Ж?ргізуші: Елбасымыз жайлы та?па?тар?а кезек берейік.
Ж?ргізуші: ?н: «?аза?ым мені?»
Елбасы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? жан тебіренісі мен тол?анысынан ту?ан ж?рекке тиер ой – орамдары мен ?лт болаша?ы туралы айт?ан д?йек с?здерінен алын?ан ?зінділеріне к??іл аударалы?.
Құрметті ұстаздар! Бүгінгі 2 «Б» сыныпта өткізіліп жатқан «Біздің Президентіміз» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалсын..
Жүргізуші: Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы. Енді Президентіміздің туып өскен жері, қызмет еткен кезеңдерін бірге тыңдалық.
1-оқушы: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940-жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданының Шамалған ауылында дүниеге келген.
Әкесі Әбіш, шешесі Әлжан қарапйым адамдар болған. Әжесі Мырзабала Нұрсұлтан есімін берген. Ол кішкентайынан оқуға өте құштар болған. 1967-жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы техникалық оқу орнын бітірген.
2-оқушы: 1967-1969-жылға дейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді.
3-оқушы: 1969-1973- жылға дейін Қарғанды облысы, Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында болды.
1973-1977- жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы болды.
4-оқушы: 1977-1979-жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы,екінші хатшысы болды.
1979-1984- жылдары – Қазақстан Орталық партия Комитетінің хатшысы болды.
5-оқушы: 1984-1989- Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды.
6-оқушы: 1990 – жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Президенті болды. 1991 – жылы 1 – желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда республика азаматтарының 98,7 пайыз қолдауына ие болды.
1995 – жылы 29- сәуірдегі бүкілхалықтық референдумның нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігі 2000 – жылға дейін ұзартылды.
7-оқушы: 2005 – жылы 4 – желтоқсанда 91,15 пайыздық дауысымен Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2010- жылы 15 – маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды.
Жүргізуші: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Елбасы» мәртебесіне өзінің Отанға, елге деген сүйіспеншілігінің, еңбекқорлығы мен табандылығының, арқасында жетті. .
Ән: « Атамекен » әнін орындалады.
Жүргізуші: Елбасымыз жайлы тақпақтарға кезек берейік.
9-оқушы: Қазағымның туын тіккен - Елбасы,
Ұл – қызынан үміт күткен - Елбасы.
Қазақ елін аялаған – Елбасы,
Қиындықта сая болған – Елбасы.
10-оқушы: Нұр ағам жол көрсетер – шамшырағым,
Ел көл болса, біз соның тамшылары.
Жолынан елбасының адаспасақ,
Ауылдан да дарынды жас шығады.
11-оқушы: Қазақстан туған елім, байтағым,
Қашан үнім таусылғанша айтамын.
Қарсы аламын Әнұранымен әуелеп,
Қазағымның алтын арай әр таңын!
12-оқушы: Серпігенде бостандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.
13-оқушы: Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерге бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
14-оқушы: Тұратұғын болашақтың үні кеп,
Тартылар күй айтылатын жыры көп,
Ерекше бір еркіндейік бауырлар,
Бүгін тұңғыш Президенттік күні деп.
Жүргізуші: Ән: «Қазағым менің»
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жан тебіренісі мен толғанысынан туған жүрекке тиер ой – орамдары мен ұлт болашағы туралы айтқан дәйек сөздерінен алынған үзінділеріне көңіл аударалық.
оқушы: «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ!»
оқушы : « Ел көшін бастау – маған сын, мені қостау – елге сын»
оқушы: «Қасиетті қазақ жері – ата – бабаларымыздың даңқты тарихын
атының тұяғымен жазып кеткен жер»
оқушы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
оқушы: «Кеше болмағанның бүгін болуы мүмкін,бүгін болмағанның ертең
болуы мүмкін, бірақ ана тіліне мән бермеушіліктің, оны құрметтемеудің орны толмас олқылықтарға соқтыратыны сөзсіз»
оқушы: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін»
оқушы: «Отаршыл заманды еске салып,халықтың намысына тиетін атауларды
да өзгерту керек»
Жүргізуші: Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Тәуелсіз ел болды. Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қабылдап, заңға қол қойды.
Жүргізуші: -Балалар, біздің Президентіміз қай қалада тұрады?
Ғажайып сәт: - Астана несімен ерекше?
-Қане, балалар, Астанаға саяхатқа шығайық.
Көрме ұйымдастыру: Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру.
1. Біздің еліміздің басшысы кім?
2. Елбасының әжесінің, әке – шешесінің аттары кім?
3. Ол алғаш қайда жұмыс жасады?
4. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қашан «Елбасы» мәртебесіне ие болды?
Жүргізуші: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы,
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Ән: Көк тудың желбірегені (хормен)
Жүргізуші:
Ата бабамыздың ақ білекті күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, мұраға қалдырған
атамекенімізді, ендігі ұрпаққа біздер терең біліммен, ақыл - парасатпен, салмақты
мақсатпен сақтап, ұлтымыздың ұлы арманы «Тәуелсіз ел» болуымыз керек. Елбасымыз