Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Зат есім жатты?улары»
Боранбаева Гүлжан Сағымбайқызы
Жаңаөзен қаласы, №13 бастауыш мектеп, бастауыш сынып мұғалімі
Тәрбие сағатының тақырыбы: Бастауышым - балбұлағым
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар.балалар қолөнерлерінің көрмесі, суреттер, шарлар, гүлдер.«Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтаж.
Тәрбие сағатының барысы: /көңілді әуен ойналып тұрады/
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып, 146 түлек бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз, біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.
Олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.
Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті танып, 1-ден 100-ге дейінгі , 1000-ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге жетті.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені биік асуға беттеген аяулы ғұмыр ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндердің өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағыда есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған білім нәрімен сусындатқан өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ата-аналарына өз өнерлерін көрсетпек.
Бүгінгі «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, қанша қыс пен жазды бір өткізіп, ыстық пен суыққа бірге төзген ұстаздарды осы мектебіміздің іргесі қаланғалы бергі 32ші түлектері болып бастауыш сатымен қоштасқалы отырған бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімен бірге ортаға шақырайық. /сыныптарды рет-ретімен шақыру/
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 ші «А» сыныбын ортамызға.
Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
4 «Ә» сыныбы бүгін міне,
Қош айтысып бастауыштан ұшқалы тұр
Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні,
Сондықтан да 4 «Б» өте үлгілі.
Ғалия апай — дана кісі басшысы
Тәртіп пенен мәдениеттің символы.
Көңілінін хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай,
Эльвира апай бастаған
4 «В»сыныбы осындай.
Жарқыраңдар жұлдыздай
Қарасын жұрт таңырқап.
4 «Г» ні алға бастаған
Жамила апайың осында
Өзің берген білім менен
4 «Ғ» бүгін шыңдалды.
Самғап ұшты тау қыраның.
Жанар апай өзіңмен.
Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2008 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен?
Құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. (Экранға назар аударыңыздар)
«Шуағын төккен 4 жыл» атты фотомонтажды тамашалау /көңілді әуенмен бірге,2-3 мин/
Кешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгінде көптеген жетістіктерге жетіп, өз білімдерін шыңдай түсті. Осы өткен 4 жыл ішінде көптеген облыстық, қалалық, мектепішілік олимпиадалар мен сайыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге жетті. Атап айтсақ:
/Сурет шығуына байланысты оқу/
-Осындай жетістіктерге жеткізген ұстаздарымыздың құрметіне «Ұстазым» әнін жолдаймыз.
Хор: «Ұстазым»
Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы сіздер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп тамашалағалы отыр.
Той бүгін- шат өмірді күйге бөлеп,
Би билеп, асқақтатып әнге қосқан.
Бұл тойда жан табылмас тасымаған,
Ақ сәуле әрбір тұстан шашыраған,
Жұпарлы гүлге оранған осы тойдың
Аяулы шәкірттер мен ұл-қыздары - сөз кезегі өздеріңізде.
Ортада 4 «Г» сынып оқушылары әдеби – монтажымен
Әсел: Толқып, қорқып төрт жыл бұрын
Мектепке біз келгенбіз,
Қоңырауды алғаш естіп
Сыныпқа біз енгенбіз.
Әділет: Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың ,
Көп түрін біз тастадық.
Айман: Жылы сөзбен қарсы алып
Бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі пәнді
Біраз шаршап қалдыңыз.
Самат: Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.
Назерке: Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.
Сандуғаш: Түрлі – түрлі пәндерді де
Оқитын болдық ержетіп
Қателік болса жіберген
Түзетелік тездетіп.
Гүлжанат: Мықты менің ұстазым
Мінді өзімнен іздейін,
Қалыс қалсам, қиналсам
Ұстазымнан көрмеймін.
Абзал: Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым- балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Жүргізуші: -Ал оқушылар, осы білім ордасына келгенде алдыңыздан күлімдеп қарсы алған, ұстазыңызға қандай тілек айтасыңыз?
Барлық оқушылар қосылып:
Сүйікті ұстазымыз Жамила апай
Айтамыз біз рахмет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Аброй, атақ, бар жақсыны
Тілейді сізге, жас түлек.
Рахмет оқушылар /қошеметпен орындарына шығарып салу/
Жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай алғаш қолыңызға қалам ұстатып,оңыңыз бен солыңызды танытқан,сізбен бірге қуанып,42 әріпті білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анаңыз-ұстаз екені бәріңізге мәлім. Олай болса, келесі «Ұстазым» әні осы залдағы барша ұстаздарға арналады.
Хор: «Ұстазым» орындайтын 4- сынып оқушылары
Ия, ұстаз туралы батыр Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді!» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарға арнаймыз.
Ортада 4 «Ә» сынып оқушылары әдеби – монтажымен
Маржан: Балғын бала бастауым,
Сәтті қадам бастадым.
Біліп көрдім оқуды,
4 жылды артқа тастадым.
Айдос: Мен үйрендім білімді,
Төктім бар ой,терімді,
Ұқтым, күліп ойнадым,
Көтеріп әр сәт көңілімді.
Дастан: Әлі есімде мектепке алғаш келгенім,
Оң қолыңмен «Әліппені»бергенің.
Санай ашып «Әліппенің» әр парағын,
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
Асхат: Тәртіп бұзсақ өзіңізден
Кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді
Мақсат етіп шыңдаймыз.
Мөлдір: Алтын ұя мектеп рухын
Даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып
Арманға біздер жетеміз.
Камила: Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!
Жүргізуші: -Ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанда Әліппнеі қолыңызға ұсынған
алғашқы ұстазыңызға қандай тілек айтасыңыз?
Барлық оқушылар қосылып:
Сіз менің әкемдейсіз, анамдайсыз,
Біз үшін армандайсыз, алаңдайсыз.
Ұстазым, сізден артық ақылшым жоқ,
Адалдық мен парасаттан жаралғансыз.
Рахмет оқушылар /қошеметпен орындарына шығарып салу/
Жүргізуші: Екі шектің бірін артық,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ ,қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра. демекші кезекті 4 «Г» сынып оқушысы Қанатов Саламаттың орындауында «Қосалқа» күйіне береміз
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Сіздер 4 жыл ішінде тек өз ана тіліңізді ғана емес, өзге тілдерді де үйрендіңіздер.Ия, сол тілдердің бірі- ағылшын тілі. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Ортада 4 «А» сынып оқушылары әдеби – монтажымен
Кеше ғана білім ордасына бір-біріңді танымай жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндер едіңіз бүгін, міне бой түзеп, ойларыңа ой қосып, тіпті бойларыңда өсіп қалыпты. Ағылшынша да сайрап кетіпсіз, апайыңызға қандай тілегіңіз бар?
Барлығы қосылып ағылшынша өлең айту.
Жүргізуші: Рахмет, ал енді өздеріңіз түсінген шығарсыз бірақ, мына менде, қонақтар да бір сөзіңізге түсіне алмадық. Қазақша айтып бере аласыз ба?
Барлығы қосылып: Шәкіртпен көркейеді еңбегіңіз,
Сізден алған біліммен біз өсеміз.
Қайтарамыз еңбегіңді аяулы ұстаз,
Көрініп әлі талай биіктерден.
Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетеді.-
Жүргізуші: Өзге тілді үйреткен,
Қызықтырып біздерді,
Орыс тілді оқытып,
Тілімізді ширатқан.
Ортада 4 «Б» сынып оқушылары әдеби – монтажымен
Ануар: Слышишь песенку ручья?
Это-Родина твоя.
Школа где твой друзья
Это-Родина твоя.
Жанерке: Мы еще раз вспомним звонок весёлый
Что прозвенели нам в первый раз?
Когда вошли с цветами в школу
В сами лучший класс.
Назерке: Четыре года мы в пути.
Куда же дальше нам идти?
Всем вместе дружно в самый раз
Пора идти нам в пятый класс!
Жарқын: Пройдут года и прозвенит
Звонок в последний раз,
Сегодня репетиция –
Окончен четвёртый класс!
Жалғас: Звенит звонок весёлый,
Уходим в пятый класс,
Спасибо, вам, начальные,
Мы не забудем вас.
Рахмет оқушылар /қошеметпен орындарына шығарып салу. Алғашқы ұстазыңызға қандай тілек айтасыңыз?
Барлық оқушылар қосылып:
От души мы полюбили,
Наших всех учителей.
И здоровья всем желаем,
От проказников детей!
Жүргізуші:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі сахналық көріністерді ұстаздарымызға арнаймыз.
Ортада 4 «Ә» сынып оқушылары
«Есеп».
Баласы: Әке, кешегі шығарып берген есебіңіз түп түгел қате екен.
Әкесі: Не дейді? Мүмкін емес!
Баласы: Ашуланбай ақ қойыңыз, өзге балалардың әкелері де сол есепті шығара алмапты.
«Ең қиын сұрақ»
Баласы: Мама, мен бүгін бүкіл сынып оқушылары жауап бере алмаған сұраққа жауап бердім.
Анасы: Өте жақсы балам, ол қандай сұрақ?
Баласы: Сынып бөлмесінің терезесін кім сындырды ? деген сұраққа…
«Емтихан»
Әкесі: Балам, кешегі емтиханды қалай тапсырдың?
Баласы: Жақсы тапсырған шығармын. Өйткені мұғалім жазда тағы келесің деді ғой.
Әкесі: Жарайсың балам, өзіме ұқсаған екенсің.
Рахмет оқушылар, жарайсыңдар.
4 «Г» сыныбының оқушылары КТК – нан үзінді
Жүргізуші: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім жырларың,
Азық болар әлі талай жылдарға.
Ортада 4 «В» сынып оқушылары әдеби – монтажымен
Дамира: Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен күліп күн шығар.
Қарлығаш: Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім,артты санам.
Баураған 4 жыл бойы ата-аналар
Әрқашан қасиетті атың маған.
Гауһар: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Данияр: Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай , күміс көмей, сөзі алтын.
Азиза:Есімде ұстаздың алған қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Динара: Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел танымас азамат бір- бір мықты.
Рахмет оқушылар /қошеметпен орындарына шығарып салу. Алғашқы ұстазыңызға қандай тілек айтасыңыз?
Рахмет оқушылар /қошеметпен орындарына шығарып салу. Алғашқы ұстазыңызға қандай тілек айтасыңыз?
Барлық оқушылар қосылып:
Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,
Бар асылын бізге жиып мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
Жүргізуші: Арулар неткен сымбатты
Ғажайып нұрға бөленген.
Көктемдей қыздар гүл атты
Мың бұрала билеген. 4 «В» сынып оқушылары Мөлдір мен Назеркенің орындауында «Үкілі домбыра» биі
Жүргізуші: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіне,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – деп ортаға бүгінгі түлектеріміздің алғашқы ұстаздарын шақырамыз.
4 «а» сынып оқушыларының ұстаздарға арнап шығарған өлеңдерін қабыл алыңыздар.
Ұстаздар атынан Берикова Ғалия апайға сөз береміз. /Жалғасқа ұстазым әнін дайындаттыру/
Рахмет! Енді экранға назар аударайық. Ұстаздарымызға арнап жасырын камера арқылы түсірілген «Қызыққа толы 45 минут» атты көріністі тамашалаңыздар. /ұстазым әуенмен/
Бүгінгі біздің тойымызға көршіміз № 1 орта мектептен 4 сыныпты бітіруші түлекпен бірге ұстазы келген екен ендеше қонақтарға сөз берелік.Ду қол шапалақтап қарсы алайық.
Тілегі мен әні
Жүргізуші:
Қанша жыл бұл мектепті басқарады,
Түлеп ұшқан жас түлек сан салалы.
Үлесі бар мектепті көркейтуде,
Күрең апай сізге беріледі сөз кезегі. Түлектерімізді құттықтау үшін сөз мектебіміздің басшысы Күрең Кітабайқызына беріледі.
Жүргізуші:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады,
Азмат боп, кешегі сәби –еркелер.
Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың – сөз кезегі ата-аналарға беріледі./ата-аналар комитеті шығады, 1 адам сөйлейді./
Ата-аналарға сұрақ:
-Сіздің балаңыздың күнделігінде биылғы оқу жылында қанша 5-тік деген баға бар.
-Балаңыздың сумкасы сабаққа барар кезде қанша кг тартады.
-Рахмет ата-аналар. : Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді. Сіздердің құрметіңізге арнап 4 «Б» сынып оқушылары Назерке мен Жанеркенің орындауында «Ару ана» әнін қабыл алыңыздар. /слайд ата-ана мен балалар/
Жүргізуші:Міне балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер. 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтағалы тұрған оқушыларға жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамыңызды сақтап, үнемі жақсы оқуыңызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер деп өз атымнан тілек білдіремін.
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар,-
Бұл мектептен қаншама адам тәлім- тәрбие алған десеңші. атаң да, әжең де, әкең де, анаң да , енді міне сіздер де мектептен білім алудасыз. Енді мектебімізге арнап 4 «а» сынып оқушысы Шаданова Айзада «Мектебім» әнімен. /вальстің оқушыларын дайындау/