kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналар жиналысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ата аналар жиналысының жоспары  ұстаздарға араналаған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналар жиналысы»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің

«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ













"АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" бойынша ата - аналар жиналысы





Бастауыш сынып жетекшісі:Жунусова Асел Болатовна



















2023-2024 оқу жылы







Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады


Сабақтың мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға бағытталған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.


Тапсырмалар:

1) Баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы ойынның маңыздылығы, оның зияткерлік қабілеттерін дамытуға әсері туралы идеяларды қалыптастыру;

2) Ата-аналардың балалар ойындары туралы дамытушылық іс-әрекет пен дамытушылық ойындардың түрлері, оларды қолдану әдістері туралы білімдерін кеңейту;

3) Балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін ойындар мен жаттығуларды өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру.


Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ананың борышы, сыйластық, эмоционалдық интеллект, әлеуметтік интеллект.

Жауапкершілік, шығармашылық, ықыластылық, ашықтық, ынтымақтастыққа дайын болу.


Жоспар

1. Интеллектуалдық ойындар және олардың балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға әсері.

2. Балалар мен ата-аналарға арналған ұлттық және отбасылық зияткерлік ойындар.

3. Отбасы мен мектептің баланың тапқырлығын, эрудициясын дамытуғы өзара әрекеті.

Қорытынды. Қорытындылау, тілек айту.





Уақыты

Мазмұны

Ресурстар

3 мин.















15 мин

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын!

Абай атамыз әр заманда мәнін жоғалпайтын мынадай кеңес береді: «Адам – өз заманының перзенті. Жаман болса, замандастары кінәлі.» Жастарымызға біз – үлкендер (ата-аналар) жауаптымыз.

Ұйымдастыру.

Жүрек жылуы: Ата-аналар тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.

Ата-аналарға шашу шашылып,тәттілер арқылы топтпрға бөлінді.

Мини - лекция: Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?

Ең алдымен, «тапқырлық», «эрудиция» сөздерінің мағынасын ашып алайық.

Тапқырлық – бүгінгі ұрпақ үшін маңызды дағдылардың бірі. Тапқыр адам - жаңа немесе әртүрлі жағдайларға тез бейімделе алатын, шешім таба алатын, шығармашылықпен ойлайтын адам.

Эрудиция - жан-жақты, әрі терең бойлаған танымпаздық және білімділік. Эрудит адам көптеген білім салаларынан хабардар, пән бойынша әдебиетпен етене таныс және кең интеллектуалдық ой өріске ие болып келеді. Қысқаша айтқанда, эрудиция – бұл терең білім.

Барлық ата-аналар баласымен мақтанғысы келеді. Оны табысты тұлға ретінде көргісі келеді. Қазіргі заманда эрудициясыз мүмкін емес. Әртүрлі салаларда жан-жақты білімнің қажеттілігі айдан анық.

Кез келген шығармашылық әрекетте, оқуда, жұмыста, ойын барысында және жалпы өмірде адамға эрудиция мен тапқырлық қабілеті қажет, өйткені соның арқасында кез-келген мәселелерді шешуге, қиын жағдайдан шығу жолын табуға көмектеседі. Сонымен қатар, үнемі білім алып, үйрену - денсаулыққа пайдалы: миымызды тонуста сақтайды.

Сонымен, бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады?

Тапқырлықты дамытуға болады! Қызықты есептерді, басқатырғыштарды, математикалық ойындарды және ақыл-ой жұмысын қажет ететін кез келген тапсырмаларды шешу арқылы жаттығуға болады.

Эрудицияны дамытудың қарапайым ережелері

  1. Талқылау. Іс жүзінде қолданылмайтын немесе талқылауға болмайтын білім тез ұмытылады. Сондықтан балаңызбен көбірек сөйлесіңіз. Пікірін тыңдаңыз.

  2. Ашық сұрақтар. Жаңа білімді меңгеру барысында дұрыс қойылған сұрақ алтынмен бағаланады. «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беруге болатын жабық сұрақтар жарамайды. Бала диалогқа араласып, жауабын ойластыратындай ашық сұрақтар ойлап табыңыз. Неге? Неліктен? Сен қалай ойлайсың деген сұрақтар көбірек қойылу керек.

  3. Қиялдау. Балаңызбен бірге жаңа білімді қайда, қалай қолдануға болатынын елестетіңіз. Сонымен қатар, сурет салу -мидың белсенділігін дамытатын құралдардың бірі.

Балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін үй жайында баламен ойнайтын ойындар мен жаттығуларды өз бетінше таңдау және қолдану қабілетін қалыптастыру тапсырмаларын бере отырып, ата- аналарды ұжымдық тапсырмаларға жұмылдыру. 

Тапсырма-ойын

Құрметті ата-аналар, мен сіздерге «Мен саған ойын сылаймын» ойынын отбасылық және біздің топтың дәстүріне айналдыруды ұсынамын. .

Аптасына бір рет, демалыс күні ата-аналар, балаға жаңа ойын «сыйлаңыздар», оны жай ғана сатып алмай, оны баламен бірге жасаңыз, бірақ ойынды түсіндіріп, баламен ойнауды ұмытпаңыз. Әр дүйсенбіде балалар мектепке үйде жасалған ойындарды «әкеледі». Балалар күні бойы оларды сыныптастарына таныстырады. Ең қызықты ойындар үшін сыйлықтар беріледі.

Ойынхана (балалар мен ата-аналардың бірлескен ойындары).

Ата-аналар үстел басына отырады.

– Бүгінгі кездесуімізде ата-аналар балаларымен бірге өз қолдарымен жасай алатын қызықты ойындарға толығырақ тоқталғым келеді. Бұл математикалық ойын-сауық арасында ерекше орын алатын геометриялық фигуралардың арнайы жиынтықтарынан заттардың, жануарлардың, құстардың, үйлердің жазық кескіндерін құрастыруға арналған ойындар. Бұл ретте фигуралар жиыны ерікті түрде таңдалмайды, бірақ белгілі бір жолмен кесілген фигураның: шаршының, тіктөртбұрыштың, шеңбердің немесе сопақшаның бөліктері болып келеді. Олар балаларға ғана емес, ересектерге де қызықты.


1,2,3,4-слайдтар

7 мин.

«Видео жазба көрсету және талқылау» әдісі Бейнеролик көру


Бұл бейнероликте ата-аналар танграм жасауды және онымен ойнауды үйренеді.

Бейнеде танграмды балалармен әзірлеудің барлық кезеңдері анық көрсетілген


Бейнеролик «Танграм жасау»

https://www.youtube.com/watch?v=Cwtq-YRMWJc

10 мин.

Үйрету тренингі

Мұғалім ата-аналарға «Танграм» ойынындағы фигураларды көрсетеді.

«Танграм» қарапайым ойындардың бірі. Оны «Картон жұмбағы», «Геометриялық конструктор» деп те атайды. Екі жағы бірдей боялған картоннан (көрсетіп) 8 де 8 см болатын шаршы 7 бөлікке кесіледі. Нәтижесінде 2 үлкен, 1 орташа және 2 кішкентай үшбұрыш, шаршы және параллелограмм шығады. Барлық 7 бөлікті пайдаланып, оларды бір-біріне мықтап бекітіп, үлгілерге немесе өзіңіздің ойыңызға сәйкес көптеген әртүрлі кескіндерді құруға болады.

Мұғалім ата-аналарға:

Құрметті ата-аналар! Сіздерге балаңыздың сөзбен достасуына көмектесетін, әңгімелеуді, қызықты сөздерді табуды үйрететін, соның нәтижесінде баланың сөз қорын байытып, түрлендіретін ойындар ұсынылады. Сөз ойыны кезінде баланың көңіл-күйін, оның мүмкіндіктері мен қабілетін ескерген жөн.

Балаңызбен тең дәрежеде ойнаңыз, оның жауаптарын жігерлендіріңіз, табыстарына және кішкентай жеңістеріне бірге қуаныңыз!

5–8 –

слайдтар

10 мин.

Мұғалім ата-аналарға:

Екі командаға бөлінуді сұраймын. Енді қазақтың ұлттық ойынын ойнаймыз.

«Бес тас» ойыны.

«Бес тас» ойынының міндеті: 
1. Ойыншылардың бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйрету.
2. Ойыншылардың көзінің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіру. 
3. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрету.
4. Ойыншылардың икемділігін арттыру, ой – өрісін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.

«Бес тас» ойынының шарттары:
  Бестас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады.
Ойынның мазмұны:
  Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады осы тәсілді бес рет қайталайды соңында алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.

Нәтижелермен таныстыру. Таныстырып болғаннан кейін педагог қорытындысын шығарып, тұжырымдама жасайды.

Тұжырымдама. Эрудиция мен тапқырлықты дамытудағы ең бастысы – балалармен бірге қызықты отбасылық зияткерлік ойындарды ойнауды үйрену! Сіздер ең тапқыр, зейінді, жинақы және ұшқыр ата-аналарсыздар! Қатысқандарыңызға көп рахмет!


Пайдалы кеңестер. Эрудиция мен тапқырлықты дамыту бойынша алған дағдыларыңызды жақын арада өз балаңызға қолданыңыз. Нәтижені талдаңыз. Әлеуметтік желілерде курс қатысушыларымен алған әсерлеріңізбен бөлісіңіз.

9,10 –

слайдтар

10 мин.

Топпен жұмыс

Үш топқа тапсырма беріледі. Сол бойынша постер құрап қорғайды

Мақсаты: ата-аналарды топтық жұмыс түрлерімен таныстыру; өз көзқарастарын еркін жеткізу.

«Спорт» тобы. Бала денсаулығына, дамуына спорттың маңызы қандай?

«Өнер» тобы. Баланы өнерге қай жастан бастап баулыған дұрыс?

«Білім» тобы. Балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін сол бағытқа қаншалықты көңіл бөлесіз?


5 мин

Кері байланыс. QR код арқылы кері байланыс жасау









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ата-аналар жиналысы

Автор: Жунусова Асел Болатовна

Дата: 20.03.2024

Номер свидетельства: 647544


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства