kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? т?рбие са?аты "?ліппемен ?оштасу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ліппемен ?оштасу сценарийі
?атысушылар:
- «К?н» ж?не «Б?лт» еліні? т?р?ындары (сары, к?к т?ске киінеді)
- О?ымыстылар
- ?ліппе
- Ана тілі
М??алім: Армысыздар ??рметті ?она?тар, о?ушылар! Ш?кірттерді? ?олдарына т???ыш рет ?стап, бетін аш?ан о?улы?ы «?ліппе». Барлы? ?ылымны? атасы, болаша?ымызды? негізі- ?ліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ерте?гілігімізді бастайы?.
Ж?ру барысы:
(Сахнада «К?н» ж?не «Б?лт» еліні? т?р?ындары, я?ни о?ушылар бір - біріне ?арама - ?арсы т?рады).

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "?ліппемен ?оштасу"»

Әліппемен қоштасу сценарийі
Қатысушылар: - «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары (сары, көк түске киінеді)
- Оқымыстылар
- Әліппе
- Ана тілі
Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Жүру барысы:
(Сахнада «Күн» және «Бұлт» елінің тұрғындары, яғни оқушылар бір - біріне қарама - қарсы тұрады).
Автор-Сымбат: Ерте, ерте, ертеде аспан әлемінің бір жағында «Күн» елі, бір жағында «Бұлт» елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен. Екеуі екі елге қатынаудан қатты қалжырап, шаршапты. Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Ол не болғанда да екі елді бір жерге біріктіру екен.
«Күн» елі мен «Бұлт» елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
Назерке (1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
Наз (2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.
Назерке: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.
Наз: - Жарайды, қоштасу кешін «Жерде» өткізетінін айтып хабарлайық.
Назерке: - Уа, «Күн» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші «Жерде» болады.
Наз: - Уа, «Бұлт» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
«Жерде» болады.
Автор: Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды «Жерде» өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға ұзақ дайындалды.
Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар ұшып жерге де жетті. Бұл тойдың аяғы немен аяқталатынынан бейхабар еді. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастайық.
- Армысыздар, аналар!
Бармысыздар балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз,
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ.
Бүгінгі жыр әніміз!

1. Б.Қайрат:

Ең алғаш алғанымда «Әліппені» 

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

2.Камила:

Әліппе-білім анасы,

Әліппе –кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

3.Мирас:

«Әліппем», менің «Әліппем»

Сені қолға алып мен.  

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

4.Аселя:

 Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

«Әліппе»-білім бесігі.

5.Саян:

 «Әліппе»деген -алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

6.Аружан:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

7.Ерназ:

Қош бол, құтты «Әліппем»           

Көп нәрсені үйреттің,

Таныстырып әріппен,                              

Тақылдатып сөйлеттің.

8.Карина:

Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын. 

Ән:



1. Ақбота: 
Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 
2.Азат :
Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 
3.Дана: 
Армысың сен алтын ұя мектебім, 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 
4.Әнуар: 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 
5.Нуржан: 
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 
6.Нурлан 
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған

Мұғалім: Балалар әліппе кеткісі келіп тұр екен, әліппеге  сөз берейік:

Әліппе:

Әліппенің бетін жарық ет,

Ұл-қызды түгел білімді ет.

Келесі оқу жылына,

Аман-есен түгел жет.

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз!

Әумин!

-Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.(Ана тілі келеді)  Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

Бәрі: қош бол, құтты Әліппе!

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танылам.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам,

Ана-тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

1.Р.Дильназ:

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

 2.С.Дильназ:

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді.

3.Жанерке:

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 4.Т.Қайрат

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

Мұғалім: Балалар,  сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң қуанып, ренжісең жұбататын әкелерімізбен, аналарымызға мың алғыс. Ата-аналарымызға арнап өлең-тақпақтарымызды айтайық. 

1.Алдияр:
Әкешім, тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол шуақ күннен
Шаршайсың жұмыс істеп біздер шін,
Ақылды балаларың оны білген.
2.Молдир:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Сәбиіңді әлдилеумен тіл қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,
Кең құшағың ,аясындай гүл бақтың 

3.Мадениет:
Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,
Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.
Әкешім, аман –есен жүре берші,
Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді. 
4.Акмаржан:
Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең ақ мақтаанышың
Білім алып, тер төгем , еңбек етем
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін. 

5.Манас:
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Ал, әкелер, өздеріңе арналмақ,
Біз айтатын келесі бір асқақ ән

6.Жанэль:
Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз.
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға да арнап бір ән саламыз.

7.Нұрболат:

Ыстық- ау кім-кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген
Мұғалім:

-Қымбатты оқушылар, сендерді  мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, 4 ай ішінде Әліппе пәнін оқып меңгергені үшін сертификат беруге рұқсат етіңіздер.  Сертификатты  оқушыларға ұсынуды  мектебіміздің  оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Жұлдыз Жеңісқызына беріледі.

Ал осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қуанышымызбен бөліскендеріңізге көп рахмет!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? т?рбие са?аты "?ліппемен ?оштасу"

Автор: Калаубаева Диана Мараловна

Дата: 21.11.2015

Номер свидетельства: 256452


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства