Просмотр содержимого документа
«Ана –?мірді? шуа?ы»
Ана –өмірдің шуағы
Мақсаты: 8-наурыз мейрамы туралы түсінік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналар туралы өлең шумақтарын оқуда мәнерлі, сауатты, анық оқи алуға машықтандыру:
Оқушыны ізгілік,инабаттылық, сыйластық, адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: аналар туралы қанатты сөздер, шарлар т.б
Барысы:
Мұғалім: Құрметті қонақтар, асыл аналар, ұстаздар және қыздар. Бүгін бізде үлкен мереке. Ол аналарға арналған «Ана-өмірдің шуағы» деп аталған ашық тәрбие сағаты. Құрметті аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын! Әр жанұяға тыныштық, денсаулық, амандық тілейміз.
Құрметтейік , о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі Ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.
Жүргізуші:
Қадірлі қауым! Біздің мерекелік кешіміз ана мен баланың қатысуымен , бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 4 жұп «ана мен бала) қатысады.
Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
IТаныстыру
II Қол өнері (ою-өрнек қию)
IIIАспаздық
IV Өз өнері
VСұрақ-жауап
VI Шаш өру
Жүргізуші:
Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз.
Гүл көңілі қуаныштан өрілді
Жанарыңнан жалын нұры төгілді
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен
Көпшілікке таныстыршы өзіңді – дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық.
( 4 жұп таныстыруын көрсетеді)
0 «А» сынып оқушыларының тақпақтары.
Жүргізуші :
2-сайыс «Қол өнер» (қағаздан оюлар қияды)
4 «А» сынып оқушыларының биі
Жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген –бәйтерегі өмірдің
Ана деген-алтын қазық, алтын бақ!
Ал халайық,ықыласпен демейік
Арулардың аспаздық өнерін көрейік
Дәмі менен көрінісіне қарап біз
Әділдікпен бағаларын білейік.
3-сайыс аспаздақ сайыс.
0 «А» сынып оқушыларының өзбек биі.
Жүргізуші:
О, аналар осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы кәрің де,
Сыйынатын осы өмірде құдірет
Сыйынар ем ана деген тәңірге.
Ендігі кезекте аналарымыз бен балалары өз өнерлерін көрсетеді. (4 сайыс)
Жүргізуші:
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың
Қуантқан әрбір үйдің арманысың
Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, сұрақтарға кезек берейік.