kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Балалы?ым-бал?ын ша?ым" та?ырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Балалы?ым-бал?ын ша?ым

Ма?саты: балаларды? жеке ?асиеттерін дамыту, та?па?, ?ле?, ?ндерді на?ышына келтіре айтуды ?йрету. Бір - бірін сыйлау?а, адамгершілік ?асиеттерін жо?алтпай ?стау?а жетелеу.
К?рнекілігі: на?ыл с?здер, т?рлі - т?сті шарлар,
слайд «Бала деген бір ба?ыт»
?тілу барысы: ?деби – музыкалы? монтаж

1-Ж?ргізуші: Армысы?дар ,балалар, бармысы?дар,
Жаз да келді, жайна?ан г?лді шы?дар
Алдыменен алайы? амандасып,
Армысыздар б?рі?із, армысыздар!

2-Ж?ргізуші: С?леметсіздер ме, мерекеге жинал?ан ?она?тар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір ба?ыт ?ой сам?айтын
Ата - ананы? арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал б?ла?тан жал?айтын
1-Ж?ргізуші: С?йкімді періштелер сендерсі?
?андай бейне ?здері?е те? келсін!
Данышпан да, ?арышкер де, ?алым да,
Е? алдымен балалы?ты ме?герсін.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Балалы?ым-бал?ын ша?ым" та?ырыбы »

Тақырыбы: Балалығым-балғын шағым

Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, түрлі - түсті шарлар,
слайд «Бала деген бір бақыт»
Өтілу барысы: әдеби – музыкалық монтаж

1-Жүргізуші: Армысыңдар ,балалар, бармысыңдар,
Жаз да келді, жайнаған гүлді шыңдар
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыздар бәріңіз, армысыздар!

2-Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар,
ата - аналар, балалар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
1-Жүргізуші: Сүйкімді періштелер сендерсің
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
2-Жүргізуші: 1 - Маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Бүгін біз осы мерекені атап өтпекшіміз. Аталған мерекемен бізді құттықтай келген  мектебіміздің басшысы Есболат Еслямбекұлына сөз береміз..

1-Жүргізуші: -Келесі құттықтау сөзді директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Жұмабай Ілияшұлына береміз.
2-Жүргізуші: Бүгін бізде мереке,

Қуанышты балалар,

Хош келдіңдер,

Хош келдіңдер ата-ана, қонақтар!
1-Жүргізуші: -Құрметті, мектебіміздің көркі де,сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын,аспандарыңыз ашық,елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.
Сайқымазақтардың келуі
-Бұл не мереке? Нені тойлап жатырсыңдар? Бізге неге айтпадыңдар, а? Бізсіз ешқандай мереке болмайды?
2-Жүргізуші: Тоқта, тоқта, сендер кімсіңдер  біздің мерекені бұзатын? Бүгін үлкен мереке, біз оны тойлаймыз, ешкім кедергі бола алмайды! Бізбен бірге тойлаймыз десеңдер, онда тәртіп сақтаңдар.
1-Жүргізуші: -Балалар, сайқымазақтарды қалдырамыз ба?

Қалдырамыз.
2-Жүргізуші:  Бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де! - дей келе құрметті ата – аналар балалық шағымызды еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.

Сайқымазақ:  « Орындық» ойынын ойнайық.(Шартын түсіндіру)

Ән « Ертегілер » орындайтындар Қарақат пен Балауса.

Ханша: 
Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік,ақылшы періштем?
Періште: Бұл Өндіріс мектебі.
Бұл елде өте әдемі,ақылды,білімпаз,өнерпаз балалар тұрады.

1-Жүргізуші: -Бүгінгі ертеңгілігімізге Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті,хош келдіңіздер!Төрден орын алыңыздар. Құрметті Ханша бізбен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?

Ханша:Жарайды,келісемін мен де соны қалап тұр едім
2-Жүргізуші: Өте,тамаша келіңіз менің қасыма.Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар .Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз.
Ханша:Әрине менде құр қол келген жоқпын.Періштем менің әуенімді қосшы.
(«Бала тілегі» әнін орындайды)

2-Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі,
Үйренген өнерін көрсетсін
Бүлдіршін балалар белсенді.
Ендігі кезекті  бүлдіршіндерге берейік.
(осы сәтте бір топ бала шығады)
1.Біздің мектепте бүгін той!
Балаларды қорғау күні біліп қой
Алақай-ау,алақай
Той тойлайық,балақай
Қыздырғанша алақан
Кел,соғайық балақай.
2.Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Мектептің аясында 
Жадырайды жанымыз
3.Бізбен бірге бар әлем
Қуанады балаша
Қуанышқа бөленген
Өмір қандай тамаша

4.Бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!

5.Арманы бір, үні бір
Аға ардақты, іні гүл
Бақыт туын көтерген
Балалардың күні бұл

6.Ән айтайық қосылып,
Сәбилердің бұл күні
Мақтап кетсін осы жұрты
Балалар деп үлгілі
7.Гүлмен келсін келер күн
Бала-бағы бар елдің
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.
1-Жүргізуші: Көк жиектен күлімдеп,
Маусымның таңы атты
Тұра қойшы күнім – деп,
Анаң сені оятты –
Даналардың тілегі,
Балалардың тілегі
Ауырмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Ән « Асыл анам» орындайтын Рауана
Ханша: -Ой,қандай керемет балалар,қандай өнерлі балалар,қандай әдемі балалар.
Періште: Көрдің бе, сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай.Мен сізге уәде беріп едім ғой,егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп.
Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді)
Шайтан: О-О мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар, а? Неге айтшы Ханша, мен де сенің досың едім ғой.
Періште: Сен Ханшаны азғырма.Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді.Сенімен дос болғысы келмейді,сен тек жаманшылыққа бастайсың.
Шайтан: Иә,саған, мен де Ханшаның досымын.
Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайтадан өзенге жібере салғысы келді. Ал,мен болсам Ханшаны үгіттеп 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам»деп айт дедім.Ол тілегі орындалды.
2-тілегің «Мен әлемдегі ең бай Ханша болсам»деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің ,Періште, білесің бе, есіңе түсті ме?
 

 

Періште:-Иә, мен кешігіп қалдым.Әйтпесе 3 тілегін де әділдік пен адалдыққа, жақсылыққа арнатар едім.Тек соңғы тілекте ғана «Мен әлемдегі өте адал,мейрімді,өнерлі,білімпаз балалардың өмірін көріп өзім де солардан өнеге алғым келеді»деген тілек еді.Міне,сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз Өндіріс мектебіне келіп тұрмыз.
Ханша: Сендерге не болған,қойыңдар енді.Маған сөз беретін түрлерің жоқ ғой.Маған Періштенің ақылы ұнады.Өйткені мен осы жасқа келгенше мынадай ғажайып елде болған емеспін.Сондықтан Шайтан сен бұл ғажайыпты бізбен бірге тамашала! Ойыңды сосын айтарсың.
Шайтан: -Құп!Мәртебелі ,Ханшам, Құзырыңа құлдық.

2- жүргізуші: -Ертеңгілігізді әрі қарай жалғастырайық. Мен бір ойын ойнатайын. Ойын « Шар жару» деп алады. (Шартын түсіндіру)
1-Жүргізуші: -Кезекті біздің өнерлі балаларымызға берейік.
Өнер десе өрілген
Биіктерден көрінген
Бишілерді шақырсақ
«Жігіттер »деген биімен
2-Жүргізуші:
Айдында жүзген аққудай
Қарақат қыздың биін-ай
Әуеніне қол соғып,
Биіне қол соғыңдар.
Қарақаттың орындауында «Ақеркем » биі
Ханша: Келесі кезекте «Балалығым-балғын шағым» әні

1-Жүргізуші: «Қыздар» бишілер тобын шақырамыз
Ханша: «Біз бақытты баламыз» әні.

Ойын: « Сөз тапқанға қолқа жоқ». (Шартын түсіндіру)
2-Жүргізуші: Енді ортаға «Арай» би тобын шақырамыз.
Ханша: Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме балалар? Менің достарым қайда?
(Періште мен Шайтан келеді)

1-жүргізуші: -Қоштасар алдында мүмкін мына балаларға би билеп берерміз.

Ханша:- Билесек, билейік.

2-Жүргізуші: -Бізбен бірге бір ойын ойнауға қалайсыздар? «Орныңды тап» ойыны. (Шартын түсіндіру).
1-Жүргізуші:-Жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін рахмет! Жолдарыңыз болсын!
Ханша: Сіздердің балаларыңыздан көп өнеге алдық.Мен енді тек бойыма жақсы қасиеттерді жинауға уәде беремін,осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште:-Достар хош болыңдар кездескенше күн арайлы болсын!
Шайтан: Мен де енді жақсы дос болуға уәде етемін,кешіріңдер мені
(Қоштасып үшеуі шығуға дайындалады)
2-Жүргізуші:-Қане, балалар жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.

«Дос болайық бәріміз» әні

1-    Жүргізуші:- Құрметті , ата-аналар, сіздердіңде баларға арнап айтар бір ауыз өлеңдеріңіз, әндеріңіз, билеріңіз бар шығар, балаларға тарту етіңіздер.

2-    Жүргізуші:- Енді балаларға арналған сыйлықтарымызды тарту етейік.

1-Жүргізуші:- Қарақаттың атасынан балаларға арнап ақ батасын беруін сұраймыз.
2-Жүргізуші: Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Осылай болсын, әрбір күнің әр айың
Қадамдарың сәтті болсын, балалар
Тілектерің қабыл болсын ағайын!-деп бүгінгі ертеңгілігімізді қорытындылау сөзін мектеп директоры Есболат Еслямбекұлына береміз.

 (Марапаттау рәсімі)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Балалы?ым-бал?ын ша?ым" та?ырыбы

Автор: Хамзина Г?лдарай Совет?ызы

Дата: 01.02.2015

Номер свидетельства: 165533


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства