kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауышым-ба?ытты ша?ым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауышым – ба?ытты ша?ым»

 Ма?саты: 1. Білімні? сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта ал?ан  білімні?  негіз болып ?аланатынына к?з жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, ал?аш ?олына ?алам ?стат?ан ал?аш?ы ?стазымен ?оштаса отырып, орта буында д?ріс беретін ?стаздармен таныстыру,?р баланы? ерекшелігін  таныта отырып, с?т – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті, ?стаздарын ??рметтеп, білімге деген ??штарл?ын арттыру.?з Отаныныны? адал ?лы мен ?ызы болу?а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышым-ба?ытты ша?ым"»

«Бастауышым – бақытты шағым»

 Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;

Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.

 Көңілді әуен ойналып тұрады.

 Кіріспе сөз:Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

 Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

 Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап»Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары,«Әдепті бала», «Әнші , биші балапан», «Кішкентай күз аруы», «Наурыз аруы», «Кішкентай жігіт сұлтаны», Мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

  Жүргізуші:

Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
 Шырылдаған  тыныш  алмай,
Қоңыраудың  үні  қандай!
Мақсатына  жете  ме  адам
Оқу  оқып, білім  алмай.

Ғаламның  көп  тас  қамалы,
Ғаламдық  та  асқаралы,
Біз  ұстаған  кіп-кішкентай
«Әліппеден»  басталады – деп  жырлай  отырып, тарыдай  болып  кіріп, ақыл-ойлары  толысып,оң  мен  солын  танып,  жақсы  мен  жаманды  айыра  білуді

  үйренген  шәкірттеріміздің  бастауыш  сыныпты   аяқтау  мерекесіне  қош  келдіңіздер!





Мұғалім:

-Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Жансая:

Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

Куат:

Есімде ұстаздың алғашқарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Енді міне, сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті,

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

Асылбек:

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Аружан:

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.

Нұржан:

Мынау менің сезгенім:

Ол-кластың анасы.

Өзінің де, өзгенің

Баласы-оның баласы.

Қай кезде де мұғалім,

Қайғырмайды өзі үшін,

Біздер үшін қуанып,

Қызарадыбіз үшін.

«Күнде бестік» алсаң сен,

Онда басқа жоқ арман,

Ал оқымай барсаң сен,

Бір тал шашы ағарған.

Жақсы болсаң, шынында,

Қартаймас деп айта алам.

Жаңа оқу жылында

Жасарады қайтадан.

Карина:

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты.

Ең алғаш басталады осы адамнан,

Сйеді сондытан да жақын, жаты..

Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,

Сыйлайды, мәңгі баи беріп төрің.

Райымбек:

Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.



Жүргізуші:

Білімді жан әрқашан да бағалы,

Білім барда айтқан сөзі даналы.

Құттықтау сөзді алады.

Мектеп басшысы. Садуова Бахытгүл Тасболатқызы

Жүргізуші:

«Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,

үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті таныпытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім.Олай болса, келесі ән ұстаздарға арналады.

Ән «Мұғалім –ол біздің» хормен.


Анель:

Сауле Саматайқызы анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңізден
Шәкірттен өз бақытын аямаған.



Қарлығаш:

Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін
Алмагүл Қайроллақызы есіміңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейіліңізге ұқсап тұрып біз сізді
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.














Диас:

Музыка атты пәніміз,
Айтылар онда әніміз.
Несіп апай үйретсе
Шырқатамыз бәріміз.

Арман:

Орыс тілі әр кезде керек ертең
Гүлнар апайымыздың көңілі өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.


Зият: Жүрегімде Гүлназ апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын
Мәңгі бақи есімізде қалады.



Дастан:

Мектебімде Даулет ағай мен Дауренбек ағайлар бар
Бізді олар секіртеді, жүгіртеді.
Жаттығудың неше түрін жасатып,
Әрқашан денең шымыр болсын дейді.

Жүргізуші:

  Әрбір  пәннің  өзіндік  әр  сыры  бар,

Әрбір  пәннің  өзіне  айтар  жыры   бар.

Сол  пәндердің  құпиясын  жеткізген

Әр  ұстаздың  жадымызда  үні  бар.

Көрініс «Пәндер сайысы»

Аружан математика:

-Достар, жүріңдер, Ғылымға барып ақыл - кеңес алып, Даудың төрелігін сұрайық.
Райымбек Ғылым: -Бұл не айқай, бұл не шу?
Аружан математика: - Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Райымбек Ғылым:- Ендеше баяндаңдар.
Аружан математика:

- Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы т. б. ғылымдар есебін қалай есептейді?
Анель Ана тілі:

- Жоқ. Мәртебелі Ғылым, адам баласы Ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесі мәнін білмес еді.
Нұржан Қазақ тілі:

-Қазақ тілі болмас дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қанша әріп барын білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Зият Орыс тілі: -Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса қалайша ол үштұғырлы тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінін аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Карина Дүниетану:

-Ал мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салты құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін.
Дастан дене тәрбиесі:

-Қымбатты достар! Барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін, ең алдымен, дене қозғалысы, шымыр болу керек.
Райымбек Ғылым: -Өзін - өзі тану қайда? Ол неге үндемейді?
Жансая Өзін - өзі тану: -Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырмен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті қадағалайтын өзін тану арқылы өзгеге үлгі болуға мүмкіндік бар деп сөзімді қорытамын.
Райымбек Ғылым: -Барлығыңның жауаптарыңды тыңдадым. Десек те, өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Адамдар таза ауада тынығады, дене үнемі қозғалыста болуы шарт, үш тілді меңгеру арқылы шетелдерде іссапарда болады, есеп арқылы білімдерін шыңдайды. Бәрің де бір - біріңмен тығыз байланысты ғылымсыңдар. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп татулықпен тарасайық, достар!

Жүргізуші: Бізді болашаққа не бастайды?


Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы
Ата - ананың ақылы
Болашаққа деген сенім.

Жүргізуші:
Мың бұрала билейтін, 
Биді жақсы көретін. 
Қыздарымыз бар біздің 
түрлі биді билейтін.

«Оқушылар биі» Жансая,Қарлығаш, Анель,Аружан,Карина

Құттықтау сөз кезегі ата-аналарға беріледі.

Жүргізуші:

Қозы бағып жүргенде,

Жаңбыр жауды.

Бір тамшысын әкелдім,

Анам, саған!

Гүлдер жауып кетіпті

Қырды, тауды.

Бір шоқ теріп әкелдім,

Анам, саған!

Ән шашу «Асыл ана» Қарлығаш, Анель,Аружан,Карина

Жүргізуші:

Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

Би «мадагаскар» Жансая,Дастан, Нұржан,Райымбек,Асылбек

Келесі құттықтау сөз кезегі мектеп кітапханашысы Үміт апайымызға беріледі.

Жүргізуші:
-Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кендігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде, өмір сүруші әрбір адам өз Отаның жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Оны ішкі-сыртқы дұшпандардаң қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.    

Ән «Қуынышым қазынам»   

Жүргізуші:
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

-Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

Би «аналарға арнау»

Жүргізуші:

-Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады...

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын.Барлығы: Мәңгі,мәңгі,мәңгі есімде қалады.

Мектеп вальсі
Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Жүргізуші: Осымен «Бастауышым – бақытты шағым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.





















































Потанин жалпы орта білім беретін мектебі





















«Бастауышым-балбұлағым»















Өткізген: Саматова С.С.



























2013-2014 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бастауышым-ба?ытты ша?ым"

Автор: Саматова Сауле Саматаевна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 286018


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства