Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "?анатты достар" »
Тақырыбы: «Қанатты достар»
Мақсаты: 1Оқушыларға пәндер бойынша тапсырмалар орындату арқылы құстар туралы түсінігін кеңейту,құстар тіршілігі туралы,адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.
2.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Көру,есту,ойлау,сөйлеу қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топтар сайысы, сахналау,ойын,шығармашылық.
Көрнекілігі: Құстар суреті,музыкалық әуендер,кейіпкерлер атрибуттары,көктем көрінісі,слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылар шаттық шеңберге тұрып,көңілді әуенмен табиғатқа арналған жылы сөздерін айтады.
Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Құстарды қарсы аламыз.
Табиғатты аялап,
Құстарға қамқор боламыз!
--Мұғалім: -Балалар,біздің халық ежелден-ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп,ақсы көретін адамын құсқа теңеген.Мысалы,батыр ұлдарын сұнқарға,әншісін бұлбұлға,сұлуын аққуға теңеген.Сендерді әжелерің,аналарың еркелетіп қандай құстарға теңейді?
-Көгершінім
-Қараторғайым
-Қарғам
-Қарлығашым
-Тотым
-Балапаным т.б.
-Балалар ,табиғат деген бізді қоршаған орта –тау,тас,жер,су,ауа десек,бүгін біз табиғаттың бір бөлігі құстарға тоқталамыз.
-Құстар бау-бақшаның сәні,бау-бақшаның әні.Құстар табиғатқа сән береді. Олардың сазды әуені табиғатты құлпыртып,адамдардың көңіл күйлерін көтереді.Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан басталған,оған дәлел-халықтың аңыз,ертегілері,құстар туралы ән-жырлары.Құстардың ұшу қасиеті адамдарды алғаш рет таң қалдырған,себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнген кезде құтқарушы жақсылық жасап,дәулет сыйлаушы бақыт құсы кездеседі .Сондықтан халық аңыздарында қанатты достарымыз ақылды.айлалы етіп көрсетілді.
Әдеби монтаж.
1 Құстар,құстар келеді
Жерді шуға бөледі
«Көктем келді!»-деп бізге
Жақсы хабар береді.
2 Келші,қараторғайым
Жем берейін ,қорғайын
Өзіңе арнап жасаған
Ұяң әне дап-дайын
Шын достыққа сене бер
Ұяңа ұшып келе бер
Ешкім саған тимейді
Өсіп-өніп,өре бер!
3 Қарға,қарға,қарғалар
Қар үстінде жорғалар
Боран соқса қар болар,
Бұтаға кеп қорғалар
Қысып кетсе сары аяз
Көзден жасы сорғалар
4 Жаршысымын көктемнің
«Көкек» дейді мені жұрт
Өз атын айтар құс менмін
Көктемді күтсең мені күт
Бұлағын тасытқан ән-жырдың
Тамаша тамылжып шырқаймын,
Шаттығын тауыса алмай әр күннің
5 Құс сұлуы аққумын,
Табиғат көркін сыйлаған
Мылтығын кезеп еш мерген
Атуғакөзін қимаған
6 Мен бүркіт көк күмбезге қалықтаған
Қияға қанат қағып шалықтаған
Құс ішінде қырағы болғандықтан
Атандым қыран-бүркіт жалықпаған
7 Бейбітшілік құсы менмін көгершін.
Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін
Аспан тұнық,шат көңілді болайық
Ақ ниетті,адал жандар көбейсін
8 Шарықтайды шағала
Қалықтайды,ойнайды
Жалықпайды шағала
Жағаға бір қонбайды
9 Күзде айналып өткен еді
Жылы жаққа кеткен еді
Көктемде қайта келді
Әсем әнін айта келді
10 Құстар –біздің досымыз,
Бау-бақшаны қорғайды
Ұя жасап қарсы алсақ,
Құстар бізді қорғайды.
-Балалар қандай жыл мезгілі келе жатыр?
-Көктемде біздің өңірімізге қандай құстар ұшып келеді?
-Ендеше сол құстармен бүгін жақынырақ танысамыз.
-Бүгін біздің сайысымызға «Торғайлар»тобы » мен «Қарлығаштар» тобы келіп отыр.
-1кг етті пісіру үшін 1сағат қажет.Осындай еттің жарты кг пісіру үшін қанша уақыт қажет?(1сағат)
-Бозторғайлар 9 болса,сарышымшықтардың олардан 3-еуі артық.Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті.Неше құс ұшып кетті? (7құс)
-Шешесі 41-ге толғанда,қызы 11-ге толады. Ал қазір шешесі 33 жаста.Сонда қызы нешеде?(3жаста)
-Зообақта 9 тордың ішіне 45 қоянды отырғызу керек.Торлардың ішіндегі қояндар саны әр түрлі болуы тиіс.(1,2,3,4,5,6,7,8,9)
3 «Сөзден сөз шығар» (көгершін әкеледі)
Қараторғай,қарлығаш
4 «Көрініс»(тырнаны әкеледі)
1-топ-«Тоқылдақ пен бұлбұл»,2-топ-«Аңшы мен бала»
5 «Құстар дауысы»(бұлбұлдың тапсырмасы)
6 Құрастыру (қарлығаш әкеледі)-қарлығаштың бейнесін кім тез құрастырады.
Марапаттау
Қорытынды.
-Міне,оқушылар, сендер бүгінгі сайыс барысында құстар біздің досымыз екендігін мәлімдедіңдер,құстардың пайдасы туралы мағлұмат алдыңдар.Ендігі біздің мақсатымыз бен міндетіміз құстарды аялап,баптау.Құстарға әрқашан қамқорлық жасау.Орманымызды,көлімізді қорғасақ,құстардың да мекені,тіршілігі көбейеді.Ол үшін қыста ауылда қыстап қалатын құстарға қамқор болып,жемсауыттар жасап,көктемде жылы жақтан келетін құстарға ұя жасап қарсы алуымыз керек.Құстар –біздің досымыз екенін естеріңнен шығармаңдар!