kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балдырған" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Балдырған" жазғы сауықтыру алаңының ашылу салтанаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балдырған" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы.»

Бақытты балалық шақ!
/ Лагерьдің ашылу салтанаты/
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар !
Бүгінгі «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңына қош келдіңіздер!
1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Бақытты балалық шақ!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
(Гимн ойналады.)
Балалар бүгін сендердің мерекелерің «Қандай күн?»
«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»(хормен)
- Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздің балаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!
Қымбатты балалар! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасынан басталған бақытты балалық шақтарың Отанның ортан қолдай азаматы болуға жетелеуін тілейміз.

Қабыл алшы өнерлерін баланың,
Тілектері орындалсын ананың.
Кешегі өткен арамыздан жыр төгіп,
Өздеріңсің жалғастырар бабамның.
Біз өнерсіз баламыз ба?!
Көрсін аға апалар
Көрсін папа,мамамызда
Ырза болсын балалар

Хор: «Біз бақытты баламыз!»


Ән көмейден төгілді
Қайғы бұлты шегінді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді 
Әбдібек Айдананың орындауында «Айгөлек» әні. 
Қабыл алыңыздар!

Бекжан:
Би билейік қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрт
Балалар деп үлгілі
«Орыс биі». 

Ғазиза:
Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

Жан иірімі біле білсең би деген
Кімдерің бар биді ұнатып сүймеген
Қазағымның би өнерін паш етіп
Алдымызда аруымыз билеген

«Өзбек» биі. Орындайтын: жас бишіміз Әсия.
Айдана:
Құшағымыз қызыл гүл
Гүлмен келсін келер күн
Балалардың күлкісі
Көркі сәні әлемнің

« Атамекен » әні. Орындайтын: Өмірбек, Аяжан
Өнерлі өрге жүзер талаптанып,
Қыран биік самғайды қанат қағып.
Адам үшін парызымыз ғой өнер іздеу
Жүрген соң адам деген атақты алып
Ән: «Ертегілер». Орындайтын: Ағиса
Ертегіден қойылым. 
«Жабайы қаздар» ертегісі.


Талайлардың шырқалады жыр әні,
Талайлардың жүрегі нұр құшады.
Бүгінгі күн туған жер аспанында,
Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады,- дей отырып кезекті әнге береміз.
Хор: «Ризамын»

Арай:
Әнші болғым келеді бұлбұлдайын
Әміредей болуды армандаймын
Қанатымды қондырып ұшқан кезде
Арманыма жақындап қалғандаймын.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде
«Қара жорға» биі.
Өнерлі жастарды қошеметпен қарсы алыңыздар!
Салтанат:
Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін мақтандырып.
«Ақ мамам»әні. Орындайтын: 
Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқы, тасып
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
Би «Наурыз шашу»
Жас бишілеріміз Гүлназ бен Әсия
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!

«Бақытты балалық шақ!!» атты ертеңгілігімізді қорытындылау үшін сөз кезегін мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Өтегенова Ғалияш апайға береміз.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
(Балаларға тәттілер тарату.)


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Балдырған" жазғы сауықтыру алаңының ашылуы.

Автор: Маденова Эльмира Кайратовна

Дата: 09.06.2018

Номер свидетельства: 472801


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства