Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Мәтін әңгімелеу сипаттау пайымдау не істеді ? қандай? неліктен? Әр мәтіннің сұрағын және ерекшелігін түсіндіру. 1.Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады? 2.Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтінді сипаттау мәтіні деп атаймыз? 3.Оқиға,құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады? ә) Мәтіннің түрлерін ажырату. 1.Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан.Қазақстанның ірі қаласы.Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды. Тақырыбы: Мәтіннің түрі: Неге олай ойлайсың? түсіндір. 2. Күз белгісін ең алдымен ақ қайың сезеді.Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды. Тақырыбы: Мәтіннің түрі: Неге олай ойлайсың? түсіндір. 3. Лашын-жыртқыш құс.Оның арқасы көк сұр.Ал алқымы ақ сұрлау болып келеді.Көзі дөп-дөңгелек,қап-қара.Қанаты ұзын және сүйір. Тақырыбы: Мәтіннің түрі: Неге олай ойлайсың? түсіндір. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті. |