Ашық тәрбие сағаты:"Айналайын,ана мерекеңізбен!" 1 сынып
Ашық тәрбие сағаты:"Айналайын,ана мерекеңізбен!" 1 сынып
Бұл ашық тәрбие сағатында оқушылар өздері дайындаған өлеңдерін,тақпақтарын аналарға арнап орындады.СОНДАЙ АҚ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ДАЙЫНДАҒАН ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҰСЫНДЫ.Аналар өте қуанышты болды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашық тәрбие сағаты:"Айналайын,ана мерекеңізбен!" 1 сынып»
Тәрбие сағаты "Айналайын, ана, мерекеңізбен!"
Тақырыбы: «Айналайын, ана, мерекеңізбен!» Мақсаты:аналар мен әжелерді, қыздарды халықаралық 8-наурыз мерексімен құттықтау. Көрнекі құралдар: плакат, шар, сөздер, магнитофон. 1-жүргізуші: Қуанышы баланың- Қуанышы ананың. 2-жүргізуші: Қуанышы ананың- Қуанышы баланың. 1-жүргізуші: Бізді өсірген анашым, Еңбегің де зор екен. 2-жүргізуші: Құтты болсын, анашым, Құтты болсын мерекең! Хор :»Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!» 1.Жан анам, құттықтаймын, мейрамыңмен, Көктемнің құлпыра бер нәр гүлімен. Өрлесем елің берген бақыт бағың, Жазбасын шат көңілің, шат күйінен.
2.Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған;
Аялы қолды талпынтқан, Қаймақты сүттей қалқытқан; Суық болса жөргегін, Қорғасындай балқытқан; 1 Айналасына ас қойып, Изенді көлдей шалқытқан; Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан Бұл кім? Бәрі: - Ана
3. Сөздерді ең аяулы, Жақсы көріп жаттадым. Енді білдім оларды Кімнің ойлап тапқанын. «Ана» деген сөзді де, «Аға» деген сөзді де, «Әке» деген сөзді де, «Тәте» деген сөзді де, «Ата» деген сөзді де, «Апа» деген сөзді де, - Ойлап тапқан балалар! «Жаным, күнім» дегенді, «Құлыншағым» дегенді, «Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді, «Айналайын» дегенді, «Толған айым» дегенді, Ойлап тапқан аналар!
4.Анам мені: «Айым» - дейді, Мен мұңайсам, уайым жейді, Анам мені: «Күнім» - дейді, Мен қуансам, күлімдейді. 2 Ән «Ақ мамам»
5. Әлемдегі ақылды адам, Бәрінен сол жақын маған! Ол жанымда жүрсе ,мен де, Батырларша батылданам.
6. Мәпелейсің мені, анам, Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қажымай. 7. «Күнім»,- дейсің мені, Күн мейірі сенде. Күннің ыстық лебі, Құшағыңа тең бе? Айналайын ,ана! (бірге)
8. «Жаным»,- дейсің мені, Жаратушым бір сен. Жалғыз өзің тегі, Жанашырым білсең. Айналайын ,ана! (бірге)
9. «Құлыным», - деп мені, Құрақ ұштың дәйім. Қамқоршым-ау, сені Қалай ұмытайын. Айналайын ,ана! (бірге)
10. Таусылмайды өлеңі, Күнде айтып береді. Барған сайын бір жаққа 3 Кәмпит алып келеді. Әжем мені, өйткені, Өте жақсы көреді. 11.Менің әжем,гүл әжем
Алтын әжем,күн әжем
Апам үшін,мен үшін
Нағыз ана тілі-әжем Сахналық көрініс «Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.
- Жүрегім кім менің? - Мен! - Тірегім кім менің? - Мен! - Сәнім кім менің? - Мен! - Ботақаным, бағлан қозым, Не деген тәтті баласың өзің! Ой, қарғам менің! - Жоқ, әже, қарғаң мен емес! Жо... жоқ, қарға болмаймын, Керегі жоқ ондайдың. Қарға «қарқ-қарқ» етеді, Алысқа ұшып кетеді. Қасыңда боп әрдайым, Мен ешқайда бармаймын.
1-жүргізуші: Болар күнде алаң, Жанашыр кім саған? Бәрі:Анам 4 2-жүргізуші: Болсаң егер жаман, Кейитін кім саған? Бәрі:Анам
1-жүргізуші: Таң қалғандай ғалам, Кім ең сұлу адам? Бәрі:Анам
2-жүргізуші: «Боташым» дер саған, Кім сүйікті адам? Бәрі:Анам
12. Жамандықтан сақтандырып, Жақсы ісімді мақтан қылып. Мәпелелеген ақ мамамды, Жүрсем деймін шаттандырып.
14. Айналайын, анашым, Көкте нұр боп жанасың. Ет жүрегің елжіреп, Құшағыңа аласың.
5
15. Айналайын, анашым, Аялайсың, бағасың. Менің үшін не керек – Бәрін іздеп табасың.
16. Көктемде көңілді, Құстар кеп жатқанда. Құлпыртып өңірді, Гүл ектік бақтарға.
17. Гүл ектік аулаға, Көктемде көңілді. Бақта да, бауда да, Ақ гүлдер өрілді.
Ән «Анашым» Мұғалім: «Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады,олар барлық шаруаны бітіреді,
Сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады,бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.Олай болса,аяулы аналарымызды бірсынап көрейік. Ойын: «Аялы алақан»
/аналардың көзінбайлап,оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу/
1-жүргізуші: Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей Ақ сүтіңді ақтармын. 2-жүргізуші: Көрсетемін күллі елді, Жарық етем түндерді. Өсіріп мен сыйлаймын Жұрт көрмеген гүлдерді Мұғалім: Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт, 6
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім-дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер./ ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді/
Мұғалім: Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым
Бәріміздің де анамыз бар,әжеміз әпкемізбар,қарындастарымыз бар.Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға сыйлық жасасақта жарасымды.Өйткені,бізді өмірге алып келген ,әлемнің жарығын сыйлаған анамыз емес пе?Олай болса,әр оқушы ының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен.Соны табыс етсін,
Бәрі: Бәрі жақсы ананың, Бәрі де оның керек-ау... Бірақ әрбір баланың Өз анасы бөлек-ау!
Аналар ,қалқып бақыт аралында
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтаймыз
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа-дей отырып бүгінгі «Ана-аса құрмет жан!» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.