kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?:" Жалбыз." /д?ниетану саба?ы 1 сынып/

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я работаю в школе-лицее №1 учителем начальных классов.Очень люблю свою профессию и горжусь ею.Образование высшее.Стаж работы 15 лет.Кроме того воспитываю пятерых детей.Хочу вырастить своих учеников образованными,честными и истинными патриотами своей Родины.Всегда нахожусь в тесном контакте с родителями. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?:" Жалбыз." /д?ниетану саба?ы 1 сынып/»

А.Т.Майланова

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:Жалбыз.Қонжық.

Сабақтың мақсаты:Білімділік:Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру,мәтінді түсініп оқуға үйрету,мазмұнын ашу,мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу,оларды айыра білуге үйрету.

Дамытушылық:Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуне ықпал ету.Ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін жетілдіру .Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру,адам өміріндегі бір маңызын түсіндіру.

Тәрбиелік:Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып,оны күтуге жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.

Сабақтың түрі:Ойын сабақ.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Балалар,қазір қай жыл мезгілі?

-Көктем.

-Көктемде жердегі барлық тіршілікке жан бітеді.Осы табиғаттағы тіршілік иелерінің барлығымен сәлемдесіп алайық!

ІІ.Жаңа сабақ.

-Дайын болсақ,орнымызға отыра қояйық.

-Балалар,тыңдап қарайықшы,бұл ненің даусы?

(су ағысы,құстар дауысы естіліп турады.)

-Қайда болатын құстар?(орманда)

-Ал орманға барғыларың келе ме?

-Ал біздің Маңғыстауда орман бар ма?

Жоқ,балалар .Орман Қазақстанның солтүстігі мен шығыс өңірлерінде бар.

-Жақсы,балалар,олай болса,ормандағы аңдардың тапсырмаларын орындау арқылы орманға саяхат жасаймыз.

Сабаққа өте жақсы қатысқан оқушыларға аңдардың сыйлығы да бар екен.

1.Тиінің тапсырмасы.

-Сурет бойынша не айталасыңдар?

Оқушылардың жауабын тыңдау.Бір оқушы жинақтап толық айтып шығады.

-Бұл сендердің құрағандарың мәтін.Ол бірнеше сөзден құралады.

-Балалар,өздерің бұл мәтінге қандай ат қояр едіңдер?

-Сонда балалар ,мәтінге ат қоюға болады екен.

-Олай болса,бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мәтін».

Балалар ,дәптерлеріңді ашып ,бүгінгі күннің жадын жаза қойыңдар.

Көркем жазу:Жалбыз,қонжық,орман.

Кеуделеріңді көтеріп,тіке отырып жазыңдар.

2.Қасқырдың тапсырмасы: Ребусты шешу

-Бүгінгі күннің жадын жазамыз.(Көркем жазу минуты)

3.Қояннның тапсырмасы.

164-жаттығу.Ауызша орындаймыз.Жаттығудың шартын кім оқып жібереді?

Оқушыларға мәтіндегі сөйлемдерді бір-бірден оқыту.

-Осы мәтінде неше сөйлем бар?(5)

-Әр сөйлемде неше сөз бар?

Жалбыздан жасалатын заттарды көрсету.

Жалбыз өсетін жерде шыбын-шірей болмайды.Олар жалбыздың иісіне жоламайды екен.

-Жақсы.балалар,бәрекелді!Жарайсыңдар!

4.Аюдың тапсырмасы.

165-жаттығу.

Мәтінді бір жақсы оқитын балаға оқыту.

-Ал.балалар,осы мәтінде бұрын кездеспеген сөздер бар ма?

Сөздік жұмыс:Кірекей-аюдың аналығы.

Біз онымен дүниетану сабағында танысқанбыз.

-Балалар,қонжық,кірекей деген сөздері бар сөйлемдерді тауып,кім тақтаға жазып береді?

Ал қалған оқушылар дәптерлеріне жазады.

(2 оқушы тақтаға жазады)

-Шаршаған жоқсыңдар ма?Олай болса сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.

5.Түлкінің тапсырмаы.

« Кім жылдам » ойыны.

Орман жануарларының суретін салу.Сиппатау.

-Ормандағы өздеріңе ұнаған аңның сұлбасын бейнелейік.

-Балалар,түлкі өте қу.Ол қашып кетпей жатқанда тапсырмасын тез орындауымыз керек.

-Ал осы аңды сиппатап берші.Бұл аң туралы не білесің?

Бірінші бітірген 1-2 оқушы суретін көрсетіп,салған аңдары туралы сипаттап береді.

ІІІ.Қорытынды.

Білемін.Не білдім.Білгім келеді.

ІV.Үйге тапсырма.

«Орман» тақырыбына әңгіме құра.

-Ал енді орманнан қайтып келеміз.

V.Бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ашы? саба?:" Жалбыз." /д?ниетану саба?ы 1 сынып/

Автор: Майланова Ардак Танбаевна

Дата: 16.11.2015

Номер свидетельства: 254093


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства