8-наурыз мерекесіне орай ?ткізген" Анам са?ан арнаймын, А? с?тінді а?таймын" атты концерттік ба?дарлама.
Б?л концерттік ба?дарламада б?кіл бала ?з ?нерлерін ата-аналарына тарту етті.видео ролик ар?ылы аналарын ??тты?тап сыйлы?тарын ?сынды. ?р елді? билері биленіп со?ында балалар ж?рек шар ?стап" Ана ж?регі" атты биімен ая?тады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Анам са?ан арнаймын,А? с?тінді а?таймын!»
Кенегесова Жадыра Мынтургановна
Ақтөбе қаласы №53 орта мектеп.
Сабақтың тақырыбы: Анам саған арнаймын,
Ақ сүтіңді ақтаймын!
Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.
Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар,слайд, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.
Мұғалім сөзі:
Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Б үгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі тәрбие сағатымыз да аналарға арналады.
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің Шаңырақтың шаттығы мен шуағы Сейілмесін жанарынан ананың Тіршілікке төккен нұрлы шуағы Аялайық аналарды әрдайым Қуанышқа бөлейікші өздерін Әжелердің,аналардың,қыздардың Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы аналар!!!
жүргізуші:
Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл. Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Анам саған арнаймын, Ақ сүтінді ақтаймын» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз! Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды Қуандым ба, өзің бар деп қуандым, Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды. Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды Еркелесем, бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздары, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың Өміріме нәрін берді ақ сүтің, Кең құшағың аясындай гүл бақтың. Ер жеткізіп елге берген баласын, Ақылдысың, ардақтысың, данасың! Қарайтыным қас-қабағың бір сенің, Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Романова Жания Орынжайқызы ханымға береміз.
жүргізуші Анам менің, асылым, лағыл әнім, Кең кеудеңе гүл болып тағыламын, Жұлдызындай көгінде жағыламын. Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Алдарыңызға биші қыздарыңызды қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар
БИ.( көбелек биі)
жүргізуші:Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен?
жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады.Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.
1-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.
2жүргізуші: Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
1-жүргізуші
Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Анаға сәлем»
2-жүргізуші: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп: -Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. Сонда пайғамбар: -Анаң бар ма? -деп сұрайды. -Бар,-дейді әлгі адам. -Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар.
Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
1. Анам, анам, ақ анам
Мен өзіңдей ақ балаң,
Айтқан тілінді аламын
Жұмсағанда барамын.
2. Жарқын жузді жан анам
сендей болсын бар адам
сендей болса бар адам
шаттык кетпес баладан
3. О, Ана!
Неткен ғажап есім ең!
Сен дегенде елжіреп,
Сен дегенде көсілем.
Сен дегенде шалқимын,
Болаттай жанып, балқимын.
Ақшақардай айналып,
Қыр гүліндей жайқалып,
Самалың боп аңқимын.
Сен үшін тартып тауқымет,
Найзағайдың ұшқынын
Жүрегіме шаншимын.
4. Тыңдаушы, бір сәт елең ет!
Айтуға жеңіл емес пе?
«Ана» деп тіл қат, керемет!
О, Ана!
Неткен асыл тұлғасың!
Қиын кезде мұңдасым,
Қуанышты сәттерде
Өзіңсің тағы жырласым.
5. Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
6. Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».
жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы Ана табады, аялайды, бағады. Сол үшін де құдіретіне бас иіп, Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
Би( стиляги)
1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы
жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген. 1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан: «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.
Ана туралы слайд
2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып« » әнін қабыл алыңыздар.
Ән(Анашым )
2-жүргізуші: Кедеймін деп қысылма, Өнерің болса қолыңда. Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 3-сыныптың байсалды да байыпты ұлдары өз өнерлерін көрсетеді.
Би ( джентельмен)
Құрметті ата-аналар балаларыңыздың құттықтау тілектерін қабыл алыңыздар. ( Видио)
жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Не деген құдірет едіңіздер, аналарым! Сыйынатын болса өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге! Анады да, мені де әлпештеген, Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген. Ниетің қабыл болсын, аналарым, Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер. Барша ана құтты болсын мерекеңіз, Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі Танау Рысты Көмекбақызы апайға береміз.
БИ ( ана жүрегі) 1-жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше Осымен концертіміз аяқталды
2-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!