Просмотр содержимого документа
«Ашы? т?рбие са?аты "Алтын куз"»
Мақсаты:
1)табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту; 2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту. 3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу. (Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген) Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, кішкентай бүлдіршіндер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Күз мезгілі барлық үйге молшылық алып келсін. Күз мерекесі құтты болсын!
Иә,күзгі суық басталса да күзгі жауын-шашынға қарамастан бүгінгі біздің жүздескеніміз тамаша емес пе!
Әрине сіздер бәріңізде бұл күнді асыға күттіңіздер, дайындалдыңыздар. Сондықтан біз аса қызығушылықпен сіздердің шығармашылықтарыңызды тамашалаймыз,ізденістеріңізге лайықты баға береміз. Олай болса, Алтын күз мерекесіне орай өткізілетін "Күз аруы" атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Балалардың орындауында «Күз» биін тамашалаңыздар Жүргізуші:Ортаға бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған ханшайымдарды шақырайық. Сонымен мен хабарлаймын,сіздер қошеметтейсіздер!
Қане, қошеметтеріңізді аямаңыздар!
1-ші нөмерлі: Рахманова Аружан
2-ші нөмерлі: Куанышбаева Сабина
3-ші нөмерлі: Гафиятова Аружан
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеге ханшайымдар анасымен бірлесіп, сән көрсетілімін дайындап келген екен, ана мен баланың сән көрсетілімін бағалайтын,ханшайымдардың өнерлеріне қарай бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болайық.
Оқу ісінің меңгерушісі - Рая Қуанышбайқызы
Тәрбие ісінің меңгерушілері - Гулим Аблкасовна және Людмила Василовна
Жүргізуші: Көп сөйлеп, жөн жобадан аспайық біз,
Ән шырқап,күй төгуден қашпайық біз.
Сонымен сіздер рұқсат етіңіздер,
Ал енді күзгі тойды бастайық біз.
Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады.
Таныстыру
Өз өнерін көрсету
Қол өнер мүсіндері
Тапсырмаларды орындау
Сән үлгісі
Жүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Аружан: Алтын күз, әсем айналам, Қараймын көзім талғанша. Жақын қалды желтоқсан, Жабырқайды жапырақ.
Алихан: Жел тынымсыз гуілдеп, Болып кетті тым бұзық. Шуылдайды тал - терек, Жапырағын жұлғызып.
Сабина: Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін.
Зарина: Алтын, сары, қызыл, көк... Алуан алуан жапырақ, Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады жапырақ.
Ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Ханшайымның ата - анасы ортаға шығып, мына тұрған 3 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Жүргізуші:«Гүлдер» тобының орындауында «Өзбек» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Ендігі кезекте, балалардың анасымен бірлесіп дайындаған күзгі сән үлгісін тамашалайық. Әдемі әуен ойналып, балалар анасымен күзгі сән үлгісіне шығып, өздерінің және аналарының киімдерін неден қалай дайындағанын бірлесіп сипаттап, таныстырады. Жүргізуші: Осымен ханшайымдар анасымен 5-кезеңнен өтіп,өздерінің бойларындағы қасиеттерін көрсетті.
Сайысымыздың шешуші сәтіне жеткен сияқтымыз. Ендеше келесі кезекті әділқазылар алқасына берейік.
Әділқазылар қорытынды шығарғанға дейін Гүлдер» тобының орындауында «Назли гулим» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін. Алтын күз атты ертеңгілігімізді тамашалағандарыңызға рахмет.Келесі кездескенше сау-саламат болыңыздар.
Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады. Анасымен бірге сайысқа шығу
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Қол өнер мүсіндері
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сән үлгісі
Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады. Анасымен бірге сайысқа шығу
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Қол өнер мүсіндері
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сән үлгісі
Сайысымыз 5-кезеңнен тұрады. Анасымен бірге сайысқа шығу
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Қол өнер мүсіндері
4.Тапсырмаларды орындау
5.Сән үлгісі
(Осы кезде ішке сары киім киген түрлі - түсті жапырақтар тағынған алтын күз келеді) Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің шақыру хаттарыңды алдым, сендерге көп рахмет. Балалар, мен сендерге көкөністерімді, жемістерімді ала келдім. Көкөніс пен жемісті қалай жақсы көретіндеріңді тексереміз. Бізге екі бала қажет, олардың көздерін орамалмен байлап, мына тұрған ыдыстағы жеміс пен көкөністі қолдарымен ұстап, дәмін татып анықтаулары қажет. Күз: Жарайсыңдар балалар, өте дәм сезгіш екенсіңдер. Жүргізуші: Алтын күз, енді балалардың өзіңе арнаған «Жапырақтар» биін тамашалыңыз Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі Күз: Балалар билерің қандай тамаша, ендігі кезекте ата - аналарды сынап көрейік, күзде қалай шапшаң еңбектенеді екен. Екі ата - ана ортаға шығып, мына тұрған 2 картопты жылдамдыққа және қабығын үзбей тазалау қажет.
Жүргізуші: Балалар, күздің алып келген көкөніс, жемісі дәмді ме екен? Балалар: Иә, өте дәмді. Жүргізуші: Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық. (Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады) Сәбіз: Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз.
Алма: Мен алмамын, алмамын, Таңдай жұлар бар дәмім.
Қызылша: Ақ түсім бар қант алар, Қызыл түсім қанға нәр. Зияным жоқ біліп қой, Қызылшамын пайдам бар.
Өрік: Мен өрікпін, өрікпін, Табиғатқа көрікпін.
Қарбыз: Көрсең егер бақшада, Доп екен деп қалма. Шөл қандырар қарбызбын, Ерте үзіп алма.
Алмұрт: Мен алмұртпын, алмұртпын, Аузындамын бар жұрттың.
Қауын: Иісім жұпар аңқыған, Бақшадағы шырынмын. Жеп көргенде тамсанған, Балдай тәтті қауынмын. Күз: Балалар, ойын ойнап, көкөніс жемісті тани білдіңдер, мен сендерге ризашылығымды білдіріп, сыйымды табыс етемін. (Күз, балаларға алма таратады) Күз: Мен туралы жаттаған әсем тақпақтарыңды, айтқан әндеріңді көріп, билеріңді тамашалап көңілімді көтердім. Рахмет сендерге, келесі кездескенше. Жүргізуші: Балалар, барлығымыз күздің сыйына алғысымызды білдіріп, шығарып салайық. Балалар: Рахмет сізге күз, сау болыңыз! Күз: Сау болыңдар балалар! Жүргізуші: Ендігі кезекті әділ қазыларға береміз. Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жеміс тердім»әнін тамашалаңыздар.
Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивті есеп
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы Абай атамыз айтпақшы ұстаз тек үйретуші ғана емес, сонымен қатар үйренуші де. Заман ағымына сай бұрынғы ұстаздар өмірлік білім алып, сол білімдерін өзгеге берумен ғана шектеліп келсе, қазіргі уақыттағы ұстаздардың пешенесіне өмір бойы оқу мақсатын көздеген. Яғни, ұстаз тек қана үйретіп қана қоймай, өзі де заман талабына сай білім алып, өзгеріп отырғаны абзал. Міне, осы мақсатта республикамыздың әр түкпірінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары өтіп жатыр. Курс бағдарламасы ұстаздар қауымына «оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары сенімді дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын жаңа ғасыр ұрпағын дайындаудың міндетін жүктеп отыр. Осы мақсаттардың орындалуы барысында мұғалім қауымының мойнына артылар жүктің салмағы жеңіл емес. Сондықтан дәстүрлі білім беру дағдыларына өзгерістер енгізе отырып, ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Мұнда дәстүрлі білім беру бағдарламасын жоққа шығару деген сөз емес. Алайда дәстүрлі сабақтар жаңа ақпаратты мұғалімнің түсіндіруімен, оқушының селқос тыңдауымен шектеліп қала беретін сәттері көптеп орын алғанын жасырмаймыз. Міне, осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында білім беру мен тәрбиелеуде ұстаздар қауымына осы жаңа бағдарламаны ұсынып отыр. Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. [1.6]
Бұл бағдарламаның ұсынып отырған әдіс-тәсілдердің дәстүрлі сабақтардан айырмашылықтары мен басымдықтары әлдеқайда өзгерек.
Курстың бірінші бетпе бет кезеңінен бір ай білім алып, тәжірибе жинақтау мақсатында мектепке бардық. Көңіл күпті, жүректе үлкен қобалжу бар. «Бір ай оқуын оқыдық – ау, бірақ осыны мектеп тәжірибесімен қалай ұштастырамын?», «оқушыларыма бағдарлама ұсынған әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, тиімді сабақ көрсете аламын ба?» – деген ойлардың жетегінде келдім. Алайда мұғалім қауымы қашанда қиядан жол, қисыннан сөз таба білетін тапқыр халық қой, бұл қиындықтан да шығар жол таба білдім. Аталған бағдарламаның негізінде өткізіліп жатқан курстан мектебімізде мұғалімдердің біразы өткен болатын. Өзіме жақын деген бір – екі әріптесіммен ақылдаса отырып, түсінбеген сұрақтарыма жауап алдым. Сабақ өткізу уақыттарында да рухани қолдау алдым. Тіпті кейбір әріптестерім сабақта видеоға түсіру секілді қол көмектерінде көрсетіп отырды. Бұл мен үшін ауызбен айтып жеткізе алмайтын қуанышты сәт еді. Мектептегі тәжірибе жинақтау кезеңінде бірінші бетпе-бет кезеңінен алған теориялық білімімді ұштастырып, әрі қарай дамыту мақсатында тізбектелген сабақтар топтамасынан орта мерзімдік жоспарымды 4- сыныптың әдебиет пәніне құрдым. Сабақ жоспарыма бағдарлама идеяларын жүзеге асыра отырып, оқушылардың алға ілгерілеуін қамтамасыз етуді мақсат етіп қойдым. Сол себепті сабақтарымды дәстүрлі түрде емес, жаңаша тәсілдермен түрлендіріп, бағдарламаның жеті модулін сабақтарымда ықпалдастыра отырып қолдануды көздедім.
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді дамыту сыныпта тиісті ортаны қалыптастыруды талап етеді және білім беру үдерісінде ынтымақтастық атмосферасын қамтамасыз ету үшін мұғалім жауапты болады. Сыныпта оқушылар кез–келген уақытта жауаптар іздестіруде немесе ұжымдық зерттеулерде қажетті кітапты немесе сөздікті ала алатындай өздерін еркін сезінулері керек. Дәстүрлі сабақтарда бірден үй жұмыстарын тексеруден бастап, кейбір енжар оқушылардың көңіл –күйлерін су сепкендей басып тастайтынымызды аңғармаған сияқтымыз.
Ынтаның иерархиялық моделін әзірлеген Аврам Маслоу «төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандырылған жағдайда ғана келесі деңгейге көшуге болады, себебі төменгі деңгейде ынта жоғарғы деңгейден анағұрлым күштірек болады» - деген [2. 24] пікірін негізге ала отырып, әр сабағымды бастамас бұрын шаттық шеңберінде тренингтер өткізу арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, бойларын сергітуден бастауды жөн көрдім. Сабақты әп дегенде қызықты тренингтер мен сергіту сәттерінен бастауым оқушылардың алдағы сабаққа деген қызығушылықтарын оята отырып, келесі тапсырмалардан жаңаша, бұдан да қызықтырақ нәрселерді күтетінін көрсетіп тұрғандай болды.
Сабақтар барысында оқушыларды топтарға бөліп, топ бойынша отырғызудың өзі оқушылар үшін өзгерістің енгенін сездіргендей. Дәстүрлі оқыту бағдарламасында оқушылар екі-екіден қатар бойынша тізбектеліп отыратын да сабақ айту барысында да тек қолдарын көтеріп, мұғалім рұқсатын күтіп отыратын. Бұл әрине, оқушылардың бір –бірімен пікір алмасуда еркін қозғалысқа түсуіне кедергі келтіретін. Міне осындай көзге көріне бермейтін олқылықтардың салдарынан біз белсенді оқушыдан «өзімшіл», ал белсенділігі төмен оқушыдан «енжар» баланы тәрбиелеп жүргенімізді байқамағандаймыз.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. [3. 39] Осы теорияны негізге ала отырып оқушылардың сыни ойлауына, өз ойларын жүйелі жеткізуіне мүмкіндік жасау үшін оқытудың жаңа тәсілдерін сабақтарыма қолдана бастадым. Мысалы, сын тұрғысынан ойлау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру, диалогтік оқыту мен ақпараттық коммуникативті технологияларды пайдалану, дарынды, талантты балалармен жұмыс жүргізу. Оқытудың осы жаңашыл әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың бірін-бірі оқыту нәтижесінде әлеуметтік қарым – қатынасқа түсуін мақсат еттім. Оқушылардың арасындағы пікірталас диалогтік оқыту мен сыни ойлауларын дамыта түскендей болды. Осылайша оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, мәтінмен жұмыс та жақсы көрініс тапты. Жұмыс барысында топ мүшелері белсенді ат салысып отырғаны және сол белсенді қозғалыс пен ой пікірлер арқылы сыныптағы әр деңгейдегі оқушылар өз пікірлері мен көзқарастарын іштей саралап, салыстырмалы түрде баға беріп отырғанын байқадым. Осындай жұмыстардың қаншалықты маңызды екені оқушылардың бойынан да байқалады. Дәстүрлі сабақтарда оқушы пікірін былай қойғанда, қарастырылатын жаңа тақырып оқулық шеңберінде шектеліп қала беретіні жасырын емес. Сондықтан мектептегі тәжірибе жинақтау кезеңінде осы қателіктерге бой алдырмас үшін проблемалық сұрақтарды ортаға тастап, миға шабуыл жасай отырып, оқушылардың ой пікірлерін толық та жүйелі жеткізулеріне жағдай жасадым. Мысалы, «Құмыра және оның пайдасы туралы не білесіңдер?» - деген сұраққа оқушылар құмыраның ыдыс, зат екенін айта келіп, құмыраға су құюға болатынын айтса, енді біреулері құмыраның тарихи жәдігер екенін, тұрмыстың барлық түрінде қолданылатынын жеткізіп жатты. Міне, бұл арадан оқушылардың бойында сыни көзқарас қалыптасқанын байқадым.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мұғалімнің басқаруы мен көшбасшылығының арқасында, мұғалімнің шеберлігі арқылы жақсы нәтиже беретіні анық.
Мен дәстүрлі сабақтарда бағалауға аса мән бермей, бағалауды тек мұғалім жүргізеді деген көзқараста қалған едім. Бағдарлама модульдерін игеру барысында бағалаудың негізгі екі түрі бар екенін білдім. Бірі формативті бағалау болса, екіншісі жиынтық бағалау. Өз сабақтарымда оқушылар еңбегін бағалауды оқытудың жаңа тәсілдері бойынша жүргіздім. Мәселен, сабақ барысында оқушылардың бойына өз – өзіне деген сенімділік қасиеттерін беру барысында оқыту үшін бағалауды пайдаландым. Яғни, «Жарайсың!», «Өте орынды жауап!», «Сенің жауабың тамаша!» деген сияқты формативті бағалау түрлерін қолдансам, бұрынғы сабақтарымда бұндай қолдау жасау керек екендігіне көңіл бөлмедім. Жоспарлау барысында оқушыларымды жалықтырып алмау үшін сабақтарымның бір сарындылықта өтуіне жол бермеуге тырыстым. Алғашқы сабағымда бағалаудың қандай деңгейде өрістеп отырғанын оқушыларым байқап отырсын деген оймен өзім бағаладым. Мен бұндай тәсілді дәстүрлі сабақтарымда бұрын – соңды қолданып көрмеген едім.
Екінші сабақта бағалауды оқушылардың өз еншісіне қалдырдым. Яғни оқушылар пағалау парақшаларына критерий арқылы өзін – өзі бағалап отырды. Үшінші сабағымда бағалауды көшбасшылыр құзырына қалдырсам, соңғы сабағымда топ мүшелерінің топта ақылдасуы арқылы топты бағалауларын тапсырдым. Оқушылар топта өзге топтарды бағалау үшін де кеңесе отырып шешім қабылдады. Кейбір оқушылардың көзқарастары сәйкеспей, ортақ шешімге келе алмай, қарсылық білдірді. Осы жерде сабақтың басында селқос көрінген оқушылардың өз ойларын ашық, батыл білдіріп отырғандарын байқадым және дәстүрлі сабақтардағыдай мұғалімнің бағалауын күтіп отырмай, өз білімін, сыныптастарының көзқарастарын іштей саралап, бағалап отырды. Бағалау түрі тек бағалау парақтарымен ғана шектеліп қалған жоқ. Бағалауды «Кері байланыс» әдісі арқылы да анықтауды жөн көрдім. Кері байланыс парақтарынан оқушыларымның рефлексияларын оқып отырып, сабақ барысында өз жұмысымның нәтижесі мен кемшіліктерін де байқадым. Мысалы, «Құмыра» тақырыбында өткен бірінші сабағыма бір оқушым «маған А есімді оқушы эссе жаз деп бұйырды, ал мен бес жол өлеңді эссеге қарағанда жақсы жазатын едім, сол себепті қиналдым » дегенінен деңгейлік тапсырма беру кезіндегі өзімнің қателікке бой алдырғанымды байқадым. Осыған дейін кері байланысты неге қолданбадым деп ойладым. Себебі кері байланыс арқылы оқушылардың жұмысын ғана емес, олардың жүрегінен шыққан шынайы пікірлерін де біле аламын.
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететін едәуір күрделі мәселе.[4.72] Бағдарлама барысындағы жеті модульді ықпалдастыра отырып сабақ берген уақытымда дәстүрлі сабақтарда елей бермейтін кейбір қателіктердің орнын толтырғандай болдым. Сабағымды жоспарлауда дарынды және талантты балалармен жұмысқа баса назар аудардым. Сабақтың мағынаны тану кезеңінде де, қорытынды бөлімінде де осы дарынды және талантты балалар көшбасшылыққа ие болғанын аңғардым. Мысалы, тапсырмалардың түрлілігіне қарай бес жолды өлең, эссе жазу, жұмбақ құрастыру кезінде талантты оқушылар алдына жан салмай, жарқ етіп көріне білді. Тіпті І есімді оқушымның бес жол өлең құрастырумен қатар, оны қанағаттанбағандай өз жанынан өлең шығарып жіберуі де оқушылардың бойында жатқан дарынның ашылуына жол таба білгендігімнің көрінісі деп ойлаймын. Сонымен қатар мәтінді талдау уақыттарындағы образға еніп, кейіпкер бейнесін сомдауда әртістік қырларын да көрсетіп жатты. Біз дәстүрлі сабақтарымызда оқушылардың бойындағы бір өнер туындысын тек мерекелік кештерде, сынып сағаттарында ғана байқап көре алатынбыз. Оқушыларымызда сол уақытта ғана ашыла алатын еді. Алайда жаңашыл бағытта өткізіп отырған сабақтарымызда оқушылардың дарындылығын аша білуіміз біздің өз тәжірибемізге өзгеріс енгізгеніміздің бір айғағы болып табылады. Білім беру мен тәрбиелеуде дарындылық пен таланттың атқаратын рөлі зор екенін аңғарғандай болдым. Себебі сабақта селқос отыратын оқушылардың бойындағы туа біткен дарындылық қасиеттері кейде оның білімінің шыңдалуына жол ашатынын аңғардым. Мысалы Н есімді оқушымның сабақ тақырыбын ашар уақытта тақырыпқа сай өлең айтып бергені бәріміз үшін күтпеген жағдай еді. Бағдарламаның сын тұрғысынан ойлау модулін сабақтарымда кіріктіру арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына, бойларына сыни көзқарас қалыптастыруға, ойлана білуге үйретуге және жүйелі сұрақ қоюға қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Жоспарланған сабақтарымда мұғалім тек өз көшбасшылығын танытып, ұйымдастырушы бола білді де, сабақтың толықтай тізгіні оқушылар құзырында болды. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру, сабақ тақырыбы мен мақсатын аша білу, бағалау секілді кезеңдердің бәрі оқушылардың көшбасшылығымен ұйымдастырылып отырды. Мәтінді талдау барысында бірін – бірі тыңдап, бірін – бірі оқыту арқылы әлеуметтік әрекеттестікке түсті. Топтық жұмыстың қыр – сырымен танысып, «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы негізге ала отырып, бірігіп жұмыс жасаудың маңыздылығын ұғына білді. «Елу жылда ел жаңа» - дегендей ақпараттық технологиялардың сабақ берудегі бір тәсіл боп енуі де жаңа заманның жаңашылдығы. Оқушыларға әр сабақ сайын әнмен бой сергіте отырып, жаңа тақырыпқа сай мәліметті кітап бетінен емес, интербелсенді тақтадан көрсетуім олардың бойларынан сабаққа деген қызығушылықты, көздерінен жалындаған ұшқынды көре алдым.
Мектеп тәжірибесінде зерттеуге алған үш оқушымның да бойларына өзгеріс енгенін байқадым. Жақсы оқитын А, І есімді оқушыларымды айтпағанда қабілеті төмен оқушы деп саналатын Н есімді оқушымның да бойынан орасан өзгерісті байқадым. Топтарды бағалау кезіндегі бағдаршам түсін барынша көтеріп, «Мен екінші топқа жасыл түсті көтеремін, себебі ол топтың оқушылары шетінен супер!- дегенінен оқушымның сабақтан алған әсерінің орасандығынан эмоцияға беріліп кеткенін көруге болады. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі тізбектелген төрт сабағымды өткізу барысында оқушыларымның бойынан оқуға деген қызығушылықтың артқанын, үй тапсырмаларын ізденіспен орындайтынын, пән бойынша білімдері арта түскенін, үнсіз оқушылардың ашыла бастағанын, дарынды, талантты оқушыларымның мүмкіндіктерінің жоғарылағанын, ішкі уәждерінің оянғанын байқадым. Аз уақыттың ішінде өз мүмкіндіктерін көрсетуге, көшбасшылық қырларын дамытуға жағдай жасалды. Іс – әрекеттері дамыды, бір – біріне тақырыпты түсіндіре алатын жағдайға жетті. Оқушыларымның бойында қалыптасқан өзгерістерден менің де оқыту мен оқуға деген көзқарасымның өзгергенінің дәлелі деп білемін.
Тәжірибе кезеңінде өткізген сабақтарымның бұрынғы сабақтарға қарағанда тиімді болғанын, уақыттың тапшылығынан оқушыларым топтық жұмысқа толық қалыптасып үлгермесе де, осы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып мектептегі тәжірибе жинақтау кезеңіндегі өткізілген сабақтардың дәстүрлі сабақтардан айырмашылығы бар екенін көрсете білдім деп ойлаймын.
Жоғарыда айтылған ойларымды таразылай келіп, алдағы уақытта өз бойымнан жаңашылдыққа деген ұмтылысты қалыптастырғым келеді. Сабақ беру процесіме өзгерістер енгізіп, оқу мен оқытудың жаңа тәсілдері негізінде жұмыс жасай отырып, алдыма келген шәкірттерімнің де жаңа заман талабына сай құнарлы біліммен сусындауына күш саламын деген үміттемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» [ 6, 24,39,72]
Деңгейлік курстарда қолданылатын психологиялық тренингтер жинағы
Көкшетау 2014 ж
Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру. Көкшетау 2013 ж