kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты "Тілашар"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектеп табалдыры?ын ал?аш атта?ан 1 - ші сынып о?ушыларыны? ал?аш?ы мерекесі. Б?л іс - шара о?ушыларды? мектепке келгендегі ал?аш?ы мерекесі бол?анды?тан ерекше ?ткені д?рыс деп санаймын. Сонды?тан да б?л ерте?гілік балаларды? естен кетпестей болып ?тілуі ?ажет. Б?л т?рбие са?атында мен барлы? о?ушыны ?амту?а тырыстым, ?н жа?ынан болсын, би жа?ынан болсын, та?па?, к?рініс сия?ты б?л?мдерге бірде - бір о?ушы ?алмай толы?ымен ?атысты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "Тілашар"»

«Тілашар» мерекесі.

Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тілдерін дамыту.

2.Оқуға, білімге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Мұғалім:  Армысыздар қымбатты балалар, ардақты ата-аналар және қадірлі ұстаздар! Міне, бүгін сіздер кеше ғана білім баспалдағына алғаш рет қадам басқан, 1-сынып оқушыларының мерекесіне жиналып, «Тілашар» тойының куәгері болып отырсыздар Ендеше, бүлдіршіндеріміздің білім жолына аттаған қадамдарына сәт-сапар тілей отырып, бүгінгі  мереке иелерін ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар:

Мұғалім: Балалар сендер 1 – қыркүйекте қайда келдіңдер?

Оқушылар: Мектепке

Мұғалім: Мектепке не үшін келдіңдер?

Оқушылар: Білім алу үшін

Мұғалім: Ендеше, мектеп туралы не айта аласыңдар?

1-оқушы: Армысың, мектеп ар - бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.
Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.

2-оқушы: Мектеп – қамқор анамыз, 
Оқып, білім аламыз. 
Өнерпаз боп өсетін, 
Біз – оқушы боламыз.

Өсіп ой мен санамыз, 
Өмірге жол саламыз, 
Білім қуған баламыз 
Біз оқушы боламыз!


3-оқушы: Алты жасқа біздей толған баланы,
Мектеп ана құшағына алады.
Ата-ана қуаныңыз шаттанып,
Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

4-оқушы: Мен талапты баламын, 
Мектепке енді барамын. 
Үйреткенін үйреніп, 
Ұстаздан көп аларым.

5-оқушы: Мен тәртіпті баламын, 
Түгел қағаз, қаламым. 
Бір күн қалмай сабақтан, 
Кілең «бестік» аламын.

6-оқушы:

Армандарым көп менің 
Атқарамын деп келдім, 
Асыл анам – мектебім!

Оқып ғылым тектерін 
Ой аламын деп келдім, 
Оттан ыстық мектебім!

Өмірімнің көктемін 
Сенде өткізем деп келдім, 
Алтын – ұям мектебім!


Хор : Мектеп


Көрініс: «Оқушының достары» ертегісі

Қатысатындар: 

Автор-:  Ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде Білім патшасында Мектеп сарайында  Оқушы бала өмір сүріпті. Ол сабақ оқығысы келеді, бірақ ешқандай жазатын, оқитын  құралы болмайды. Жылап келе жатса, алдынан қалам шығады:

Қалам-:  Әй бала, сен неге жылап келе жатырсың?

Оқушы-: Менің сабақ оқығым келеді, бірақ менің ешқандай құралым жоқ. Соған жылап келемін.

Қалам-: Ендеше сен менімен дос бол, мен саған жазуды үйретемін. Әдемі жазу жазсаң, мен өте риза боламын.

Оқушы-:     Жарайды екеуміз дос болайық, ал мен сені қайда жазамын?

Қалам-:     Мені дәптерге жазады. Жүр,  мен саған оқуға қажетті дәптер, қарындаш, өшіргіш, Әліппе деген  достарды тауып кездестірейін.

Автор-:  Екеуі достарды іздеп келе жатса, олардың  барлығы  алдарынан шыға келеді.

Оқушы-: Қалам, мына тұрғандар кімдер? Олар не үшін қажет? Менімен қайсысы  дос бола алады ?

Дәптер-:     Мен дәптермін. Маған  жазу жазады. Мені оқушы таза ұстауы қажет. Менің бетімді жыртуға, сызуға, бояуға болмайды. Егер де әдемі, таза  жазса, 5- тік деген баға алады.

Қарындаш-: Ал, менің атым — қарындаш. Менсіз ешбір оқушы геометриялық пішіндерді  сыза алмайды.Сурет салу үшінде мені қолданады. Менімен дос болсаң, мен саған сызуды, бояуды үйретемін. Бірақ ескертемін —  мені ұқыпты  ұстамасаң мен ренжимін.

Әліппе-:    Ал мен болсам  —  бар кітапқа бас болған Ғылым атасы  -әліппемін. Мен саған 42 әріпті танытып, оқуға үйретемін. Егер де сен менің әріптерімді жаттап, жақсы оқысаң, озат оқушы атанасың.

Өшіргіш-:      Менің атым – өшіргіш. Менің көмегім саған өте қажет. Өйткені сен қате сызсаң, шимайласаң мені қолданасың.

Қалам-: Оқушы, бұның барлығы сенімен дос бола алады. Біз сенің сабақты жақсы оқуыңа көмектесеміз.  Тек сен біздің  жаңағы айтып кеткен шарттарымызды орындайсың ба?

Оқушы-: Ия,ия шарттарыңды орындаймын. Менің сабақ оқығым келеді. Келіңдер, сендер менің достарым болыңдар.

Автор-:     Сөйтіп оқушы өзіне қажетті оқу құралдарын тауып, барлығымен  дос болып, Мектеп сарайындағы ең үлгілі, озат оқушы атанған екен.


Мұғалім:Біздің Отанымыз қалай аталады?

Оқушылар:Біздің Отанымыз – Қазақстан.

Мұғалім:Отан неден ыстық.

Оқушылар: «Отан - оттан да ыстық»

Мұғалім:Отаның, елің туралы не айта аласыңдар?


7 – оқушы: Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің – тірегім,

Құшағында гүл атам.


8 – оқушы:Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.


9 – оқушы: Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

10 – оқушы: Отан - жерім, Отан - суым,

Отан - қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.


Хор:

Мұғалім: Мектепте оқиды, жазады, өнерге, білімге еңбекке үйренеді. Сонымен қатар біз мектепте Ана тілінде сөйлеп, оқимыз.
Біздің оқулығымыз қалай аталады, оны қай тілде оқимыз?
Оқушылар: Әліппе! Қазақ тілінде.
Мұғалім: Қазақ тілі - дүние жүзіндегі ең бай да бейнелі тілдің бірі. Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы. Ендеше сендер бізге тіл туралы білетіндеріңді айтып беріңдерші?


11 – оқушы: Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!

12 – оқушы: Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

13 – оқушы: Айтатын жас - кәріміз,
Аяулы жыр, әніміз,
Аялайтын бәріміз,
Ана тілі – арымыз.

14 – оқушы: Анашымдай сыр шерткен,
Ақыл - білім үйреткен.
Әліппені оқимын,
Ерекше зор құрметпен.

15 – оқушы: Бабамыздың тілі деп,
Даламыздың үні деп,
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің тілі деп,
Қазақ тілін, қазақ тілін сүйеміз.

Би: (қазақша)

Қойылым: « Әже мен немере».

Немересі: Әже, маған мектепте, 
Ұрыспай ма мұғалім ? 
Мен білетін ертекті, 
Дұрыс, - дей ме, шырағым!


Әжесі: Айналайын, ақылдым, 
Өмірімнің жалғасы. 
Қартаюға жақынмын, 
Арманымды жалғашы.

Сен ақылды баласың, 
Мектебіңе барасың. 
Ұрыспайды мұғалім, 
Ол да сенің анашың.

Немересі: Әже, мені мұғалім, 
Сіздей жақсы көре ме ? 
Орындалып сұрағым, 
Көтере ме төбеге ?

Әжесі: Тәртібің мен білімің, 
Қатар өсіп дамысын. 
Жеңбесі жоқ білімнің, 
Қосылса оған намысың.

Немересі: Еркелегім келсе егер, 
Көтерем бе қолымды ? 
Еркелікке, көнсе егер, 
Күнде етем бе сонымды ?

Әжесі: Еркелікті қалдыр да, 
Үйде отырған әжеңе. 
Ақылыңды алдырма, 
Адал бол, ақ батама.

Немересі: Әже, сізсіз мектепке, 
Тіпті барғым келмейді. 
Ертіп баршы мектепке, 
Сонда ешкім жеңбейді.

Әжесі: Әжесінің баласы – 
Жаман бала болмайды. 
Қабыл болып батасы 
Алла өзі қолдайды!

Немересі –, әжесі –.

16-оқушы:
Күнде бестік алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.


17-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой, Алла-ай.


18-оқушы:
Мынау менің сезгенім.
Ол – сыныптың анасы.
Өзінің де өзгенің
Баласы – оның баласы.


19-оқушы:
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың
Қасыма кеп қанша сен,
Қамқор боп қалам ұстадың.


20-оқушы:
Мен тілеймін ұстазыма
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке.
Азамат боп шығамын мен,
Сенетіндей ел ертең.


Би:


Мұғалім:    Ұрпақпен ұласады мұрат арман,

Бәйтерек бой көтерер құба талдан.

Тойлаңдар,қуаныңдар, ағайындар,

Шалқып қайт, шаттық тойы —Тілашардан!


Т – тәртіпті болайық                      

І – ілімді бойға жинайық               

Л – лашындай биік самғайық     

А – ақылды азамат болайық       

Ш – шыншыл болайық                

А – айбынды болайық                    

Р – рахат өмір сүрейік                     


Мұғалім: Ажырамай бір елі мектептен сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз – дей отырып сөз кезегі №16 лицей – мектебінің

директоры Есмаганбетов Арарат Мылтықбаевичке беріледі.


Мұғалім:Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар,

Балалардың есімі әулеттерге таралар

Ырым етіп сондықтан тойымыздың соңында

Ақ батамен баршаға бата берер ата-ана – деп сөз кезегін ата – аналарымызға береміз.


Мұғалім:Жүректерден арман отын жағыңдар,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Оқу оқып, тәрбие білім алыңдар .

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі ынтымағы жарасқан тәуелсіз еліміздің білімді ұл-қыздары болыңдар – дей отырып бүгінгі «Тілашар» мерекемізді аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты "Тілашар"

Автор: Елеубаева Гулжазия Утегенкызы

Дата: 25.11.2015

Номер свидетельства: 258292


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства