kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бастауыш сыныпта ?ліппемен ?оштасу мерексі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Новые подходы в обучении, обуче-ние критическому мышлению, преподавание и обучение в соответствии с возрастными особенностями учеников, управление и лидерство, оценивание для обучения.Критично оценивают свои возможности, выбирают задание по уровню сложности. Умеют договариваться и приходить к общему решению в совместной деятельности. Поиск необходимой информации для выполнения в учебной литературе, разнообразных способов решения задач.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бастауыш сыныпта ?ліппемен ?оштасу мерексі»

Сабақтың тақырыбы: Әліппемен қоштасу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,

Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т.б., слайд.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар!

Бүгін сіздер 1-а сынып оқушыларының әзірлеген «Қош бол, сүйікті әліппем» атты ертеңгілігін тамашағалы отырсыздар.

Міне, біздің шәкіттеріміз бар ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі әліппені бітірді. Шәкірттердің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан оқулығы әліппе. Бұл кітап бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп, сауаттылықтарын арттырды. Міне, бүгін сіздер сондай жағдайға жеткізген, сүйікті әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларыңыз тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата – ананың емес, халықтың ұлы болсын!

Сондықтан , қазір осы уақытқа дейінгі алған білімдерімізді көрсетейік, ән-күймен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық

Мұғалім: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай.

Арып-ашып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен-деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.

І-жүргізуші:

Қайырлы күн, уа, халайық!

ІІ-жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.

І-жүргізуші:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпыраған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

ІІ-жүргізуші:

Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгін міне, әліппемен қоштасады

Азамат боп кешегі сәби еркелер.

І-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.


Оқушы : Ең алғаш алғанымда «Әліппені»

Оқушы : Қызығып қарай бердім әріптерді.

Оқушы : Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Оқушы : Ұстазым кілтін оның алып берді.

І-жүргізуші: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.

ІІ-жүргізуші: Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап

өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.


Мұғалім:- Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысасыңдар.Ал бүгін әліппеден не үйреніп,не білгенімізді ортаға салайық.

--- Әділет

Оқушы : Суреттермен сөйлеткен,

Әріптерді үйреткен.

Баспа әріп пен жазба әріп.

Дауысты мен дауыссыз.

Айтыңдаршы, балалар

Қай оқулық үйреткен?

Хормен:

Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті- Әліппе!

Ол сүйікті -Әліппе!

-------К.ж-------------

Мұғалім:

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе:

Оқушы : Армысыздар , жас достар!

Армысыздар ата-аналар!

Болашаққа жол бастар

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғажайыптың,

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйретіп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

Балалар міне енді мені оқып білдіңдер, рахмет сендерге олай болса мен сендерге сұрақ қояйын.

Әліппенің сұрағы:

1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?

2-сұрақ: Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?

Мұғалім: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңдаңыз.

Хор. Ән «Әліппе» / барлығы/

Би . Балапан биі.

--- Досымжан

Оқушы : Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

--- Арнұр

Оқушы : Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

---Айғаным

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.


--- Дамира

Оқушы : Апа-ата атын сен

Бізге үйреттің әліппе

Бізге нағыз жақынды

Сенен білдік әліппе.

--- Нұрсұлу

Оқушы : Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те

Оқимыз қазір ертек те

Үйреткен оны Әліппе.

--- Даниал

Оқушы : Әліппе деген даңғыл жол

Апарар сені алысқа

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

--- Жанасыл

Оқушы : «Қ»: Қарсы ал ерте күн көзін

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты

жалама ыдыс-аяқты

--- Дана

Оқушы : «А»: Астанам, ұлы, Астанам

Ұлылыққа бастаған!

Мақтан тұтар өзіңді,

Кіп-кішкентай жас балаң

--- Ерасыл

Оқушы : «З»: Зау-зау заңғар заңғарлар,

Замандар бар, заңдар бар

З-да барлық заңдылық

Заңда з мен заң болар!

--- Адже

Оқушы : «А»: Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

---Томирис

Оқушы: «Қ»: Қарағанды көмірі

Қостанайдың егіні.

Даласындай жомарт қой

Қазағымның көңілі.

--- Барфина

Оқушы : «С»: Жағасында Ертістің

Семей деген қалам бар

Туған мұнда атақты

Абай, Мұхтар, бабалар

--- Жұлдызай

Оқушы : «Т»: Жарақты жаумен жұлқысқан

Қылышты жаумен қырқысқан

Ең ежелгі астана

Қасиетті Түркістан!

--- Айғаным

Оқушы: «А»: Жаса, жаса, Астанам

Өркен жая бастаған

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған.

--- Дархан

Оқушы : «Н»: Диханшы егін жинайды

Қырманға дән сыймайды

Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы.

---

Мұғалім: Балалар осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?

ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан сөзін естігенде көз алдарыңа не елестейді?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады?

1-ші жүргізуші

Балалар біз Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарымыз. Ендеше туған елімізге арнап «Отан» әнін шырқайық.


«Отан» хор

--- Дана

Оқушы : Бүкіл қазақ баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған,

Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.

-----к.ж-------------

---Нұрсұлу

Биік-биік таулар деп

Қызыл-жасыл баулар деп

Қаһарманды ел қазақ деп

Болашағы ғажап деп.


--- Мейірлан

Оқушы : Іші толған әріпке

Жақсы кітап әліппе

Барлық білім-ілімнің

Ағасы осы әліппе.


--- Арнұр

Оқушы : Көлге айналған бұлақтың

Қайнар көзі әліппе.

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппе.


--- Уалихан

Оқушы: Мен үшін жақсы адам,

Артық көрем басқадан.

«Апа», «ата» сөздері,

А әрпінен басталған


--- Ерсұлтан

Оқушы: «Ә» деген әріп мен болам,

Әділдікке шақырам.

Әдепті бол әрқашанда,

Қасыңда болам сонда ғана.


--- Ұлдана

Оқушы: «Б» әрпінен бастап ұстазың,

Бүлдіршін дейді сүйкімді.

Қуанып сен үшін ата-анаң

Балапаным дейді сүйікті.


Хор «Мұғалім ол біздің»

--- Махмуд

Оқушы : Әліппем менің әліппем,

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

--- Жанасыл

Оқушы : Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

--- Ерасыл

«Әліппе» даңғыл жол ашты

Жаңадан пәндер жалғасты

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет ұстаз алғашқы.


--- Еламан

Оқушы : Таныстырып 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи жаза білгенің

Сауатты адам санатына кіргенім.

--- Еламан

Оқушы : Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

---Досымжан

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді қайық саламыз.


Би . Манго биі .


Мұғалім: Әріптердің иесі, құрметті әліппе! Сізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Балалар ендігі сендердің жаңа достарың –Ана тілі. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер Ана тілінде солай меңгеруге сөз бересіңдер ме? Олай болса Ана тілін ортаға шақырайық.



Ана тілі: Туған елдің тілімін,

Ақылыммен таныламын.

Түсіндірер бәріне,

Ана тілі пәнімін

Ана тілі ұраным

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым


Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу-білімде. Ол туралы қандай мақалдар білесіңдер?

--- Махмуд

Оқушы : Кітап-білім бұлағы,

Білім- өмір шырағы.


Дамира:? Ақыл- тозбайтын тон,

Білім- таусылмайтын кен.

--- Адже

Оқушы : Кітапсыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.


Жұлдызай : Ақыл азбайды,

Білім тозбайды.

--- Дархан

Оқушы : Оқу инемен құдық қазғандай.


Ерсұлтан: Білім іздеген озар,

Бүлік іздеген тозар.

--- Жанасыл

Оқушы : Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

--- Ерасыл

Оқушы : Оқу- білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

Жақсы балалар көп мақал- мәтел біледі екенсіңдер рахмет, ал сендерге жұмбақ ала келдім, шешеміз бе?


1.Қабат-қабат қаттама 
Ақылың болса аттама (кітап) 
2. Тақтада жазып, жалықпаған, 
Жаза-жаза арықтаған (бор) 
3. Үйреткен білімді, 
42 білімді (алфавит) 
4. Алты түрлі түсі бар, 
Сурет салар ісі бар (қарындаш) 

--- Заңғар

Оқушы : Ана тілін білмеген

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген

Халқын сүйіп жарытпас.

--- Забида

Оқушы : Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның.

--- Әділет

Оқушы : Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кемдігім.


Мұғалім: Ал балалар біз әліппе, ана тілі пәнін оқып қана қоймай математика пәнінде оқимыз.

Математика пәні бізге нені үйретеді?

Олай болса математика еліне саяхат жасайық.


1*Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды?

2*Қой 4 аяғымен тұрса 20 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

3*Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақытжанның неше баласы бар?

4*Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

5*Сенбіден кейін, 2 күннен кейін қай күн келеді?

6*Бір тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. Сонда 1 күнде қанша жұмыртқа салады?

7. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызынан басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда барлығы қанша қой қалды? 

8. Бүгін 9 - шы қаңтар болса, түнгі 12 - де нешінші қаңтар болады?

9. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?
10. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?

 Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?

11. Өзенге 8 үйрек келеді, ал қаздың 2 - уі кем. Қаз нешеу?

12. Құмырада 10 қызғалдақ пен 5 сарғалдақ бар. Қай гүл көп және қаншаға көп?

13. Мектеп ауласында 6 шырша өсіп тұр. Тағы да 2 емен және 1 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (7) 

14. Жанұяда 3 ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (4)

15. Екі аяғымен түрегеп тұрған тауықтың салмағы 10кг, бір аяғымен тұрған тауықтың салмағы неше кг? (10 кг) 


«Бала тілі бал» (әзілдер).

Мұғалім: 
-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам – Ана! 
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
1- жүргізуші.
Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!  
2- жүргізуші. 
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын, 
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың. 
Білім алып, тер төгем , еңбек етем, 
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін! ... 

Ортаға аналарын шақырып ойын ойнатылады.

Би. Вальс.

1-2- жүргізушілер (бірге)

Күндерге күндер ұласты.

Жылжып-жылжып ай асты.

Ойдағыдай бітіреміз

Біз бірінші сыныпты.


Ана тілі: Білімнің бетін жарық ет!

Ұл-қызымды білімді ет,

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет!

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып .

Өсе берсін санамыз!

Әумин.

Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің «Той басы» деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ ниететпен баршаға тілек айтар қонақтар.

Мұғалім: Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата-аналарыңның қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып ендігі сөз кезегі сіздерде.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Бастауыш сыныпта ?ліппемен ?оштасу мерексі

Автор: Конысбекова Ботагоз Макулбековна

Дата: 19.02.2016

Номер свидетельства: 296025


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства