kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Буын-ата насихаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

Искакова Асель Калкеновна
 бастауыш сынып м??алімі
 ?азан орта мектебі
 А?жар ауданы,С?О
«Ана тілі»  п?ні 1 сынып
Саба? та?ырыбы: Буын. Ата насихаты.
Саба?ты? ма?саты:
1.О?ушыларды? буын туралы білімдерін ке?ейтуге м?мкіндік жасау
 1, 2, 3 буынды с?здерді ажырату?а жатты?тыру
2. о?у-жазу да?дыларын арттыра отырып, с?здік ?оры мен с?йлеу тілін дамыту
3. о?ушыларды ?йымшалды??а, бірлікке г?рбиелеу.
Саба?ты? к?рнекілігі: жеке сюжетті суреттер, ?аза?стан байра?ы.
Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра? - жауап
Саба?ты? барысы:    
?йымдастыру б?лімі.
Психологиялы? дайынды?.
?лкенге де сіз,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Буын-ата насихаты »













Искакова Асель Калкеновна

бастауыш сынып мұғалімі

Қазан орта мектебі

Ақжар ауданы,СҚО

«Ана тілі» пәні 1 сынып

Сабақ тақырыбы: Буын. Ата насихаты.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың буын туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау

1, 2, 3 буынды сөздерді ажыратуға жаттықтыру

2. оқу-жазу дағдыларын арттыра отырып, сөздік қоры мен сөйлеу тілін дамыту

3. оқушыларды ұйымшалдыққа, бірлікке гәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, Қазақстан байрағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Бар адамды құрметтеп ,

Бас иеміз біз.

Үй тапсырмасын тексеру

«Қазақстан байрғы» жатқа сұрау

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең.(оқушы қызушылығын ояту)

Балалар, сендер ата немесе әке туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

Ата көрген - оқ жонар,

Ана көрген - тон пішер.

Әкеге қарап ұл өсер, Шешеге қарап қыз өсер.

Мұғалім оқушылармен бірге осы мақалдардың мағынасын талдап, бүгінгі мәтіннің тақырыбымен таныстырады.

Операционалдық-орындаушылық кезең:

Кітаппен жұмыс.

76-жаттыгу:

1.Муғалім ертегіні мәнерлеп оқуы.

2.Оқушылар кезекпен ертегіні оқиды.

Ертегі бойынша сұрақтар:

-Әкесі балаларына қандай ақыл айтты?

-Әкесі «Тірліктің күші - бірлікте» деп неліктен айтты?

Әке, күн, бала сөздерін буынға бөліп жаз.

Сөздік жұмысы:

Араздасу - ұрысу, керісу.

Сабау - қатты шыбық.

77-жаттығу.

Кі-тап, би-ші-лер, о-қу-шы, қа-ғаз, жү-ге-рі.




Сергіту сәті:

Бір, екі , үш,

Бойға жинап күш.

Әдемі етіп жазамыз,

Күнде бестік аламыз

78-жаттығу.

Топпен жұмыс: «Кім жылдам?» Мына суреттер бойынша кестеге бір буынды, екі буынды, үш буынды сөздерді орналастыр (Әр топ өз сөздерінің суреттерін тақтадағы кестеге іледі, кесте үш түсті: қызыл,жасыл,сары: суреттер әр топқа беріліді, соның ішінен балалар өздерінің топтарына тиісті сөздердің суреттерін алып тақтағы кестеге магнитпен қадайды, сөздерін жазады: сынып соған қарап сөздерді дәптерлеріне жазады.)

1-топ: «Қызылдар» 1 буынды сөздерді табады.

2- топ: «Жасылдар» 2буынды сөздерді табады.

3-топ: «Сарылар» 3 буынды сөздерді табады.


1 буынды сөздер

2 буынды сөздер

3буынды сөздер





Дәптермен жұмыс :

Сөздердің алғашқы буынын тауып жаз.

Қо-..., ...ра , та...., қа..., ұс-..., мек-..,ба-.....

ІІІ. Рефлексиялық -бағалау кезеңі.

Толықтыру тесті.Төмендегі өлеңді толықтыр:

Кел, балалар, ......... (о-қы-лық)

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен ...... ( то-қы-лық)

ҮІ. Қорытынды бөлім.

-Балалар үлкендерді ата-әже, әке-аналарымызды әр қашан сыйлап жүруіміз керек.

-Ата-әже, әке-аналарымыз туралы мақал – мәтел айтқазып сабақты бікіту.

Ананың сүті- бал,

Баланың тілі – бал.

ҮІІ. Үйге тапсырма : «Ата насихаты» ертегіні мәнерлеп оқу

ҮІІІ. Бағалау.

.








Искакова Асель Калкенована бастауыш сынып мұғалімі

Қазан орта мектебі

Ақжар ауданы , СҚО

"Ана тілі» пәні 1 сынып

Сабақтың тақырыбы: Біздің елтаңба. Буын.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларда буын жайында түсінік қалыптастыру. Сөздерді буынға бөлуге, буындардан сөз құрауға, өлеңді түсініп оқуға мүмкіндік туғызу

2.Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.

3.Отансүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: Ту, елтаңба, әнұран ,плакат.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені

Психологиялық дайындық

Қызығушылық ояту

1.Әнұран әуені ойнап тұрады.

2.Сұрақтар қойылады

- Қандай әуен тыңдадындар?

-Авторы кім?

- Осы әнұранды тыңдағанда қандай сезімде боласындар? (Әр баладан сұрау)

-Сонымен , балалар,Әнұран кез келген жерде айтыла бермейді.Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайда қосылып айту әрбір азаматтың парызы.

Мағынасын тану.

Рәміздер туралы төмендегі сұрақтарға жауап алу:

1.Тудың түсі қандай? Онда не бейнеленген?

2.Елтаңбада не бейнеленген , неліктен?

3.Әнұранда не туралы айтылған?

І. Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Біздің туып өскен жеріміз-Қазақстан Республикамыз. Көптеген ғасырлар бойы ел басқарған дана басшыларымыз кең- байтақ жерімізді сырттан төнген қауіп қатерден қорғап кеді.

Жер бетінде азаттықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ.Қазақ халқы - ержүрек достыққа адал, бауырмал , қонақжай халық. Қазақстанда ынтымағы жарасқан, көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орналасқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.

II. Операционалдық-орындаушылык кезең.

79-жаттығу. "Біздің елтаңба" өлеңі

1.Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

2.Өлеңді мәнерлеп оқуы.

3.Өлеңді оқушылардың оқуы.

4.Өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:


  • Балалар, өлеңде не жайында айтылған?

  • Ақын елтаңбадағы қандай бейнелерді суреттеген?

  • Ол бейнелерді ақын неге теңеген?

  • «Шаңырақ - жұрт панасы» дегенді қалай түсінесің?

Халық, пырақ, аңыз, шаңырақ сөздерін буынга бөл.


5.Сөздік жұмысы:

Пырақ - ертегілерде кездесетін қанатты тұлпар.

Аңыз - халық қиялынан туған оқиға.

Ая - ауқым, көлем.

III . Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап жер көрдік,

Оңға солға бұрылап ,

Еременді ел көрдік.


IV.Дәптермен жұмыс

80-жаттығуды оқушылар дәптерге орындайды.

Көп нүкткнің орнына- ші, -ла буындарын қойып, сөз жаса. Сол сөздерді буынға бөліп жаз.

Ән..., ба..., кезек..., қа..., да..., сурет... .

81-жаттығудағы гүл күлтешелеріне буын жазып, одан сөз құрауды оқушылармен жарыс түрінде ұйымдастыруға болады.


V.Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Сәйкестендіру тесті:

Екі бағандағы буындардың сәйкес келетінін сәйкестендіріп сызады.

бал лам

дэп ға

қа тер

ша но

ки на

сыр ла

су ға

Барлық жауабы дұрыс —"5"

2 қатеге - "3"

3-4 қатеге - "2"

Оқушылардың өздеріне бағалату.


ҮІ. Қорытынды бөлім.

Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру

Оқушыларға үйден 2, 3, 4 буынды сөздерді құрау тапсырылады.

«Ел рәміздерін құрметтейік достар» деген тақырыпқа хат жазу

54 бет мәнерлеп оқу

ҮІІ. Бағалау.Оқушылардың еңбегін мадақтау.











































Искакова Асель Калкеновна.бастауыш сынып мұғалімі

Қазан орта мектебі,

Қазан ауылы , Ақжар ауданы ,СКО

«Ана тілі пәні» 4 сынып


Сабақтың тақырыбы:С.Мұқанов «Жылқы», М. Жұмабаев «Жылқышы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:С.Мұқановтың «Жылқы», мәтіні мен М. Жұмабаевтың «Жылқышы» өленің мазмұның ашып , идеясын түсінуге жағдай жасау.

Дамутышылығы:көп іздеуге , бірін-бірі тындап , өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс істеуге және сол іс- әрекеттерінен қортынды шығаруға жағдай жасау , шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелігі :төрт түлікті күтіп, баптауға , қамқоршы болуға , жақсы қасиеттерге баға беруге , өзің- өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беру.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайттар, сандықша, жұлдыздар, қима қағаздар.

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап,әңгімелесу, түсіндіру, «Даналық ағашы» ойыны,эссе, өлең,сурет салу, топтастыру.

Түрі : аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал (слайд)

Шаттық шеңбер құру . Хормен айту.

Армысың , алтын күн !

Армысың жер ана!

Армысың ,Көк аспан,

Міне, менің қолым бос

Жылуыма жылу қос.

II. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі: балалар осы әуенді тындағанда қандай ой туып тұр?Көз алдына не елестейді? ( музыкалық сүйелдеме «Адай » күй)

Мақал – мәтелмен жұмыс.

«Асың барда ел таны – беріп жүріп, Атың барда жер таны- желіп жүріп» деген ата- бабамыз қонақ жай ел атанған. Батырларымыз жаудан елін, жерін қорғағанда серігі аты болған.

Сондықтан да «Ер қанаты - ат» деп біліміз. (слайд)

III.Жаңа сабақ (слайд) Балалар, бүгін біз сендермен С.Мұқановтың «Жылқы» мәтінімен танысамыз.

а) Автор туралы мәлмет (Топтастыру стратегиясы) . Оқушылар автор бойынша білгендерін интерактивты тақтаға жазады.

ә) Топқа бөлу

- Есімізге түсірейікші , батыр бабаларымыздың қандай жүйрік , жорға тұлпарлары болған ? (Кендебайдың Керқұласы ,Қобландының Тайбұрылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбардың Қарақасқасы, Ақанның Құлагері)

1- топ- «Тайбұрыл»

2- топ- «Байшұбар»

3- топ -«Құлагер»

4- топ- «Қарақасқа»


IV.Мәтінмен жұмыс.(Слайдтар шығып отырады)

а) Мұғалім оқида

ә) Сөздік жұмыс

Қос шөп шабу, егін салу, егін жинауғ жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп қонуға ыңғайлы, тігу, жығуы оңай баспана.

V. «Даналық ағаш » ойыны

Оқушылар мәтінді жылдам , бірақ мұқият оқиды (гонг)

Енді әр қайсысы мәтін бойынша сұрақ құрап , қағазға жазады. (гонг)

Мұғалімнің қолында сандықша болуы тиіс , соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып,дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс.Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды .(гонг)

VI.Сергіту сәті «Қара жорға»
VII. Ізденіс сәт

Оқушылар жылқы туралы алды- ала ақпарат жинайды. Әр топқа 2-кі сұрақ қойылады.

топ

Жылқыны жасына қарай қалай атайды ?

(құлын,жабағы,тай, құнан, дөнен,бесті,бие)

2-топ

Жүйрік аттарды қалай атайды?

(сәйгүлек, саңлақ, тұлпар, арңымақ, пырақ)

3-топ

Жылқыға байланысты қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің ?

(бәйге, аударыспақ, қыз қуу,көкпар, теңге алу)

4- топ

Қымыздың қандай түрі бар?

(құнан,дөнен,бесті)


VIII. Оыйн «Түсін тап» (слайд)

(Суретке қарай сәйкес жылқының түсін таңдау. Әр топтан бір оқушы шығып көрсетеді)
IX. Өлеңмен жұмыс.

Автор туралы оқушылардан сұрау.



Оқулықпен жұмыс.

а) Өлеңді мәнерлеп оқу

ә) Іштей оқыту

б) Оқушыларға мәнерлеп оқыту

в) Өлең жолдарының мағынасын ашу

3) Сұрақ қою.

- Бұл өлеңінің алдындағы мәтінімен қандай байланысы бар?




Венн диаграммасы.



С. Мұқанов М. Жұмабаев

«Жылқы» «Жылқышы»







IX. Шығармашылық тапсырма

1-топ. Эссе жазу.

2-топ.Сурет салу

3-топ. Өлең құрастыру.

4-топ. Мақал-мәтел жазу.


X.Қарыту. «Ой толғаныс» Оқушылар өз көзқарасын, ойын айтады.

XI. Үйге тапсырма: Түсініп оқып,мазмұнын айту.

XII Бағалау.Берілген жұлдышалар арқылы балаларды бағалау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Буын-ата насихаты

Автор: Искакова Асель Калкеновна

Дата: 17.04.2015

Номер свидетельства: 202592


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства