?ліппені бітірді балаларым,
?ліппеден н?р ал?ан даналарым.
?зі о?ып жазатын х?лге жетті,
??тты болсын білімі балаларды?!
Ата-ана ?уанып шаттанады,
О?ыды деп баласы ма?танады.
Алдарына б?ларды? кім шы?ыпты,
Барлы? маман мектептен аттанады.
- ??рметті жинал?ан ?ауым, ата-аналар, ?стаздар. Біз б?гін ш?кірттерімізді? т???ыш рет ?олдарына ?стап, бетін аш?ан с?йікті ?ліппемен ?оштаспа?шымыз.?ліппе кітабы б?кіл ?ылым д?ниесіні? ал?аш?ы со?па?ы, білімге бастайтын ал?аш?ы жолы. ?ліппе кітабы 42 ?ріпті танытып, о?у?а, жазу?а ?йретіп, сауаттылы?тарын арттырады.?ліппені бітіру – алда?ы ?мірге бастайтын к?п белестерді? бірі. Ендеше, біз б?гін сол белесті? бірінен асты?. Сонды?тан да салтанатты мерекеге ?ош келді?іздер! М??алім: Ерте, ерте, ертеде ?лкен бір ша?арда ?ліппе хан билік жасапты. Ханны? 40 у?зірі, 2 к?тушісі болыпты. ?ліппе хан сондай ?атал бол?ан екен. Ол у?зірлеріне ел аралатып, білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Б?гін ?ліппе хан елін жинап та?тан кететінін жариялама?шы екен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Аша? саба?ы "?ліппемен ?оштасу"»
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету, тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Мұғалім:
Әліппені бітірді балаларым, Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын хәлге жетті, Құтты болсын білімі балалардың! Ата-ана қуанып шаттанады, Оқыды деп баласы мақтанады. Алдарына бұлардың кім шығыпты, Барлық маман мектептен аттанады.
- Құрметті жиналған қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз бүгін шәкірттеріміздің тұңғыш рет қолдарына ұстап, бетін ашқан сүйікті Әліппемен қоштаспақшымыз.Әліппе кітабы бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы соқпағы, білімге бастайтын алғашқы жолы. Әліппе кітабы 42 әріпті танытып, оқуға, жазуға үйретіп, сауаттылықтарын арттырады.Әліппені бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгін сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер! Мұғалім: Ерте, ерте, ертеде үлкен бір шаһарда Әліппе хан билік жасапты. Ханның 40 уәзірі, 2 күтушісі болыпты. Әліппе хан сондай қатал болған екен. Ол уәзірлеріне ел аралатып, білімсіз балаларды жинатып, жазалап сауаттандырады екен. Бүгін әліппе хан елін жинап тақтан кететінін жарияламақшы екен.
Уәзір: Уа, халайық! Келіңіздер, көріңіздер, Әліппе хан тақтан кеткелі жатыр.
Уәзір: Уа жараңдар, жараңдар! Әліппе хан өз орнына ұлын сайламақшы. 40 уәзірі мен 2 күтушішінің ханды шығарып салу салтанатының куәсі болыңдар.
Әліппе хан: Уәзірлерім, сендер неге тұрсыңдар. Киров мектебіне барып келіңдер. Мына мен таққа ұлымды отырғызар кезде 1-сыныпта сауатсыз балалар болмауы керек.
Уәзір: Әміріңізге құлдық хан ием! Біз Киров мектебін түгел араладық. Сіздің қатал мінезіңіз бен бұйрығыңыздың арқасында 1-сыныпта сауатсыз бала жоқ. Барлығы білімді, сауатты, өнерлі екен.
Әліппе хан: (көңілденіп) Тамаша! Тамаша! Ха-ха-ха Мен осыншама уақыт неге көңілсіз болдым? Неге қатал болдым? Барлық балалардың сауаты ашылғанша мен де уайымдап, көңілсіз жүрдім. Бүгін менің де, мына дүйім жұрттың да көңілін көтеріңдер. Менің жарлығымды орыңдаңдар!
Мұғалім: Олай болса хан ием! 1-сынып бүлдіршіндері 4 айдың ішінде қаншалықты білім алғанын сізге көрсетпекші болып келіп тұр. Рұқсат етсеңіз, оларды ортаға шақырсақ.
Әліппе хан: Әрине шақыр. Олардың менің бұйрығымды қаншалықты орындағанын көрелік!
Мұғалім: Ендеше зор қошеметпен ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз. Қол соғып, қошеметтеп отырыңыздар. (Әр оқушы өздерін таныстырады)
1.Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын,
Мен боламын Амина.
2.Дарасы болар даланың
Әли деген баламын.
3.Сәулелі де сымбатты,
Сөйлегенім тым тәтті.
Аяулым деген қыздарың,
Сіздерге арнап тіл қатты.
4.Жақсылықты жақтайтын,
Бәрін біліп жаттайтын.
Жандос деген мен болам.
5. Бармағынан бал тамған,
Балдай тәтті Мәдинамын.
6.Тоқтар деген баламын,
Есепті мен шағамын.
7.Әсем қызбын кең маңдай,
Әдемімін мен қандай.
8.Ай мен күні анамның,
Ақылдысы атамның,
Мен Алихан боламын.
9.Жанерке мен боламын,
Айнала би билеймін.
10.Көп оқитын, көп тоқитын,
Шыңғыс деген мен болам.
Жандос: Армысыздар жас достар,
Армысыздар ата-ана!
Әсем: Болашаққа жол бастар,
Балаң келді ортаға.
Әли: Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Әмина: Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Аяулым: – Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені, тұңғыш рет сауатымызды ашқан жақын досымыз «Әліппені» бітірдік. Мәдина: – Мен енді алыстағы туыстарыма өзім-ақ хат жазып, қысқа әңгімелерді де бөгетсіз оқи аламын, қуаныштымын. Шыңғыс: – Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік. Сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге. Мұғалім: – Ал, балалар, біз оқыған 4 ай ішінде қандай өзгерістеріміз бар? Әсем: – Дүйсенбі және сәрсенбі күні Әнұран айтуға, күнде үйден келгенде жаттығу жасауға үйрендік. Токтар: – «Күзгі мереке», «Тілдер күні» тойларымыз өтті, Денсаулық күні спорттық мерекесіне қатыстық. Амина: - Мектебіміздегі «Алтын күз» мерекесінде біз 1 «А» сыныбы бас жүлдеге ие болдық. Мұғалім: Өсті міне бойларың, Өсті ақыл-ойларын. Қуанышқа ортақпын, Құтты болсын тойларың!
-Балалар мен сендерге бір сұрақ қояйын. Сендер оған жауап айтыңдаршы. - Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не? Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: Олай болса сөз кезегін Әліппе ханға берейік. Әліппе хан: Армысыздар жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар, Әліппең келді ортаға. Мерекеңмен құттықтаймын Бүлдіршіндер, балғындар! Менің атым – Әліппе, Мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ержеткен, Аған менен әпкеңде. Әліппе хан: – Осы сендер қандайсындар? -Талабы биік таудаймыз.(Жандос) -Мың бұралған бишіміз.(Аяулым) -Біз шеберміз.(Алихан) -Ақылдымыз.(Шыңғыс) -Көп оқимыз.(Әли) Хормен: Біз – қазақ елінің болашағымыз. Ән «Әліппеге рахмет» Әліппе хан: – Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз. 1-оқушы: Амина А-ға й-ді қоссаңыз, Көкте туған ай болар. Т-ны алдына тоссаңыз, Бәсірелі тай болар. 2-оқушы: Шыңғыс Ә әрпінен табамыз Әжемізді ақылгөй. Б дегенің бабамыз, Бауыржандай батыр ғой. 3-оқушы: Әсем В дегенің вал деңіз, Толқын күшін шамалар. М дегенің мал деңіз, Қадір тұтқан бабалар. 4-оқушы: Тоқтар Г әрпінен гүлденер, Қызғалдақты қырат тау. Ғ әрпімен бір келер, Ғалым атты ұлы атау. 5-оқушы: Мәдина Д әрпінен бастасақ, Дарқан, дария далам бар. Е-ні ұмытпас ешқашан, Елін сүйген жарандар. 6-оқушы: Алихан Ж дегенің жөргегің, Туған, өскен жерлерің. З әрпімен зерледім, Зергерлердің зерлерін. 7-оқушы: Аяулым И дегенің иманың, Адамдықтың асқары. К дегенің күй дарын, Домбыраның дастаны. 8-оқушы: Али Қ әрпінен құралған, Бас-аяғы қазақтың. Жарылқасын бір Аллам, Жасай берсін Азат күн! 9-оқушы: Жандос Л әрпінің шөресі, Лақ деген түлікпін. Н әрпінде келесі, Нар есімді үлекпін.
10-оқушы:Жанерке
Өнер іздеген өсер,
Өсек іздеген өшер.
Сыйламаған аз досын,
Сыйлай алмас өз басын. Мұғалім: – Балалар, Әліппе хан сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе ханға не айту керек? Қыздар: Балаларға ақ тілек. Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп. Хормен: Біздерге білім үйреткен, Әліппе саған рахмет. Әліппе хан: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым! Сендер әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Әліппе хан: -Сендер 4 ай ішінде не үйрендіңдер? -42 әріпті,(Аяулым) -10-ға дейін санауға,(Али) -Үлкен-кішіні құрметтеуді;(Жандос) -Өлең айтып,би билеуді;(Мадина) Әліппе хан: -Ал болашақта қандай азамат пен азаматша боламыз деп уәде бересіңдер… -Түрлі сайыстардың жеңімпазы; (Әсем) -Білім биігіне шығатын; (Токтар) -Тәуелсіз еліміздің туын көкке көтерер; (Амина) -Адал; (шыңғыс.) -Еңбекқор; (Алихан) -Парасатты; (Жандос) -Азамат болып өсуге;(Әсем) Бірге: Уәде етеміз. Мұғалім: Жиналған қауым таң қалсын, Ән бимен шашу шашылсын, Мың бұралып бишілер, Бименен кешті жалғасын. «Жалқаубек» әніне би
Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға Ана тілін аламыз. Ата-ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз! Қазір балаларыңыздың қаншалықты сауатының ашылғанын көру мақсатында оларға кітап оқытып көрейік. Ал енді осында тұрған буындардан сөз құраймыз. Сонымен қатар сөздерге дыбыстық талдау жасаймыз. Әліппе хан: Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік. 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды, санауды, жазуды үйрендік. Осының бәрін үйреткен кім ?
Хормен: МЕКТЕП. МҰҒАЛІМ. ӘЛІППЕ.
Ән « Ардақты мұғалім»
КВН
Мұғалім: Бала деген шіркін-ай балдай екен,
Тәттілігі жая менен жалдай екен.
Арып-ашып даладан келгеніңде,
Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен атамыз бекер айтпаса керек. Олай болса кішкентай бүлдіршіндердің ата-анасын ортаға шақырамыз, сонымен қатар
Армысыздар мұғалімдер, Әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолдағы тарландар -дей келе мектебіміздің айнасы болып отырған мектеп директорын, оқу ісінің меңгерушісін және де тәрбие ісінің меңгерушілерін ортаға шақырамыз.
Ойын. «Кім жылдам?»
Көрініс: Алдар көсе
Әліппе хан: Мен сондай ризамын. Өзімнің орнымды балам «Ана тілі» басады деп сенемін. Ана тілді ортаға шақырамын.
Ана тілі: Туған елдің тілімін,
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріңе,
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім-ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Бүгіннен бастап сауатты балалардың білімін әрі қарай мына менің оқулығымның арқасында дамытып, тереңдете түсеміз. Сондықтан да ана тілін жақсылап оқиды деген сенімдемін. (ана тілі таққа отырады)
Әліппе хан: Ал балалар, сендер кішкентай болсаңдар да мен үшін кіші емессіңдер. Мен сендерді кіші деп аямадым. Бар білімнің басы болғандықтан бойымдағы бар білімді сендер білсін деп сендерге қатал қарадым. Қазақта мынадай мақал бар ғой «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген.Енді осы білімдеріңді менің ұлым Ана тілімен бірге жалғстырыңдар. Білім іздеу жолында ешқашан шаршамаңдар. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген. Мен сендерге сенемін. Қош сау болыңдар.
Балалар: -Қош болыңыз Әліппе хан!
Мұғалім: Содан елді Ана тілі ханы басқарыпты. Уәзірлері Әліппе ханның қаталдығы мен талапшылдығының арқасында Ана тілі ханына тез үйреніп, білімді болып, есімдері әлемге әйгіл болыпты.
Мұғалім: Құрметті қонақтар! Сіздер бірер сәт ертегі елінің саяхатынан оралдыңыздар. 1-сынып бүлдіршіндерінің сүйікті Әліппемен қоштасу рәсімінің куәсі болдыңыздар.
Әліппемен қоштасу мерекеміздің соңында Каби Жандосты «Көк тудың желбірегені» әнімен ортаға шақырмақпын. Жандосымыз әлі кішкентай. Сонда да болашағынан мол үміт күттірген, патриоттық әндерді сүйіп орындайтын еліміздің патриоты боламын деп талаптанып жүрген бүлдіршіндеріміздің бірі.Олай болса қол соғып қошеметтеп отырыңыздар.
Мұғалім: Мектептен ажырамай бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Бүлдіршіндерге арналсын тілегіңіз. Сөз кезегін мектеп басшысы Солтанов С.Ж. береміз.
Мұғалім: Арманмен алыстарға аттанарда, Жас оралар іркіліп жанарларға. Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар Сөз берейік әкелер мен аналарға. (ортаға ата-ананы шақыру) Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар, Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар-
Алтын уақыттарыңызды бөліп, қуанышымызға ортақтасқандарыңызға көптен көп рақмет!