kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Білімді бірді жы?ады"

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Білімді мы?ды жы?ады»
Та?ырыбы:’’Білімді мы?ды жы?ады” 
Ма?саттары: 1. Бастауыш сыныпты? негізгі п?ндері бойынша м?мкін, міндетті де?гейдегі тапсырмалар жайлы білімдерін тексеру.

2. Танымды? а?ыл-ой , логикалы? пайымдау ?абілеттерін дамыту,

п?ндерге  ?ызы?ушылы?ын арттыру.

3.Білімді,дарынды, ?з ойларын на?ты , д?л айта білуге баулу. Жылдамды??а , ал?ырлы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, тапсырмалар, ма?ал-м?телдер

Саба?ты? т?рі: сайыс саба?.

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап,ой-?оз?ау.

Саба?ты?  барысы:

І. ?йымдастыру кезе?і.

     Балалар , б?гін бізде ерекше саба?!

Психологиялы? дайынды?.

           Амансы? ба, алтын к?н!

           Амансы? ба, алтын к?н !

           Амансы? ба, достарым !

           Сендерді к?рсем ?уанам !

К?нге ?олымызды созамыз.

           К?н жары?ын ала?ан?а саламыз

           Ж?регіме басып ?стай ?аламын

           Ізгі ?рі н?зік , жары? , мейірімді

           Болып кетер сонда дереу жан-жа?ы?

         Мен ба?ытты баламын

            Жан д?ниемде к?н н?рлы

            Жылуым мені? бойымда

 Осы жылуды жер бетіндегі барлы? адамдар?а жолдаймын. Мені? о?ы?ым келеді! Білімді ал?ыр бол?ым келеді!

ІІ.Негізгі б?лім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Білімді бірді жы?ады" »

Білімді мыңды жығады



Тақырыбы:’’Білімді мыңды жығады” 
Мақсаттары: 1. Бастауыш сыныптың негізгі пәндері бойынша мүмкін, міндетті деңгейдегі тапсырмалар жайлы білімдерін тексеру.

2. Танымдық ақыл-ой , логикалық пайымдау қабілеттерін дамыту,

пәндерге қызығушылығын арттыру.

3.Білімді,дарынды, өз ойларын нақты , дәл айта білуге баулу. Жылдамдыққа , алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырмалар, мақал-мәтелдер

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ой-қозғау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар , бүгін бізде ерекше сабақ!

Психологиялық дайындық.

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, алтын күн !

Амансың ба, достарым !

Сендерді көрсем қуанам !

Күнге қолымызды созамыз.

Күн жарығын алақанға саламыз

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік , жарық , мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағың

Мен бақытты баламын

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым менің бойымда

Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді алғыр болғым келеді!

ІІ.Негізгі бөлім.

1-жүргізуші. Олай болса « Білімді мыңды жығады!» атты интеллектуалды сайыс сабаққа қош келіңіздер!

2- жүргізуші. Алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.

 

Оқу- ісінің меңгерушісі: Бұлдыбаева Сәнияш Шүленбайқызы

Бастауыш бірлестігінің

жетекшісі: Амирова Ғалия Мұсабайқызы

Бастауыш сынып мұғалімі: Омарбаева Ләззат Омарбайқызы



1-жүргізуші: Ал келіңдер , келіңдер

Біріңе –бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп

Ойынға қатысып көріңдер

2-жүргізуші: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие білім табар ма?

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға-сол алда!

1-жүргізуші: Оқушылар үш топқа бөлінеді.

І топ хормен « Алғырлар»

ІІ топ « Тапқырлар»

ІІІ топ « Зеректер»

2- жүргізуші: Сайыс мына бөлімдерден тұрады.


1. Таныстыру.

2.Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан үзінді.

3.Рәміздермен таныстыру.

4.Бәйге.

5.Ана тілі. Қ. Аманжолов « Туған жер», М.Мұқатаев«Сүйемін, өскен Отаным» , « М. Мақатаев « Қазақстан» өлеңдерін оқу, талдау .

6.Математика. Жасырынған есептерді шығару.

а) Есептерді шығару ә) Күрделі теңдеулерді шығару б) Амалдарды орындау.

7.Қазақ тілі. Сөйлем мүшесіне, сөз құрамына, дыбыстық талдау жасау.

8. Мақал –мәтел . «Біз—Мәңгілік елдің болашағымыз!» --эссе жазу.

1. Таныстыру

1-жүргізуші: 1 топ – « Алғырлар»

2-жүргізуші: 1 топ басшысы—Айбол

1 топ басшысы:

Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізер біздей өренді

Жеңістің мынау шыңына

Сүйсіндірген сөздерді

Шырқап салған әніміз

Біздің сайыс сабаққа

Қош келдіңіз бәріңіз!

Біздің топ: «Алғырлар»

Ұранымыз: «Білекті --бірді жығады,

Білімді –мыңды жығады»

1-жүргізуші: 2 топ « Тапқырлар»

2-жүргізуші:2 топ басшысы -Ерасыл

2 топ басшысы:

Ой ойласаң көп ойла

Алдын артын кең ойла

Шап – шалағай болмасын

Асықпастан кең ойла

Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайың біліміңді

Кешегі анаң айтқан , бабаң айтқан

Тіліне зер салыңдар бұрынғының.


Біздің топ : « Тапқырлар»

Ұранымыз: « Жеті жұрттың тілін біл

Жеті түрлі білім біл»

1-жүргізуші: 3 топ « Зеректер»

2-жүргізуші: 3 топ басшысы –Жанғали

3 топ басшысы:

Жарыстарда озатын

Бәрінен алда болатын

Болашаққа бүгіннен

Білімге қол созатын

«Зеректер» тобынан

Сәлем бердік жалынды.


Біздің топ: «Зеректер»

Ұранымыз: «Біріміз бәріміз үшін

Бәріміз біріміз үшін»

2. Н.Ә.Назарбаевтың жолдауынан үзінді


1-топ: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында «Қазақстан жолы –2050 бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады. Бұл 18 – жолдауы еді. Жолдаудың басты мақсаты –елімізді әлемдегі 30 мемлекеттің қатарына қосу. Тәуелсіздігімізді сақтай отырып , Мәңгілік Ел идеясын баянды ету.


2 топ . Мәңгілік Ел –ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман—әлем елдермен терезесі тең қатынас құрып , әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану.

Ол арман –тұрмысы бақуатты , түтіні түзу ұшқан , ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.




3 топ. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолдауында атап өткен Мәңгілік Елдің болашағы біздің қолымызда. Сондықтан , біз жан-жақты білімді , ақылды азамат болып өсу үшін бар күш жігерімізді аямаймыз.Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып , Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!


3.Рәміздермен таныстыру.

4.Бәйге.

1. « Алғырлар» тобы.

1. « Ана құшағында» әңгімесінің авторы кім?

2. Ұя салмайтын құс.

3. Орман дәрігері.

4. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

5. Жылдамдықты қалай табамыз.

6. «Сәукеле» деген не?

7. 1 кг неше грамм бар?

8. Шаршының қасиеті.

9. Үлек деген не?

10. Бір жылда неше ай бар?


2. « Тапқырлар» тобы


1. «Ғажайып сәуле» әңгімесінің авторы кім?

2. Көшет қай кезде отырғызылады?

3. Қазір қай мезгіл?

4 . Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

5. Арақашықтықты қалай табамыз?

6 . «Сықырлап» келіп қалған не ?

7. 1 тоннада неше кг бар?

8. Тік төртбұрыштың қасиеті.

9. « Торсық» деген не?

10. Бір ғасырда неше жыл бар?


3. « Зеректер» тобы.


1. « Аппақ қыс» өлеңінің авторы кім?

2. Жай көзбен қанша жұлдызды көруге болады?

3. Қыстың көркі не?

4. Кубтың көлемін қалай табамыз?

5. Уақытты қалай табамыз?

6. «Қолғабыс» деген нені білдіреді?

7. 1 тәулікте неше сағат бар?

8. Шеңбердің несін табамыз?

9. «Нейтрон» деген не?

10. Бір жылда неше күн бар?



5. Ана тілі. Қ. Аманжолов « Туған жер», М.Мұқатаев«Сүйемін, өскен Отаным» , « М. Мақатаев « Қазақстан» өлеңдерін оқу, талдау .


6. Математика. . Жасырынған есептерді шығару.

а) Есептерді шығару ә) Күрделі теңдеулерді шығару б) Амалдарды орындау.


7. Қазақ тілі. Сөйлем мүшесіне, сөз құрамына, дыбыстық талдау жасау.


8. Мақал-мәтел жарысы. « Біз—мәңгілік елдің болашағымыз!» эссе жазу

ІІІ. Қорытындылау.

Әділ-қазылар алқасына сөз беріледі. Орындарды анықтап марапатталады.


1-кезең «Бәйге»

«Бәйге»кезеңінің сұрақтары.

1.1м неше мм бар?(1000мм)

2.1кг неше гр бар?(1000гр)

3.1м неше см бар?(100см)

4.8 квадраты нешеге тең?(64)

5.Үшбұрыштың периметрін қалай табамыз?(қабырғаларын қосу арқылы)

6.1ц неше кг бар?(100кг)

7.Кез-келген санды нөлге көбейткенде нешеге тең?(0-ге тең)

8.8:0 неге тең?(0-ге тең)

9.сағат 15:00ді басқаша қалай атауға болады?(сағ 3:00)

10.3 тәул. неше сағ бар?(72 сағ бар)

11.Бірдей екі костьюм 7200 тг тұрады.Осындай 3 костьюм қанша тұрады?(10800 тг тұрады)

12.Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағ ойнады.Әрқайсысы неше сағ ойнады?

(1сағ ойнады)

Бәйге кезеңінің сұрақтары аяқталды.Әділ қазылар алқасы ұпай санын есептегенше 3''a''сынып оқушысы Әбілханов Асқардың орындауында ''Бір бала'' әнін қарсы алыңыздар.

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.

’’Кел, балалар, ойнайық!

Ойнайық та, ойлайық

Қандай сұрақ болса да

Жауабын таппай қоймайық’’,-дей келе келесі кезеңіміз ’’Дода'' кезеңімен таныс болайық.

2 кезең «Дода»

Тақтада ұпайлар саны жазылған сұрақтар берілген.Сол ұпайды таңдау арқылы сұраққа жауап бересіңдер.Сұраққа дұрыс жауап берсең сол ұпай сенің ұпайлар саныңа қосылады,ал егерде дұрыс жауап бермесең,басқа оқушы жауап беру мүмкіндігіне ие бола алады.Басқа оқушы дұрыс жауап берсе ,сол ұпай дұрыс жауап берген оқушының ұпай санына қосылады.Осы дода кезеңінде ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.Ойын шарты түсінікті болса,2 кезең Дода кезеңін бастайық.Алдымен бірінші болып ұпай саны көп оқушы таңдайды.

10 40 10

20 50 20

30 30

Оң жақтағы -10

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?

(1991ж 16-желтоқсанда)

Сол жақтағы-10

Қазақстан тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?

(Т.Әубәкіров 1991 ж 2-қазанда)

Оң жақтағы-20

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?(Қазақ тілі)

Сол жақтағы-20

Қ.Р мемлекеттік әнұранының әнін жазған кім?(Ш.Қалдаяқов)

Оң жақтағы -30

«Қазақ хрестоматиясының»авторы кім?(Ы.Алтынсарин)

Сол жақтағы-30

Елтаңбаның авторлары кім?(Шота-Аман Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков)

Ортадағы-40

Абылайханның азан шақырып қойған есімі кім?(Әбілмансұр)

Ортадағы-50

Атақты күйші Құрманғазының шәкірті кім?(Д.Нұрпейісова)

2 кезең «Дода» кезеңі аяқталды.Әділ-қазылар алқасы ұпайлар санын есептегенше 3’’а’’ сынып оқушылары Өмірзахова Нұрай мен Ерік Игіліктің орындауында

«Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.Ойын шарты бойынша ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.Ойыннан шыққан оқушыға сәттілік тілеу.

«Өнер алды қызыл тіл»,''Жеті жұрттың тілін біл,Жеті түрлі білім біл''демекші келесі кезеңіміз 3-кезең «Тіл өнері» кезеңі.

Бұл кезеңде мақал-мәтелдер,жұмбақтар,сұрақтар беріледі.Соның жалғасын,жауабын тауып орысша аудару керек.Орысша аударылса 20ұпай,ал тек қана жауабын айтса 10 ұпай беріледі.Осы «Тіл өнері»кезеңінде ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.Ойын шарты түсінікті болса,ойынымызды бастайық.Ұпай саны аз оқушы ойынды бастайды.






«Тіл өнері» кезеңі

  • Балғындардың ұясы (мектеп-школа)

  • Жүз теңген болғанша

Жүз … болсын (дос-друг)

  • Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем-весна)

  • Қабат,қабат қаптама

Ақылың болса аттама (кітап-книга)

  • Футболшының алаңдағы ойын заты (доп-мяч)

  • Өзі сондай аппақ

Жесең оны тәтті-ақ (қант-сахар)

  • Әр адамның шағын отаны (отбасы-семья)

  • Ұшқан не? Жүгірген аң,бәрі тамақ (құс-птица)

  • Өзі айлакер,өзі бір қу

Жүген жері айқай да шу (түлкі-лиса)

  • Жеті қазынаның бірі (ит-собака)

  • Өзі таудың бөктерінде өседі

Жаңа жылда үй төріне көшеді (Шырша-елка)

  • Қалқиып екі құлағы

Елеңдеп қорқып тұрады (қоян-заяц)

Тіл өнері кезеңі осымен аяқталды.Әділ қазылар ұпай санын есептегенше 3”а” сынып оқушысы Темірханов Парасаттың орындауында «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар.

Сөз әділ -қазылар алқасына беріледі:

Ойын шарты бойынша ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады.Шыққан оқушыға сәттілік тілеу.

«Көп жасаған білмейді,көп оқыған біледі» демекші келесі соңғы кезеңіміз «Жорға» кезеңін бастайық.Жорға кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Бұл кезеңде сұрақтарға тез-тез жауап беру керек. Білмеген сұрағыңа жауап жок деп айту керек. Егер дұрыс жауап берсең әрбір дұрыс

жауапқа 10 ұпайдан аласың (иеленесің). Ойын шарты түсінікті болса, сайысымызды бастайық.

Ұпай саны көп оқушы бастайды.

1-оқушы (көп)

  • Сиырдың пірі (Зеңгібаба)

  • Жылдан құр қалған жануар (түйе)

  • Басты байлық (денсаулық)

  • Ұя салмайтын құс (көкек)

  • 12 ай қалай аталады? (жыл)

  • «Кел,балалар оқылық» өлеңінің авторы (Ы.Алтынсарин)

  • Көру мүшесі (көз)

  • Абайдың әжесі (Зере)

  • Заттың сынын білдіретін сөзтабы? (сын есім)

  • Ақ алтын (мақта)

2-оқушы (аз)

  • Қойдың пірі (Шопан ата)

  • Денсаулық- (зор байлық)

  • Есту мүшесі (құлақ)

  • 9-мамыр қандай күн? (Жеңіс күні)

  • 7 күн қалай аталады? (апта)

  • Жыл басы не? (тышқан)

  • Әнші құс (бұлбұл)

  • Қазақстанның астанасы? (Астана)

  • Көкжиектің неше тұсы бар?

(4 тұсы бар Батыс,Шығыс,Солтүстік,Оңтүстік)

  • Абай жолы роман-эпопеясының авторы кім? (М.Әуезов)

Осымен жорға кезеңі аяқталды.Әділ-қазылар алқасы қорытынды ұпай сандарын есептеп болғанша 3''a''сынып оқушыларының орындауында «Жас дәуірдің түгеліміз»әнін қарсы алыңыздар!

Сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.

Құрметті халайық осымен «Білімді мыңды жығады» атты сайысымыз аяқталды. Бүгінгі сайысымызды С.Мұқановтың мына сөздерімен аяқтаймын.

Адамдардың әлемінде,

Туыстығын тілеймін.

Шын достықтың әр елінде,

Тым ыстығын тілеймін.

Бақыт,еңбек,береке.

Ырыс күнін тілеймін

Күнде думан мереке

Тыныштығын тілеймін.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Білімді бірді жы?ады"

Автор: Оспанова Оразк?л

Дата: 10.12.2014

Номер свидетельства: 142091


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства