kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Аман ж?рші - ата-?жем!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: "Аман ж?рші - ата-?жем!"
Ма?саты: ?лкенге ??рмет к?рсете отырып, ?адірлей білуге ?йрету.
Міндеттері:

1. О?ушыларды ата – ананы ?адірлеуге, ?лкенге ??рмет, кішіге ізет к?рсетуге т?рбиелеу.
2. О?ушылар бойында?ы адамгершілік ?асиеттері, мейірімділікті, ?айырымдылы?ты,
?ам?орлы?ты, кішіпейілділікті дамыту.
3. О?ушылар?а ?ариялар ж?нінде, оларды? бізге ?алдыратын баталы с?здері мен істері ж?нінде ма?л?мат беру. Хал?ыны? салт – д?ст?рінен н?р алу?а, инабаттылы??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі: суреттер, ?нтаспа, кітаптар.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Аман ж?рші - ата-?жем!"»

Тақырыбы: "Аман жүрші - ата-әжем!"
Мақсаты: Үлкенге құрмет көрсете отырып, қадірлей білуге үйрету.
Міндеттері:

1. Оқушыларды ата – ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
2. Оқушылар бойындағы адамгершілік қасиеттері, мейірімділікті, қайырымдылықты,
қамқорлықты, кішіпейілділікті дамыту.
3. Оқушыларға қариялар жөнінде, олардың бізге қалдыратын баталы сөздері мен істері жөнінде мағлұмат беру. Халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үнтаспа, кітаптар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздер ме балалар!
Жүз дейміз – ау!
Сөз болып па со – дағы!
Тек сол үшін жазбас едім оданы.
Қария ма?
Қария ол
Қартаймас
Жас жүрек пен дана бастың одағы – деп ақын Қадыр аға жырлағандай қариялар мәңгі бақи біздің жүрегімізде жүреді. Біз оларды ұлғайған жасы үшін емес, көпті көрген басы үшін құрмет тұтуымыз қажет.
- Балалар, 1 - Қазан қарттар күні деп белгіленген. Осы мерекелеріңізбен сіздерді асыл жанды әжелер мен аталарымызды құттықтаймыз. Қарт адамдарды мадақтап, мәңгі есте сақтау өсіп келе жатқан жастардың міндеті. Ол кісілерді ұмытпай, ақылдарын тыңдап, көмектес. "Аман жүрші - ата-әжем!" деген тақырыпта өтпек.
- Қане кім айтады ата деген кім өзі? (әкеміздің әкесі, анамыздың әкесі)
- Әже деген кім болады ендеше? (әкеміздің анасы, анамыздың анасы)
- Тамаша! Дұрыс айтасыздар, біздің әжелерімізге, аталарымызға арнап жаттаған тақпақтарымыз бар қане тыңдайық:
Мадихан:

Мені жақсы көреді,
Күндей күліп келеді,
Көп ертегі біледі,
Қасылбек:

Маған айтып береді.
Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамын мен құттықтаймын.
Бекнұр:

Ана – бұлақ,
Бала жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең,
Қартайғанда сені де етер ізет.
Қасымхан:

Көп жасаған қария -
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Кұштеев Азамат:

Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Мадияр:

Атам менің әманда,
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Ерасыл:

Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем

Ата – анаңды құрметтесең,
Сенде жақсылық игілік көресің
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Марсель:

Ата – бәйтерек,
Бала – жапырақ
Әке – асқар тау,
- Рахмет, балалар, құрметті ата - әжелеріміз дайындық тобының ұлдарының орындауында:
Ақ әжем
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе, дана әжем?

Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін.
Балдай тәтті бал әжем. /2рет.

- Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке - шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол - үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата - анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата - ана әр кезде де бақытты.
- Олай болса біз ата - әже, әке - шеше туралы жаттаған мақал - мәтелдерімізді айтсақ қалай қарайсыздар?
1 - оқушы: Үлкенге үнемі сәлем бер.
2 - оқушы: Үлкенге қарсы шықпа
3 - оқушы: Үлкеннің батасын қабыл ал.
4 - оқушы: Үлкен кісіні ренжітпе.
5 - оқушы: Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
6 - оқушы: Кәрі, кәрінің сөзі – дәрі.
7 - оқушы: Ақылды қария – ағып жатқан дария.
8 - оқушы: Өткен менен кеткенді,
Көп жасаған қарт білер.
- Жарайсыңдар, жақсы да, нақыл да, асыл сөздерді тыңдап көп ой түйген болармыз деп ойлаймын.
- Міне айтып жатырмыз «Үлкендерді құрметте, сыйла, мейірімді бол!» - деп айтып жатырмыз, осы сөздерді өздеріңіз қалай түсінесіздер айтыңыздаршы? (оқушылардың жауабы)
Ия, дұрыс айтасыздар құрмет, ізет, мейірімділік деген сөздің мағынасы осы. Кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ата - анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата - анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып - қағатын болады.
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара - пар
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!

ІІІ. Қорытынды бөлім.
- Балалар, бата деген не?
- Батаны кім береді?
-«Үлкеннен бата алуға асық!» деп айтып жатады осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер? Тамаша, балалар, олай болса, қазір аталарымыздан естіп жаттап алған баталарымызды айтып көрейік:
«Сабағыңды оқы беске,
Жақсылығың жетсін көпке.
Үйінің қуанышы бол,
Бауырыңның жұбанышы бол.
Сенімін ақта үлкендердің,
Түлесін көктеп мекенің!»

- Құрметті оқушылар, қарияларды тек қариялар күні еске алмайық, әрқашан жадымызда жүрсің. Ата – ана ардақтайық, құрметтейік. Дүниенің қай шетінде жүрсеңіз де ұмытпағайсыздар.
Өзгерген не?
Адам ба? Әлде заман ба?
Ата – анаға деген парыз қалмаған ба, адамда,
Ей, адамдар!
Құрметтеңдер үлкенді
Одан ешкім кем болған жоқ ғаламда!- деп бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталады.
Келіп қатысқандарыңызға көп рахмет, келесі жүздескенше сау - саламат болайық!




















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Аман ж?рші - ата-?жем!"

Автор: Матжанова Мереке Адаевна

Дата: 06.04.2016

Номер свидетельства: 315664


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства