kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдеби-танымдық кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кештің кіріспесі

1-бала: - Кирилл, мен саған "осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.

2-бала: - Райанажан, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай "Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?

1-бала. - Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

2-бала: - Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

1-бала: - Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған  өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

2-бала: - Мен сендерге Әли Әпекұлы деген

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдеби-танымдық кеш»

№90 мамандандырылған мектеп-лицей















Әдеби-танымдық

кеш


Тақырыбы: «Қазақ тілі - болашағым»



Өткізгендер: Секимбаева Бибинур Серикбаевна

Құлбек Алтынай Боранбекқызы



Өткізген сыныбы: 5-сыныптар







Алматы, 2019

22 қаңтар



Қазақ тілі - болашағым

(5-сынып оқушыларына арналған тәрбиелік шара)

Мақсаты: Қасиетті қазақ тілінің қасиетін меңгерту, шешендердің сөзі мен даналық сөздері, ақындардың тілге арнап жазған жырларымен таныстыру.
Тәрбиелігі: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеп, оқушы этикасы мен эстетикасына тәрбиелеп, патриоттық сезімдерінің оянуына үлес қосу.

Көрнектілігі: Бейнебаян «Ана тілі», дискілер, қанатты сөздер.

Әнұран.



Кештің кіріспесі: Слайд1
Диалог (екі оқушы диалог құру арқылы тілдің қаді мен қасиеті туралы ой тастайды)

Кештің кіріспесі

1-бала: - Кирилл, мен саған "осы тіл не үшін керек?” деген сұрақты қойғым келіп отыр.

2-бала: - Райанажан, тіл бір-бірімізбен сөйлесу, түсінісу үшін қажет қой. Апай "Тіл – қарым-қатынас құралы” деп түсіндірді емес пе?

1-бала. - Жарайды, тіл – қарым-қатынас құралы-ақ болсын, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлеп, түсінісе бермей ме? Ана тілі деп бөлгені несі?

2-бала: - Ой, айтқышбегім-ай. Кез келген адамның өз анасы болатыны сияқты дүние жүзіндегі халықтардың да өз анасы, өз тілі, өз Отаны бар емес пе?

1-бала: - Балалар, ана тілі дегеніміз – ананың ақ сүтімен бойға дарыған  өз анамыздың тілі ғой. Ал ана деген – бәрінен қастерлі, аяулы да асыл жан.

2-бала: - Мен сендерге Әли Әпекұлы деген ақынның ана тілі туралы  мына өлеңін оқып берейін:

                            Ана тілім – бала шағым өркенім,

                            Ана тілім – болашағым, ертеңім,

                            Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

                            Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

 

                            Ана тілді білмесем,

                            Шат-шадыман күлмес ем,

                            Жер бетінде сайраңдап,

                            Қазақ болып жүрмес ем.

1-бала: - Керемет екен. Ал  Әбділда Тәжібаев атамыздың мына өлеңі  естеріңде ме?

                            Туған тілім -  тірлігімнің айғағы,

                            Тілім барда айтылар сөз ойдағы

                            Өссе тілім – мен де бірге өсемін,

                            Өшсе тілім – мен де бірге өшемін.



1-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі өткелі отырған тіл мерекесіне арналған әдеби-танымдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Кешті бастамас бұрын мектебімізді 60 жылдық мерейтойымен құттықтап өтейік! Мерейің үстем болсын, алтын ұям! Слайд2



2-жүргізуші:
Қазақ тілі-қазақ қауымының бұлағы. Бүгінгі тіл мамандардың айтуынша, қазақ тілі бүкіл түрткі тілдердің түп атасы. Халықты отансүйгіштік рухта тәрбиелеп,ұлттық топтасуға жетелейтін де тіл!

1-жүргізуші: Қазіргі қазақ тілінің арғы тегі сан салалы көне түрткі жазба ескерткіштерінен нәр алады. Әлемдік өркениет тарихында орын алатын ескерткіштеріміз: Білге, Күлтегінге Тоныкөкке 735-737 жылдары орнатылған құлыптастарымыз.

2-жүргізуші:
Қазақ халқының басына талай нәубеттің, зұлматты қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Осындай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап, босқан халықтың бар байлығы ана сүтімен санасыа дарыған ана тілі болды. Тіл-сан ғасырлар шежіресі, халқымыздың өзінше бір ғұмырнамасы.

«Поэтикалық көрініс» Слайд 3

(Баяу әуен қосылады, сахнада жүгіріп балалар ойнап жүреді. Саханаға уақыт бейнесіндегі ата шығады)

«Тоқта, балам, атаң келеді артыңда» Мұқағали Мақатаев

Орындайтын Тухтахунов Амир 5 «Б» сынып оқушысы



1-жүргізуші
Жұртым-ай, шалқақтамай сөзді түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін!-деп Абай атамыз
жырлағандай, сөздің түпкі мағынасын, тобықтай түйінін түсіну біз үшін міндет!

Әсем ән. «Көзімнің қарасы»

Орындайтындар Мамытқан Толғанай 5 «Б» сынып оқушысы

Муфилова Данеш 5 «В» сынып оқушысы



2-жүргізуші:
Халқымыздың даналығы, ұлағатты өсиеттері бар! Тіліміздің сан дүлдүл шешендері тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бір ауыз сөзбен шешкен! Тіліміздің ұлылығы, міне, осында.

1-жүргізуші:
Әрине, оны айғақтай түсу үшін алдарыңызға көрініс ұсынамыз!

Көрініс: Бала Қазбек би Төле би ауылына қонаққа келгендегі ең алғаш өзінің даналығын, шешендігін танытқан кезі жайында.

Төле би – Мухамед Арыстан 5 «А» сынып оқушысы

Қазыбек би – Сергеев Максим 5 «Б» сынып оқушысы

Вукулов Радион

Тухтахунов Амир



Төле би:
«Ей, әлеумет! Құс арыса, қанатты талады, ат арыса тұяғы тозады» деген, алыс қияннан келіп отырсыздар, осы аттың күші қай жерінде болады?

Біреу: аттың күші алдыңғы екі аяғында шығар.

Қазбек би: Алдыңғы екі аяғында да емес, артқы аяғында да емес, аттың күші ортасында болады.

Төле би: (балаға қарап) Оны қайдан білесің? Себебі не?

Қазыбек: Астында төрт тіреуі жоқ жерде күш қайдан болсын күш тіреуі ортасында. Алдымда ағам, артымда інім бар, екіжағынан да тірегім зор.
Әділ билік маған лайық емес пе?

Төле би:
Айтқан сөзің баталы болсын!
Жүрген жерің бәтуалы болсын!
Дуалы ауыз әділ жан атан,
Осы саған берер батам.



2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеге орай алдарыңызға би ұсынамыз!
Назарларыңызға «Қазақ биі»!

Екеуі қосылып: Мың бұралған бишілерімізді қошеметпен қарсы алайық!

1-жүргізуші:

Мен қазақпын-Қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім-қазақ.

Мен неге қазақтықтан сақтанамын.



Ендігі кезекті әдеби-танымдық сұрақтарға берейік. Назарларыңызды сұрақтарға аударыңыздар!

Слайд 4

(Сұрақтар жазылған слайд ашылады, оқушыларға өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады)



2-жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат бақ ардың,

Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.

Нұрлы жұлдыз-бабам тілі сен қалдың!



Ортаға өлеңсүйер оқушыларымызды шақырамыз. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың, Мұқағалидің, Фаризаның өлеңдерін тыңдап, бойымызға рухани байлық жинайық.

Жәнібек Дінмұхаммед 5 «В» сынып оқушысы

Саламат Әбдірахман 5 «В» сынып оқушысы

Гайратова Махидиль 5 «В» сынып оқушысы

Мамытқан Толғанай 5 «Б» сынып оқушысы



1-жүргізуші
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат бақ ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп.
Нұрлы жұлдыз-бабам тілі сен қалдың! Келесі кезекті көрініске береміз. «Ең үлкен байлық» ертегісін назарларыңызға ұсынамыз. Қатысушылар:

Хишанло Хадиджа

Бурибаева Амина

Аманбай Мансұр



2-жүргізуші.
Бақытым бар үшінші-Отан деген,
Кім мықты десе біреу,Отан дер ем
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен!

Әсем ән: «Атамекен »

Орындайтын Абилдаева Айлин 5 «А» сынып оқушысы (Әннің қайырмасында оқушылар хормен қосылады)



1-жүргізуші:

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар,- деп Д. Әбілов ағамыз жырлағандай, тіл туралы деректер мен әндер мұнымен бітпек емес, әйтсе де тамашалағандарыңызға алғыс айта отырып , кешімізді аяқтаймыз.



Әдеби-танымдық кешіміздің қорытындылау үшін Умешбаев Көлбай Нұрмұхамбетұлы сөз береміз.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Әдеби-танымдық кеш

Автор: Құлбек Алтынай Боранбекқызы

Дата: 11.04.2019

Номер свидетельства: 506802


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства