Просмотр содержимого документа
«Болаша??а жол бастар, бастауыш білім данасы. »
Бастауыш сынып пәндерінің апталығының ашылуына арналған қойылым
Апталықтың тақырыбы: «Болашаққа жол бастар, бастауыш білім данасы ».
Апталықтың мақсаты: Оқушылардың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, шапшаңдық, ізденімпаздық, іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, өз пікірін қорғай алуға үйрету. Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімділігін көтеру.
Көрнекілігі: Слайд, стенд.
Барысы:
Жүргізуші: Жер бетінде адам өмір өткізер
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар.
Білімменен аспанға жол салынар, -деп Ж. Баласұғыни
айтқандай, бүгінгі күнде ел болашағы жасөспірімдердің сапалы білім мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты.
Сол білімнің көзі бастауышта біріледі емес пе?
Өсіп ой мен санамыз
Өмірге жол саламыз
Білім қуған баламыз
Бастауыш сыныптар арасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар да баршылық.
Бүгін біздің мектебімізде үлкен мереке. Бұл –білім мерекесі. «Болашаққа жол бастар, бастауыш- білім данасы» атты басатауыш пән бірлестігінің апталығын ашуға рұқсат етіңіздер.
Балалар қазір ортаға білім еліне саяхат жасауға Дымбілмеспен Білгішбек келеді.
Білгішбек: Сәлеметсің бе? Дымбілмес бүгін бастауыш сыныптарда аптылқ өткелі жатыр.
Дымбілмес: Апталық, апталық дейсің бе? Е олай болса неге асықтыңдар. Менде осы оқушыларды іздеп жүр едім. Мені білім министрі жіберді арнайы тапсырмамен жіберді . Барлық пәндер бойынша сынақ аламын. Екіліктер қоямын. Ештеңе білмейтіндеріңді дәлелдеп, осы бастауышта қалдырамын.
Дымбілмес: Олай болса алдымен өздеріңнің ана тілідерің-қазақ тілінен білімдеріңді көрейін. Ал кәне кім қандай нақыл сөз біледі?
( Балалар нақыл сөз айтады)
Дымбілмес: Жақсы, нақыл сөздер біледі екенсіңдер. Ал енді Отан, оқу, білім туралы қандай мақал-мәтелдер бар. Кім айтар екен көрейін? (Балалар мақал-мәтелдер айтады)
Дымбілмес: Жарайды, мақал –мәтелдер кімбілмейді дейсің. Оданда мықты болсаңдар «Сөз тақпақтарын» айтып беріңдер.
Білгішбек: Олай емес, сөз тақпақтары емес, сөз таптары. Олар – зат есім..... .
Дымбілмес: Жарайды. Оны да біледі екенсіңдер. Енді қандай тапсырма берсем екен?