Ма?саты: Жер бетіндегі тіршілік атаулыны? киелісі, адам баласыны? ?рпа?ын жал?астырушысы,бір ?олымен бесікті тербетсе, бір ?олымен ?лемді тербеткен, кіршіксіз сезім, мол мейірім, м?лдір махаббат, ?айырымды да кешірімді, еш?ашан ешкім орнын баса алмайтын, еш?ашан та?дау жасай алмайтын аяулы жан ананы сыйлау, ??рметтеу, ана алдында?ы перзенттік парызды т?сіну ж?не оны ?скенде орындау?а баулу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Құлағымда әлди үнің, анашым!»
Мақсаты: дүниедегі жақсылық атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтынын ұғындыру, анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге, мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету, оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Мұғалім сөзі: Әр адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана. Әрқашан дұрыс, таза жүр, адал бол деп тілейтін де – Ана. Ана, бұл жел жағымызға пана, бәріміз үшін дара, дана тұлға. Ана дегенде сөзге келмейтін тіл, лүпіл қақпайтын жүрек, мөлтілдемейтін жанар жоқ. Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұл соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылыуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен. Ана – тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Ендеше анамызды сыйлап, құрметтейікші, жас достар!
Ән «Анашым» хор
1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер әйелдердің халықаралық конференциясы өтті. Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді. Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды. Сол уақыттан бастап 8- наурызда халықаралық әйелдер мерекесін тойлап келеміз.
Аналарымызға жүрегімізден шықан өлең шумақтарымызды арнаймыз.
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды
Гүлжайна Айдос
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Дүниедегі ең ардақты асыл жан
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың Анам менің мәпелеген жасымнан
Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Мен қуансам қуанады ол бірге
Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Мен қиналсам табылады қасымнан
Ер жеткізіп елге берген баласын, Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Ақылдысың, ардақтысың, данасың! Бар жақсылық аналардан тараған
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Жер бетіне өмір нәрін себуші
Қайратыңнан қайта көрме, анашым Ана алдында борышты ғой бар адам
Данабек Дина
Ана тұрса құшаққа алып баласын Асыл анам – алтын жан, асқар тауым
Қуанышқа кенеле бер, анашым Әр кеш мені – ән-күйім, сая бағым
Мен ананы шуағы мол күн деймін Гүлім болып көгімде сен көрінген
Анадан зор құдіретті білмеймін Күнім болып көгімде сен көрінген
Анам ылғи қамқор болып жүреді Ақын ең сен – әр таңға асық жаның
Сондықтан да жылда түлеп гүлдеймін Алыс кетсем – аңсаймын, сағынамын
Назерке Қазбек
Ана деген – асыл жандар болаттай Анашым, жыр арнады қалқаң бүгін
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай Көмкерер сен дегенде бір таңды күн
О, адамдар, қадірлей біл ананы Болса егер уысымда бір өзіңе
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай Сыйлар ем дүниенің дархандығын!
Ана десем сезім билер тым ыстық «Қой» десең балаң күнде «неге» дедім
Жарасымды адамдарға туыстық Өзіңде мені нұрға бөлеген үн
Берсе барлық адамға ана мейірін Қанат жоқ әттең шіркін, асыл анам
Орнар еді бар әлемге тыныштық Жұлдыздың бәрін әкеп берер едім
Ерасыл Қызғалдақ
Төгілген маған мейірің – бейне шуағың Халқымызға билік айтар даналар
Сарқылмас мәңгі ән салған бастау бұлағың Даналардың өзі анадан жаралар
Жасашы, ана, жасашы – менің тілерім Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Қанатын қомдап ұшса да биік ұланың Сізден жақын адам бар ма аналар?
Анашым, сенсің мәңгілік менің тірегім Балаға ең жақыны сіз ғой ана
Мен үшін пана нұрлы әлем сыйған жүрегің Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана
Еңбегіңді ақтап, аялап өтсем тек сені Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ
Болмас-ты басқа перзенттік менің тілегім Теңесе алар бір-ақ нәрсе Отан ғана
Нұрғиса Айтгүл
Ардақты анам, асыл анам, қымбаттым Өзіңсің, сүйікті анам, құдіретім
Тәтті ұйқыңды талай бөліп үн қаттың Жанымды жадыратып күлдіретін
Әлпештедің, аяладың, өсірдің Сендегі маған деген мол мейірді
Кең құшағың аясындай гүл бақтың Нұр толы қос жанарың білдіретін
Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым
Күн нұрындай жадырай бір күлгенің Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің Анашым, айтарым көп тіл жетпейді
Қандай бақыт ортамызда жүргенің Бір сендей асыл адам таба алмадым
Жангүл Ғалымжан
Аялаумен ер жеткізген баласын Ана сүтінен барлық адам нәр алған
Ақылдысың, ардақтысың, данасың Ол азығың өзіңмен бірге жаралған
Қажымашы, шаршамашы, анашым Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол
Қарайлаймын кірбің шалса қабағың Күш-қуат боп өн бойыңа таралған
Адалдыққа баулыдың әуел бастан Өмірге ана – бақыт, ана – пана
Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан Өмірді өркендетер ана ғана
Ақ ботаңды демей гөр, жан анашым Өсірген талай көсем, талай шешен
Үлкен өмір жолында аяқ басқан Талай ер, талай ақын, талай дана
Нұрлан Мейрамбек
Мен ана деп ән саламын Ана – өте қымбат жан
Мен ана деп билеймін Әлемге өмір сыйлаған
Мен ана деп гүл теріп Мәпелеген біздерді
Терген гүлді сыйлаймын Баласы үшін жан қиған
Терген гүлім қызғалдақ Ана деген ең асыл
Қызғалдақты сыйладым Мейірімі күнмен тең
Қолы жұмсақ мақпалдай Саған айтам мың алғыс
Менің анам жан анам Мені әлдилеп тербеткен
Айнұр Жалғас
Достарым, анамызды құрметтейік Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Көңілін ешқашанда кірлетпейік Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Сабақты жақсы оқып, тәртіпті боп. Ана деген – бәйтерегі өмірдің
Орынсыз ренжітіп, үндетпейік. Ана деген – алтын қазық, алтын бағалар
Ерте заманның бірінде қазақ даласына шабуыл жасаған дұшпанның қалың қолы бір қаланы қоршап алады.Қалаға келетін ауыз суды тоқтатып қорғаннан өте алмаған жау халықтың берілуін күтіпті. Бірнеше күн өтсе де қала берілмепті.
Сонда дұшпанның әскер басы мынадай бұйрық шығарыпты:
- Қаладан көтергенше жүк алып әйелдердің кетуіне рұқсат етемін, - дейді.
Әйелдер бір-бір қапшық арқалап қаладан шығып кетеді.
Дұшпан қалға кіріп қараса бір де бір еркек жоқ.
Әйелдер ер азаматтарын қапқа салып көтеріп кетіпті.
Кішкене қыздар ұл балаларды, кемпірлер шалдарды көтеріп қаладан шығып кетіпті.
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар
Ән «Анаға сәлем» Акадилова Әлия
Оқушылардың «Менің анам» тақырыбына жазған эсселерін көрсету.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай
Ән «Асыл ана» Қадырбаева Айнұр, Базарбаева Дина
«Мен анамды қаншалықты білемін?» балаларға сұрақ қою. Аналарынан алдын ала сұрақтардың жауаптары алынады.
Анаң қандай түсті киімді ұнатады?
Жақсы көретін тағамы.
Ұнататын гүлі қандай?
Бос кезде немен шұғылданады?
Ұнатпайтын ісі қандай?
Ұнататын әншісі кім?
КТК ойыны
«Сөз тапқанға қолқа жоқ» ойыны
Аналарды ортаға шақырып бір санды таңдатып, санның артында жасырылған әріпке басталатын сөздермен төмендегі сұрақтарға жауап береді
Атыңыз кім?
Нешедесіз?
Қайда тұрасыз?
Қызыңыздың аты кім?
Қандай түс ұнайды?
Сыртта қандай мезгіл?
Нені жақсы көресіз?
Тәрбие сағаты біткесін қайда барасыз?
Қызыңызды/балаңызды не үшін жақсы көресіз?
Бақшада не өседі?
Құлақ неге екеу?
Кім сұлу?
Бақыт деген не?
Мейрамда айтар тілегіңіз.
Ән «Анашым» хор
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес.
Алдымызда 8-наурыз-Халықаралық әйелдер күні. Бұл мереке жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, өйткені көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?
Ерлік еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді.
Еркендеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс.
Аналарға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан-теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз.