"Бүгін бізде мереке" атты сыныптан іс-шарасында қыста және көктемде туған балалардың туған күндерін атап өтіледі. Оларға түрлі ойындар ұйымдастырылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Бүгін бізде мереке" атты сыныптан тыс іс-шара»
Тақырыбы: Бүгін бізде мереке. (Туған күнді атап өту)
Мақсаты: а) Қыста және көктемде туған балалардың көңіл - күйін көтеріп , сыныптастарының туған күндерін атап өту. ә) Шығармашылық қабілеттерін және жолдастық қарама - қатынастарын арттыру. б) Ұйымшылдыққа, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде мереке, себебі өз сыныбымыздағы сыныптастарымыздың туған күндерін мерекелемекшіміз. Еркін күліп ойнаймыз, Ертеңді де ойлаймыз. Жолдастықты қадірлеп, Туған күнді тойлаймыз. - Құттықтау мен сыйдың, Иесі мынау гүлдін. Айтыңдаршы, балалар, Туған күні кімдердің? Оқушылар: Анель, Аяжан, Сара, Алема, Жасұлан, Алтыншаш, Аружан. деп хормен айтады. Аты аталған оқушылар орындарынан тұрып сыйлаған гүлді алып өздеріне жеке жасап қойған орынға келіп отырады.
-Балалар , қыс мезгілінде кімнің туған күндері болды? (Сара, Аяжан). Қаңтар айында туылғандар Олар – шыдамды да жігерлі. Тағдырдың қандай тауқыметін тартса да туған - туыстарына салмақ түсірмейді, барлық ауыртпалықты өзі көтеріп, қайсарлық танытады.(Сара) Ақпан айында туылғандар Олар – тік мінезді, ұстамсыздық танытатын кездері көп. Мінезі көңіл күйіне байланысты өзгеріп отырады. Жан - дүниесіне тән қасиет: қиындықтардан қорқуды білмеу, тез шешім қабылдау, қандай шығынға батса да, оны өтеген соң қынжылмай ұмытып кету. Бұл айда туылғандар кекшіл, өзін жәбірлегендерді кешіре бермейді, әлсіздерді менсінбейді, үнемі ақкөңілдік, мейірімділік таныта қоймайды. Біреудің арамдығын іштей сезіп тұрса да, білме - ген сыңай танытады. Өзі сый - ластық танытқан адамы сыйластықпен жауап қайтармаса, ол туысы ма, досы ма, бәрі бір, кейде онымен қарым - қатынасы «қатып» қалады. Негізінен, мұның бәрі осы айда туылған ер адамдарға тән. Олар сұлулықты, тазалықты, әсем әуен, суреттерді, табиғатты сүйеді. (Аяжан)
Ән: Қадыр Мәлика Ойын: «Баста» дегенде шар үрленеді. Жүргізуші 10–ға дейін санайды. 10дегенде үрлеген шарды жібере салу керек. Кімнің шары ары қарай ұшса, сол жеңді.
Мұғалім: Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Көктем мезгілінде кімнің туған күндері болды? Немесе болады әлі?
Наурыз айында туылғандар Олар – өте сезімтал және әсершіл. Тек сәтсіздіктерге мойығыш, бұл қызметтегі өсуі - не басты кедергі. Егерде мойығыш, уайымшылдығын қойып, бірбеткейлік, табандылық танытатын болса, алмайтын асуы аз. (Жасұлан)
Сәуірде туылғандар Көкек (сәуір) айында жарық дүние есігін ашқандардың мінезі – қатал. Олар өз мақсатына жету үшін батылдық, табандылық танытады, шешімді тез қабылдайды, өзіне - өзі есеп беріп, қателігін, кемшілігін, жетістігін саралап, салмақтап отырады. Өздерінің тұрмыс жағдайы оларды қатты толғандырады. Бірқалыпты өмір сүргенді қалайды. (Алема) Мамырда дүниеге келген әйелдер кекшіл, өзіне жамандық жасағандарды оңайлықпен кешіре алмайды. Үй тазалығын сүйеді. Көп уақыты соған кетеді. Әдемі әрі қымбат ыдыс-аяқтарды қалайды. Мереке сайын болмашы бір сыйлық ұсынса да сол адамды көпке дейін мақтап жүреді. (Алтыншаша, Анель, Аружан).
Ән: «Көктем»
Ойын: «Жеміс тап. Берілген сызба бойынша жемісті табу.
Мұғалім: Сен туған күн, мен туған күн, Бізде бүгін көп мереке. Асыр салып кел билейік Құтты болсын бұл мереке
Мұғалім: Жайнасын өмірлерің әр күн сайын Аспанда тұрсын мәңгі күн мен айың, Келешек өміріңе бақыт тілеп Туған күн мерекелеріңмен құттықтаймыз. Ендеше өз сыныптастарымызға туған күн мерекелеріне арнап тілек айтайық.(Әр оқушының тілегін тыңдау)
Мұғалім: Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады. «Көбелек» Хор: Көбелек әні
Үйренеміз өнер біз Шетімізден шеберміз Тақпақ айтып ән шырқаймын Биде билеп береміз Кластер құру Мұғалім: Туған күн мерекесінде кім болса да сыйлық алғанды ұнатады. Ендеше біздің достарымыз да сыйлық күтіп отырған шығар. Олай болса достарымызға дайындаған сыйлығымызды тапсырайық Туған күн иелері хормен: Жасымызға жас қостық Жақсы күнде бас қостық Арманы бір құрдастар Құрметтеріне мың алғыс