kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауышым - балб?ла?ым" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бастауыш  сыныппен  ?оштасатын о?ушылар?а білімні? сара жолы бастауыш мектептен басталатынын, білімні? ке? д?ниеге есік ашатын сезіндіру. Бастауыш сыныппен, білімні? ал?аш есігін аш?ан ?стаздармен ?оштастыра отырып, с?т сапар тілеу. Білім ордасы - мектепті ?стаздарын ??рметтеп, е?бектерін ба?алау білуге, ата - анасыны?, Отаныны? адал ?л - ?ызы болу?а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауышым - балб?ла?ым" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі »




















4 «а» сыныбы










Өткізген: Медетова Болған





    1. оқу жылы




Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастаыш мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеге есік

ашатынын сезіндіру.

2. Бастауыш сыныппен білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра

отырып, сәт сапар тілеу.

3. Білім ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге, ата-

анасының, отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, нақыл сөздер, гүлдер мен шарлар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

2. Кіріспе сөз

3. Негізгі бөлім

1-жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар,

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,

Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ.

Әні менен жырына, тарландарым, сал құлақ.

Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шам шырақ

2-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақжаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Қош келіпсіз, ер тұлғалы әкелер,

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне бастауышпен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

1-жүргізуші:

Армысыздар, құрметті біздің қонақтар,

Ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!

Келіпсіздер, тойымызға асыға,

Қарсы алайық, шәкірттерді қол соға.

2-жүргізуші:

Иә, бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. Өйткені төрт жыл бойы білім беріп, ой-санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

1-жүргізуші:

Олай болса, - ұстаздарға бауыр басқанбыз, айналып мектеп үйіне, дей келе төрт жыл бойы оқу дәрісімен сусындатқан ұстаздарымызға жырдан шашу шашайық.

  1. оқушы :

Сөз сөйлесе жарқын-ақ

Күлімдейді жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой сананы.

Біздермен ойнап күледі

Сырымызды біледі.

Қасымызда жүреді

Қамқоршымыз ол біздің,


Хормен: Мұғалім, ол біздің!

2-оқушы :

Сен менің әкемдейсің, анамдайсың

Мен үшін армандайсың, алаңдайсың

Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.


3-оқушы :

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рахмет ұстазыма көзімді ашқан

Біз – шәкірт, біз- отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

4-оқушы:

Өзгеріп, жатыр бүгін қала, қырым

Құп алып аталардың даналығын,

Бет алып бара жатыр болашаққа

Аяулы тоғыз жасар балалығым.

5-оқушы: Мен бүгін бұрыңғыдан саналымын,

Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.

Дәптердің жазылмаған ақ парағы,

Ақ көйлекті тоғыз жасар балалығым.

6-оқушы:

Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан боп осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.

7-оқушы:

Тез үйрендік әділ менен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің балғын,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.

8-оқушы:

Білім алған өзіңнен

Дәрігер, ұшқыш не ғалым.

Саған деген құрметпен

Қарайды жұрт мұғалім.

9-оқушы:

Менде өзіңді әрдайым

Қамқоршым деп ұғамын

Күліп атқан таңдайын

Қамқорсың сен мұғалім.

10-оқушы:

Ұсынғаны адалдық

Ұстанғаны адалдық

Бар ұстазға тілейміз


Хормен: Бақыт, табыс, амандық!

1-жүргізуші:

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған

Өнер білім бәріде

Оқуменен табылған,- деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, байлық артық па, осыған қандай пікірлер қосар едіңіздер?

2-жүргізуші:

Балалардың пікірін тыңдап көрелік.

- білім артық, өйткені ол – пайғамбардан қалған мирас.

- білім артық, өйткені білімді іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық

жұмсағаннан азаяды

- білім артық , оны ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені күнде ұрыдан қорғау

керек.

- білім артық өйткені ол жан дүниеңді байытады, ал байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді

тура жолдан тайдырады.

- білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады. Байлығы көп адам оған мас болып

мақтанады, астамшылық көрсетеді. Сондықтанда әрқашан білім артық.

1-жүргізуші:

- Бәрекелді, олай болса , төрт жыл ішінде не үйрендік, білімдеріңді сынап көрелік. «Қызықты төрттік» ойынына көшейік.

2-жүргізуші:

- Жарайсыңдар , балалар, біліп, көп нәрсені меңгерген екенсіңдер.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға- деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздарымыз білімділікке, әдемілікке, әдептілікке, адалдыққа баулыды. Сондықтан да ұстаздарымызға

Хормен: Мың алғыс!

1-жүргізуші:

Бастауышым балбұлағым

Лаулап жансын шамшырағың

Өзің берген біліміңнен

Самғап ұшты тау қыраныңө дей келе тойымыздың шашуы ретінде ортаға бір топ оқушыларды «Адай» биімен шақырайық.

2-жүргізуші:

Аяулыда алтын нұрлы анашым

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың,

Сен – асқарсың, сен- аспансың, биіксің

Сен – асқарсың, сен- жомартсың, данасың- деп «Анашым» әнімен Бағдаулетті қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Өзіңсің балауса көктемім

Мен сенен нәр алдым, көктедім

Өмірде алғаш өткелім

Рахмет, бастауыш мектебім.

2-жүргізуші:

Біз барамыз, артқа тастап төрт жылды

Ұмытпаймыз ұстазымызды жан ізгі.

Пана болған, дара болған біз үшін,

Жадымыздан артық көреміз біз сізді.


Мұғалім: Қорытынды сөз


2-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Ұрпағы ата-анадан бата алады.

Айтсын деп баласына ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ата-аналарға сөз беру

1-жүргізуші:

Жүзің жылы құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.


Мектеп әкімшілігіне сөз беру

2-жүргізуші:

Бастауышым- балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алдым,

Рахметімді жаудырамын.

Хормен: Қош бол, бастауыш мектеп!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бастауышым - балб?ла?ым" атты бастауышпен ?оштасу ерте?гілігі

Автор: Медетова Бол?ан Ары?бай?ызы

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185245


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства