Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "?ош бол бастауыш!"»
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Мақсаты: оқушылар бастауыш сыныптан алған білімдерін, өнерлерін көрсетеді,білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезінеді; бастауыш сыныбымен, білімнің нәрін сепкен ұстаздарымен қоштастыра отырып сәт сапар, ақ жол тілеп, әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін бағалап,жоғары сынып мұғалімдеріне табыстау.
Міндеттері: оқушылардың өнер-білімге деген қызығушылығы артады; оқушылар адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиеленеді; өз ойын еркін жеткізуге қалыптасады.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүл шоқтары, оқушылардың жетістіктері туралы слайдтар, шарлар.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар,ата-аналар, оқушылар!
Бүгін сіздер 4 «А» сынып оқушыларының «Қош бол, сүйікті бастауышым!» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын!
Төрт жыл бойы білімге жол ашқан менің оқушыларым өздерінің бастауыш сыныбымен қоштасып, жоғары сынып табалдырығын аттағалы отыр.
«Талаптыға нұр жаусын!» деп ертеңгіліктерін ашуға рұқсат етіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
4 «А» сынып оқушыларын ортамызға!
(Музыка әуені ойналып тұрады. Тақтадан суреттері көрсетіледі. Әр оқушыға арнау айтылып, ортаға шақырылады.)
Журналдың да басында
Жүлденің тағы басында
Қазақша күрес сайысының жүлдегері
Ақылды да, байсалды
Мади келсін қасыма
Ұқыптылық бар бойына дарыған
Аида біздің сыныптағы мақтаныш
Ауданға барып, орын алып жараған
Ойласандар, бұл не деген қанша күш!
Бар ынтасын, жігерін
Сабағына арнапты.
Есептеуден әрқашан
Абылай да қалмапты
Өзі кіші болғанмен
Оны батыр деседі
Есептеуден ауызша
Бірінші Нұрай шешеді
Кішкентай сәби кезінен
«Хатубаны» биледі
Біздің сыныпта өнерлі
Гаухардай
Бала өсіп келеді
Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей осындай балаларды тәрбиелеп өсірген сіздерге де көп рахмет. Балаларыңыздың осындай қуаныштарына тоймай жүре беріңіздер!
(Музыка әуені ойналып тұрады. Тақтадан суреттері көрсетіледі. Әр оқушыға арнау айтылып,слайд көрсетіледі.)
Ендігі сөзді оқушыларыма берейін.
Жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмірге үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ әніменен жырына тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Гаухар: Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Абылай: Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Альфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
Нұрай: Жүзің жылы, құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен
Мади: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әр әріпті.
Аида: Ақылшы асыл ұстазым
Өзіңе мен де ұқсармын
Жеткенше қайрат күш-әлім
Биікке самғап ұшармын.
Жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға хормен: «Мың алғыс!»
Хор: «Ұстазым менің» әні
Гаухар: Бастауышым –бал-бұлағым
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Нұрай: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Мади: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым-бал-бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
«Мектебім» әні орындайтын: Қоныс Нұрайым
Аида: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен бастауышым
Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.
Абылай: Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ.
Хормен: Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауышым!
Жүргізуші: Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстік оқуда да еңбекте
Күліп-ойнап, мерекеде ән салып дей отырып ән кезегін Абылайға берейік.
«Сәулем» әні орындайтын: Еспенбетов Абылай
«Домбыра биі» биленеді
Мұғалім: Ұстаздарға шексіз алғысымызды айта отырып жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинацияларда сіздерді мадақтама қағаздарымен марапаттаймыз.
«Ең сүйкімді де сүйікті» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Есмакова Рая Қуанышбайқызы марапатталады
Аида: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңде
Өсиет көп сөзіңде
Көңілініңихошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің бастық осындай!
«Ұйымшылдығы үшін» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Ергазина Гулим Аблкасовна марапатталады.
Абылай: Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Гүлім апай амандасып.
Әр уақыт жылы сөзін шабыт беріп,
Барамын болашаққа қадам басып.
«Ардақты ұстаз» номинациясымен алғашқы ұстазы Бақыт Қуанар марапатталады.