Просмотр содержимого документа
«Біз спортты с?йеміз!»
Тақырыбы: «Біз спортты сүйеміз»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылығын арттыр, спортқа деген сүйіспеншілігін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Жүргізуші:Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып,
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Аяздада тоңбайсың,
Ыстыққа да күймейсің,
Сергектікті қолдайсың,
Жалқаулықты сүймейсің,
Бақыт сенен қашпайды,
Өнер білген пайдалы,
Спорт соның айғағы дей тұрып, 3 – 4 сынып оқушылары арасында өткелі жатқан «Біз спортты сүйеміз» атты жарысқа қош келдіңіздер! Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстырып өтейін:
Барысы: Әр топқа үш шеңбер жасалады. Сол шеңберге бірінші ойыншы шелектегі допты бір-бірден қояды. Келесі ойыншы оны жинауы керек. Осылайша ойын жалғасады.
Жүргізуші:
Басты байлық – денсаулық, Бабаң айтқан даналық. Сақта жолын сен тауып, Осы шақтан, балақай.
Сөз кезегі әділ-қазылар мүшесіне беріледі. Жеңімпаз топтарды анықтап марапаттау. Балалар барлығың белсенді қатыстыңдар сендерге көп рахмет
Өткізілген іс-шараға сараптама
Тақырыбы: «Біз спортты сүйеміз»
Мақсаты: Спорттық эстафеталық жарыстарға деген қызығушылығын арттыр, спортқа деген сүйіспеншілігін нығайту. Ептілікке, шапшаңдыққа баулу. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Мектебімізде күзгі демалыстары кезіндегі қауіпсіздігін, сауықтыру және бос уақытын ұйымдастыру мақсатында Біз спортты сүйеміз! атты 3 – 4 сыныптар арасында спорттық сайыс болып өтті. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.
Әр сыныптан бес оқушыдан қатысты.
Сайыстың 1 кезеңінде топты таныстыру болды, барлығы өз топтарының аттарын және ұрандарын айтып өтті.
Ал екінші кезеңі «Доппен секіріп барып, секіріп келу» ойыны, онда балалардың жылдамдығын және ойынға деген белсенділігін арттыру.
Барысы: Белгіленген заттардың арасынан доппен секіріп келуі керек. Қай топ бірінші келеді сол топ жеңімпаз.
Үшінші кезеңі «Орындықта сырғу» ойыны болды, оның мақсаты балаларды шапшаң қимылдауға үйрету.
Барысы: Әр топ қойылған орындық үстінде екі қолды алға созып, кеудемен жатып, ішпен жылжып өтуі керек.
Сайыстың келесі кезеңі «Өрмекші» ойыны деп аталады.Мақсаты: Балаларды ептілікке үйрету.
Барысы:Белгіленген жерге дейін өрмекші болып тез барып, кері жүгіріп орнына бару керек.
Келесі бесінші кезеңі «Кім жылдам» ойыны. Мақсаты: Ойыншыларды шыдамдылыққа жинақылыққа тәрбиелеу.
Барысы: Әр топқа үш шеңбер жасалады. Сол шеңберге бірінші ойыншы шелектегі допты бір-бірден қояды. Келесі ойыншы оны жинауы керек болды. Кезең сайын әр топ өздерін жақсы көрсете білді. Сайыс болғандықтан ішінен үздіктеріде анықталып марапатталды. 1орын 4 «Б» сынып, 2 орын 4 «А» сынып, 3 орын 3 «В» сыныбы иеленді.