kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ба?даршам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: 

1. Балаларды? ба?даршам туралы ж?не жол ж?ру ережесіне с?йкес ба?даршамны? ат?аратын міндеттері туралы т?сініктерін одан ?рі толы?тыру.
К?шеде ж?ру т?ртібі туралы білімдерін тияна?тау, жина?тау.
2. К?ше т?ртібін ?рдайым са?тау?а, ?иын жа?дайларда д?рыс шешім таба білуге т?рбиелеу.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ба?даршам »

Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз!»


Мақсаты: 

1. Балалардың бағдаршам туралы және жол жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын міндеттері туралы түсініктерін одан әрі толықтыру.
Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.
2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу.
3. Балалардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суретті тест, бағдаршам макеті, сигналдық белгілер, оқушылар шығармашылығы (салған суреттері), “Бағдаршам” қабырға газеті, «Бағдаршам» мультфильмі, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер.:

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, ойын, Балалардың шығармашылығы - салған суреттері.

I Ұйымдастыру кезеңі

Балалар шеңбер жасап тұрады

Шаттық шеңбері

Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздерме! – деп
Сәлемдесіп аламыз.

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі күніміз ерекше болмақ. 



Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер сол жұмбақтың жауабын табыңдар.

Жұмбақ жасыру

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.


Балалар: бағдаршам


Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар. Ол бағдаршам.

Сұрақ – жауап.
1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.
- Бағдаршам туралы не білесіңдер?

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Тәрбиеші балалармен «Белгілер еліне » автобуспен саяхатқа шығады.

Жолда жол белгілерімен, жаяу жүргіншілерге арналған ережелерімен танысып біледі. Бағдаршамның қызметімен танысады.


Бағдаршам макетін киген оқушы және бағдаршамның үш көзін ұстаған төрт оқушы ортаға шығып, тақпақтар айтады.

Қызыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орныңда тұр қозғалма
Ереже бұл “Сен тоқта!”

Сары көзі
Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды

Жасыл көзі
Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білгендер,
Өтуге еш қорықпайды.

Бағдаршам
Жолды кесіп өтерде,
Сол жағыңа қарайла,
Жарты ортаға келгенде
Оң жағыңа қарайла
Білгеніңді басқаға
Үйрете жүр, жарай ма?


Ойын: «Кім жылдам»

(Бағдаршамның үш көзін шатастырып балалардан дұрыс орналастыру).

Ортаға балалар шығып өздері білетін бағдаршам туралы тақпақтарын айтады.


Қызыл көзін ашқанда

сынық сүйем баспа алға

сары көзін ашқанда,

қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда

Өте бергін, жасқанба!


Үш көзді батыр,

Жол көрсетер батыл

Үш көзі үш түрлі

Қызыл,сары, жасыл.


Ашса кезек үш көзін

Айтты деп ұқ үш сөзін

«Тоқта!

Сақтан!

Жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.


Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз

Сақтанғанда қатерден

Сау-сламат жүреміз.


Жолда жүру әліппесін

Білген жөн ғой бес саусақтай

Сонда ғана жүре аласың

Сен өзіңді сау сақтап


Әйгілі үш сөзді,

Бір дәу тұр үш көді.

Оған жас-кәріміз,

Бағындық бәріміз.


Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді,

Бір көзім «абайла» дейді.

«Қарап қалма маңайға» дейді.


Қорытынды: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтайтын көмекшіміз. Жолда жүру ережесін бұзуға жол бермейік.

Хормен

Жол тәртібін білейік,
Аман есен жүрейік!

Тәрбиеші: Бүгін мен сендерге өте ризамын. Барлығың тапсырманы жақсы орындап, бағдаршамға көмектестіңдер. Сендер сондай мейірімді, қайырымды балалар екенсіңдер. Сендерге көп рахмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ба?даршам

Автор: Тажиева Гульшат

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153687


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства