1 мамыр – ?аза?стан хал?ыны? бірлігі к?ні. Бізді? Президентіміз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев атап ?ткендей: «Біз бір ?лтты? екінші ?лт?а, бір м?дениетті? бас?а?а ауысып жойылуына ?арсымыз. Сонды?тан, біз мемлекеттік ?лтты? саясат туралы айт?анда, халы?тар арасында?ы т?ра?ты бейбіт ?арым - ?атынасты? ?ана са?талуын емес, сонымен бірге ?лтты? м?дениетті? ?зін дамытуды са?тауды білдіреміз». Бірінші мамыр мейрамы орта? тарих, д?ст?рмен біріккен бізді? к?п ?лтты Республикамыз ?шін ерекше ?ымбат. Бізді? жерімізде ?р?ашан бейбітшілік пен ырыс - береке болсын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Бірлігі жарас?ан ?аза? елі"»
Бекітемін: Күні:
Тақырыбы: Бірлігі жарасқан қазақ елі
1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Бүгінгі халық аралық бірлік күнін бастауға рұқсат етіңіздер!
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін
2 жүргізуші: В нашем государстве действительно проживает множество народностей и религиозных конфесий в мире и согласии. День 1 мая является символом мира и согласия в нашем многонациональном, дружественным государстве!
1 жүргізуші 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей: «Біз бір ұлттың екінші ұлтқа, бір мәдениеттің басқаға ауысып жойылуына қарсымыз. Сондықтан, біз мемлекеттік ұлттық саясат туралы айтқанда, халықтар арасындағы тұрақты бейбіт қарым - қатынастың ғана сақталуын емес, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің өзін дамытуды сақтауды білдіреміз». Бірінші мамыр мейрамы ортақ тарих, дәстүрмен біріккен біздің көп ұлтты Республикамыз үшін ерекше қымбат. Біздің жерімізде әрқашан бейбітшілік пен ырыс - береке болсын.
Алдарыңызда “Атамекен ”әні орындайтын 3 е сыныбы.
2 жүргізуші: Примите наши поздравленья
В прекрасный, яркий, майский день!
Пусть будет ваше настроение Всегда цветущим, как сирень,
Көрініс: «Орыс пен өзбек айтысы». Өзбекке таңырқай қараған орыс: - Сенің ұлтың кім? – Өзбек . - Сен өзбек болсаң өз еліңе неге бармайсың? - Менің өз елім – Қазақстан. - Жоқ сен Өзбекстанда тұруың керек! - О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз отаным деп білемің. - Сен өз еліңе қалайда кетуің керек? - Ал сен орыссың ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің? - Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, Қазақ жігіті келеді) - Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді. - (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз. - О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды! - Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады). «Ұлдар биі ».
1 жүргізуші: Адамзаттың арманын ұғып бірден,
Сенім құйып, үнінен үміт күлген,
Сан халықты бір тудың аясына
Бір әнмен біріктірген.
2 жүргізуші: Мой край родной, Республика свободных
Великих наций, разных языков.
Оценят здесь обычаи народов,
Советы мудрых стариков.
Я прошлым Родины своей горжусь,
Истоки языков познать стремлюсь.
Ендеше 1 мамырдың шығу тарихына көз жүгіртсек Шалқарбай Асел (Слайд)
1 жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын бере,
«Қара жорға» халқын төрге би билеуге шақырамыз!
2 жүргізуші: Эта земля нас сроднила,
Дарила тепло и уют,
Согрела нас всех, накормила
И многим дала здесь приют.
И вот не одно поколение
Мы вместе все дружно живем
С думой о хлебе едином,
Да общие песни поем.
1 жүргізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Тақпақтар:
1-оқушы: Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
2-оқушы:: Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
3--оқушы:Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыт шымын әлемге
Ұмытылмас асылмын.
4-оқушы:Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
5-оқушы:Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
6-оқушы.Мы дружной семьею живём в Казахстане, Татары, уйгуры и русские с нами. Так пусть же крепнет во веки веков Дружба народов всех возрастов
7-оқушы: Қазақ елі қашаннан да жыр елі Тарихында тұлғалар көп киелі. Қазақстан аясында бұрыннан Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді. Бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
8-оқушы:Кім білмес қазағымның қою шайын, Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын. Ақ тілекпен әрбір келген қонағына, Құрметпен шығаратын төрі дайын. Келіңіз ұсынамын төрден орын, «Досым» деген адамға міне қолым. Әр қазақтың жүрегінде осы тілек, Адамзат, оң сапарда болсын жолың
Хормен Жаса, жаса тыныштық Достық бізге тым ыстық, Бірлік – байлық, ырыс – құт
Ұлттар биі.
Ән «ақ көгершін»
2 жүргізуші: Поздравляем от чистого сердца жителей всей страны с днем единства и дружбы народов Казахстана!
1 жүргізуші: Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!