Ма?саты: о?ушыларды? ?з пікірлерін ты?дай отырып , ?осымша м?ліметтер бере отырып ?ауіпсіз ж?не тиімді тама?тану денсаулы? кепілі екендігі жайлы т?сініктерін ке?ейту, денсаулы?ты? адам ?міріндегі ма?ыздылы?ын т?сіндіру, денсаулы?ты к?туге , д?рыс тама?тана білуге т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«ашы? т?рбие са?аты »
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы №6 орта мектебі
жанындағы интернат тәрбиешіcі
Дәменова Айсұлу Қабылқызы
Сабақтың тақырыбы: Тиімді тамақтану
Мақсаты: оқушылардың өз пікірлерін тыңдай отырып , қосымша мәліметтер бере отырып қауіпсіз және тиімді тамақтану денсаулық кепілі екендігі жайлы түсініктерін кеңейту, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, денсаулықты күтуге , дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.
Балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса , тиімсіз яғни жеткіліксіз болса, организмде метоболизм зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Тамақтану тәртібі:
Ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай- ақ тамақтану кезінде астық мөлшерін және мәзірін сақтай отырып, біріншіден тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу.
Екіншіден тәулігіне бір- екі рет қана тамақтану дұрыс емес, белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек.
Үшіншіден тамақ құнарлы болған жөн. Себебі адам ағзасы дұрыс қабылдайтын оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болғанын адамөзі таңдай алуы шарт. Тәулігіне ас мәзірі әртүрлі болуы керек. Кей ретте тамақ жеңіл жүрсе, кей ретте ол керісінше бұл процесті бәсеңдетеді.
Тамақтанудың негізгі ережелері: Тойып тамақ ішуге болмайды. Тағамның мөлшері , оның сапасы, қабылдау кестесі, гигиенасы ережесі және қолайлылық этикасымен реттелуі керек. Тамаққа деген тәбетіңіз болмай тұрып, ас қабылдамаңыз. Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну, сондай- ақ тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау деген ұғымды білдіреді.
Пайдасыз тағам түрлері:
Фанта, бәліш,кока-кола, чипси, майлы ет шоколад
Ас ішу тәртібі:
Асты асықпай әбден шайнап ішу керек.
Тамқты шеттен тыс көп ішуге болмайды.
Тамақ ішіп отырып кітап оқуға, теледидар қарауға болмайды.
Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тағамды талғаммен ішу керек.
Пайдалы тағам түрлері:
Айран, нан, балық, өсімдік майы, сәбіз, капуста, майсыз ет
Тамақтанудың негізгі ережелері:
Тойып тамақ ішуге болмайды. Белгілі бір уақытта аз мөлшерде ұтымды пайлану
Тақырыпқа байланыста мақал- мәтел:
Ертеңгі асыңды тастама
Кешкі асқа қарама
Ас үстіннен аттама
Астан үлкен емессің
Ұтымды тамақтану дегеніміз не?
Белгілі мөлшерде және уақытылы тамақтану
Ырым- тыйымдар
Нанды бір қолымен сындыруға болмайды.
Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмады
Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды
Дастарханнан аттауға болмайды
Сонымен құрметті оқушылар сендер түсінген боларсыңдар бүгінгі біздің с «Тиімді тамақтану - денсаулық кепілі» яғни дені сау, сымбатты да сұлу болу үшін қалай тамақтану керек және немен айналысу қажеттігі туралы ой қозғап түйіндедік.