kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бақыт гүлін терген күн!

Нажмите, чтобы узнать подробности

2Б класында Бақыт гүлін терген күн! атты ашық тәрбие сағаты. Оқушыларды патриоттық сезімге баулыған әсерлі сабақ.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бақыт гүлін терген күн!»


№5 мектеп-лицей







«Бақыт гүлін терген күн!» атты ашық тәрбие сағаты





Өткізген: Кужаниязова А.Ж.

2 «Б» сынып











Шалқар қаласы

2017-2018 оқу жылы


Күні: 10.05.2018.

Тәрбие сағаты: «Бақыт гүлін терген күн!»

Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен таныстыру. Соғыс ардагерлерінің ерліктерімен, тыл еңбеккерлерінің, елдегі халықтың көмегі, сол замандардың балаларының, елдің тыныс-тіршілігімен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысыменой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы альбом, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезіндегі техникалардың макеттері.
Техникалық құралдар: Проектор слайдтары, CD дискілерінен музыкалар
Өтілу барысы: Сахнаны тақырыпқа сай безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Мұғалім:
-Құрметті қонақтар бүгін Ұлы жеңіс мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

Слайдтағы суреттерді жүргізе отырып батыр бабаларымыздың ерліктерін әңгімелейміз
1-слайд 1-оқушы.
-Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 72 жыл мерзім уақыт өтті.

2-слайд 2-оқушы

-Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ, Кеңес халқы жан-тәнімен Отанын қорғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
3-слайд 3-оқушы 
-Осы соғыста Кеңес одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Осы кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иеміз.
Ән: «Ақ көгершін»
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті. Үнтаспадан тыңдау: 
-Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана атып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Анасы: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық-ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
Әжесі:: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»
Әкелері:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса, етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: -Отан үшін аттанайық!
Аталары:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе,
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!- Жылаған аналар, балалар әкелерін шығарып салады.
Бір сәтке тыныштық, баяу күй ойнап тұрады.
Үй іргесінде тас диірменге бидай түйген кейуана отыр, жанында асық иіріп 4-5 жасар бала ойнап отыр. Кенет бір қолы білегінен кесілген таныс бейне жақындап қалғанын көрген ана қозғалыссыз қалады, ештеңе түсінбеген баласы әжесіне тығылып жылай береді. Қолынан айырылған жауынгер ұлын бауырына басып жылаған ана бақытты еді.
«Сақ болыңдар, тірілер!» атты өлең оқылады.
Ән: «Ана туралы баллада.»
Би: «Катюша»
1-бала:
Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.
«Алар жау сыбағасын оңбай бізден»,
Шығамыз
Соңғы күшпен,
Соңғы айбынмен,
Қорғаймыз байтақ елді,
Өйткені оны
Әр ұрпақ өз тұсында қорғай білген.
2-оқушы
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қауышты құшақ жайып.
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
3-оқушы
Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
4-оқушы
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.
Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
5-оқушы
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.


Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.
6-оқушы
Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
7-оқушы
Жамбылдың батасы
Жүз жасаған жүректен
Уа, қарағым балалар!
Ер бол демей, не дейін.
Ереуілді майданда
Үстем болсын мерейің.
Жауды қырып, айдауға,
Талмай көмек берейін.
Дүбір қосып айғайға,
Қызыл тілді жебейін.
Сендерге өлең айтқанға,
Еш шаршадым демейін.
Қан майдан боп жатқанда,
Қарлығар ма көмейім!
Жүз жасаған жүректен
Жырларымды төгейін.
Көктеменің күніндей
Жауды жеңіп, күлімдеп.
Күлгеніңді көрейін.
«Қаһарманым! Күнім!» деп
Беттеріңнен өбейін.
Олай болса бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!
Ән: «День победы!»

І жүрг.: 
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.

IІ жүрг.: 
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием-дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.

Мөлдір:

Өтсе-дағы содан бері қаншама жыл,

Өжет ердің рухы әлі  тірі жүр.

Ескерткіші майдангерге тұрғызған.

Сый-сияпат ұрпағыңның жыры бұл.

Оралмады  қыршын  боздақ, қанша  адам.

Жолын тосып үй іштері аңсаған.

Боздақтарды  еске  алып жыл сайын

9-шы  мамыр  Жеңіс күнін қарсы алам.



































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бақыт гүлін терген күн!

Автор: Кужаниязова А.Ж.

Дата: 28.08.2018

Номер свидетельства: 476553

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(135) "«Ба?ыт г?лін терген к?н!» атты ?лы же?істі? 70 жылды?ына арнал?ан т?рбие са?аты "
    ["seo_title"] => string(90) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun-atty-u-ly-zhien-istin-70-zhyldyg-yna-arnalg-an-t-rbiie-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "214657"
    ["category_seo"] => string(7) "zavuchu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1432392491"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ба?ыт г?лін терген к?н "
    ["seo_title"] => string(27) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun"
    ["file_id"] => string(6) "162840"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422421280"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(118) "«Ба?ыт г?лін терген к?н» же?істі? 70-жылды?ына арнал?ан класс са?аты "
    ["seo_title"] => string(78) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun-zhien-istin-70-zhyldyg-yna-arnalg-an-klass-sag-aty"
    ["file_id"] => string(6) "220068"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1434487829"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Ба?ыт г?лін терген к?н!»"
    ["seo_title"] => string(29) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun-2"
    ["file_id"] => string(6) "256710"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1448201601"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "Ба?ыт г?лін терген к?н! "
    ["seo_title"] => string(29) "bak-yt-ghulin-tierghien-kun-1"
    ["file_id"] => string(6) "208373"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1430801060"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства