Просмотр содержимого документа
«Білім жары?ы – ?ліппе! »
Класы: 1 «Д»
Тақырыбы: «Білім жарығы – Әліппе!»
Өткізген: Г.А.Мухамбетова
Мақсаты: Оқушыларға бар білімнің, ғылымның бастауы Әліппе оқулығының қадір-қасиетін ұғындыру. Оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Білімге құштарлыққа, адам-гершілікке, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: Интерактиві тақта, оқулық макеттері, бейнетаспалар, үлестірмелі әріптер мен сандар.
Барысы: Музыка қосылып тұрады:
Мұғалім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар, келген қонақтар! Бүгін сіздер атты мерекелік бағдарламамызды тамашалағалы отырсыздар. Қоңыр күзде күміс қоңырау үнімен алғашқы білім сабағына енген шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы – Әліппе. Бұл кітап ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Осы Әліппе оқулығы арқылы біздер 42 әріпті меңгеріп,енді одан әрі үлкен-үлкен биік шыңға көтерілмекпіз.Олай болса оқушылар сіздерге Әліппені қалай оқып меңгергендерін,қалай есептеп,қалай жаза алатындарын көрсетейік.Ендеше мерекемізді бастайық.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл- ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Ақарыс: Ассалаумағалейкум, уа халайық!
Жанарыс: Армысыздар, ардақты әкелер мен ару ана аналар
Арай: Кешегі сәби балаңыз .
Жарады міне қараңыз
Ғылым,білім жолына
Енді қайық саламыз.
Сөз кезегін бүлдіршіндерге ақ батасын беруге мектебіміздің директоры, ұстаздардың ұстазы А.Б.Жақсыбаеваға берейік.
Ақарыс: Осы біздер қандаймыз?
Айсу: Мың бұралған бишіміз.
Бағдаулет: Біз қызықпыз,қызықпыз
Сәл еркелеу бұзықпыз.
Айсұлу: Біз шеберміз, ақылдымыз.
Дәулет: Үлкенге ізеттіміз. Кішіге қамқоршымыз.
Әмина: Көп оқимыз, терең оқймыз.
Диас: Өнерліміз.Жанып тұрған шырақпыз.
Толқынды су бұлақпыз.
Аида: Елімізді өркендететін. Қазақ тілін көркемдететін.
Азамат: Бабаларға тағзым ететін. Аналарға бас иетін.
Қарлығаш: Елтаңбасымен еңселі. Туымызбен тұғырлы. Ән ұранмен айбатты-
Хормен«Біз қазақ елінің болашағымыз»
Олжас:
«О»ны десең ол қалай
Ол шыққан күн толған ай.
Ол бір шеңбер дөңгелек
Дөңгелейтін жолда оңай.
Аружан:
Түлкі, тазы, тотықұс,
Тырнаны оған ұосыңыз
Басталар «Т»дан тасбақа
Терек, тара, тасыңыз.
Ернұр:
Астана- Астанам.
Астанам- бас қалам.
Ардақтап атыңды
Аузымнан тастаман
Нұртілек:
Мерекелі науыз,
Берекелі нанымыз.
«Н» әрпінен басталар
Нөл дейтұғын санымыз.
Хор «Отан»
Бекзат:
Әліппем менің Әліппем.
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
Аружан:
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте.
Оқимыз қазір ертек те,
Үйреткен оны Әліппе?
Бағдаулет:
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Ақарыс:
Балалар, мен сендерге сұрақ қоямын:
Іші толы әріпке.
Білімдегі жарық не?
Оқушылар хормен: Болашаққа жол ашар.
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім: Олай болса сүйікті Әліппе оқулығын ортаға шақырайық:
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе келеді: Ішім толы әріпке
Менмін әйбат әліппе
Барлық ілім-білімнің
Бастауы мен –Әліппе!
Менің бұл жерде 40 әріп, 2 таңбам бар. Ал сіздерге әріптердің сөйлегендігі туралы ертегі айтып берейін.
Ерте, ерте, ертеде, Ешкі жүні бөртеде, Қырғауылы қызыл екен, Құйрық жүні ұзын екен.
Баяғыда орманда екі үй болыпты: біреуі көк, біреуі қызыл. Көк үйде дауыссыз дыбыстар, қызыл үйде дауысты дыбыстар тұрыпты. Олардың атасы «Әліпби» деген дана болыпты. Осы екі үйдің қызыл үйшіктегі әріптері дауыс шығарып, көңілді тұрыпты да, ал, көк үйдегі әріптер үнсіз өмір сүріпті.
Бұны көрген Әліпби « Мен осы екі үйдегі әріптерді араластырсам не болар екен?» деп ойланып, араластырыпты. Сөйтсе ғажап бір жайға куә болыпты. Әріптері сөйлей жөнеліпті. Осылайша әріперден сөз, сөйлем пайда болыпты. Енді кезекті осы әріптерге берейік:
Азамат:
Лағыл деген тас болады,
«Л» әрпінен басталады
Лақ суды лайласа
Өз үсті де лас болады.
Перизат:
Мұғалім,мектеп,мекеме,
Молда,мешіт,Мекке де.
М әрпінен басталар
Мемлекет, мекен десеңде.
Аида:
«Р» ға тілі келмейді
Кей баланың басында.
«Р» де десең «И» дейді,
Ол басқа әріп расында.
Айсұлу:
«Ң» құйрықты бұрыннан
Айтылады мұрыннан.
Сөз басында келмейді.
Сөз соңына бұғынған.
Хор: « Әліппе»
Мұғалім:
Балалар, өнер-білімнің барлығы да мектептен басталады. Біз әліппенің арқасында көп нәрсені оқып, үйрендік. Жүрекке жылы тиетін «Отан», «Ата-ана», «Мектеп», «Ұстаз», «Әліппе» сөзімен таныстық, олай болса мен сіздерге әріпті жұмбақ жасырамын, жұмбақтың шешуіндегі әріп коронасын киген оқушы ортаға шыға қойыңыздар:
Ұ- Қызықтырып әркімді,
Аспанда ұшып барады.
Темір тұлпар басқарған
Адамды кім табады?
С- Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
Т- Бастайды ол таңды да
Бастайды ол талды да
Келіп тұрған қай әріп
Тау мен тастың алдында
А- Бір мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
Ата-ана сөздерін
Қайсы әріп бастаған.
З- Қаздан көре аласың,
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап,
«Үш» екен деп қаласың.
Темірлан:
Ұшқыш, ұлу, ұстара,
Ұл да, ұн да, ұстада,
«Ұ» әрпінен басталар
Ұмытпа есте сақта да.
Назира:
Саптамаған орақтай,
«С» жаңадан туған ай
Сұлудың қиғаш қасына
Теңеген жырлап оны Абай.
Бейбарыс
«Т» ұқсайды тұғырға
Айту да оңай ұғу да
Тіліңді тіреп тісіңе
Тиіссең үн мен ұруға
Айсу:
«А» әрпінен басталған
Сана өлең сөздерін
Тағы қандай сөз «А»дан
Басталар тап өздерің.
Бекжан:
«З»әрпі қандай сөзде бар
Десек ауыз, көзде бар.
Терезеге қарашы
Одан да «З» кез болар.
Мұғалім: Ал, енді оқушылар, әліппе кезеңінде оқығандарымыздан қойылым ұсынайық: «Көйлек маған қайдан келді?» қойылымы.
Қарлығаш: Ал, мен өзім, алуды болмаса, көп қоса бермеймін.
Назира: Достар! Одан да «Математика» деген досымыздан сұрайық.
Математика оқулығы келеді:
Саламатсыз, балалар!
Мен математика, есеппін,
Сұрақ қойсам шешер кім?
Жүйріктерді байқайын,
Жауабын тез тап есептің.
(басына сандары жазылған коронаны киіп, екі топқа бөлінген 12 оқушы шығады, математика оқулығы мысалдар айтады, жауабы жазылған корона киген оқушылар ортаға шығады, бірінші шыққан команда жеңіске жетеді)
Айсу: Біз әліппені бітірген соң не істейміз?
Адиля: Соны мен де ойлап тұрмын.
Дәулеткерей: Шынымен де не оқимыз?
Айсұлу: Қиналатын түгі де жоқ.
Аружан: Достарым, ана тілі досымыз бар емес пе? Олай болса сол досымызды шақырайық.
Ана тілі: Армысыз, балалар! Неткен білімілер десеңші!
Кітап оқу адамға
Әкеледі жақсылық.
Ой ұшқындап санаңда
Оянады жақсы үміт.
Ұсынылатын тектілік
Кітап қана қорғаның,
Көп оқысаң көп біліп,
Нағыз жігіт болғаның.
Балалар, сендер енді сүйікті Әліппемен қоштасып, менімен дос боласыңдар, сондықтан мен сендерге өзімнің алып келген сыйлығымды бергім келіп отыр, көп оқып үлкен азамат болыңдар. Менің ақ тілегм осы!
Өзін-өзі тану :
Балалар! Мені Әліппелеріңдей жақсы көрмейті сияқтысыз ғой. Әйтпесе мені де шақырар едіңіздер. Мен сыныпта қалып қойдым. Әрі күттім, бері күттім, болмағасын өзім келдім. Менің де қосар үлсім көп қой.
Мұғалім:
Жоқ, олай ойламаңыз, балалар сізден жақсылық пен жамандықты, үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті, дос бола білуді оқып білді. Сол білгендерін ортаға салмақшы, ол үшін, балалар фантамимо қойып береді, ал ата- аналар сол фантамимоның жауабын шешуге тиіс.
Фантамимо:
Қыздар биі:
Хор: «Әліппеге рахмет»
Құрметті қонақтар! Міне бүгінгі 1 «Д» класының даярлаған «Білім жарығы – Әліппе» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!
Күні: 03.03.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Жазғытұрым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер туралы түсіндіру, өлеңнің мазмұнын ашу;
а) Заттың атын білдіретін сөздерді және олардың сұрақтарын меңгерту, сауатты жазуға, шапшаң оқуға, машықтандыру; ә) Оқушылардың есте сақтауын қалыптастыру, балалардың сөздік қорын дамыту;
Сабақтың типі: оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ;
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік көрсету арқылы.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика;
Көрнекілігі: карточкалар, плакаттар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, партада дұрыс отыру.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Ардақта тіліңді, ардақта тіліңді, Ал одан білімді. Өз тілің үйретер, өнерді ғылымды. Ғылымсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Қазақстан Республикасының Әнұраны» тізбектеп жатқа сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ:
Ой қозғау: Тест
1. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша не болады? А) буын Ә) әріп Б) сөйлем 2. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап. А) тая – қ Ә) жұ – мырт - қа Б) дә – п – тер 3. Бір буынды сөзді тап. А) қарағай Ә) таға Б) шөп 4. Екі буынды сөзді тап. А) аспан Ә) үй Б) долана 5. Мына сызба Δ – Δ бойынша берілген сөзді тап. А) ба – тыр Ә) да – на Б) а – қын
Кілті: 1. А 2. Ә 3. Б 4. А 5. Ә
Балалар, қазақ тілінде заттың атын білдіретін сөздер бар, ол – заттың атын білдіріп Кім?, Не? сұрақтарына жауап береді. Адамдарға, мамандықтары бойынша айтылған сөздерге Кім?, жан – жануарларға , бұйымдарға Не? сұрағы қойылады. Мыс: кітап – Не?, қалам – Не?, оқушы – Кім?, сауыншы - Кім? Соған байланысты бүгін жаттығулар орындаймыз.
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде қандай өзгерістер байқадыңдар? Күн жылынып, қар еріп, жердің беті қарайып, жылы жел соғып, адамдар қалың киімдерін тастап, жеңіл киінетін уақатты тағы «Жазғытұрым» деп те атаған. Бүгінгі тақырыбымыз да «Жазғытұрым» болмақ, сондықтан кітабымыздың келесі бетін ашайық
Оқулықпен жұмыс:
Өлең авторы І.Жансүгіровпен таныстыру:
Жансүгіров Ілияс – ақын. 1894 ж. 14-мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. Қарағаш ауылында жәдитше бастауыш мектепті бітіреді. 1919 ж. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет атқарады. 1922 ж. Верныйдағы (Алматы) Қазақ ағарту институтының меңгерушілігіне тағайындалады. 1925 ж. Мәскеудегі Журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1928 ж. бітіріп шығады.
Канекей балалар, енді осы ағамыздың «Жазғытұрым» өлеңін оқып шығайық.
Өлеңді мәнерлі оқып беру
Сөздік жұмыс:
Ой, балалар, балалар! Жылы-жылы жел соқты, Жылғалардан су ақты. Балалар бұл өлең кімдерге арнап айтылып жатыр? Жылы- жылы не соқты? Жылғалардан не ақты?
Қаңқыл – қаңқыл қаз кепті, Жер қарайды – жаз кепті. Қаңқылдап не келді? Не қарайды?
Желкілдейді көк майса, Желіндейді мал жайса. Желкілдейді көк майса шөптердің жылы желмен жайқалуы. Желіндейді мал жайса – сол шөптерге малдар жайылып, тойынып, сүтінің көбеюін айтады.
Ауыл көшті қыстаудан, Әне апамдар қой сауған. Қыстаудан – ертеде аталарымыз малмен күнелткен, сондықтан ммалдың жайын жасау үшін қыста қыстауға, жазда жайлауға көшіп – қонып жүретін болған, қыстауда малға жылы жағдай жасалған.
Тақтамен жұмыс:
Аю Сүт Бүркіт Ұшқыш Тігінші Өзендердің суретін заттың атын білдіретін сөздер сұрақтарының қасына апару, сол сөздерді тақтаға жазу.
Сергіту сәті:
Дәптермен жұмыс:
83 – жаттығу
Балалар, енді 83-жаттығуға қарайық, мұнда суреттер берілген. Осы суреттерге қарап әңгіме құрайықшы. (Сөйлемдер құрату, Кім?, Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табу. Дәптерге жазу.)
V. Сабақты бекіту:
«Сәйкестендіру» Кім?, Не? сұрақтарына жауап беретін суреттерді Кім?, Не? сұрақтарына сәйкестендіру.
«Қайсысы артық?» ойындары арқылы бекіту.
(А 3 форматында 6 сурет берілген, соның артығын табу керек, мұнда оқушылардың суреті артық, себебі басқа суреттер Не?сұрағына жауап беріп, оқушылар ғана Кім? сұрағына жауап беріп тұр).
ІV. Үй тапсырмасын беру:
84 – жаттығу жазу, «Жазғытұрым» өлеңін жаттау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Қорытынды:
-Бүгін біз не үйрендік?