kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты. ?ліппемен ?оштасу

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? білімін бекіту, оларды? ал?ан білім-білік да?дыларын к?рсету, тілін дамыту, с?здік ?орын молайту, ??ыптылы??а, жина?ылы??а т?рбиелеу. О?ушыларды? ал?ан білімдерін тияна?тап, ?з ?нерлерін ата-аналарына к?рсетіп, эстетикалы? тал?амдарын тере?дете т?су. ?зін-?зі бас?ару. 

?ош келді?іздер,??рметті ата-аналар,?стаздар,арда?ты о?ушылар! Б?гін

1а-сынып о?ушылары ?здеріні? с?йікті ?ліппелерімен ?оштасып отыр. Міне,б?гін біз барлы? ?ылымны? атасы,бізді? болаша?ымызды? негізі-?ліппені бітіріп отырмыз. Б?гін біз шексіз ?уаныштамыз,?йткені ал?аш хат танытып,сауатымызды аш?ан, ана тіліні? ?ажайып, ірі шынайы ?ліміне б?лдіршіндерді д?л жетелейтін ?з тілін о?ып ?йренуге, о?и алсам деген ?мтылыс?а ша?ыратын, б?кіл білім, ?ылым?а бастайтын жол, ?лемдік ?ылым со?па?ыны? басы, бізді? жа?ын досымыз -  ?ліппе о?улы?ы.
Осы о?улы?тан білім н?рін ал?ан бал?ын б?лдіршіндеріме арнап :                          

                  ?сті міне бойлары?,

                  ?сті а?ыл-ойлары?

                  ?уаныш?а орта?пын

                  ??тты болсын тойлары?! – демекпін.

??рметті ата-аналар, ?стаздар!
Балаларды? білімі ??тты болсын
Денсаулы?ы ауырмайтын мы?ты болсын
Білімдерін ары ?арай дамытатын
Ерінбейтін е?бек?ор мы?ты болсын!,-дей келе,?ымбатты балалар!  Білім ?леміні? беташары «?ліппені » табысты ая?таулары?мен ??тты?таймын. Мен ш?кірттеріме  ризамын. Б?ріні? о?уы, т?ртібі ?те жа?сы. Т?рбиелі балалар. Ш?кірттерімні? осындай н?тижеге жетулеріне, ?рине ата-аналарды? да е?бегі зор сіздерге ал?ысымыз шексіз. «?ліппе-  білім бастауы » атты ерте?гілігімізді ая?таймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты. ?ліппемен ?оштасу»

Әліппе – білім бастауы!

Сабақтың  мақсаты: Оқушылардың білімін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, өз өнерлерін ата-аналарына көрсетіп, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу. өзін-өзі басқару.
Көрнекілік: Қанатты сөздер, Әліппе, Ана тілі макеттері, жұмбақтар, талапқа сай безендірілген сахна,оқулықтар, әліппе,балдырған ,айгөлек макеттері т.б.
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев суреттері, кеспе буындар,  түрлі-түсті шарлар.                                              Сабақтың барысы

 1.Ұйымдастыру кезеңі .

 «Сүйінші» хабарын айтып 3 қыз кіреді

Фариза : Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

                  Естімеген естіңіздер,

                  Тыңдамаған тыңдаңыздар.

                  Қазір біздің «Әліппе тойы» басталады

Мәншүк:  Уа халайық,халайық

                  Мұнда назар салайық

                  Жақсы білім көрімдік

                  Болсын сізге халайық

                  Не үйреніп,не білдік,

                  Кәне ортаға салайық!

Жанерке: Армысыздар аналар,

                  Бармысыздар балалар,

                  Сөзіме құлақ салыңыз

                  Бір серпіліп қалыңыз

                  Ортаға шақырайық қол соғайық

                  Шәкірттерімен ұстазды

Сол кезде музыкалық ырғақпен оқушылар бір-бірлеп, қолдарына шарларын ұстап, билеп шығады.

Кіріспе сөз Мұғалім:

   Қош келдіңіздер,құрметті ата-аналар,ұстаздар,ардақты оқушылар! Бүгін

1а-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасып отыр. Міне,бүгін біз барлық ғылымның атасы,біздің болашағымыздың негізі-әліппені бітіріп отырмыз. Бүгін біз шексіз қуаныштамыз,өйткені алғаш хат танытып,сауатымызды ашқан, ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әліміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім, ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы, біздің жақын досымыз - Әліппе оқулығы.
Осы оқулықтан білім нәрін алған балғын бүлдіршіндеріме арнап :                 

Өсті міне бойларың,

                  Өсті ақыл-ойларың

                  Қуанышқа ортақпын

                  Құтты болсын тойларың! – демекпін.

Осы кезде оқушылар қолдарындағы ішінде жылтырақтары бар шарларын жарады.

Ертеңгілігімізді ҚР мемлекеттік Әнұранымен бастайық
Әнұран орындалады.

Мақаш:

Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз.
Адайбек:

Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
Айдана:

Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
Айқын:

Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Хормен: Құтты болсын тойымыз!!!

Мұғалім:Ендеше балалар мен бұл тойды сендерге жұмбақ қоюдан бастағым келіп тұр.Сендер оған жауап беріңдерші.

             Іші толған әріпке

             Білімдегі жарық не?

Хормен:Болашаққа жол ашар,ол сүйікті әліппе.

Олай болса ,бәріміз ең қымбат әліппені ортаға шақырайық.

Оқушылар:Әліппе,әліппе,әліппе!

Әліппе:

Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана !
Болашаққа жол ашар ,
Әліппең келді ортаға.

4-ай бойы білім нәрін сепкен

Менің атым әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген .
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің .
Қуанышы баланың,
Қуанышы халықтың.

Мені оқып ер жеткен,

Ағаң сенің әпкең де

Хор:     Оны бізде білеміз

             Сондықтанда әліппе

            Мәңгілік сені сүйеміз!

Мұғалім:Әліппе бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағымыз.Сондықтын құрмет тағына жайғасыңыз. Құрметті Әліппе! Балалар өзіңіз туралы өлең,тақпақ би үйренді.Енді соны тыңдасақ қайтеді.

Әліппе: Бәрі келді тыңдайық, тыңдайық

Мұғалім:

Сенің нұрың сөнбесін
Ашық аспан жарық күн!
Келешегі сөйлесін,
Қазақ деген халықтың!
Уалиде:

Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақты қолдайды
Жансая:

Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай берді әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Ақбаян:

Әліппем менің Әліппем!
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
Мұғалім: «Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, біз әріптерді оқи отырып жақсы сөздермен көптеп таныстық. Ендеше мына әріптерге байланысты тілек сөздер айтып көрейік.

(ата-аналарға айтқызу)

Ә — әдепті

Л — лайықты

І — ізетті

П — пайымды

П — пысық

Е — есті болып

Г — гүлдей жайнап

Е — елімізді сүйеміз



Р — рахымды

А — алғыс айтып

Х — халқымызға

М — мейірімді болып

Е — елгезек

Т — талантты болайық

Мұғалім:

-Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып беріңдерші?
Оқушылар: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді ,жаңылтпаш айтуды, жұмбақ жасыруды үйрендік.

Әліппе :- Өте жақсы балалар! Міне, дұрыс! кәне, енді әндерінді де тыңдайық.

Хор: Әліппе

Мұғалім: Біздің Жанерке Әліппеге атасына арнап қазақ биін билеп бергісі келеді екен.

Жанерке :қазақ биі

-Байқап қарасақ, биылғы біздің мектеп табалдырығын аттаумызбен қатар Тәуелсіздіктің 23 жылдығы және Желтоқсан оқиғасының 28 жылдығы дәлме-дәл келуде. Бұл да жақсылықтың нышаны шығар.

Аделина : Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған,

Жете алмай құрбан болды қанша адам.

Махамбеттер, Шәмші, Халел, Қайраттар,

Әр кезеңде сен деп ерлік жасаған.

Шапағат: Мұзға жанған желтоқсанның жалауы,

Жарқылдаған ұл қызының жанары.

Мәншүк, Әлия қорған берген алтын күн,

Сәбира, Ләззат жалғастырды қатарын.

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге еркін өмір сыйлайды.

Хор: Астанам

-Балалар сіздердің білімдеріңізді ойын арқылы тексеріп көрейін.Алда қандай мереке келе жатыр?
Оқушылар: Жаңа жыл!
Әліппе:
Дұрыс айтасыңдар! Жаңа жыл әсем шыршасыз өтпейтіні белгілі ғой сондықтан қазір біздер шыршаны безендіру ойынын ойнаймыз.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Өзің білетін бір мақал айт.
3. Ырым –тыйым сөздерді білесің бе?
4. Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесің?
5. ҚР рәміздерін ата.
6. ҚР президенті кім?

Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен «Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті. Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін.
(Үш оқушы шығып оқиды)

Айқын:

Шәкiртке жанашыр,

Мейiрман кiм, жаны асыл?   (Ұстаз)

Адина:

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Медина:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз – ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырымнан қаққаның.

Дархан:

О, Ұстаз, неткен мықты, төзімдісің,

Қол бастаған батырдың дәл өзісің.

Шаршасаң да сездірмей күлімдейсің,

Шәкіртім білім алсың, білсін дейсің.

Хор: ұстазым

Би: Әлия,Уалида - сыған биі

Мұғалім: Рахмет,балалар! Менің де мәртебемді бір көтеріп тастадыңдар.

Ал енді әліппені ерінбей жанымызда отырып үйреткен жандарға алғысымызды білдірейік.

Алихан:

Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсаң анаменен данамыз

Алдыменен тыңдаңыздар ағайын

Аналарға арнап бір ән саламыз.

Саида:

Нағыз әке ақылгөй де, асқар жан,

Барлық ұрпақ әкелерден басталған.

Ал әкелер өздеріңе арналмақ

Біз айтатын келесі бір асқақ ән.

Хор: Анашым

Көрініс: 4 әже

Би: Ақбаян

Ойын ата-анамен.Шарды жарып ішіндегі сұрақтарға жауап беруі керек.

Y. Аяқталмаған мақал – мәтел

1)Балалы үй базар,

Баласыз үй қу мазар.

3) Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді,

Жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді.

4) Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер,

Он бес  жасқа дейін құлдай жұмса,

Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.

5) Тәрбиелі кісі —
Қант қосқан жармадай,
Тәрбиесіз кісі —
Шаң боратқан арбадай.

6) Ұлға отыз үйден тыю,
Қызға қырық үйден тыю.
8) Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

9) Әкені көріп ұл өсер,
Шешені көріп қыз өсер.

10) Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

11) Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.

12) Балаға байқап сөйлесең,
Ақылыңа көнер,
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».

13) Жемісті ағаш жер бауырлап өседі,
Жетелі жігіт ел бауырлап өседі.

14) Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ,

бала - жағасындағы құрақ.

 15) Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
 16) Жаста берген тәрбие —
Жас қайыңды игендей.

17) Отан – отбасынан басталады.
18) Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

19) Алты жасар бала алыстан келгенде,

Алпыстағы ақсақал  сәлем берер.

Мұғалім: Ата-аналар,ұстаздар! Балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп қойған жоқ.Математика деген пәнмен танысып сауаттанды.

....................., 5-тен 5-ті алғанда неше қалады?

..........................,(алақанын ашып, сосын жұмып) – Не қалатын еді, жұдырық қалады да!

..............................— Қайдағы жұдырық, 0 қалады!

Логикалық есептер.ауызша

  1. Торда үш қоян бар еді.Үш оқушы бір-бірден қоян алды. Сонда тақтада әлі де бір қоян қалды. Ол қалай? (Ж: біреуі торымен алған).
    2.Бес бұтақты қайыңда,
    Бұтақ сайын бес алма.
    Біреуін бер Сайынға,
    Сонда қалды неше алма? (Қайыңда алма өспейді).
    3.Тепсең-ақ секіріп,
    Ұстатпай қашады.
    Бір жерге бекініп,
    Тұра алмай сасады. (доп).
    4.Күн мен түн қалай басталады? (кезекпен)
    5.Адам есектен неге құлайды? (жерге).
    6.10 ешкіден 5 қойды алсақ, неше ешкі қалады? (10)
    7.Адам несіз өмір сүре алмайды? (ауасыз, сусыз, тағамсыз).
    8.Сен және мен, біз екеуміз қосылсақ қанша боламыз? (екеу)
    9.Алманың жартысы неге ұқсайды? (жарты алмаға)
    10.Қарға ұшады, ал ит құйрығына отыра ма? (Ит жуас болса, құйрығына қарға қонып отырады).

  2. Балалар енді тапқырлығымызды көрсетіп сөзжұмбақтар шешейік
    Ән: Ақжол,Сымбат,Мақаш,Жансая,Жарас

Мұғалім:

Жиынымыз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты
Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархаббатты, - демекші, сыныбымыздың биші қыздарының орындауындағы «Кішкентай әлем» биі

Мұғалім:- Біріншіден мен оқушыларым әріптерді ұмытқан жоқ па екен соны тексергім келіп тұр. Ол үшін оқушылардың арасынан өзіме көмекке 2-3 баланы сахнаға шақырамын. Бұл балалар кезек-кезек дене мүшелері арқылы әріптердің формасын көрсетеді. Ал сіздер, қадірлі “оқушылар” оларды шешулеріңіз керек.
(Бұл жерде әріптердің жеңіл көрсетілетін түрлерін таңдаған дұрыс. Мысалы: А, Я, Ф, О, М, П, Ж, І, Ө т.б. қалаулары бойынша. Сонымен қатар, көп ұтыс жинаған оқушыға алдын-ала чупа-чупс үлестіріледі).

Әліппе:

Көп рахмет балалар,

Менен білім алыңдар

Әр сөзімді жаттаған

Достар үшін мақтанам.

Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)


Мұғалім:

- Міне, балалар Әліппе бізге қаншама нәрсе үйреткен екен. Ендеше осынша білім беріп, тақылдатып сөйлеткен, «Әліппемізбен» қоштасатын уақыт болды. Олай болса Әліппені шығарып салайық.

Сымбат: Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

Рахмет саған, Әліппе!

Айқын : Көлге айналған бұлақтың,

Қайнар көзін көріппе ең.

Том-том қалың кітаптың

Басы болар Әліппем.

Бізге білім салып берген

Хормен:- Қош бол, құтты Әліппем!

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа артық бол,

Сауатты боп, шықты міне балаңыз.

Айтыс: Саида мен Аділбек.

-Құрметті оқушылар! Балалар енді біздің алдымызда және бір сүйіп оқитын кітабымыз өздеріңе даңғыл жол салатын жаңа достарың «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздерме, балалар ! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

Туған елдің тілімін,

Ақылы мен таңымын,

Түсіндірер бәріне

Ана тілі пәнімін.

Ана тілім – ұраным

Ана тілім – құралым

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

Ана тілім елдігім

Ана тілім ерлігім

Ана тілім болмаса

Бүтінделмес кеңдігім.

- Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп қызықты әңгімелер, ертегілер айтып беремін. Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.

Ән:Достарым Шапағат пен Мадина

Ана тілі: - Ал балалар мен сендерден осы кезге дейін қандай жұмбақтар,жаңылтпаштар,мақал- мәтелдер біледі екенсіңдер, соны сұрамақшымын.

1.Жұмбақ жасыру.
Оймен, кәне, өсейік,
Ойлы жұмбақ шешейік.
Оқысаң аласың,-
Оқымасаң, наласың,
Қатарыңнан қаласың
Ол не, күнім? (білім)
2.Мақалдардың жалғасын таптыру.
Оқусыз білім жоқ
Білімсіз ............... (күнің жоқ).

Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның ..............(тіленбей).

Оқу білім бұлағы,
Білім өмір............. (шырағы).
3.Жұмбақ есептер.
Алдында 3 балапан,
Артында 3 балапан
Ақ тауықты қосқанда
Айтшы саныны балақан.

Табақта 4 алма,
Қолымда 3 алма
Қосқанда барлығын,
Болады неше алма?
4.Буынсөздік.
Ян-ян-ян, қашып кетті........... (қоян)
Са-са-са шағып алды............. (маса)
На-на-на ойнадым мен ..........(шана)
Ата-аналармен ойнату.
Лар-лар-лар қандай жақсы.............( балалар)
5.Ұйқасын тап.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты- ................(жүзім).

Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты- ..............(жаңғақ).

Ақжол:

Алайық келер сәтті ойға түйіп,

Қалар бір шапағаты көпке тиіп.

Қол жайып періштенің ниетімен

Бәріміз бір ауыздан «әумин» дейік.

Ата бата береді.

Музыка ойнап тұрады.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе ,қымбатты балалар! Білім әлемінің беташары «Әліппені » табысты аяқтауларыңмен құттықтаймын. Мен шәкірттеріме ризамын. Бәрінің оқуы, тәртібі өте жақсы. Тәрбиелі балалар. Шәкірттерімнің осындай нәтижеге жетулеріне, әрине ата-аналардың да еңбегі зор сіздерге алғысымыз шексіз. «Әліппе- білім бастауы » атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ата-аналардың құттықтау сөзі.

Оқушыларға сыйлық тапсыру.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты. ?ліппемен ?оштасу

Автор: Косщибекова Гулжанат Аскаровна

Дата: 01.02.2016

Номер свидетельства: 286140


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства