kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бастауыпен қоштасу" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Бастауыпен қоштасу" ертеңгілігі төртінші сыныпты бітірген оқушылар үшін әзірленіп өткізілген іс-шара.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бастауыпен қоштасу" ертеңгілігі»

                    
                  Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт-сапар тілеу.
3.Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, кілт, фотомонтаж, слайдтар, қанатты сөздер мен тақырып.
Видеоролик «4 жыл бірге...»
Кіріспе сөз: 
Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
     Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған, сірә,қаншаңызда 
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 а сыныбын ортамызға!

 «Учат в школе» музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
   Мұғалім:
Армандасаң да, қиялдасаң  да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына  өз өнерлерін көрсетуге дайын.
 Музыка «Жазамын  жүрегімнен»
 Алтынай: Бала шаққа болашақты  жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

Әли : Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Рустам: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

Абай: Армысың сен, алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр-алғысым көп менің 
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!

Шырай: Дұрыс айтасың Абай! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.
Абай: Олай болса Шырай алтын ұя мектебімізге арнап  Бота Бейсенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән: Мектебім.

Әли : Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық 
1 оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.

2 оқушы: Мектебім - білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата-анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы 
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл. 

3 оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

4 оқушы: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.

5 оқушы: Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 

6 оқушы: Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып, сан тарапқа тараған.

7 оқушы: Мектебім - сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін, көктеймін.
Сен – бұлақ, мен - қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.

8 оқушы: Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін,
Азық етіп ер жетеміз.
Мектеп оқушыларының 5 сыныпқа көшірілу бұйрығын оқып, мадақтамалар таратады.  Марапаттау рәсімі
Ән «Дос болайық бәріміз!»
Дінмұхамед: Құрметті Қарлығаш Қалымқызы, қош келдіңіз,
                    Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.
                    Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,
                     Сөз береміз құрметпен өзіңізге,
                     Түлектерге арналсын тілегіңіз.

Шырай: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Әли : Дұрыс айтасың Шырай, ғылым иесі  ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған. 
Алтынай: Иә, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі өнерімізді  ұстаздарымызға арнаймыз!
Музыка «Еркем-ай»
Көрініс: КВН
Жанель: Қыздар білесіңдер ме менің қолыма сиқырлы таяқша түссе, мен не істер едім?
- Не істер едің?
- Мен ұстаздарымды  құнарлы тамақтармен тамақтандырып, ауыздарынан бал ағызар едім.
 2 қыз: Ал мен ұстаздарды ағылшын стилінде киіндірер едім
3 қыз: Мен болсам мектепке келген баланың бәрін вундеркинд қылар едім сонда нашар оқитын оқушы да болмас еді
Музыка «Еркем-ай» орындарын ауыстырады
1қыз:
- Қыздар айтыңдаршы, мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?
- «Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)
- Мамаларымыз  ше?
- Мамаларымыз  былай көргісі келеді (сыпыру)
- Папаларымыз  ше?
- Папаларымыз  мынаны қалайды, көргісі келеді (маңдай терлерін сүрту)
- Сыныптас ұлдар  мынаны, көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін  ұсыну)

9 оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

10 оқушы: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

11 оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол, 
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

12 оқушы: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

13 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

14 оқушы: Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.

15 оқушы: Кеп-кешегі жабырқау қайда қалған,
Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.
Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?
Жан дүниесін баланың жаулап алған.

16 оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
          Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: «Ұстазым» 
Абай: Иә осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби-балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Дінмұхамед: Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.
Абай: Иә, міне сағымдай өте шыққан  4 жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.
Дінмұхамед: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !
Рустам: Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Шырай: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. 
Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

Абай: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А»әрпін  алғаш сенен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

Дінмұхамед: Бірдей біздің  ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте,
Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

Шырай: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Мирас: Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып 
Рахметімді жаудырамын.

Амир: Бастауышым - балбұлағым
Лаулап жанған шам шырағым.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшар тау қыраның.

Жанель: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым - бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.

Әли : Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т.б. пәндерге негіз болатын әдебиеттік оқу, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

Дінмұхамед: Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы

Абай: Қазақ тілі пәнінен,
Білім алды балалар.
Сөйлемді, сөз таптарын,
Етістіктің шақтарын,
Жалғаулар мен жұрнақтар.
Ережесін жаттадым.

Әли : Ой жіберсең бәріне ,
Дүниетану пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәннің жақсы бәрі де.
Жер байлығы көп екен,
Игеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген ,
Дүниетану сабағы.

Жанель: Үйренеміз жалықпай,
Орыс  тілін шарықтай.
Тіл сындырып, ән айтып,
Шаттанамыз қалықтай,
Алмагүл апай тәлімі
Сәулесін шашқан жарықтай.
Музыкалық сәлемдеме  «Бала тілегі»
Музыка «Еркем-ай»
Көрініс: «5 сыныпқа бірге барам»
Мирас: Достар менің де сендерге арнар тілегім бар. 5 сыныпқа бара жатырсыңдар, сабақты 2 мен 3-ке оқымаңдар, қастарыңа тек 5 пен 4 ерсін. 2 мен 3-тің керегі жоқ
1, 2 мен 3 бейнесіндегі қыздар кіріп келеді: Бізді неге апармай жатырсыңдар, біз де ереміз!
Амир: Сендер кімсіңдер?
Үшеуі: Алтынай: Мен сұлу да сымбатты баға  «1»-мін. Мынау менің аққу мойын апам  «екі», ал мынау томпақ әпкем «3»
Бәрі: Біз сендерді ертпейміз
Үшеуі: Неге, біз де барамыз.
Балалар ақылдасады.
Дінмұхамед: Жақсы бағалар, біз сендерді ертіп апарамыз, бірақ баға ретінде емес. Сендер үнемі бізбен бірге болатындай етіп жарыстарда иемденетін орындарға айналдырамыз. Айналғыларың келе ме?
 Үшеуі: Әрине, бірақ ол үшін біздің тапсырмамызды орындаңдар
(1-ден басталатын құс, ән аты. 2-ден басталатын қала аты... 3 санының көбейту кестесі)
Бағалар орындарға айналады. (І орын, ІІорын, ІІІорын)
Мұғалім: Қонақ деген ырысың мен мерейің,
Енді аяңдап қонақтарға келейін.
Уақыт бөліп бізге тілек білдірер,
Сөз кезегін қонақтарға берейін.
Мұғалім: Соңымыздан еріп келе жатқан 3 сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету оқу үздігі, аудандық олимпиада жүлдегері Дінмұхамедке тапсырылады.
3 сыныптың құттықтау сөзі. 
«Қанқыздар»биі
Амир: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
Алтынай: Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек -ау.
Дінмұхамед: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
Мұғалім: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Әли : Иә, дұрыс айтасыз. Біз болашақта саналы да, ақылды  бала болып өссек, ананың арманы орындалды деген осы емес пе?
Жанель: Дүниеге әкелген,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!
Мирас: Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
 Ән « Анашым» 
Мұғалім: Жақсы шәкірт азамат атанады,
 Халқынан, ата-анадан бата алады.
 Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
 Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі
Ата-аналарға 12сұрақ
- нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)
- сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)
- мектептегі басты адам (оқушы)
- мұғалімдер күні тойланатын ай  (қазан)
Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)
Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)
Әріптері жиыны (алфавит)
Балалар білім алатын жер (мектеп)
Дыбысы жоқ әріптер (ь,ъ)
Бұрышсыз фигура (шеңбер)
Түнгі жарық (ай)
Түбір  соңындағы қосымша  (жалғау)
Мұғалім: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де - дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!
Ұстаз тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын жап-жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Слайд    сынып оқушылары мен ата-аналары өмірінен көріністер.
Музыка «Еркемай»
«Есеп».
Дінмұхамед: Мама, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.

Алтынай: Не дейді? Мүмкін емес!
Дінмұхамед: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың аналары да сол есепті шығара алмапты.
Музыка «Еркемай»
«Ең қиын сұрақ»
Абай: Мама, мен бүгін бүкіл сынып  оқушылары  жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Шырай: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Абай: Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды деген сұраққа…
Музыка «Еркемай»
«Емтихан»
Жанель: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Әли :Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Жанель: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Музыка «Еркемай»
Амир: Біздің сынып оқушылары жаңалық ашты 
Рустам: Қандай жаңалық?
Амир: Жақсы сөздер к-дан басталады екен. Мысалы, кола, кәмпит, киндер-сюрприз, каникул, ал  ү –ден керісінше  нашар сөздер шығады екен: үй тапсырмасы, үндемеу, үш
Мұғалім:
-Түлектер сендер енді 5 сынып оқушысыңдар. Маған алдағы уақытта орта буын оқушысы ретінде, достарыңа, ұстаздарыңа тік қарап тұрып, осы антты   бұлжытпай орындауға серт беруге дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз!
- Тақта алдында қақпашыдай болып барлық сұрақты қиынды  да, оңайды да қағып алуға, орындауға ант етесіңдер ме?
- Бір-біріңе бауырдай қарап, дос болуға, қиындықта тастамауға ант етесіңдер ме?
- Мұғалімді ашуландырмауға, арттарыңнан жаман сөз айттырмауға ант етесіңдер ме?
- Мектеп коридорында үзілісте тек 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға ант етесіңдер ме?
- Аптасына кем дегенде 1 рет бастауыш сыныпқа соғып тұруға ант етесіңдер ме?
- Білімнің тұңғиық, түбіне сүңгуге  ант етесіңдер ме?
Ендеше түлектерге ақ жол тілеп бастауыш мектептен шығарып салайық.
Ән: «Ең соңғы қоңырау» Б.Бейсенова Вальс


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Бастауыпен қоштасу" ертеңгілігі

Автор: Сагитова Айтжамал Айтмухамбетовна

Дата: 31.01.2017

Номер свидетельства: 386105


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства