kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауышым-ба?ытты балалы?ым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

dfghnjmmfcdcfvhnjmk,fcdxscbnm,mnbvfcdxcfvnm,mnbvcxcvbnm,mnbvcdvbnm,.,bvcvbnm, cvbnhjhfcdxssxdcddddddddddddddddddddcccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccccfffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffffwdsdxvcgbnhjmk,ml.,kgdcdxcdzfvgbhxnjk,l.n,knmjhbgvfcdxsdcgbhnjmk,mjnbvfcdxsc,mnbvfcdxscjmk,mjnhbgvfcdvgbnjmjnbvfcdvbjmkjnhbgvfcdvgnjmnhbvfcdmjnvcvnmnbvcvhj

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышым-ба?ытты балалы?ым"»


Тақырыбы: Бастауышым-бақытты балалығым.


Зал безендірілген. Ортада стол, әр столда шар, гүл. Ата-аналар екі жағында отырады.

Жеңіл әуен ойналып тұрады.

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар.

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Бастауыштың қоштасар бүгін тойында.»»,

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!

Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

3-жүргізуші: Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен - солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.


1 -жүргізуші:

«Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ұстазымыз 4 жыл бойы білім нәрімен сусындатты. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.


2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалымда, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшыда, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкерде, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.


3-жүргізуші: Ия, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені, 4 жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.


1-жүргізуші: Ендеше бүгінгі мерекенің иегерлерін ортаға шақырайық.

4 «А» сынып, сынып жетекшісі: Дуйсенбекова Бибізада Бердібекқызы


2-жүргізуші: 4 «Б» сынып , сынып жетекшісі: Толыбекова Арайлым Сахиқызы


3-жүргізуші: 4 «В» сынып, сынып жетекшісі: Қуатова Жанат Муфтуллақызы

Гимн

1-жүргізуші: Бүгінгі мерекелік жиынымызды ашу үшін сөзді №23 Ж.Қизатов атындағы мектеп-лицейдің директоры Кужаниязова Лейла Ақбергенқызына береміз.

( Директор сөзі)


Ән :




2- жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық


Біз қандай едік? Интерактивті тақтадан 5-6 минуттық көрініс.

3- жүргізуші: Біз алғаш мектеп табалдырығын аттағанда қандай болдық? Интерактивті тақтаға назар аударайық.


1 -жүргізуші: Келесі сөзді той иелеріне береміз.

1-оқушы: Өсті міне, бойымыз,

Өсті міне, ойымыз.

Қуанышқа ортақпыз,

Құтты болсын тойымыз!

Той құтты болсын, халайық!


2-оқушы: Алдыңа келіп ұстазым,

Тұңғыш қалам ұстадым.

Күлімдеген көзіңнен

Мейірімі сезілген.

Сипадың да басымнан

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан

Басталғанын түсіндім.


3-оқушы: Әлі есімде, мектепке алғаш барғаным,

Өз қолыммен Әліппені алғаным,

Ақтардым да Әліппенің парағын.

Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.


4-оқушы: Оқытты ұстаз анамыз

Өсті білім санамыз.

Білгір ер боп өсетін

Біз бақытты баламыз.

Бойымызда бұла күш

Еркін өскен ұланбыз

Оқу-білім үйреткен

Хормен: Ұстаздарға мың алғыс3


5-оқушы: Алғаш рет өзіңнен

Білім алар балалар.

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алар балалар.

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.


6-оқушы: Балғын бала-бастауым,

Сәтті қадам бастадым,

Біліп көрдім оқуды,

4 жылды артқа тастадым.

Мен үйрендім білімді,

Төктім, бар ой, терімді,

Ұқтым, күліп, ойнадым,

Көтеріп әр сәт көңілімді.


7- оқушы :

Балалықтың бал дәурені

Аялады біздерді

Ұстаз – ана мейірімі

Саялады біздерді

Қимастықтан жүрегіміз

Елжірейді бүгінде

Ораламыз біз өзіңе

Ұмытпаймыз, Бастауышым!



8-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат,

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ.

9-оқушы:


Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

Барлығымыз

Күлімдейміз,

Бір бақшаның

Гүліндейміз

Таланттымыз,

Қанаттымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз.

Бір класпыз.


10-оқушы: 1 қыркүйек күні мен

Аңқыған жұпар гүліммен

Келіп ем, қарсы алды мектебім

Сүйкімді қоңырау үнімен.


1- жүргізуші:

Алғашқы ұстаздарымыз Бибізада Бердібекқызы, Арайлым Сахиқызы, Жанат Муфтуллақызы-сіздерге арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

11-оқушы.

Мейірімді жаны жұмсақ анамдайсың,

Шәкіртің түгілі туған балаңдай шын.

Жанарың жанға жайлы жүрігіңмен,

Келді күн қоштасатын, қала алмайтын.

Зырылдап төрт жыл уақыт өтті кетті,

Төліңнен бөлінетін уақыт жетті.

Анамдай Бибізада апай өзіңізбен,

Қия алмай қоштасатын уақыт жетті.


12- оқушы:

Бір сатыға көтеріліп барамыз

Бірақ біздің алшақтамас арамыз

Менің бала жүрегімде орын ап

Арайлым апай сіз мәңгілік қаласыз.

Оқытып бізді жан-жақты

Рақмет сізге айтамыз


13-оқушы:


Жағымды жайлы үнімен,

Үйретіп ана тілімен

Оқып, жазып үйреткен

Жанат апай біз сізбен

Қоштасамыз шынымен.




1-жүргізуші Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп.

Шәкірттерін баулады тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып. –деп бүлдіршіндеріңіздің шын көңілінен шыққан әнін қабыл алыңыз.

Ән: «Ұстазым»

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдап,пән атаулыны зер салып оқып, үйреніп жүреміз. Әрбір пән мұғаліміне жан-жақты білім бергені үшін алғысымыздың шегі жоқ.

3-жүргізуші: Құрметті ұстаздар ! Біз сіздерден үлгі аламыз, сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзегімізден шыққан алғыс сөзімізді тыңдаңыздар.

1-жүргізуші: Біз 4 жыл ішінде тек өз ана тілімізде ғана емес, өзге тілдерді де үйрендік. Ия, сол тілдердің бірі, біз 1 сыныптан бері ана тілімізбен қатар оқып келе жатқан тіліміз, ол – орыс тілі.

14-оқушы:

Сен менің, әкемдейсің, анамдайсың,

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың.

Гүлжан апай сізден артық ақылшым жоқ,

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.


15-оқушы: Сабырлы да салмақты

Білімді ұстаз ардақты

Табыстырған орыс тілімен

Оқытты бізді жан-жақты.

Рахмет сізге Гүлмира апай !

16-оқушы: Слышишь песенку ручья?

Это – Родина твоя.

Слышишь голос соловья?

Это – Родина твоя.

Школа, где твой друзья,

Это – Родина твоя.


17-оқушы: Мы еще раз вспомним звонок весёлый,

Что прозвенел нам в первый раз?

Когда вошли с цветами в школу,

В самой лучший класс.


2- жүргізуші: Спасибо вам за все хорошее!

Ән

18-оқушы: Мы знаем не только русский язык. Мы учили и английский язык. Мы легко переводим слова

Мама – mother, папа – father, Родина – Motherland


19- оқушы:Бақытжан апайға

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Шетел тілін үйреткен апайыма

Алғысымды мен бүгін жеткіземін.



20- оқушы: Еңбекке баулу пәнінің мұғалімі Камила апайға

Камила апай өнерлі,

Бізге үйретті өнерді.

Құрмет тұтып шеберді,

Барлығы жақсы көреді.


Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Надежда апайға

21-оқушы:

Айнытпай салар жер бетін,

Саласыз әр жан келбетін

Қылқаламмен бояуы

Суретін салар жер-көктің.

Надежда апай мен сізге

Алғысын айтам шын көптің.

Ән:


1- жүргізуші :

Екі шектің бірін артық,

Бірін сәл-пәл кем бұра

Нағыз қазақ ,қазақ емес,

Нағыз қазақ – домбыра – демекші музыка сабағынан ән үйретіп, қасиетті домбыраның үнін , сырын біздің жүрегімізге сала білген Несібелі апайымыздың еңбегі де зор.

2-жүргізуші :

Әр мектептің мерекесінде , біздің әр тәрбие сағатымызда сыңғырлаған әсем үнімен , әнімен елді қуанышқа бөлейді. Біздің шын көңілімізден шыққан өлең шумағын қабыл алыңыз.

22-оқушы: Әуез пәнінің мұғалімі Несібелі Аханқызына

Сұлулықтың сәні бар,

Жақсы сөздің мәні бар.

Несібелі апайдың,

Бойында әсем әні бар.

Қуанышпен әр тойда

Несібелі апай табылар,

Тілегімді қабыл ал!

23- оқушы: Құрбылар, қараңдаршы апай маған мына әріптерді берді.

- Неге?

- Мен таптым.

24- оқушы: А дегенім – аналар ғой ардақты.

25-оқушы: Ә дегенім - әкелер ғой салмақты.

26-оқушы: Анадан жоқ аяулы әлемде

27-оқушы: Әкелер ғой сыйлайтұғын бар бақты.

28-оқушы: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген әке-шешеміз.

29-оқушы: Қиындықта әркез бізбен бірге болатын да ата-ана.

30-оқушы: Бұл өмірде бәріміз ата-анаға қарыздармыз.

31-оқушы: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген нақыл сөз бар.

32-оқушы: Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

3-жүргізуші: Қымбатты біздің ата-аналарымыз сіздерге арналған балаларыңыздың

Шын көңілінен шыққан өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

33- оқушы: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем, еңбек етем,

Жан ана сеніміңді ақтау үшін.

34-оқушы: Дүниеге әкелген ол да сенсің, анашым,

Ақ сүт беріп өсірген ол да сенсің анашым.

Тіл алмасам кешірген ол да сенсің анашым.

Мәпелеген баласын ол да сенсің анашым.

35-оқушы: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың,

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.

1-жүргізуші: Осы аяулы аналарымызға ән-шашуымызды жолдаймыз

Ән.

36-оқушы: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген

Суыққа шалындырмай мәпелеген,

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

37-оқушы: Әкешім, тілеуіңді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен,

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,

Ақылды балаларың оны білген.

2-жүргізуші: Асқар таудай әкелерімізге арналған ән-шашуымызды қабыл алыңыздар!

3- жүргізуші: Құрбылар, бізді болашаққа не бастайды?

38-оқушы: Ұстаздың көрсеткен жолы,

Ата-ананың ақылы.

Болашаққа деген сенім.

  1. Жүргізуші: Достар, бүгін бізде мейрам. Бастауышты бітіріп жатырмыз.

Бір-бірлеріне қандай жақсы тілек тілер едіңдер?


39-оқушы: Құтты болсын, құрбыжан

Алға аттаған қадамың!

Білім деп соқсың жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын. (бестік баға шашады)


40-оқушы: Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін.

Бір сынып тағы өрлесін.

Жайқалып тұрған көктемгі

Өмірің сенің гүл болсын! (гүл шашады)


41-оқушы: Өмір деген сан-саналы қиыр жол,

Адаспасаң одан да аларың мол.

Ұстаз, ана, әкенің, құрбының да

Саған достым тілейтіні тек ақ жол! (күріш)

Ән.


42-оқушы: Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда.

Өмірге ұлы самғауға,

Жар бола көрсін бір Алла!

Ән:

1-жүргізуші: Бүгінгі қоңырау үні біз үшін ерекше. Ол біздің бастауыш сыныппен қоштасып, сәби шақтан өмірдің келесі баспалдағына – оқу, білім, ізденіс жолдарына шығарып салатын қоңырау үні. (қоңырау соғу)

Хор: Бастауыш мектеп

1-жүргізуші: Біз жан-жақтымыз.

Біз 4 жыл бойы бастауышта білім алдық, пәндік олимпиадаларға да , сайыстарға қатысып, спортта да алда болдық. Сайыстарға қатысып, өз білімдерімізді көрсете білдік.

(әр сыныптың жүлдегерлерін атау)









43-оқушы:

Амалсыздан қоштасар кезімізде,

Нышаны қимастықтың көзімізде.

Арманның қанатында қиялдаймыз,

Сіздерді біз ешқашан қия алмаймыз.

44-оқушы:

Қош бол, қош бол бастауыш!

Жаңғырады сан дауыс

Ешқашанда біз өзіңді,

Ұмытпаймыз бастауыш!


1-жүргізуші:

Өзіңсің балауса көктемім,

Мен сенен нәр алдым көктедім.

Өмірде алғашқы өткелім,

Рахмет, саған, бастауыш мектебім!

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар,ұстаздар, жақсы шәкірт азамат атанады.

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы


3-жүргізуші:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!-дей келе бүгінгі «Бастауышым-бақытты балалығым» атты мерекемізді аяқтаймыз! Келгендеріңізге көп-көп, рахмет!

Құттықтау сөздер.

Хор.

. Хор. «Қоштасуға арнау» (Құрдастар әніне салу)

Төрт жыл бұрын білім жолын бастап едік,

Босағасын алтын ұя ашқан едік

Бәрімізде кіп-кішкентай сәби болып,

Келіп едік құрдастар.

Енді, міне, бастауышпен қоштасамыз,

Қыркүйекте үлкендермен достасамыз.

Бал-бұл кезім қайда

Балғын кезім қайда.

Бал-бұл кезім, балғын кезім қайда екен!

Ұмытпаймыз мөлдіреген көзіңізді,

Ұмытпаймыз балам деген сөзіңізді,

Жүзің жылы, құшағыңыз кең ашылып,

Қарсы алдыңыз ұстазым.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бастауышым-ба?ытты балалы?ым"

Автор: Дуйсенбекова Бибизада Бердибековна

Дата: 13.02.2016

Номер свидетельства: 292976


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства