| Күні: | 21.10.2015жыл | |
| Коучинг тақырыбы: | «Білімді бақылау және бағалаудың түрлі әдістері мен формалары» |
| Жалпы мақсат: | Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғындыру |
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104-109 беттер. Әдістемелік нұсқау |
| Оқу нәтижесі: | Балалардың табысты оқуы үшін пәнге деген қызығышылығын оятады, оқушылардың сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді. |
| Негізгі идеялар: | Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттыру. |
| Сабақта қолданылатын материалдар: | Слайд-презентация түрлі-түсті стикерлер, видеосабақтар |
| Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі «Бағдаршам» тәсілі, «дейін-кейін» әдісі. |
| Дерек көздері: | Әдістемелік нұсқау Мұғалімдерге арналған нұсқаулық |
| Тапсырмалар: | Ұсынылатын сұрақтар: Баға дегеніміз не? Бағалау дегенді қалай түсінесіз? Формативті бағалау не үшін қажет? Оқушы білімін бағалауда өзіңіздің іс-тәжірибеңізге өзгеріс енгізесіз бе? |
| І. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) | Коучтың іс-әрекеті Көтеріңкі көңіл орнату үшін «шынжырдан шығу» тренингін ұйымдастырамын. | Мұғалімдердің іс-әрекеті Ақ қағазға жылы лебіздерін жазады да, бір-біріне лақтырады. |
| Ұйымдастыру кезеңі «Дейін- кейін» стратегиясы |  |  |
| | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
| Слайдтар №1 Александердің сөзі, 2001ж Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 104-109 бет | Бүгінгі мектептегі білім беруде Баға-Бағалау-Сандық баға деген ұғым бар. Біз үшін бұл үш сөз синонимдес болғанымен, әртүрлі ұғымды білдіреді. Бағалау-оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін бақылау, оның білім деңгейін анықтау үшін ақпарат жинау; Баға беру-бағалаудың нәтижесі,яғни сапалы кері байланыс; Баға- символ, оқу жетістігін не санмен, не сөзбен таңбалау. «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіреді, себебі бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін бақылауы болып табылады. Бағалау: Формативтік Суммативтік Формативтік бағалаудың (оқыту үшін бағалау, қалыптастырушы) мақсаты: оқушылардың оқуын жақсарту. Оқушы үшін өзінің білімі қай деңгейде екенін біледі, ал мұғалім үшін қай бағытта жұмыс істеу керектігін түсінеді. | Мұқият тыңдап отырып, баяндамашының сөзіне өз тәжіриесінен мысалдар келтіріп отырады.  |
| №2 слайд Бағалау реформасының тобы берген анықтамасы, 2002 ж (112 бет) «Мұқият болайық» ойыны | Оқыту үшін бағалау неге мұғалімдер үшін маңызды? Мұғалімдердің жауабын тыңдап, негізгі фактілерді мысалмен дәлелдеймін. Оқытудың қиындықтарын анықтау; Кері байланыс; Уәж мәжбүрлеу емес, ынталандыру, әрекет етуге итермелеу; Болжау мен сұрыптау яғни оқушының білімін бағалау арқылы біз оның болашағы дамуын болжаймыз. Бұл ойынды тақырыппен байланыстырып,дәлел келтіруді тапсырамын. | Әдіскердің сұрағына жауап береді.   |
| | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
| Сабақтың видео үзіндісі | Мұғалімдерің назарына сабақтың үзіндісін ұсынамын. | Видеоматериалды талдайды. Алған мәліметтерге сүйене отырып бағалаудың түрлерін атайды, фактілерді келтіреді,өз пікірлерін ортаға салады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс: оқушылардың өзін-өзі бағалауы,мұғалімнің бағалауы, ұсыныс жасауға үйретуі,топтық бағалау,жазбаша кері байланыс, баға қоюы, мұғалімнің жиынтық баға шығаруын талқылайды. |
| «Бағдаршам» тәсілі | Әріптестерімнің білім деңгейін бағалау үшін түрлі-түсті стиктің біреуін көрсетуін сұраймын. Практикалық жұмысты қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын. | Қызыл түсі-түсінбедім Сары түс-әлі сұрақтарым бар Жасыл түсі-маған бәрі түсінікті Стиктің біреуін көтереді. |
| |  |  |
| «Алтын күз» мезгілін суреттейміз. Топпен жұмыс | Мұғалімдер оқушының жетістігін ауызша немесе жазбаша түрде бағалайды.Әр мұғалім өз сабағында формативтік бағалау үшін қандай әдіс-тәсіл қолданғанына тоқталып, жазбаша кері байланыс қамтамасыз ететін «Маған көмек қажет» деген дәптерді, сонымен қатар өзімнің әр мұғалімнің ашық сабақтарын жазбаша бағалағанда екі түсті сия қолданғанымды айтамын. Қара сия-сәтті тұстар, ал жасыл сия-менің ұсыныстарым мен туындаған сұрақтарым. | Әдіскер ұсынған әдіс-тәсілдерді дәптерлеріне түртіп алады. Бұл әдіс-тәсілдерді сабақта не үшін қандай мақсатта қолдатыны туралы ой бөліседі. |
| |   |  |
| | | |
| Қорытындылау | Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
| «Толық банка» әдісі | Мұғалімдер алдына бос банка, тас, ұсақ тастар, су, құм қоямын да, банкені бұл заттармен толтыру үшін қай ретімен салу керектігін сұраймын. Ең алдымен, тас-өміріміздің ең маңыздысы отан, отбасы, ата-ана, бала-шаға амандығы; Ұсақ тас-жеке басымызға тілейтін армандар; Құм-бізді бақытты ететін қуанышты сәттер; Су-тіршілік көзі болғандықтан, ұзақ ғұмыр. Толық банке-өміріміз мәнді де сәнді болуын білдіреді. | Өз пікірлерін ұсынады. |
| Рефлексия Екі жұлдыз, бір ұсыныс. |   |  |