kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ана са?ан табынам!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л сыныптан тыс ж?мыс 8 наурыз аналар мерекесіне арнал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ана са?ан табынам!»

«Ана саған табынам»


Сабақтың мақсаты оқушыларды 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін сыныпқа

түсіндіріп беру. Қыздарды әдемілікке, сыпайылыққа, әсемдікке баулу.

Сынып сағатының барысы:

1. Кіріспе сөз

2. 8 – наурыз туралы плакат

3. Нақыл, мақал-мәтел

4. Өлең

5. Би

6. Қорытынды

Ана, саған – табынам


Шақырылған қонақтар күтіп алынып, орындарына отырғызылады

ортаға жүргізушілер шығып сөз бастайды.


І – жүргізуші

Армысыздар, адалдықтың ақ туын желбіретіп, көктем күніндей, ер жігіттің жүрегін елжіретіп, бақтарын Хауа Ананың қылығына теңеген ардақты асыл аналар. Домалақ анамыздың ақ орамалына оранып ер азаматын пірім деген, қылығы қыздай күлімдеген жеңгейлер, өрімтал қарындастар, білім бұлағымен сусындатқан ұлағатты ұстаздар, сіздер - ді 8 – наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.


Сыйла анаңды, жоғарыдан орын берген.

Көтерер оның мерейі мен беделін.

Өз қызыңды сыйлағаның ол сенің,

Өз анаңды мәңгі құрметтегенің.


Деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінгі құрметіміз бен әзіліміз сіздер үшін.



ІІ – жүргізуші

Ақпанның ақ дауылын, ақ мамық бұлтын серпіп тастаған, наурыз – көктемнің шымылдығын бозбаладай ентіге, арындап ашып, мереке төріне келіп отыр.


Ендеше: Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Даламның әр гүлін сыйладың сен маған

Сен бердің құстардың қанатын самғаған

Балалық құштарым өзіңе арналған.


дей келе «Ана, саған – табынам» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


І – жүргізуші


Өткен күнге көз салып қарасаңыз

Әр дәуірдің жылдарын санасаңыз

Мейлі ұлық болғанмен, мейлің дана

Әйел ана алдында аласамыз.


Ендігі кезекте бір топ оқушылардың дайындаған көрінісін тамашалаңыздар.

ІІ – жүргізуші

Жаны сезім әйелдің бойында алау

Сол алауды аңсайтын жайым бар-ау

Білімсіздік дер едім, біздер үшін

Ұлылығын әйелдің мойындамау


ендігі кезекте «өлең оқу»

ІІ - жүргізуші

Қыз деген - өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы

Қыз деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы

Қыз деген теңдесі жоқ тіршілік

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.


Ендігі кезекті көрініске береміз

І – жүргізуші

Мейірімі мол аққанат әпкелерім

Бар мейрімді өзіңнен ап келемін

Елге сауық тілейтін жолға бақыт

Желкеніндей желбіреп ақ кеменің


деп біздің аналарымызға арнап ----------бір өлең арнаймыз.


І – жүргізуші


Бүгін шатпыз көңілдерде жоқ уайым

Мен сіздерге жырдан алқа тағайын

Осы кештің бөлісуге шаттығын

Қош келдіңіз барлығыңыз, ағайын.

ІІ - жүргізуші

Көңілдерге жоламасын тағы уайым

Әнмен, жырмен жігер отын жағайын

Осының, бір қиын – қыстау заманда

Отбасыңыз аман болсын, аналар

Отбасыңыз аман болсын, ағайын.


І – жүргізуші


Гүл өмірдің, шежіресі, байтағы

Жеңімпаздар гүл көтеріп қайтады

Адамға адам ең әдемі тілегін

Қадамына гүл бітсін деп айтады.


(осы өлең шумағы оқылып жатқанда -------бір-бір шоқ гүлдер ұсынылады)

ІІ – жүргізуші

Құрметті ата-аналар алтындай уақыттарыңызды бөліп, құрметті

қонағымыз болғандарыңыз үшін алғысымызды айта отырып,

көрскенше күн жақсы болғай деген тілек айтамыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Ана са?ан табынам!

Автор: Мирманова Жанар Ж?магелді?ызы

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328637


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства