Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "Б?ріні? бастауы-отбасы"»
Тақырыбы: «Бәрінің бастауы-отбасы» Сабақ мақсаты: 1. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу. 2. Ұл мен қыздар әке - шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу. 3. Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата - анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Отбасы, сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік алды. : Сүйіспеншілік, сыйластық, мейірімділік туралы түсініктері қалыптасады. Көрнекі құралдар: отбасы мүшелерінің суреттері Сабақ барысы: Кіріспе. Психологиялық тренинг.» Жақсы көремін»- Балалар, біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық? Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды? «О» - әріпіне ұқсайды. «О» - әріпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.) Топқа бөлу (Отбасы мүшелерінің аттары бойынша) 1-топ Ата 2- топ Әже 3-топ Әке 4-топ Ана ІІ. 1.Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақты шешкен кезде, сары торкөзде кішкене қоғамды білдіретін сөз шығады. 1. Түсі нарттай, Тілін тартпай, Жолға шықса, Қоймайды құртпай. 2. Мемлекеттік рәміздің бірі. 3. Еңбек құралы. 4. Ең жақын адам. 5. Уақыт өлшемі. 6. Ырыс алды -
Отбасы мүшелері туралы жұмбақ жасыру
Маған да, саған да, Жақын туыс - бес адам. Үш әріптен тұратын Оңға оқы, солға оқы. Өзгермейді еш одан Бәрі де өз жұратың, Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)
Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
Ертегі айтып беретін Айтқаныңа сенетін. Дегеніңді екі етпей Жаңында сенің жүретін. (Әже)
Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. (ана)
Атаңның баласы Кей кезде таласып, Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге? Ол кім? (Әкең)
Балалар, байқадыңдар ма, сөзжұмбағымыз да, жұмбағымыз да кімдер туралы болды? отбасы, туыс туралы Бейнефильм «Отбасы»
Ендеше, бүгін сабағымызда өзіміздің туған үйіміз, отбасымыз туралы әңгімелесеміз. Әркімнің өз үйі бар. Әркім өз үйін жақсы көреді, себебі ол сендердің туған үйлерің. Ол үй сендер үшін жайлы ды жылы. Онда сендерді жақсы көретін адамдар тұрады. Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н. Назарбаев
Енді әрқайсысымыз өзіміз тұратын үйімізді, отбасымызды көз алдымызға елестетейік. (Баяу әуенді музыка ойнайды.)
-Ойлаған ойларымызбен бөлісейік. Постер қорғау
1-топ . «Отбасы мүшелері» (сызбаға түсіру)
2-топ. «Тату-тәтті отбасы» (суретін салу(
3-топ «Менің отбасым тұратын үй» (үйді бейнелеу)
4-топ «Менің отбасым» (әңгіме жазу)
3 Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу). Отбасы -... Отан -... Әке -... Ана -... Бала- Әке көрген- Ана көрген-
Қорытынды.Бүгін сабақта біз отбасымызды жақсы көруге, отбасындағы адамдарды сыйлауға, көмектесуге үйрендік. Отбасы - сенің атаң, әжең, әкең, анаң, сіңілің, інің. Отбасы бізді жақсылыққа, әдептілікке үйретеді. Аналарың сендерді жақсы көріп өз мейірімін таратады. Сендерді еркелетіп аймалайды.
Рефлексия.Ал, балалар, жүрекше бейнесіне өз отбасыларыңа, оның мүшелеріне арнап өз жүректеріңнен шыққан жылы лебіздеріңді жазып жүрекшелеріңді «Менің отбасым» суретіне жапсырыңдар.