Егер сіздің айналаңызда үлкен, биік заттар болса және олардан алысқа кетуі мүмкіншілігі жоқ болса, онда құрғақ жерге барып отыруыңыз керек және аяғыңызды жерден көтеруіңіз керек. Міндетті түрде сіз құрғақ жерде отыруыңыз керек, себебі дымқыл, сулы заттар ток өткізуші болып келеді.

  4. Тізенізді бүгіп, оны қолмен ұстап, басыңызды еңкейту керек.

  5. Егер сіз қайықта отырсаңыз, онда жылдам жағаға жүзу керек, күн күркіреп, найзағай жарқырап жатқанда суда тұру сіздің өміріңізге өте қауіпті.

  6. Егер сіз машинада келе жатсаңыз, машинаның ішінде қалыңыз. Себебі, машинаның іші күн күркіреп жатқанда ең қауіпсіз жер болып саналады. Машинаның металлдық корпусы сізді найзағайдың соғуынан сақтайды: егер найзағай машинаға соқсада, ол жерге кетеді. Ал, мотоциклде немесе велосипедте күн күркіреу кезінде жүруге болмайды.

  7. Қалада металды қақпалардан және барлық металлды заттардан алыс ұсталу керек.

  8. Үйде отырғанда радио мен телевизорды сөндіру керек, күн күркірегенде бірінші орында терезелерді жабу керек.

  9. Егер адамды найзағай басынан соқса, ол оның денесінен өтіп адамды өлтіреді. Сонымен бірге найзағай қатты күйдіріп бұлшық ет судорогалардың себебші болуы мүмкін.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / ЖЕР СІЛКІНІСІ.

Сіздің әрекетіңіз:

  1. Егер жер сілкінісі басталса, онда жылдам үйден шығу керек және далада тұрғанда ғимараттардан алыс тұру керек. Егер үйде қалып қалсаңыз, онда үстелдің астына немесе кроваттың астына, бұрышқа немесе есіктің босағасында тұрағалу керек.

  2. Терезелерден алыс ұсталу керек. Себебі, терезенің шынылары жер сілкінісі кезінде адамға қауіпті.

  3. Жер сілкінісі кезінде лифтті қолдануға болмайды, өйткені лифт тоқтап қалуі мүмкін немесе құлап түсуі мүмкін.

  4. Сірінкілерді, зажигалкаларды, шамды қолдануға болмайды, газ жарылып қалса, өте қатты жарылыс болуы мүмкін.

  5. Подвалдар мен жер астында, тоннельдерде тығылмаңыз. Себебі, панельдер, перекрытиялар құлап шығатын жерді жауып тастауы мүмкін.

  6. Егер сіз далада келе жатып, жер сілкінісі басталса, онда сіз үйлерден, ғимараттардан алыс ұсталу керек. Олар кез келген уақытта құлау мүмкін.



Есіңізде сақтаңыз: Бірінші жер сілкінісі болғаннан кейін тағы да сілкініс болуы мүмкін.





ТАБИҒАТ АПАТЫ / ЖАҢАРТАУДЫҢ ҚАЙНАУЫ (извержение вулкана).



Жаңартаудың қайнаудың пайда болудың себептері:

  • Сейсмикалық белсенділіктің күшеюі.

  • Жер астынан және вулканның кратерінен арнайы дыбыс шығу («ворчание»).

  • Қүқірт исі, әсіресе вулканның жанынан ағатын өзендерден.

  • Қышқылды жауынының жауы.

  • Ауада пемздік шан болуы.

  • Кратерлерден газдың шығуы.



Сіздің әрекетіңіз:

  1. Сол жерден жылдам кету керек.

  2. Егер сол жерден кете алмасаңыз, жаңартау атқылау бастағанда жолға жүгіріңіз, қалың киініп және басыңызға пластикалық шлем немесе шапқаға қағаз толтырып басқа кию керек.

  3. Егер сіз машинада келе жатсаңыз және машинаның доңғалақтары жерге батып кетсе, машинадан түсіп жаяу жүріңіз.

  4. Егер сіз қызған шан және газдардан тұратың дөңгелект шарды қөрсеңіз, сол шар ұшып кеткенше жер астына немесе судың астына тығылыныз.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / ОРМАН ӨРТІ.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер өрт жаңа ғана басталып жатса, бұтақтардан жасалған сыпырғышпен өртті сөндіріп қөріңіз.

  2. Орманның шет жақтарынан ортасына жылжыңыз және де жел сенің арқана соғып тұру керек. Артыңыздан жанып жатқан күлді, қөмірді жинап жүрініз.

  3. Егер өрт оданда қатты жаңа бастаса, онда көмекке бару керек. Есіңізде сақтаңыз, ораманның өрттенуі өте үлкен жылдамдықпен қозғалады.

  4. Қауіпсіз жер ол жолға немесе өзеннің бағытына жүру қажет.

  5. Құрғап қалған ағаштар мен шөптер тез жаңады.

  6. Жұмсақ жерде өзіне жара (яму) қазып, сонда тығылуға болады және ыстықтан құтылу үшін курткамен немесе көрпемен жамылуға болады.

  7. Өрт өткеннен кейін, ол сөнген жерімен жүру керек. (Когда фронт огня пройдет, идите в том направлении, где огонь уже потух.)





ТАБИҒАТ АПАТЫ / ҚАРДЫҢ ҚҰЛАУЫ (ЛАВИНА).



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Таулы жерге барудың алдында лавина жайлы ескертулер тындаңыз. Егер ондай хабар болса, онда тауға бармаңыздар. Қауіпті склондарды айналып өтуге ұмтылындар. Егерде оны айналуға мүмкіншілік жоқ болса, онда сақ болып қауіпті склондарда бір-бірден өтіңіз.

  2. Қар құлаудың бірінші белгілері олар:сынып жатқан мұздың дыбысы, ақ шан, үстінен астына құлап жатқан қар.

  3. Егер сіз лавина сізге келе жатқанынды қөрсеніз, онда лавинадан төмен қарай қашпаныз. Лавинаның жылдамдығы 30 метр секундына жету мүмкін.

  4. Лавинаның жолынан кетіп немесе биікке (ағашка, скалаға немесе үлкен таска) шығуға үмтылыныз. Ослай сіз лавинаны өзінің астынан өткізесіз.

  5. Егер лавина жақын болса, рюкзак, таяқты, шаңғыны лақтырып жіберініз, себебі олар сізге қардың астында кедергі жасайды.

  6. Егер лавина сізді алып кетсе бетті жауып, демалмаңыз, өйткені қар сіздің ауызынызға мұрынға кіреді және сіз демаламайғаласыз.

  7. Қармен домалап келе жатқанда бір затқа (мысалы скалаға) ұстап калуынызды үмтылыныз. Осындайда қар өтіп кетіп сізді қалдыру мүмкін.

  8. Егер лавина сізді алып кетсе оның бетінде қалуға және лавинаның шетіне жылжуға үмтылыныз. Қолдармен өзінен жолдағы тастарды итеріндер.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / ҚАРДЫҢ АСТЫНДА.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Лавинаның жылдамдығы азайғанда үстіне шығу үшін бүкіл күшіңізді жинаңыз. Сосын қардың астынан шығу өте қиін болады, өйткені лавина тоқтағаннан кейін қар тез қатаяды.

  2. Бас жағыныздағы қарды қатты итеріп, басып тастаңыз, солай демалуға оңай болады.

  3. Қайжаққа қозғалуын білу үшін, ауызыңызға қөп сілекей жинау керек, сілекей жиналғаннан кейін оны түкіру керек, егер ол сіздің мұрыңызға түссе сіздін аяғыныз жоғарыда ал басы төмен орналасқан.

  4. Егер сіз үстіне шыға алмай жатсаңыз, құтқарушыларды күтіп, аз қимылданыз және ауаны ұзаққа жету үшін аз демалуға үмтылыныз.





ТАБИҒАТ АПАТЫ / СУ ТАСҚЫНЫ.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Су тасқын кезінде, егер сізде уақыт бар болса, онда үйден кетпей тұрғанда газды сөндіріп және электротехникаларды сөндіру керек, өзінмен бірге керекті азық-түлікті (2-3 күнге), киімдерді, дәрілерді жинап алу керек.

  2. Егер су тасқыны ашық жерде немесе орманда болса, онда жылдам биік жерлерге (ағашқа немесе басқа бір затқа) ұстанып қалу керек.

  3. Егер сіздің жолынызда өзен тасқыны болса ең біріншіден тайаз (мелкое) жерді іздеп көріңіз.

  4. Сумканы немесе рюкзакті сулап алмау үшін жоғары орынастырыныз. Егер оларды өзініз ұстасаныз онда рюкзакты иықа бір лямкаға ғана ілініз, өйткені, егер сіз суға құласаныз рюкзакті оңай тастасалуға болады.

  5. Судың тереңдігін білу үшін, ұзын таяқты алыныз.

  6. Суға бір аяқты мықты қойғаннан кейін ғана екінші аяқты көтерініз, судын ағына қарай бұрыш жасап қырынмен абайлап жүрініз.

  7. Егер сіз топтың ішінде өзенді өтіп жүрсеніз, онда бір адам өзеннің әрғі жағын жіптің бір соңын алып ағашқа немесе тасқа байлап қою керек. Келесі адамдар бір қолымен жіпті екінші қолмен таяқты ұстап өзенді өтуге тиісті.



Егер сізде жіп, арқан болмаса және сіз топпен өзенді өтіп жатырсындар, онда бір бірлеріңіздің иықтырыңыздан ұстап, бір біріне страховка жасап абайлап бірдей немесе кезекпен аяқтарын басып өзенді өту керек.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / ДАУЫЛ.

Жел күші 12 балл (Бофорт шкаласы бойынша) немесе оның жыдамдығы 35 м/с -тан көп болса даул пайда болды деп есептеленеді. Атлантака мемлекеттерде осы желді – дауыл (ураган) деп атайды, Тынық мұхиттының аймағында – тайфундар, Австралияда – циклондар, Америкада – торнадо деп аталады. Аттары әртүрлі болғанымен жасаған зақымдары бірдей болады (тоқтамайтын ұзақ жауындар, өз жолында бәрін қирататын биік толқындар).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Теңіздің жағасынан алыс ұсталыныз. Жағадан алыстаған сайын дауыл жеңілдейді. Егер сізде машина болса, алысырақ дауылдың эпицентрден кетуіңіз керек.

  2. Егер дауыл жақындағанда сіз үйден кетуге үлгермесеніз, онда үйде шықпай қалыныз. Мықты (прочная) бөлмеде немесе подвалға түсіп дауылдың біткенің күтініз.

  3. Есіктермен терезелерді қатты жабу керек. Терезенің айнектерге пластырьларды жабстырсаныз олар сынбау мүмкін.

  4. Егер сіз ашық жерде немесе биіктікте болғанда дауыл басталса, онда сіз тұйық жерге (скала, орманға) жорғалап баруыныз керек. Олар дауылдын күшін әлсеретеді, бірақ мұнда құлап жатқан ағаштардан және бұтақтардан сақтаныз. Сонымен бірге даулда сізге шұңқырларда, дөнестерде және оврагка жатуға болады.

ТАБИҒАТ АПАТЫ / ҚАРЛЫ ДАУЫЛДАР (бури).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Қарлы дауылдан өтемін деп ойламаңыз.

  2. Машинаны тоқтатып, машинаның радиатор жағын бірденемен жабыңыз.

  3. Егер жел қатты болмаса, онда қалын қардын астында қалмау үшін уақыт сайын машинадан қарды түсіріп отырыныз.



ТАБИҒАТ АПАТЫ / РАДИАЦИЯ.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Үйден шықпай тұрғанда, сыртқы киімдердің түгел төмелелерді салып, биік аяқ киімді киіп, ауызын және мұрынды марльдан жасалған повязкамен жабу керек.

  2. Радиация жерінен желге перпендикуляр бағытымен шығуі керек. Сонымен бірге жерге отыруға, шылым шегуге, шанмен журуге, орманда жидектерді жеуге және суға түсуге болмайды.

  3. Егер сіз далаға шыға алмай қалсаңыз, онда үйдің есіктерін, терезелерің, вентиляционный тесіктерді жабыныз. Терезенің тесіктерің бегітіп және скотчпен жабыстыру керек. Кірер есіктің алдында суға толған шелекті және аяқты сүрту үшін дымқыл шөберекті қойып қою керек.

  4. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды сабынмен жуып және ауызды аз қосылған содамен шайю керек. Азық-түлікті жақсы жабылатын банкілерде және холодильникте сақтау керек.



КАТАСТРОФАЛАР / ПОЕЗДЫҢ АПАТЫ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер сіз қатты тормаздардың, поездің гудогін естісеніз жене поездің апаты болып жатқаның түсінсеніз онда жылдам жерге жатып, вагонда сізді әрі бері лақтырмау үшін бір нәрсеге қатты ұсталыңыз. Терезелермен есіктерден алысрақ болуға үмтылыныз.

  2. Жерде жатып кеудеңізге подбородықты қатты бекітініз, сонда қатты соқтығуы кезінде сіздің мойыныныз сынбайды.

  3. Егер поезд рельсадан шығып құлап жатқанын көрсеніз де ешқашан поездан секірменіз. Вагонның қабырғалары соқтығуының әлсеретеді.

  4. Егер поезда соқтығудан кейін өрт басталса вагоннан тез шығыныз. Бірақ абайланыз, аяқтарыныздың астында үзілген тогі бар проводтар болуы мүмкін.

  5. Егер есіктен шығалмасаныз, терезенің айнегін ауыр затпен сындырып сыртқа шығыныз.



Есіңізде сақтаныз ортада орналасқан вагондан шеттерінде орналасқан вагондарға қарағанда апат кезінде тұрақты болады.



КАТАСТРОФАЛАР / САМОЛЕТТАҒЫ АПАТЫ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Аяқ киім, колготки шұлықтарды шешіп, қалтадағы кескіш (колющие и режущие) заттарды шығару.

  2. Белбеу (Ремень безопасности) қадаңыз, қолымен тізелерің құшақтап басынды енкейтіңіз.

  3. Егер самолет авариялық жағдаймен суға посадканы жасаса, құтқару жилетті тез кию керек.

  4. Самолет тоқтағаннан кейін аварийный люкке барыңыз. Люктің түтқасын бұрып есікті ашыңыз.

  5. Ауамен тортылған трапка отырып самолеттан сырғананыз.

  6. Естеріңізде болсын: самолеттан ең алдымен балалармен әйелдерды шығару керек.



Құтқару жилетті қалай кию керек:

  1. Жилетті бас арқылы киіңіз. Углекислотамен балончик сыртта болуға тиісті.

  2. Тесьманы артына жіберіп, талиямен байлаңыз, сосын тесьманың үштарын алға тартып жилеттің астынан байлаңыз.

  3. Самолеттан шықан сон жилетке ауаны беру керек, ол үшін углекислота болончиктің колпачогің тарту керек. Есінізде болсың самолеттан шықпай тұрғанда жилетке ауаны бермеңіз, өйткені бұл самолеттан шығуды киіндатады.

  4. Керекті жағдайда жилетке ауаны клапандар арқылы беруге болады.

  5. Егер самолет түнде суға қонса, онда авариялық шамды жіпті тартып қосу керек.

  6. Сигнал беру үшін свистокті пайдалануға болады.



ҰШУДІҢ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

  1. Пассажирларға өзіңізбен және багажда келесі заттарды алуға болмайды:

  • Қысымдағы газдар (балончиктер, аквалангистің баллондары).

  • Қышқыл заттар (едкие вещества). Аккумуляторные батареи, аппараты содержащие ртуть.

  • Жарылатың заттар (пиротехникалық заттар, пистондар, патрондар, қаруылар, револьверлер).

  • Тез жанатың заттар (зажигалкалар, запрвкалар зажигалкаға).

  • Радиоактивтік заттар.

  • Отбеливательдер және перекистер.

  • Улы заттар (мышьяк, цианиттар, инсектицидтар, гербициттер).

  • Инфекциондык материалдар.

  1. Тегің багаждан бөлек апаруға болады:

    • Дипломат.

    • Бейнекамера.

    • Ноутбук.

    • Қолға алатын сумкелер (ручные сумки).

    • Балаға тамақ және калясканы.

    • Инвалидтік колясканы.

Үшқанда (взлет) және қоңғанда компьютерлерді, радиотелефонды, калькулятор пайдалануға тиім салынады.



КАТАСТРОФАЛАР / ХАЛАЛЫҚ ТРАНСПОРТТАҒЫ АПАТЫ

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Паниковать етпеңіз.

  2. Егер сіз соғу немесе итеруді сезсеңіз, онда басынды қолмен жауып жылдам групироваться етіңіз. Бір заттарға (поручень, кресло) үсталыңыз.

  3. Косымша шығу жолын ашыңыз (запасной выход). Ол үшін терезедегі шнурді жүліп айнекті итеріп немесе молотокпен сындыру қажет.

  4. Егер салонда өрт басталса, онда огнетушительдің көмегімен оны сөндіріңіз.

  5. Короткий замыканий жағдайда трамвайдан немесе троллебуйстан электртізбектерді сөндіргенде ғана шығуға болады.



Естеріңізде болсын:

  1. Есіктерге сүйенуге болмайды, олар кез келген уақытта ашылып кету мүмкін.

  2. Жоғары поручтенен үстануға ұмтылыныз, өйткені көлік тез (резко) тоқтаса, сіз құлап кету мүмкін.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ ДЕМ АЛМАСА (перестал дышать).

Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут ғана бар, өйткені адамның миі үш минут оттегінсіз болса, клиникалық өлім пайда болады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Адамның пульсің тексеріңіз, егер адам дем алмаса пульс жоқ болады, еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.

  2. Адамның дем алудың жолын тазартыңыз. Мүмкін адамның ауызы толған құсығынан немесе сілейкеден демаламай жатыр, тілі тамағына түсіп кеткен, тамағы қатты тартылып жүқалап кетті және сол себебтен адам дем аламай жатыр.



Сондықтан:

  1. Адамның басын шалқайтыңыз, жақты көтеріп ауызынды ашыңыз.

  2. Адамның тілі тамағына түссе, оны саусақтармен дұрыстап жіберіңіз.

  3. Адамның басын не солға не оңға бұрып, оның ауызын сілейкеден және құсығынан босатыныз.

  4. Егер адамның аузы қатты тістелініп (рот сильно стиснут) жатса, онда төменгі жақтың бұрыштарын алға тартып. Содан кейін подбородокті төмен түсір ауызынды ашыныз.

  5. Егер адам жоғарыда айтып кеткен қимылдан өзі демалып қалса, онда оны кеудесіне жатқызып басынды не солға не оңға шалқайтыңыз.

  6. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды дем беру бастаңыз (ауздын ауызына немесе қолдарын көтеріп төмен түсіру).

  7. Егер адамның жүрегі соқпаса және пульс жоқ болса, онда жасанды дем берумен бірге жүректің тура емес массажды жасау қажет.



ЖҮРЕККЕ МАССАЖ ЖАСАУ

Егер адамның жүрегі соқпаса онда миға қан бармай адам тез өліп қалады.

Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге өкпеге ауыздан аузына тәсілімен ауаны беріп тұрсаң, адамды құтқаруға мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтап тастау мүмкін.

Алақандарды бір біріне қосыпкеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына сексен рет жиілікпен басылу керек.

Егер массаждысіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.

Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем беруді тоқтатпау керек.

Егер жүректін массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.

Егер жүректін массажды сәби балаға жасасаңыз, онда кеудесіне екі саусағымен 25 мм.-ге дейін басу қажет, ал басудың жиілігі 100 рет болуға тиісті.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ ӨЗ САНАНЫ ЖОҒАЛТЫСА (потерял сознание).

Санасыз болудың үш түрі бар:

  1. үмітқан (забытье) – бұл күйден адам тез шығып қайтадан түсу мүмкін.

  2. оцепенение – мас адамға ұқсайтын, сіздің сұрақтарыңызға анық жауап бермейді.

  3. кома – бұл күйде адам ештенеге назар аудармайды (не реагирует ни на что).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Адамның алдында дізесіне отырып оның басын өзіне қаратып бұрыңыз, сізге жағын қолынды кеудесіңе тура жазығып, екінші қолынды кеудеге қойныз, адамның аяғын бірдің үстіне бір етіп қойыңыз.

  2. Өз қолымен адамның басын ұстап отырып, адамды кеудесіне жатқызыңыз. Адамның басы солға не оңға қарап тұруы керек.

  3. Адам жақсы дем алу үшін оның подбородокті шамалы көтеріңіз. Мұндай жағдайда адамның тілі де тамаққа түспейді.

  4. Адамның денесі осындай күйде тұрақты болу үшін оның аяғын тізеде бөгіңіз, ал екінші қолынды, адам айналмау үшің, созыныз.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМНЫҢ ТАМАҒЫНА БӨТЕН ЗАТ КІРСЕ (что-попало в горло).

Тамағына кірген үсақ заттардан адам дем аламау мүмкін. Оған көмектесуге болады, егер арқадан қатты соқсаңыз.

АДАМ САНАДА БОЛСА.

Егер үлкен адамның тамағына бөтен зат кірсе:

  • Адамның басын иктен төмен түсіріп еңкейту керек.

  • Адамның арқадан қатты соғу керек.

  • Адамның тамағынан бөтің зат шықаннан кейін оны отырғызып су ішкізу керек.

Егер жеті жасқа дейін баланың тамағына бөтен зат кірсе оның арқаннан бір қолымен соққанда екінші қолымен кеудесін үстап тұрыңыз.

Егер нарестегі балаңын тамағына бөтен зат кірсе оның бір қолына бетімен төмен жатқызып, екіші қолының саусағымен арқадан соғыңыз.

Егер арқадан соғу көмектеспесе оның іштен басып қөріңіз:

  • Адамның арт жағынан тұрып, адамның ішің екі қолымен құшақтаңыз.

  • Жүдірік жүміп кіндікпен қеуденің ортасына оны қойыңыз.

  • Екінші қолымен бірінші қолдың жүдірікті алыңыз және өзіне жоғары қаратай тартып жіберініз. Мұнда өкпедегі ауа тамағынан шыққанда бөтен затты сыртқа итеріп жіберу керек.

  • Мұны 3-4 рет қайталаңыз.

  • Нәрестегі баланы өз тізеңізге бетімен жоғары жатқызып, балаңыз басын шалқайтып кіндіктен жоғары екі саусақпен іштен басу керек.



ЕГЕР АДАМ САНАСЫЗ БОЛСА

Егер адам санасыз болса, онда оның тамағының бұлшық еттері әлсіз (расслабленном состоянии) болады және өкпеге ауа бөтен затты айналып кіру мүмкін. Сондықтан мұндай жағдайға оларға жасанды дем беруды болады.

  • Егер бұл көмектеспесе, онда адамды бетімен төмен жатқызып адамның кеудесіңе тізеңізді қойып, арқадан 3-4 рет соғыңыз.

  • Адамның ауызыңа қараңыз, егер онда бөтің затты көрсеңіз одан оны алып шығыңыз.

  • Егер жоғарыда айтылған әдістер көмектеспесе, адамды басын шалқайтып арқаға жатқызыңыз. Кіндіктен жоғары екі қолымен 3-4 рет қатты басып қөріңіз.

  • Егер тағыда ештеңе көмектеспесе, онда жасанды дем беруды, арқадан соғу, іштен басу кезекпен бірнеше рет қайталаңыз.

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ ҮСІК АЛСА (обморозился).

Үсіктің 2 түрі бар: жалпы және аймақтық (общее и местное).

ЖАЛПЫ ҮСІК

Суықта көп болғанынан пайда болады.

Белгілері:

  • Озноб

  • Салқын тері (Ненормально холодная кожа).

  • Бетің ағаруы (Бледное лицо).

  • Апатия. Ұйықыңын келуі.

  • Қозғалудың координациясының жоғалуы.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

1. Адамды жылу көрпеге ораңыз.

2. Оған ыстық және тәтті шәй немесе кофе берініз.

3. Құрғақ матадан жасалған орамалмен терісі қызғанша ұқалап жіберініз.

4. Ал егер өзініз зардап шегіп қалсаңыз, мүмкіндігінше ыстық ваннаға түсіп және орамалмен құрғақтай денені сүртіп жіберіңіз.



АЙМАҚТЫҚ ҮСІК (Местное обморожение)

Төрт дәрежелі үсіктер болады. Олардың дәрежесін бірден аңықтау мүмкіндігі жоқ. Тек қана дене жыбығаннан кейін үсіктің дәрежесін айтуға болады.

Бірінші дәрежелі үсігінде адамның терісі алдымен ағарады (бледнеет), сезбельнеді (становится нечувствительной), сосын ісіп қызарады (припухает и краснеет).

Екінші дәрежелі үсігінде аздап қанды сұйықпен толтырылған көпіршік пайда болады.

Үшінші дәрежелі үсігінде қаны бар пузырьлар пайда болады. Адам терісі өле бастайды.

Ал егер суық ұзақ бойы әсер етсе одан да терең ораналасқан тканьдар өле бастайды. Бұл үсігінің төртінші дәрежесі.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Еш қайсызда үсік жерлерін қатты ұқалауға болмайды, терінізге зақым келтіру арқылы микроптарға жол ашу мүмкін. Содан кейін ірік (нагноение) пайда болуы мүмкін.

  2. Үсік жерін дұрыстап спиртпен ұқалап жіберу керек. Содан кейін ақырындап ғана жұмсақ құрғақтай матамен қызырғанша ұқалау керек және тұзсыз маймен жағып жіберу керек.

  3. Егер үсігі бар жерде көпіршік пайда болса, онда бұл жерді спиртпен жағып, бинтпен орап дәрегерлерге көрсету керек.



Пайдалы кеңестер:

  1. Суыққа шықпастан бұрын дұрыс тамақтаңыз.

  2. Киімініз сізді желден және суықтан жақсы сақтау керек.

  3. Жол сапарға шықсаңыз, өзіңізбен бірге құрғақ ішкі киім алыныз.

  4. Үсік жел бығытымен күшееді.

  5. Егер үсіп кеткен адам демалмаса, онда оған тезірек (искусственное дыхание) қолдан дем беру керек. Егер адам есін жинаса, оған вино, тәтті шай беріп жылы көрпелермен және грелкалармен жабу керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ ТҰНШЫҒЫП ЖАТСА (задыхается).

Тұңшығу (асфиксия) әр түрлі себебтен пайда болуы мүмкін.

Олардын ішінде негізгілер:

  • Демалатын жолы құсықпен, қанмен, сыңған тіспен, тілмен жабылыпқалған. Мұнын бәрі көбімен санасыз түрде адаммен пайда болады.

  • Кеуденіз кысып немесе өкпеге зақым келу.

  • Газбен улану, мысалы көміртек қышқылгазбен.

  • Электротогімен зақым келтіру.

  • Мойынызға ілгек қыса.

  • Астма немесе бронхит қатты приступтарында.



Осының барлық жағдайларында адамға демалу өте қиын және демалу мүлде тоқтап қалу мүмкін, самай (висках) және мойынызда тамырлары көгеріледі. Адам ақырын сананы жоғалтады (теряет сознание).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер адам өз санамен тұрса (в сознании), одан тұншығудың себебі жайлы сұрап көру керек, немесе өзініз бұл себебін іздестірініз.

  2. Тұншығудың себебіне сәйкес адамға алғашқы көмекті көрсетініз.

  3. Жедел жәрдем көмекті (скорая помощь) шақырыныз. Ол келгенше ауырған адамнын жанынан кетпеніз, өйткені тұншығу кез келген уақытта қайталау мүмкін.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ САНАДАН АЙЫРЫЛДЫ (упал в обморок).

Санадан айырылу – бұл адамның уақытша (бірнеше секундтан, 30 минутка дейін) санаға келмеуді айтады.



Белгілері:

  1. Бас айналуы.

  2. Қөзіне қаранғы түсуі (потемнение в глазах).

  3. Құлағында шу есту (шум в ушах).

  4. Лоқсу (тошнота).

  5. Әлсіз жүректің жиі соғуі.

  6. Адам тез ағарады да және жабысқақ термен терлейді.



Себептері: шошыну (испуг), қан жоғалу (большая потеря крови), қарынашу (голодание), ауаның жетпеу (пребывание в душном помещении), жаман хабар (трагические известия).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Бөлмеңізді таза ауанызбен қамтамасыз етініз.

  2. Сосын зардап шеккен адамға (пострадавшему) дұрыс демалуға үшін жағаңызды, белбеуді, лифтчик шешініз. Адамның аяқтарын басынан жоғары қою керек, сонда қан басына қарай жақсы ағады. Бұл өте маңызды, өйткені адам санадан айырылу себебі басының қанның жетіспеушілігінен пайда болады.

  3. Нашатыр спиртке мақтаны батырып адамға искеуге берініз және содан кейін бұл мақтамен шекені (виски) уқалаңыз.

  4. Адамның басын және кеудені суық сумен сүртініз.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ КҮЙІК АЛСА (получил ожог).

Күйік оттан, будан, қайнаптұрған судан, химиялық заттардан, күн сәуледен болу мүмкін.

4 дәрежелі күйік болады:

Бірінші және екінші дәрежелі күйікте сұйықпен толтырылған көпіріктер (пузырьки) пайда болады. Үшінші және төртінші дәрежелі күйікте тек қана адам терісі ғана емес, сонымен бірге одан да терең тканьдар жарақатталады (обугливаются или свариваются).

Емделу:

  1. Күйік жерін киімнен ажыратыңыз. (Огалите пораженный участок кожи)

  2. Күйік жерін суық суға немесе ағып тұрған суық суға салыныз және ауыр басылғанша солай үстап тұрыныз (10 минуттан 30 минутке дейін).

  3. Содан кейін күиік жерін матамен немесе басқа таза шүбірекпен орап қойыныз.

  4. Маймен, креммен немесе мазьбен жағуғу тиім салынады.

  5. Қөпіріктерді (волдыри) жармаңыз, әйтпесе оған микроп түсу мүмкін.

  6. Егер күйік қатты немесе терең болса, онда оны дәрігерге көрсетініз.



КҮН СӘУЛЕДЕН КҮЙІГІ (Солнечный ожог)



Белгілері:

  1. Терініздің қызаруы.

  2. Температура.

  3. Құсық (рвота).

  4. Бас ауру.



Емдеу:

  1. Күйік жерінізге суық матаны (компресс) қойып, оны жиі ауыстырып отырыныз.

  2. Ауруды басу үшін (для снятия боли) аспирин немесе парацетомол ішіңіз.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ УЛАНЫП ҚАЛСА (отравился).



Улану әр түрлі себебтен пайда болады: дәрімен улану, тамақтан, арақтан, наркотикалық, улы заттардан улану. Олардың барлығы медициналық көмекті қажет етеді.



ДӘРІМЕН УЛАНУ:

Белгілері:

  1. Құсық (тошнота и рвота).

  2. Қарашықтың тартылу немесе кенейуі (сужение или расширение зрачков).

  3. Ұйқы келу (вялость и сонливость).

  4. Санадан айыру (потеря сознания).

  5. Жүректің дұрыс соқпауы (нарушение сердечного ритма).



Сіздің әрекетіңіз:

  1. Егер уланған адам есінде болса, оған көбірек жылы су ішкізіп, құстыру арқылы, асқазанды тазалау керек.

  2. Егер уланған адам санасыз болса, онда оны жақсы демалу үшін ішіне жатқызыныз.

  3. Дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін, адам қай дәрімен уланғаның тауып қойыныз.

  4. Жедел жәрдемді шақырыныз.

ТАМАҚТАН УЛАНУ

Белгілері:

  1. Іштің өткір, кесілгендей ауру (острая, режущая боль в животе).

  2. Құсық (рвота).

  3. Іш өту (понос).

  4. Әлсіреу, қысымның төмен түсуі. (слабость, понижение давления).



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Адамға көбірек жылы, қайнаған су ішкізіп, құстыру арқылы асқазанды тазалау керек.

  2. Егер адам демалмаса, оған тезірек демалдыруды (искусственное дыхание) жасау керек.

  3. Жедел жәрдемді шақырыныз.



Ақылды кеңестер:

  • Санасынан айырылған адамның тілі, демалдыру тамағын бекітіп тастау мүмкін. Сондықтан осыны тексеру керек.

  • Жүрек соғуын (проверить пульс). Егер жүрек соғуы бірқалыпты емес (неровный) немесе ақырындаған (замедленный) болса, тезірек дәрігерді шақырыныз.

  • Егер мас адам ұзақ уақыт бойы белсенді қалпында болса, құсығы тоқтамаса немесе қант диабетімен аурғаның білсеңіз, тезірек дәрігерді шақыру керек.

  • Ұзақ сақталған консервлерді тамаққа пайдаланбаныз.

  • Шамалы болса да бұзылган, исі шыққан тамақтарды жеменіз. Оларды лақтырып жіберу қажет.

  • Антисанитарлық жағдағдайда жасалған тамақты жеменіз.

  • Уланған адамға тамақты берменіз, оған теқ кана шамалы су ішкізуге болады. Егер адам тамақтан уланған болса, оған сүтті беруге тиім салынады.

  • Уланған адамға дәріден теқ қана ауруды басатын (обезболивающее) және іштің өтуіне қарсы (противопоносные) дәрілерді беруге болады.



У БАР ЗАТТАРМЕН УЛАНУ



Белгілер:

  1. Өткір іштің ауруы.

  2. Аузында күйік және ауру пайда болады (Боль и ожоги во рту).

  3. Ішөту.

  4. Құсық.

  5. Қозғалыс координацияның бұзылуы.

  6. Демалуының қиындауы.

  7. Санасынан айырылу (потеря сознания).



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Тездетіп ауруға көбірек (бірнеше стакан) су, шәй немесе сүт ішкізіңіз. Содан соң жұтқыншаққа (глотку) екі саусақты тығып құстырыңыз. Егер ауру ауыр жағдайда болса, оның басын бір жағына бұрып, құсығына шашылып қалмайтындай (не захлебнулся) етіп жатқызыңыз.

  2. Сосын активированный көмірді (уголь) майдалап, үгітіп ішкізу керек.

  3. Қышқылмен (кислотой) немесе щелочпен уланған жағдайда адамды құстыруға болмайды. Бұндай жағдайда оған сүтті немесе шикідей жұмыртқаны беру қажет.



АЛКОГОЛЬМЕН УЛАНУ



Белгілер:

  1. Спирттің мүмкіген иісі.

  2. Қөру және есту (зрительные и слуховые) галюцинациялар.

  3. Журегі айнуы және құсуы (тошнота и рвота).

  4. Есінен айрылу (потеря сознания).



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер жәбіріші есінен айырылса, оның есін жидарыңыз.

  2. Оны етбетіне басын бір жағына бұрып, құсығына шашылып қалмайтындай етіп, жатқызыныз.

  3. Есін жиғызып, құстырып көріңіз.



УГАР ГАЗЫМЕН УЛАНУ



Белгілер:

  1. Бас айналу.

  2. Бас ауруы, алқыну (одышка).

  3. Журек айну, құсу.

  4. Есінен айырылу.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Уланған адамды тездетіп таза ауаға шығару керек.

  2. Басына салқын компресс қою керек.

  3. Демалуы әлсіреген немесе жоқ жағдайда жәбірленушіге нашатыр спиртін иіскету керек.

  4. Қолдан дем беру керек (искусственное дыхание).

  5. Жәбірленуші есін жиған соң, таза ауаны бөлмеге шығарып, төсекке жатқызып, ыстық шәй беру керек.

  6. Дәрігер шақыру керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМ СУҒА БАТҚАН БОЛСА (тонул).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Мұрынын сумен бірге кірген, шылаудан тазартып, су кіріп кеткен кезде, зардап шеккен адам бетімен төмен қарай қояды, баспен кеуде ілініп тұрғандай тұру керек. Сол үшін оны тізенізге қоюға болады немесе ішінізге қарай қойып, бүгіп кесек сияқыл киім қою керек.

  2. Содан су өкпеден шықсын деп, арқаңызға басу керек. Су шығуы қойса, арқаңызға жатқызып өзі демалғанша қолдан дем беру керек (искусстенное дыхание).

  3. Зардап шеккен адам санаға келген кезде, оны жылып аурухананаға жіберу керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР АДАМДА СІҢІР ТАРТУ БОЛСА (судороги).



Аяқ атсынан қысқарту бұлшық еті, қатты ауруы сіңір тарту дейді. Ол адамға тек қана суда жүзіп жүрген кезде ғана зиян болады. Сіңірдің тартылу себебтері ол жүзгенде суық судан, спортпен шұғылданғанда қозғалудың дұрыс емес координациядан, іш өту кезінде, журектің айнуы кезінде немесе қатты терлеу кезінде тұздан айырулу себебінен. Сіңір тартылу эпилепсияда, миі қыртысының травмаларда (травма головного мозга) және ешқандай себебсіз болуы мүмкін.

Сіңірдің тартылуды тоқтату үшін аяқты түзу тарту керек (выпрямить конечность). Оны адам өзі де істеалады, сонымен бірге оған басқа адам қөмектессе де болады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер қолдың сіңірлері тартылса:

  • Саусақтарды түзу тартыныс (выпрямите пальцы).

  • Саусақтын уштарына басыныз (надавите на подушечки палец).

  • Тартылған бұлшық етті тартып ұқалап жіберіңіз.

  1. Егер аяқтың сіңірлері тартылса:

  • Аяғыңызды түзу тартып оған тұрыныз.

  • Пяткаға және аяқтын саусақтарына кезекпен басыныз.

  • Аяқты (икру ног) ұқалап жіреңіз.

  1. Егер аяқтың саусақтардың сіңірлері тартылса:

  • Бұкіл табанызға тұрып аяқтардың саусақтарды кушейтініз (напрягите пальцы ног), немесе отырып тізеге қарай аяқтың саусақтарды ұқаланыз (разгибайте рукой пальцы ноги по направлению к голени).

  • Ступняның бұлшық етті ұқаланыз.

  1. Егер сыңырдың тартылулары тоқтамаса: Іштің бұлпық еттін тартылуы тұздың жетіспеушілігінен (іш өту себебінен немесе журектін айналудан) пайда болған уақыт өткенде өз өзімен тоқталады. Бірақ оны тездету үшін бір литрға бір кішкентай қасығы қосылған тұзды суды беруге болады.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ҚАНДЫ ҚАЛАЙ ТОҚТАТАДЫ.



Кішкене алған жарақаттан қан өзімен өзі тоқталады (свертывание). Алған жарақатта тиуге болмайді жіне суртіп керегі жоқ. Егер қан ағымы тоқтамаса, матамен (шүберекпен) қатты байлап қою керек.

Қатты қысып байлау (наложение давящей повязки):

    1. Адамды жатқызыныз. Жарақат алған жерді киімнен босатып дұрыстап қарап шығыныз.

    2. Егер жарақатта бөтен зат болмаса, оған қанды жақсы сінетін материалды (салфетка, орамал, шүберектің бір бөлігі) қойыныз. Жарақат жерді жоғары қөтерініз, бұл қан ағымына қанның циркуляциясына байланысты азаюға апарады. Жарақаттағы салфеткаға, орамалға мақтаны немесе матаны қойып бинтепен қатты байлап тастаңыз.

    3. Егер қан ағымы тоқтамаса, яғни қан байланған жерінен шығып жатса (кровь сочится через бинты), бұрынғы байланған бинтті алмай оның үстіне екінші қабатпен тағы да бинтпен қатты байлап тастаңыз.



Егер сізде бинт жоқ болса, онда оның орына кез келген шүбіректі (простыняны, койлекті кесіп) қолдануға болады.



ЕГЕР ЖАРАҚАТ ЖЕРІНДЕ БӨТЕН ЗАТ БОЛСА.



Егер жарақат жерінде бөтен зат болса, мысалы шынының бір бөлігі, онда оны алмныз. Олай сіз жарақат алған адамға зиянды келтіресіз. Мүмкін бұл зат қан ағымын үстап тұрған шығар.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Жараның айналасына он минуттай қатты қысып қанды тоқтатыңыз.

  2. Кольцевой (сақиналық) повязкамен жарақат жерінің айналасын ораңыз.

  3. Бинт жарақат жеріндегі повязканы жоғары және төмен жағынан қатты үстап тұру керек.

  4. Жедел жәрдемді шақырыныз.



АРТЕРИЯНЫ БАСУ ЖӘНЕ ЖГУТТЫ САЛУ.



Егер қысып устап тұрған повязка көмектеспесе, онда жарақатқа қанды апаратын артерияны басып қөрініз.

Ең алдымен артерияны қолмен басып қөріңіз. Егер бұл көмектеспесе, онда адамға жгут салуға тура келеді.

Ол үшін шүбірекпен, шлангпен немесе жүқа арқанмен жарақат жерінен жоғары жағын байланыз. Сосын жгуттің астына жүқа таяқшаны, карандаш немесе қаламды кіргізіп қатты бұра бастаңыз. Содан кейін қарапайым қысатын повязканы байланыз.

Артерияны 10 минуттан артық қысып үстауға болмайды. Әйтпесе тканьдарда қан бармағаннын себебінен өзгермейтін құбылыстар пайда болады да оны кесіп тастауға (ампутировать) тура келеді.

Жгут салғаннан кейін адамға су ішкізу керек.



ВАРИКОЗ ТАМЫРЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТАЛУЫ.

Аяғындағы варикоз тамырлардың кенуі (варикозное расширение вен) қауіпті себебі, бұл тамырлар жарылып және қатты қан ағымы басталуы мүмкін. Мұндай жағдайда қан ағымын тезірек тоқтатып зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізу қажет.

  1. Адамды жатқызып. Аяғынды биікке көтеріп жарақат жерін қолмен кісіп тастаныз.

  2. Жарақат жерін бинтпен немесе шүбірекпен орап тастаныз.

  3. Егер бинт қанға сініпкетсе (повязка пропиталась кровью), оның үстіне жаңа повязканы байланыз.

  4. Жедел жәрдемді шақырып, зардап шеткен адамды тыныштандыруға үмтылыныз.



МҰРЫННАН, АУЫЗЫНАН НЕМЕСЕ ҚҰЛАҚТАН ҚАН АҒУЫ.

Мұндай қан ағымдар адамның бастың немесе кеуденің жарақат алғанның белгілері. Ауызанан қан ағымы қабырғаның сынғаның белгілері, Құлақтан және мұрыннан қан ағымы черепно-мозговой травманың белгілері.

Сондықтан мұндай жағдайда тезірек жедел жәрдемді шақырыныз. Жарақат алған адамды (полулежа) отырғызып және басын қан ақан жағына шалқайту керек.

Егер қан мұрыннан немесе құлағынан ақса, бұл жерлеріне мұз қою керек. Сонымен бірге қан ағып тұрған жерін таза салфеткамен, орамалмен, мақтамен жабу керек. Бірақ бұл жеріне қыспаныз.

Егер адам санасынан айырылса, онда оны жатқызып басын аяғынан жоғары қою керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЖАРАҚАТ ЖЕРІҢ ҚАЛАЙ ОРАУ КЕРЕК.



Орайтын заттар бұл:

  • Бинттер (стерильді және стерильді емес).

  • Мақта тазартылған (гигроскопическая) және қарапайым. Тазартылған мақта ылғалды (влагу) және ірікті (гной) тарту қабілетіге ие.

  • Таза орамалмен, кесілген матамен (простынянымен), салфеткалардың көмегімен қан тоқтатуға және жарақат жеріне кір кірмеуге жағдайын жасауға болады.



ЖАРАҚАТ ЖЕРІН ҚАЛАЙ ДҰРЫС БАЙЛАУ КЕРЕК:

  1. Бинттін шетің жарақат жеріне қойып, бір толық айналым жасаңыз, упаковканы сыртқы жағын жараға қарай ұстаңыз: солай орауға ыңғайлы болады. Жарақат жерінен төмен 2-3 рет толық айналым жасап, 2-3 рет жарақаттан жоғары байланыз.

  2. Сосын бинттің шетің екіге кесіп, содан екі жіпті жасап байлап қойыныз (тек қана жарақаттың астында емес).

Дұрыс емес жасалған повязка қатты қысып тастап және қан айналымына кедергіні жасау мүмкін. Сол себептен жарақат алған адам саусақтармен қозғаалады ма, саусақтын ұштарының (подушечки палец) түсі өзгерген жоқ па, және сезім қабілеттері жоғалған жоқ па перевязка жасағаннан кейін тексеру керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ҚОЛДАН ДЕМ БЕРУ (ИСКУССТЕННОЕ ДЫХАНИЕ).



Дайындалу:

  1. Адамның кеудесің киімнен босатып, арқаға жатқызады. Жаурынның (лопатканың) астына бас төмен ал кеуде жоғары тұру үшін оралған киімді кою керек.

  2. Керек болса аузыны тазартып, ал басын қисайту керек.

  3. Тіл демалатын тамағына түспеу үшін, оны тартып жіберіңіз.



ДЕМ БЕРУДІҢ БІРІНШІ ӘДІСІ (СУҒА БАТҚАНДАҒЫЛАРҒА ЖӘНЕ АСФИКСИЯ КЕЗІНДЕ ПАЙДАЛАНАТЫҢ)

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Зардап шеккен адамның бас жағына тізеге отырып, екі қолынды шынтақ (локоть) жағынан үстау керек.

  2. Сосын оларды біркелкі басына қарай көтеріп осындай қалпында 1-2 секундтай үстай тұру керек.

  3. Содан кейін біркелкі, бірақ жылдамырақ қолдарын кеудеге қарай түсіру керек.

  4. Осы қимылдың аяғында қолды кеудесіне кішкене қысу керек.

  5. Осындай қозғалыстарды минутына 16-18 рет адам демалумен бірдей жылдамдықпен жасау керек.



ДЕМ БЕРУДІҢ ЕКІНШІ ӘДІСІ «АУЫЗДАН АУЫЗҒА»

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Өз қолының ортанғы саусақпен зардап шеккен адамның тілді дұрыстап қою үшін ауызын теқсеріңіз.

  2. Зардап шеккен адамды арқаға жатқызып, аузын ашып, жақты (челюстьті) бір қолымен ұстай тұрыңыз.

  3. Зардап шеккен адамның мұрынын жауып, өз ауызыңызбен оның аузын қосып, кеуде көтергенше ауаны қатты үрлеңіз. Мұны басталғанда еркін қолыңызды адамның кіндіктен (пупоктан) сәл жоғары қойып және кішкене, ас қазанына ауа кірмеу үшін, итеріп тұрыңыз.

  4. Бүйрегі ауаға толғаннан кейін зардап шеккен адамның, ауа енді сыртқа шығу үшін аузынмен мұрынды босатыңыз.

  5. Осындай қимылдарды минутына 20 рет жылдамдықпен адам өзі демалғанша қайталау керек.



Егер адамның ауызы бұзылып қолдан дем беруге жасайалмасаңыз, онда зардап шеккен адамның аузын жауып ауаны мұрыннан беруге болады.

Егер адам өзі демалуды бастаса онда оны демалуға қауіпсіз кеудесіне жатқызу керек. Зардап шеккен адамнан алысқа кетпеңіз - өйткені адамның дем алу тағы да тоқтауы мүмкін.



Егер зардап шеккен адам кішкентай бала болса (грудной ребенок), онда оның ауызымен мұрынды өз аузымен бірақ жауып қолдан дем беруге болады. Сонымен бірге кішкентай балаға үлкен адаммен салыстырғанда демді жиі беру керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / КЕУДЕНІҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ (травмы грудной клетки).



Бұл жарақат көбіне көлік апаттарда, құлағанда, өндірістерде төтенше жағдайларда пайда болады.



ЕГЕР КЕУДЕ ӨТКІР ЗАТПЕН ТЕСІЛГЕН БОЛСА.

Белгілері:

  1. Кеуденің ауырғаны.

  2. Дем алу қиындағаны.

  3. Қаны бар көпіршіктерінің шығуы.

  4. Дем алғанда ысқырық дауысты есту (жараға ауаның кіріп жатқаның белгісі).

  5. Еріннің және терінің қөгергені.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Зардап шеккен адам дем алу үшін, жараны тезірек жабуға ұмтылыңыз. Мұны ең алдымен қолмен, сосын кез келген ауаны өткізбейтін затпен (полиэтилен, фольга) соның үстінен пластырьмен жабыстыра салу керек.

  2. Алғашқы көмекті жасағаннан кейін, жедел жәрдемді шақырыңыз.



СЫНҒАН ҚАБЫРҒАЛАР



ҚАБЫРҒАНЫҢ ҚАРАПАЙЫМ СЫНУЫ (ПРОСТОЙ ПЕРЕЛОМ РЕБРА).



Белгілері:

  1. Сынған жері тез іседі (опухает).

  2. Жөтелгенде немесе терең дем алғанда күшейетін ауру (острая боль при глубоком вдохе или кашле).

  3. Дем алғанда арнайы дыбыстың (хрустящий звук) шығуы. Бұл бірнеше қабырғаның сынғанының белгісі.

  4. Жай демалуда ауру онша қатты емес (при обычном дыхании боль небольшая).



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Сынған қабырғалар жағынан қолыңды аз қимылдау үшін, бекіту керек.

  2. Зардап шеккен адамды травпунктке апару керек.



ҚАБЫРҒАНЫҢ КҮРДЕЛІ СЫНУЫ (СЛОЖНЫЕ ПЕРЕЛОМЫ РЕБЕР).



Олар ішкі органдардың жарақат алғанының белгісі. Сол себептен ішкі қан ағымы (внутреннее кровотечение) пайда болады.

Белгілері:

  1. Ауызынан қанның ағуы.

  2. Дем алудың қиындай түсуі (затрудненное дыхание).

  3. Шөлдеу (жажда).



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Тез жедел жәрдемді шақыру.

  2. Ол келгенше: зардап шеккен адамның күйін жеңілдету керек, бинттармен немесе басқа шүбіректермен жарақат алған жағынан адамның колын бекітіп тастау керек. (согнутую в локте руку перебинтовать или притянуть руку к туловищу повязкой)



КЕУДЕ АУРУЫ (Боли в груди)



Олар адам денесінде өзгерістер болғаны туралы айқындайды және мұны зейін аудармай қалдыруға болмайды

Дәрегерлерді келесі жағдайларда шақыру керек:

  1. қатты және тоқтамайтың кеудесіңдегі аурулар,

  2. жоғары температура,

  3. қан түкіру,

  4. терлеу және беттің ағаруы (сильная бледность и испарина на лбу).





АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ІШТІҢ ЖАРАҚАТАНУЫ (травмы брюшной полости).

Іште адамда мочевой пузырь, шектер, және әйелдерде матка бар. Бұл мүшелерде қөп қан тамырлары бар. Олардың жарақат алуы өте қауіпті болуы мүмкін.



АШЫҚ ЖАРАҚАТ (открытая рана).

Егер жарақат іргемен (вдоль) өтсе, онда ол ашылмау үшін іштің бұлшық еті қысылып тұру (напряжены) қажет. Ол үшін адамды арқаға жатқызып, созылған аяқтарды кішкене қөтеріп астына оралған қөрпені, куртканы немесе пальто салу керек. Егер жарақат қөлденең (поперек) болса, онда керісінше бұлшық еттері кысылып тұрғанда жара ашылып кету мүмкін. Бұлшық еттерді әлсірету үшін, бүгілген аяқтың астына және бастың астына бір зат қою керек.

Жарақатқа өңдеу (обработканы) жасау үшін:

  1. Инфекцияны кіргізбеу үшін жараға жөтелмей және дем алмай жараны ақырын ашу керек.

  2. Қан ағымын тоқтату үшін, жараға бірнеше қабатқа оралған марляны салу керек. Содан кейін бинтті пайдаланып, жараны қатты қыспай, кеудені байлап тасту керек. Матаның узелі жараның астында болмау керек. Егер матаны арқадан өткізуге болмаса, онда оны пластырьмен жабыстыра салуға болады.



Дем алуға және қанның айналымына қедергі болмау үшін түймелерді ағытыңыз және белбеуді шешіңіз.

Қолдарды сыртқа қалдырып зардап шеккен адамды қөрпемен жабыңыз. Жедел жәрдемді шақырыңыз және де ол келгенше адамды назарсыз қалдырмаңыз.

Зардап шеккен адамға суды ішкізбеңіз, өйткені ауруханада оған жалпы анестезияны жасау мүмкін. Егер адам шөлдесе, оның ернін ылғалдаңыз.

Егер адам санасыз болса онда оны есіне түсіріңіз. Егер адам жөтеліп жатса немесе оның жүрегі айнып жатса онда оның жарасын ақырын ұстай тұрыңыз (придерживайте рану).

Егер жарадан ішкі органдар қөрініп жатса, оларды қайтадан ішке салмаңыз және оларға мүлде тимеңіз.



ІШТІҢ ЖАРАҚАТ АЛҒАНЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

  1. Ішке тигізгенде оның ауыруы.

  2. Іштің қатаю (напряжение) және де спазмалар.

  3. Іште қанның белгілері (кровоподтеки) және жырылып кетулер (ссадиналар).

  4. Беттің ағаруы, салқын терленген маңдай.

  5. Әлсіздігі.



Жоғарыда айтылған белгілер (симптомдар) ішкі қан ағымының белгілері. Осындай жағдайда тез жедел жәрдем шақыру керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / СЫНЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАРЫҚТАР (переломы и трещины).

Ашық және жабық түрдегі сынықтар ажыратылады. Ашық сынық кезінде сүйек сынықтары жұмсақ теріні кесіп сыртына шығады.

Жабық сынық кезінде тері бұзылмайды, сынған жерде ішкі қан кету, ісік және ауру пайда болады.



ҚАЛАЙ АЛҒАШКЫ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ КЕРЕК?

Ашық сыңық кезінде:

  1. Сынған жерден киімді шешіп (керек болса кесіп), терінің зақымданбағанына (не повреждена) қөз жеткізу. Егер тері зақымданған болса, онда оны бірден орау керек.

  2. Қан кетуді тоқтатып, саусақпен үлкен тамырларының жараның төменгі және жоғары жағын басып, немесе жгут салу қажет.

  3. Ластанудан сақтау үшін, жараның айналасың йодпен немесе спиртпен өндеп, залалсыңдандырылған бинт таңу.

Жабық сынық кезінде:

  1. Салқын компресс қою.

  2. Зақымдаған жерін, сүйек қозғалысы болмау үшін, уақытша шинаға байлау.

  3. Сынықтың кез келген түрінде жарақаттанушыны толық қимылсыз тыныштықта қалдыру керек.



Шина салу:

  1. Егер қол астында арнайы шина болмаса, орнына тақтайшаны, фанера тілімін, таяқты қолдануға болады.

  2. Шина тағу: тақтайшаны дайындау, сынықтан бір буынға жоғары және төмен қамтитындай. Жарақаттанған жерді тақтайшамен қозғалмайтындай етіп бинтпен немесе оны алмастырушы материалмен байлау керек.

  3. Егер шина үшін материал болмаса, мысалы, қол жарақатталса, пиджактың жеңінің шынтақ жерін бүгіп, қолды денеге асылатындай етіп байлауға болады.

Иық сынғанда алғашқы көмекті екі адам көрсету керек: біреу жарақаттанған қолды ұстап, иықты сәл төмен тартады, екіншісі бір шинаны ұшы қолтыққа жететіндей етіп ішкі жағына қозғайды, ал екінші шинаны сыртына салады. Шиналар дұрыс қойылған соң, байлайды. Колды байланған орамалға іледі.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / СОЗЫЛУЫ (растяжение).

Бұлшық еттің, связкалардың, сіңірдің созылуы – олардың зақымдалуды атайды. Созылуы ауыр зақым, буындардың ауруымен қатар, тері іседі.

Алғашқы көмек: зақымдаған жерді жоғары көтеріп, ісік орынына салқын компресс басу керек. Жарты сағаттан соң буынды бинтпен байлап, дәрігерге жіберу керек.

СІҢІРДІҢ СОЗЫЛУЫ (растяжение связок).

Көп жағдайда тізе буын сіңірі созылады. Бірақ иықты да, қолды да созылып алуға болады. Бар жағдайда зақымның ауруы сынғандай аурады, әсіресе, сіңір жыртылғанда. Сондықтан соңғы диагнозды рентгенографиядан кейін ғана қоюға болады.

Белгілер:

  1. Қатты ауруы.

  2. Ісінуі.

  3. Тері түсі өзгеруі.



Емдеуі:

Созылған терге қысымды азайту. Запястья зақымдағанда қолды байлау арқылы оның ауруын жеңілдетуге болады. Тобық сіңірі созылғанда жатып, аяқ астына жастық қою керек. Алғашқы кезде салқын, кейін жылы таңу керек.

Егер ауру және ісік басылмаса дәрігерге барған жөн.



Бұлшық ет созылуы:

Оның көрінісі сіңір созылуына ұқсайды: тез ауру (резкая боль), ісік және ішкі қан кету (көгеру).

Әдетте онымен ауыр атлеттер, футболистер, баскетболистер, рэгбистер зақымданады.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ОМЫРТҚАНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ (травма позвоночника).



Белгілер:

  1. Зақымдаған жерден төмен ештеңе сезбеу, немесе дененің екіге бөліп тастағандай сезіну.

  2. Аяқ-қолдың ашуы (бұл мойының зақымданудың белгісі)

  3. Аяқ және қолдың саусақтардың, олар сынбаса да, қатты ауруы.

  4. Тердің жансыздануы. Шымшығандағы ештенені сезінбеу.

  5. Дем алудың қиындауы.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Ауруды қозғалмауын сұраңыз.

  2. Оны қөрпемен жауып, жедел-жәрдем шақырыңыз.

  3. Егер адам ессіз, шалқасынан жатса, оны аударманыз. Тек қана ауызынды тексеріп қөріңіз.

  4. Оның дем алуын қадағалаңыз. Егер дем алу тоқтаса жасанды түрде ауыздан-ауызға дем алдырыңыз. Бұл кезде аурудың басын қозғамаңыз, өйткені одан да қатты зардап шугуініз мүмкін.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / БАСТЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ (травма головы).



Бастың соғылуы бас сүйегінің жарылып, мидың зақымдануына әкелуі мүмкін.

БАС СҮЙЕГІНІҢ ЖАРЫЛУЫ (Пролом черепа).

Белгілері:

1. Жарадан қатты кетуі.

2.Мұрыннан сарғайған сүйық пен қаннын кетуі. (Кровотечение из носа, смешанное с желтоватой жидкостью.)



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Қанды тоқтатуға ұмтылу. Залалсыздандырылған таңытқышпен (марлей), матамен немесе орамалмен жаралған жерін жабу.

  2. Жараны қозғалмай. Байлау. Ауруды травпунтке жеткізу.



МИДЫҢ ҚОЗҒАЛУЫ (сотрясение мозга).

Белгілері:

  1. Қысқа мерзімдік ессіздік.

  2. Әлсіздік.

  3. Әлсіз пульс, дыбысты дем, бет қызаруы, жоғары температура.

  4. Қөз қарашығының екі түрлігі.

  5. Журек айнуы. (Тошнота).

  6. Ориентацияның жоғалуы.



Сіздің іс-әрекетіңіз: Тез арада жедел-жәрдем шақыру.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЭЛЕКТРОЗАҚЫМДАНУ (электротравма).

Электротогымен зақымдану пайда болады:

  1. Екі ашық электросымды үстау.

  2. Бір сымды үстап суда немесе ылғалда тұрсаңыз.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Бөлмеде электр қуатын түгел айырып, тоқтан шнурды айырып қою керек.

  2. Егер бұл мүмкін болмаса:

  • Өзінді токті өткізбейтін материалға (резинадал жасалған коврик, құрғақ ағаш тақтайға, қалың қағаздар) тұрып сақтау.

  • Электр тогын өткізбейтін материалды қолданып, жарақаттанған ауруды алып шығу.

  • Жарақатталған адамды қауіпсіз жерге алып кету.

  1. Егер ток адамға әлі әсер етіп жатса ағаш тақтайға немесе құрғақ киімге тұру керек, қолды құрғақ матаға орап, қалған матамен жарақаттанған адамды шығару керек.

  2. Содан кейін егер жарақаттанған адам ессіз болса, оның жағасын, түймесін ағытуы керек.

  3. Нашатыр спиртпен иіскету.

  4. Жедел жәрдемді шақыру.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ТРАВМАЛЫҚ ШОК (травматический шок).



Ағзамың қанайналысының жай жүруінен травмалық шок пайда болады.

  1. Ағзаның әлсізденуі.

  2. Бас айналуы. Жүрек айнуы.

  3. Қатты сусау.

  4. Терлеу.

  5. Ақырын және біркелкі емес пульс.

  6. Тез дем алу (учащенное дыхание).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Науқасты басын төмен, аяғын жоғары қаратып жатқызу.

  2. Оны тыныштандыру.

  3. Белдігін, түймелерін босату.

  4. Жедел-жәрдем шақырту.

  5. Науқасты көрпемен орау. Грелканы қолданбаған жөн.

  6. Ерін сулау, бірақ су ішкізбеу. Өйткені ол адамның ауруханаға барғанда анестезияны уақытына жасамауға апарады.

  7. Адамды қозғатпау керек.

  8. Егер демалу қиындыққа түссе, онда адамды кеудеге жатқызып, басынды қисайту керек.

  9. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды түрде дем алдыру.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЕГЕР ТІС СЫНСА (если выбиты зубы).

Кейбір төтенше жағдайларда тіс сынады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер адам ес-түссіз болса, ауызынан қан кетсе, оны жанынан (поверните на бок) жатқызыныз. Аузынды сыңған тістерден және қаннан босатыныз.

  2. Дем алуға ыңғайлы жатқызыныз.

  3. Егер ол есті болса отырғызып, қанды түкіруге ыңғайлы басынды еңкейтіп қойыныз.

  4. Сыңған тісті алып, орнына тампон салып, 10-15 мин қысып тұрғызу керек. Қан тоқтағанша қайталау.

  5. Көп қан кетпеу үшін қан кетуі басылмаса дәрігерге қаралу керек.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / КӨЗГЕ ҚИҚЫМ ТҮССЕ (если в глаз попала соринка).

Қиқымнан басқа көзге кірпік, әйнек түсуі мүмкін. Қолайсыз линза да көзді зақымдауы мүмкін.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Көзді сүртпеңіз, қозғамаңыз.

  2. Қөздің алмасын дөңгелетіп, не түскенін аңықтаңыз.

  3. Егер қиқым зрачокта немесе терең қөзде болса, онда оны қозғамаңыз.

  4. Таза платокпен көзді жауып, травмпунктке барыңыз.

  5. Егер қиқым оңай алыптастауға беткі жағында болса, онда ағып турған суға немесе судың ішіне көзді қойыныз, содан кейін қиқым түскенше көзді ашып/жауып тұрыныз.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЖҮРЕК АЙНУЫ (если человека укачало).



Кай кезде теңізде, әуеде адамның жүрегі айқиды. Теңізшілер мұны «теңіз ауруы», ұшқыштар «әуе ауруы» деп атайды. Бұл бас айналуы, құсуға жалғасады. Сонымен қатар бас ауруы мүмкін.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Басынды артқа шалқайтып отыру, немесе көзінді жүмып жатып көріңіз.

  2. Дәріні қолдану (жүрек айнытудан).

  3. Терезені ашыңыз.

  4. Кішкенеден су және тамақты ішіңіз.

  5. Темекі шекпеңіз. Шеккендерден әрі тұрыңыз.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЖЫЛУЛЫҚ СОҚТЫҒУЫ (если случился тепловой удар).



Жылулық соқтығуы деп адамның көп уақыт бойы жылу әсер еткеннен пайда болады.

Жылу алмасу адамда келесі әдістермен пайда болады:

  • Терлеу кезінде адамның организмі салқындайды.

  • Тер копилярлардың кенеу. Осынын арқасында ол қанмен жақсы қамтиды және де салқындайды.

  • Жиі дем алу. Артық жылуы (излишнее тепло) өкпе арқылы шығады.



КҮН КӨЗІНІҢ ЫСТЫҒЫНЫҢ ЗАРДАБЫ (перегрев на солнце).

Тердің күннің ыстығында көп шығуы ағзаның құрымындағы су мен тұздың азаюына апарады.

Тердің шығуы дене температурасының көтерілуіне жол бермесе де, ағзадағы тұздардың азаюы бұлшық еттің тартылуына осыдан әлсіздікке апарып соғады.

Бұлшық еттің тартылуы және естің талуынан басқа, күннің өтуі бас ауырымен, бас айналуымен және жүрек айналуымен сипатталады. Температура қалыпты жағдайда қалады, бірақ тері суық және дымқыл болады. Бет бозарып (бледнеет), демалыс жиілдетілген болып, қан тамыр соғысы баяулап кетеді.

Адамда іші өтіп, құсса, жағдайы нашарлайды.

Ауырған адамды көлеңкеге әкеліп, тұздалған су беру қажет. Егер де ол естен талса, оны кеудеге жатқызып, демалыс күйі жеңіл болатындай етіп, дәрігер шақыру керек.



ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ КӨТЕРІЛУІНЕН, ЫСТЫҚ ӨТУ (Перегрев из-за повышения температуры тела).

Адам ыстық және дымқыл климатты жерде болғанда, оның денесінен шыққан тер, теріні суықтандыруға үлгермей, организм сондай климатка үйрену үшін, 3 аптадан 6 аптаға дейін созылады.

Жылулық соғу (тепловой удар) болса, онда дененің температурасы 40 градусқа дейін жетеді. Сондай уақытта адамның терісі құрғақ және ұстағанда ыстық болады. Бас ауырғаның, жүрек айнауының және бас айналғаның науқас адам айтады (жалуется). Сырқат адам есін жоғалтып қалуы мүмкін.

Егер сондай уақытта адамға көмек көрсетпесең, ол өліп қалуы мүмкін.

Сондай симптомдарды көргенде, дәрігерді шақыру керек, ал ол келмей тұрғанда спиртпен немесе сулы жаялықпен жабу керек, дененің температурасы 38 градусқа түскеннен кейін сол процедураларды қоюға болады. Температура түсіп болғаннан кейін сулы жаялықты құрғақ жаялыққа ауыстыруға болады. Егер температура тағы да көтеріле бастаса, тағы да сол процедураларды бастауға болады.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ/ ЖАРАҚАТТАР (раны, царапины, ссадины).



Егер жарақаттар таза, онда оны өзіміз емдеуге болады. Егер жарақат үлкен болса, онда дәрігерге бару керек және укол істету керек.

Емделуі:

  1. Жарақаттың өзіне тиіспей, сулы ватамен жарақаттының айналасын сүрту керек.

  2. Жарақаттың өзін йодпен жағып, оны таза бинтпен байлап тастау керек.

  3. Үлкен жарақатты мақталы-марлі жастықшамен бинтпен байлап тастау керек.

  4. Жастықшалар мен бинттерді шығарып жатқанда жарақатқа салатын жағын міндетті түрде қолмен ұстамаңыз.



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ/ БЕТ ЖАРАҚАТТЫ.

ЖАҚ ЖАРАҚАТТЫ.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Ауызды қан мен тістен босату.

  2. Жақты бинтпен басты айналдыру әрекетімен байлау.

  3. Тез уақытта дәрігерге жолығу.



МҰРЫН СЫНУЫ.

Белгілері:

  1. Қатты ауыруы.

  2. Мұрын сүйегі (переносица) деформациясы.

  3. Қан ағуы.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Травмапунке тез жеткізу.

  2. Рентген жасап, сыну деңгейін аңықтау.



МҰРЫННЫҢ ІШІНЕ ТҮСКЕН ЗАТ (посторонний предмет в носу)



Балалар мұрынның ішіне тастарды, домалақтарды және басқа нәрселерді тығады.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Сіңбіру арқылы мұрынның ішіндегі затты алу.

  2. Егер де осы әрекет көмектеспесе, травмапунктке жолығу.



МҰРЫННАН ҚАН АҒУ

Себептері:

  1. Қан сосудтарының түшкіреуден, сіңбіруден жарақатануы.

  2. Сосудтардың әлсіздігі.

  3. Қан қысымның секіруі.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Сабырлы отырып, жағаңызды босатыңыз. Мойынызды алға созып, мұрын тесіктерін қысу.

  2. Мұрынды бір-екі минутқа компресс жасау.



ҚАН ҰЙЫЛУ (Кровоподтек)

Белгілері:

  1. Жарақат болған жердің ісініп кетуі.

  2. Қызару (Қанның жұмсақ бұлшық етке өтуінен).

  3. Қан ұйылудың түсінің өзгерісі, жазылып кетуіне (көк түстен сары жасыл түске дейін).



Емдеуі:

  1. Ісіп кеткен жердің сүйек соғуын тексеру. (Проверить, нет ли на этом месте перелома или трещины.)

  2. Ісіп кеткен жерге суық компресс жасау (мұзды полиэтиленге салып бастыру)



АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ/ ҚҰЛАҚ ЖАРАҚАТТЫ (травма уха).



Құлақ жарақатты (повреждение уха)

Бастың қатты соғылуы, қатты дыбыс, бөтен нәрсенің құлақа зардап әкелуі мүмкін, ең қауіптісі құлақ ішіндегі перепонканың тесілуі.

Белгілер:

  1. Құлақтың қатты ауруы.

  2. Бас айналуы.

  3. Құлақтың естімеу.

  4. Бас ауыруы.

  5. Құлақтан қан немесе сары сұйықтың шығуы.

Сіздің әрекетіңіз:

  1. Жарақат алған адамның басын еңкейтіп, қан құлақтан жақсы ағу үшін дұрыстап отырғызу.

  2. Жарақаттанған құлақты мақта немесе басқа нәрсемен тықпаңыз, оның ішінде ішкі қысымын өсіп кетуі мүмкін.

  3. Құлақтын астына мақта қойып, қатты емес байлап тастау керек.

  4. Егер жарақат алған адам естен талса, оны кеудесінен жатқызып дем алуға қауіпсіз жерге қойыңыз.

  5. Егер де ол дем алмаса, оған жасанды дем беру керек.



ҚҰЛАҚТЫҢ ІШІНДЕ БӨТЕН ЗАТ.

Ортаңғы, ішкі құлақ және барабанная перепонкаға түскен бөтен заттан құлаққа жарақат жасайды.

Белгілері:

  1. Құлақ ішіндегі «атыс».

  2. Құлақ естімеуі.

  3. Құлақтың үшкір ауыруы.



Сіздің әрекетіңіз:

  1. Тез уақытта травмпунке жолығыңыз.



Құлақ ішінде қоңыз.

  1. Құлақ ішін ақтамаңыз, себебі бұл әрекет қоңызды жындандыру мүмкін. Егер де онда инесі (жало) бар болса, ол шағуы мүмкін.

  2. Басты жерге қарай еңкеіңіз. Мүмкін, қоңыз өзі шығады.

  3. Егер ол шықпаса, құлақ ішіне кішкене жылы су құйыңыз.

  4. Егер де жоғарыда айтылған шаралар қөмектеспесе, онда дәрегерге жолығыңыз.



ЭКСТРЕМАЛДЫ СИТУАЦИЯЛАРДА ТІРІ ҚАЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.

  • Суықтан, ыстықтан, жаңбырдан және желден қорғану үшін орын табу.

  • Өзіңді біреу байқау үшін: от жағу, ағашқа ашық түсті киім ілу, SOS сигналын беру керек.

  • Суды үнемдеу керек. Егер су жоқ немесе аз мөлшерде болса, су бар жерді табу қажет.

  • Тамақ үнемдеп, оны табудың жолын іздеу.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА ТІРІ ҚАЛУ / ОТ ЖАҒУ.



Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Құрғақ материал табыңыз: Құрғақ шөп, сабан, шыршаның шайырлы бұтақтарын.

  2. От жағудың орнын әзірлеңіз, үш жағынан тас және үлкен бұтақтар қойып, желді жағын ашық болу керек.

  3. Көбірек бұтақтар алыңыз.

  4. Шөпті шағыңыз. Отқа үрлеп кішкенеден бұтақ қосыңыз.

  5. От көп уақыт жану үшін, ауаның келуін аздаңыз кейіннен барлық жақтардан тас пен құмды қойыңыз. Арасына жанған үлкен бұтақтарды қосыңыз.

  6. Түнде тонып қалмау үшін, оттан қашық емес жерде бөгем (заграждение): тас қойып ағаштың жуан бұтағын т.с.с. және отпен осы бөгеттің арасына жату керек, жылу таралану үшін.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА ТІРІ ҚАЛУ / ОТТА АС ДАЙЫНДАУ.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Асты отта емес, қөмірде (угольки) дайындау керек.

  2. Ет пен балықты көп уақыт пісіру керек, ішіндегі улы заттар мен микробтарды өлтіру үшін.

  3. Егер асқазан ауырса, өзіңіз құсу жағдайына жетіңіз (ол үшін екі саусақты аузға тығу керек). Одан басқа, кішкене көмір немесе борды үгілтіп, жеп, көп мөлшердегі сумен ішу керек.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА ТІРІ ҚАЛУ / СУДЫ ТАЗАЛАУ (очистка питьевой воды).

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Кір суды қалың мата арқылы тазалаңыз.

  2. Мата үстіне құм, ағаш көмірін және кішкентай тастарды қойып, астында тесік жасап су жіберу керек. Тазалынған суды 10 минут қайнату керек.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА ТІРІ ҚАЛУ / ЖЕУГЕ ЖАРАМДЫ ШӨПТЕР.

  1. Барлық шөптерді, жеміс-жидектерді жеу беруге болмайды, олардың көбі улы болады.

  2. Өзініз білетін жеміс-жидектерді ғана жеңіз.

  3. Саңырауқұлақтарды жемеңіз.

  4. Егер сіз жеміс жидектің улы екеніне сенімсіз болсаңыз оны мыжып шырынын шығарыңыз. Егер шырыны сүт түстес болса, онда ол улы (Бақбақтан (одуванчик) басқасы, ол іш өткенде көмектеседі). Немесе еріңізді өсімдіктің шырынымен сүртіп, тіліңіздің үстіңге өсімдіктің кішкене бөлігін 4-5 минут ұстаңыз. Егер тіліңіз ашса, ол өсімдік жеуге жарамсыз болады.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА ТІРІ ҚАЛУ / ТАУДА ТІРІ ҚАЛУ.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Таудың ойыстары мен үңгірлерің іздеңіз: онда теқ қана жаман ауа райынан қорғанып қана болмай, ішуге жарамды су табуға болады.

  2. Лавина құлайтын және көшкін (оползень) болатын жерлерден аулақ жүріңіз.

  3. Екі тау арасындағы жерде жоғарыда төменге қарағанда қауіпсіз болады.

  4. Егер өзіңізбен бірге жылтір, алыстан көрінетін түстес киім болса, оны өткен жерлерді белгілеу үшін қолдануға болады.

  5. Қатты дауыс шығарып, өзіңізге назар аудартуға тырсыңыз: Дауыс тауда жақсы таралады.

  6. Тауға көтерілген кезде, оттектің жетіспеушілігінен тау ауыруы (горная болезнь) пайда болуы мүмкін.



ТАУ АУРУЫ.

Бас айналуы, әлсіздік, үйқыға тарту, жүріс координациясының бұзылуы, көздің нашар қөруі, жүрек айну және құсу, ауыр жағдайда мұрыннан қан ағып, жүрек соғысы минутына 100 соғысқа дейін көбейеді.

Емдеуі: Ауырған адамды оттекпен қамтамасыз ету, оны таудан түсіру.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА ТІРІ ҚАЛУ / ҚАРДА ТІРІ ҚАЛУ.

  1. Егер сіз қар арасында қалсаңыз, сапарыңызды жалғастыра алмасаңыз, қар ішінде үйшік жасаңыз.

  2. Майысқан тоғайдың астына тығылыңыз немесе қардан үңгір қазыңыз.

  3. Үңгірге кіргеннен кейін тесік тесіңіз және оны тазалап отырыңыз. Егер сіз жалғыз болмасаңыз, әр адамға бір тесіктен тесіңіз.

  4. Аяқ астыныздағы жерді тереңдетіңіз: бұл жерге циркуляция кезінде суық ауа түседі.

  5. Шығатын жерді жабыныз. Тереңдетілген жерге отырыңыз, ауа райы жақсалғанша дейін. Ұйықтамауға тырысыңыз, егер өзіңізбен бірге ұйықтағым кап (спальный мешок) жоқ болса.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА АМАН ҚАЛУ / ШӨЛДІ ДАЛАДА АМАН ҚАЛУ (выживание в пустыне).

  1. Шөлді далада ең бастысы – ол организмнінің сусыздануынан қорғану. Егер сіз шөлді далада машинаның сынуынан қалсаңыз, сол машинаны көленке етіп алыңыз. Егер сіз жаяу жүрсеңіз, онда үнгір тауып немесе жардың (скала) қөленкісісіне тығылыңыз.

  2. Бас пен мойынызды күннің сәулесінен сақтаңыз. Егер сізде бас киім болса киініз, үстінен тағы орамал киіңіз, жылу соққысынан (тепловой удар) сақтандырады.

  3. Егер сіз шөлді далада көлікпен қалсаңыз, оны тастамаңыз. Егер көлік келеді деген сенім болмаса, адам жүретін жерге барыныз. Түнде ғана жүоіңіз, күндіз көленкеде отырып.

  4. Судан қайнар көзін (источник воды) тауып көрініз: кепкен өзенде де оған қазып жетуге болады. Шөп өсетін жерде су іздеп көріңіз.

  5. Шөлді даладағы өсім (растительность) шөптердің көбісін жеуге болады.

  6. Жануарлар мен құрт-құмырсқалардың жүрген жерін байқаңыз: шыбын, құмырсқа, , құстар жиналған жердің қасында су болуға тиісті.

  7. Егер су таппасаңыз, онда шықты (росаны) жинап қөруге болады. Домалақ, тегіс тастарды пирамидамен құмда қазылған полиэтиллен төсеген шұңқұрға салады. Шықты (росаны) тәңертен жинайды. Бұл суды ішудің алдыңда залалсыздандыру (стеризавать) ету керек.

ПАЙДАЛЫ ҚЕҢЕСТЕР:

  • Суды тазарту үшін оған бірнеше марганцовканың кристаликтарды салып ол түгел еріп суды кішкене бояп су ішуге және тамақ істеуге жарамды жасайды.

  • Марганцовканы от алуга (добывания огня) пайдалануға болады: кристалдардың бір қасығын газетке салып, антифриз бірнеше тамшылар тамызып, газетті ораптастаса. 30 секундтан кейін газет жанады.

  • Егер антифриз жоқ болса онда отты марганцовкамен қантты араластырып (1 бөлігі марганцовка 2 бөлікке қантка) екі ағаш таяқшалардың арасына салып жақсылап үйкелісе от пайда болады.

  • Шөлді далада суды келесі әдіспен да табуға болады: құмда бір метр диаметрі шұңқұр қазылады, Шұңқұрдың түбіне кастрюля қойлады. Шұңқұрдың түбіне шөптерер, жапырақтарды салады (бұл шарт міндетті емес). Шұңқұрдың бетіне полиэтилен жайып, полиэтилен шеттерін тастармен бекітіп тастайды. Сосын бір тасты полиэтиленнің ортасына қояды. Солай воронкаға ұқсайтын зат пайда болы. Конденсат полиэтилленнің ішкі жағында пайда болым кастрюляға тамшылайды. Бұл суды залалсыздандыру (стрерилизовать) етпеуге да болады.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА АМАН ҚАЛУ / ҰЙЫҚ ПЕН ӨЗІНЕ БАТАТЫН ҚҰМ (Болота и зыбучие пески)

Сақтық қолдану: қолға ұзын ағаш алып, алдынғы жолды таңдап биіктеу жерлерден жүру, жай және жеңіл қимылдау керек.

Ұйықтан қалай құтылу (топи):

  1. Салмағын азайту үшін, ауыр заттың барлығын тастау.

  2. Аяғ астына ағаш немесе таяқ қою.

  3. Жай және ақырын қимылдау. Не делать резких движений.

  4. Сізді астына сорып жатқанын сезіп, бірден дөнестерге (кочкаларға) жатасалыңыз. Содан кейін сізге арқан немесе ағашты әпергенше күтіңіз.

  5. Бірден ағаш немесе арқанды ұстап, ақырын алға жылжыту керек (перехватывая руки плавными движениями).

  6. Егер сізге көмек келмеген жағдайда да, артпен жатып, алға қарай жылжыныз, өзіңізге қол, аяқпен барлық денеңізбен алға ұмтылыңыз... Дөнес жерлердегі (кочки) шөп астын ұстап алу.

  7. Шаршаған кезде аяқ, қолды ұзатып, ашып қимылдамай демалуға тырысу керек. (При усталости раскиньте как можно шире руки и ноги и передохните, стараясь не шевелиться.)

ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА АМАН ҚАЛУ / ЖЕР АСТЫНДА (Пещеры и подземные ходы)

Жер астына тек қана инструктормен және арнайы құрал жабдықтармен түсуге болады. Егер сіз өзініз жер астына түсеңіз, онда келесіні білуініз керек:

  • Топта 4 адамнан кем болмау керек: экстремал жағдайда бір адам жарақат алған адаммен қалады, ал қалған екеу жоғары көмекке кетеді.

  • Жер астына түсердің алдында өз жоспарларын туыстарға және таңыстарға айтыңыз: қайда және қай уақытқа дейін баратқаныныз.

  • Жер астына түсер күні метеосводканы тынданыз. Егер сол күні жаңбырлар жауса, онда олар ұңгір (пещераларды) батып тастау мүмкін.

  • Жер астында салқын және ылғайлы болады. Сондықтан жылы киініңіз, және сыртқы киіміңіз суды өткізбейтін болу керек. Пластиктан жасалған шлемді шахтерский шаммен үмітпаңыз.

  • Жолға косымша батарейкаларды, свечаларды, сірінкені, аптечканы, арқан, ұңгір картаны, суды, және жоғары калориялы тамақты (шоколад, жұзім ж/е т.с.с.)

  • Жер астына түскенде ұңгір (пещераның) қабырғаларға белгілірді қоюға үмітпаңыз. Кері қайтқанда оларды өшіруге үмітпаныз.



ЖАБАЙЫ ТАБИҒАТТА АМАН ҚАЛУ / ЕГЕР СІЗ АДАСЫП ҚАЛСАҢЫЗ (Если вы заблудились)

  1. Тоқтап және қай жерде жүргенің аңықтауға ұмтылыныз.

  2. Жердің астында қанша жүргенің аңықтаңыз және де кері қайтуға сізде қанша уақыт кететіңдігін ойлаңыз.

  3. Өз тұрған жеріңді белгіліңіз (пирамидкамен немесе қабырғада бір белгімен).

  4. Шығу жолын (выход) тауып көріңіз. Жол бойы кері қарап жүріңіз. Журген жолды жаттап жүріңіз. Коридорлар әр бағытта әр түрлі қөріну мүмкін.

  5. Жүрген жолынды белгілеп тұрыңыз (пирамидкалармен не/се белгілермен қабырғада).

  6. Энергияны сақтау үшін, жиі демалып тұрыңыз. Демалғанда светті сөндіріңіз. Әр коридорды зертеп тұрыңыз, лабиринтта да шығу жолын табуға болады.

  7. Егер сіз жұка коридорда қысылып шығалмай қалсаңыз, онда бұлшық етті босатып (расслабьте) жиі дем алмауға ұмтылыныз, өйткені ол дененің қөлемін үлкейтеді. Шықанда бүкіл денемен жұмыс істеңіз.

ЕГЕР СІЗ КҮНДІЗ АДАСЫП ҚАЛСАҢЫЗ.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Егер сізде карта бар болса, онда оны алып шығып қай жерде жүргенінізді аңықтап қөріңіз.

  2. Жан жақты қарап шығыңыз, картада бар ориентирлар іздеп көріңіз.

  3. Картада болған жеріңде іздеп көріңіз және де содан жүрген жолды есіңе түсіріңіз (ағымдар, тастар және т.с.с.).

  4. Картада өз тұрған жеріңді тапқаннан кейін, оларды ориентирлармен салыстырып, сіздің қай бағытта жүргенің дұрыс деп ойлаңыз (трассаға ма әлде адам тұратын пункке).

  5. Өз жүретің жодлы таңдағанда өзеннен немесе таудан өтпеуге үмтылыңыз. Өйткені бұл кедергілерден өту үшін сізде көп уақыт кетеді.

  6. Жол жүргенде жан жақта орналасқан ориентирларға қөніл аударып тұрыңыз.





















Табиғат – тіршілік иесі

Мақсаты: Оқушыларға  табиғат ұғымының мәнін ашып түсіндіру, табиғатты аялап сүюге тәрбиелеу, оған үнемі қамқорлық жасаудынасихаттау, жерге деген мейірімі мен ықыласын ояту,экологиялық білім беру,елінің байлығы  мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.

 

Көрнекілігі: «Табиғат аясында» суреттер және нақыл сөздер, табиғатты қорғау ережелері, мақал-мәтелдер.

 

1.    «Табиғат  - тал бесік»

2.    «Адам – табиғаттың бір бөлігі»

3.    «Табиғат – бізді қоршаған орта»

4.    «Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

 

Жоспары

 

1.Ой-пікір.  Табиғат туралы не білеміз?

2.Ой қозғау.  Неге табиғатты тіршілік иесі дейміз?

3.Ой түйін.  Табиғатты қорғау – барлық адамзат парызы.

 

Барысы

 

Жүргізуші

Табиғат сөзі – кең ұғым. Табиғат - өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Табиғат – адам үшін қажетті ауа, су, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі.

Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын, жүрегімізге ұялататын аяулы Ана!

Ал енді балалар сіздердің ой – пікірлеріңізді ортаға салайық.

 

Ой-пікір

1-оқушы: Табиғат  - ол су.

Су – тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

 

2-оқушы: Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

              Су деген табиғаттың  жаны емес пе?

              Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,

              Күміс су қара жердің сәні емес пе?

3-оқушы: Табиғат ол – топырақ

Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

              Топырақтан өмір иісі шығады,

              Оны денең тиіп кетсе ұғады.

              Еңбегіңді есесінен беретін

              Жақсылық та топырақтан шығады.

4-оқушы :  Табиғат – ол өсімдік.

Өсімдік – ол жасыл желек, көкмайса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер, өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын, ыстықта көлеңке, сая, суықта пана, ауырғанда дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі – гүл.

 Өсімдік – таза ауа, еліміздің дәулеті жасыл желек орман.

5-оқушы:  Табиғат – жануарлар әлемі.

Жүгірген аң. Ұшқан құс, дала ажары ақбөкен, әні мен сәні  бұлбұл, су аруы аққу табиғатымыздың сәні емес пе?!

«Аққу» биі

 

6-оқушы: Табиғат – ол Жер -Ана.

Барша байлықтың анасы – Жер. Жерпді күтіп баптай білу, оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу, Жер-Ананы түлетіп гүлдендіре білу  - біздің борышымыз.

Бәрі бірге: Қазақстан қойнауы құт

                   Жасыл мекен,

               Еліне бақ  орнаған

              Атамекен

              Тәуелсіздік төрінде,

              Нұр құяды көңілге.

              О, жас ұлан, еліңнің

              Ертеңі үшін ерінбе!

              Ел ертеңі өз қолымызда!

Хор: «Атамекен» әні

 

Табиғат жайлы мақал-мәтел, нақыл сөздер жарысы.













































Тақырыбы:  Тәрбие басы — тал бесік

Мақсаты:А) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру.ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында  үйлесімді жұмысты жолға қою.

Міндеттері :-  Ата – аналардың бала тәрбиесіндегі     ролі    және негізгі  психологиялық себептері туралы түсініктерін кеңейту.-Ата — аналар  бір-бірімен  тәжірбие алмасу  арқылы   баланы тәрбиелеу .

Жүргізу орны:  Сынып іші

Әдістер: топтық  пікірталас, ойын  әдістері , медитациялық техникалар

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,түрлі-түсті бояулар, доп ,жұмсақ ойыншық , 4 ватман қағаз, фломастерлер, үлестірмелі қағаздар, плакаттар, Нақыл сөздер. Жағдаяттар

Ұйымдастыру кезеңі   Ата- аналар  3- топқа бөлінеді . (Мұғалім, Ата-ана, Оқушы ).

І.Психологиялық дайындық

Сәлемдесу  жоралғысы. «Тілек».Сәлемдесу мақсаты: Топта қалыпты жағдай қалыптастыру үшін  жағымды климат тудыру. Қатысушылар бір-біріне тілек айтуды ұсынады. Ол бір қатысушыға допты лақтырады да бір нәрсе тілейді.

Мысалы: «Жанар саған көтерінкі көңіл-күй тілеймін!»Алған адам өзінің тілегін кімге айтқысы келсе, соған допты лақтырады тілек әрбір қатысушыға айтылады. Осындай жаттығулар қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп,бір-бірін сергітіп тастайды.

Кіріспе бөлім:Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы, көз қуанышы — бала. Бала  — дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. «Бала нені білсе жастан, ұядан — өле-өлгенше соны таныр қиядан» деген нақылдың астарында қаншама мән-мағына жатыр. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиешісі көрсін» деген Иран мәтелі де соны меңзейді.  Бұл орайда мектептің де атқаратын рөлі зор. Өйткені, отбасы тәрбиесі мен мектептегі тәрбие бір-бірімен тығыз байланысты. Баланың басты ұстазы -  ата-анасы. Бала ата-анасын, ата-ана баласын танымайынша, іс алға баспайды. Ата-ана мұғалімге көмекші. Сенімді тірек болса, мұғалімде сондай болуы керек. Екі жақты байланыс нығайғанда ғана барлық күрделі мәселелердің түйіні шешіледі.

Негізгі бөлім:Отбасындағы,мектептегі бала тәрбиесі қандай?Келіңіздер, осы тақырып төңірегінде салиқалы пікір алысайық.

І.Ой қозғау.

Ата-аналарға сұрақ:

Ұстаздарға  сұрақ:

Оқушыларға  сұрақ:

  1. Білім алуда саған жауапты кім деп ойлайсың?

  2. Осы сұрақтарға жауап алынып, қорытынды жасалады.

  3. ІІ. Кездейсоқ жағдайдан шығу.

Ата-аналарға:

Ұстаздарға:

Оқушыға:

Ү. Рефлексия / шығу парағын толдыру/ «Ой түйін» (бағалау).

Енді ең соңғы бөлім ой түйін деп аталады. Бұл жерде алдарыңызға берілген шығу параққа   ой – пікірлеріңізді және бүгінгі өткен психолог сағаты жайында өзіңізге қажетті не білдіңіз соны жазып шығасыздар.

Қорытынды.

Қадірлі ата-ана «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер » деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік.  Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға  бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.











Тақырыбы: Ел болашағы – білімді ұрпақ
Сайыстың мақсаты:
а) Оқушылардың білімдерін ортаға салу және пәндер бойынша алған білімдерін тексеру.
ә) Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттері мен шығармашылық қиялын дамыту.
б) Туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Сайыс түрі: интеллектуалды сайыс сабақ
Сайыстың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, ой қозғау
Сайыстың көрнекілігі: слайд, топшамалар, даналық сөздер.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл кезеңде бүгінгі болатын сайыстың тақырыбы, мақсаты, тәрбиелік мәні айтылып, қатысатын сыныптар таныстырылады.
ІІ. Кірісе бөлім
Мұғалім: Құрметті оқушылар, әділқазылар, ұстаздар. «Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырып, таныстырып өтемін. 1 - 12 оқушы
Сайысымыздың әділ бағасын беруші қазылар алқасын сайлап алайық. Алқа мүшелерін сайлау.
--------------------------------
Сайысымызды бастамас бұрын сабақ бағдарламасымен таныстырып өтейін
1. Бәйге
2. Ханталапай
3. Жеті жұмбақ
4. Дода
5. Шешен тілдер
- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!

Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе - бірің еріңдер.
Білім – білікті тексеріп,
Қатысып ойынға көріңдер!
«Кім жүйрік ойға, сол алда
Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар ма?- дегендей, білім дегеніміз – жеңу. Ғылым, білім тоғышарлыққа ем. Білім адамның ақылын қозғап отыратын керемет күш, адамзат ақиқатқа баратын жолда білу арқылы жапа шегіп жатады. Тоғышарлық болса – ештеңеге күдіктенбеуменен ештеңені білмеуімен, білгісі келмеуімен солай бола тұра бәрін білем деуімен мықты болғысы келеді.

Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді.
Исаак Ньютон өлерінде былай депті: «Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама». Омар Хаямның соңғы сөзі былай: «Алла! Мені өзің берген білімің үшін кеше гөр!».

«Білім – күш» дедік. Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.
- Ұлт тірегі – білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Бүлдіршіндер алау оттай жалында, дей отырып сайыстың бірінші кезеңін бастаймыз. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Бәйге» деп аталады. Әр балаға 10 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі.

1 - оқушы.
1. Денені өлшейтін құрал (градусник)
2. Адамдардың қатынас құралы (тіл)
3. Қан соратын жәндік (маса)
4. Өсімдіктің мүшелері (жапырақ, сабақ, тамыр, гүлі, тұқымы)
5. Ұзындық өлшем бірлігі (км, м, дм, см, мм)
6. Жер күнді айнала ма, күн жерді айнала ма?
7. Біздің туда не бейнеленген – Ұлттық ою қошқар мүйіз, қыран бүркіт, күн
8. Қазақтың ең бірінші ұшқыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
9. Абылайханның шын аты (Әбілмансұр)
10. Қазақтың атақты суретшісі (Ә. Қастеев)

2 - оқушы
1. Мемлекеттік рәміздерді ата - Әнұран, Елтаңба, Ту
2. Әнұран қандай жағдайда орындалады – салтанатты жиындарда
3. Есту мүшесі не - құлақ
4. Үш биді ата - Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би
5. Күйді орындайтын адам кім - күйші
6. Периметрді қалай табамыз - барлық қабырғаларын қосамыз
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін кім жазған - Ыбырай Алтынсарин
8. Балды жақсы көретін аң – аю
9. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе – надандық, еріншектік, залымдық.
10. Жас күнінде суретші болуды армандап, кейін белгілі балалар жазушысы болған кім? –
Б. Соқпақбаев

3 - оқушы
1. Қ Р - ның әнұранының авторларын ата.
2. Ауданды қалай табамыз – екі қабырғасын көбейтеміз
3. Біз қай тілде сөйлейміз – қазақ
4. 40 пен 6 ның көбейтіндісінің мәні неге тең - 240
5. Көру мүшесі не - көз
6. Біздің президентіміз кім – Нұрсұлтан Назарбаев
7. Аюдың баласы не деп аталады – қонжық
8. Бие сүтінен не дайындалады қымыз
9. Көкөністерге нелер жатады – сәбіз, картоп, орам жапырақ, қызанақ.
10. Қу аң – түлкі

4 - оқушы
1. Елтаңбаның авторы кім -
2. Қай жануар жылға ілікпей қалды – түйе
3. Кітап сөзінің бас әріпі – К
4. Екінші қазақ ғарышкері - Талғат Мұсабаев
5. Мезгілдерді ата – қыс, жаз, көктем, күз.
6. Қазақстан Республикасының Астанасы – Астана
7. Тиін нені жақсы көреді – жаңғақ
8. Иіс сезу мүшесі – мұрын
9. Мақта Қазақстанның қай жерінде көп өсіріледі – Оңтүстік Қазақстан
10. Әлемде неше мұхит бар – 4
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Денсаулы?ты баптаймыз, ?мірімізді са?таймыз! Ашы? т?рбие са?аты.

Автор: Жайтакова Лаура Тулепкереевна

Дата: 14.12.2015

Номер свидетельства: 265967


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства