Барысы: Құрметті көрермендер 3 «б» сынып оқушылары мен олардың ардақты аналарын
ортаға шақырайық.Қол соғып,қарсы алайық!
Музыка ойнайды: «Ана» А.Жорабаева.Оқушылар аналарымен ортаға шығады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті асыл аналар,қадірлі апайлар,қызғалдақ қыздар!
Сіздерді алда келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге ұзақ ғұмыр,
бақытты өмір,отбасыларыңызға қуаныш пен амандық тілей отырып, «Аман болса аналар,
бақытты болар балалар»атты ертеңгілігімізді сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.
1-оқушы: Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая,қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.
2-оқушы: Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз- алаңсыз балғын шақты балалар.
Баяу музыка ойнайды:С.Майғазиев. «Анама»
Мұғалім:Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар: ол-ананың сүті,күннің нұры,сәбидің күлкісі.
Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым сырлы жіп жалғап тұрады.Міне сол арқылы бала көңіліндегі қылаудай мұң ана жүрегіне жетеді,сол арқылы ана баласының
титтей қуанышын да бар болмысымен сезінеді.
Нәзіктік атаулының жиынтығы ананың алақаны,сондықтан ол-сәби үшін ең жылы ұя.
Әдеби-монтажды бөлім.
3-оқушы: Той пердесін ашайық, 4-оқушы: Келбетінде ұлылық
Ән маржанын шашайық. Даладай кең пейілі
Аналарды құрметтеп, Ана деген- жылылық
Тойға шашу шашайық! Ана деген-мейірім.
5-оқушы:Баланың да тірегі, Ақыл құйған санама,
Дананың да тірегі, Күннен де артық, расында
Шаншымасын ешқашан, Күн алыста,ал анам
Аналардың жүрегі. Ылғи менің қасымда.
Балапаным дейді әжем 6-оқушы: Анаң- күнің,жүрегің,
Балақаным дейді әжем Әкең-өмір тірегің.
Ұзақ күнге бүкшеңдеп Сен-бақытты ұлансың,
Біздің қамды жейді әжем. Бәрі саған қуансын!
7-оқушы:Ағаң-қамқор асқарың, Әжең-асыл ардағың,
Інің-мөлдір аспаның. Атаң-дана қорғаның.
Сен-бақытты ұлансың Сен-бақытты ұлансың,
Бәрі саған қуансың! Бәрі саған қуансын!
8-оқушы: Ана барда біз бақытты баламыз,
Дана болсақ аналармен данамыз.
Таза сәби жүректермен бәріміз
Аналарға арнап бір ән саламыз.
Хор: «Ана әлдиі»
2-бөлім.
Аналар мен балалар өз өнерлерін көрсететін кезең.
Бұл кезеңді бастамас бұрын қыздардың биін тамашалайық.
Мұғалім: Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні келіп қалды.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.
Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы екені сондықтан.
Рахмет сіздерге құрметті аналар!
Өз қызымнан бөлекше, Сыныптың бетке ұстары, Аққұба,өзі майысып
Он қызым бар ерекше. Білім оның құштары. Талшыбықтай тұрады.
Мінездері әртүрлі Қараторы,ақылды, Даяна атты қызымыз
Қиялдары әр қилы. Ақеркенің көп достары. Білімге бет бұрады.
Біздің томпақ қызымыз, Көп ішінде білінбей, Көркем сөздің шебері,
Әр іс і оның ұқыпты. Бәйгеге түсіп ілінбей, Гүлжайна сөздің мергені.
Ұстаздың әрбір айтқанын, Жүреді біздің Надия Айтылған әр сөздері
Жансая көңіліне тоқыпты. Өзімен-өзі үндемей. Бойына жинап тергені.
Қыз балаға тән мінез, Нәзіктік пен ұяңдық, Қазақ қызы қашанда
Ұяңдық бар бойында. Бойынан оның табылар. Өжет,қайсар болған ғой.
Жания біздің әдемі, Елімізде көп болсын, Айгерімнің бойына
Тек оқу бар ойында. Аружан сынды арулар. Әпкелері із салған ғой.
Мейлі өтсін қыс-жазың, Сөзі пысық,қимылы жылдам,
Үнемі ойда жүреді Назым. Қалыспайды ешбір ұлдан.
Зеректікпен жұмсайды, Нұрай десе атына сай,
Ақылдың көбін,сөздің азын. Жаралғандай ай мен нұрдан.
Елдің көркі болатын аруларым,
Мақтана айтатын ән-жырларым.
Атаулы мейрамда бүгінгі,
Көрсетті сіздерге әр-қырларын.
Ал,жігіттер, қыздарға арнаған сыйлықтарыңды табыс етіңдер.
Құрметті аналар осындай балалар тәрбиелегендеріңіз үшін көп рахмет!
Балалар балалық шақтарың жақсы өтсін!Бақытты болыңдар!
Хор: «Бала тілегі»
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!Сау болыңыздар!