Просмотр содержимого документа
«"АЛТЫН ҰРПАҚ" интеллектуады ойын»
АЛТЫН ҰРПАҚ (интеллектуалды ойын)
Мақсаты:
Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білімдері жинақталады. Оқушылардың білім алуға деген құштарлығы артады.Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге дағдыланады, ұйымшыл болуға тәрбиеленеді.
Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс Ұйымдастыру кезеңі: – Сәлеметсіздер, ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өркениет өзегі – білім мен ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш сыныптарынан басталатыны бәрімізге аян. Көрнекті психолог Л. С. Выготский. Ол алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері. 2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері. Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Міне, осы теорияны негізге ала отырып, «Алтын ұрпақ» деп аталаты 2 сыныбы арасында ұйымдастырылып отырған интеллектуалды ойынымызға қош келіпсіздер! Ал, келіңдер, келіңдер! Біріңе – бірің еріңдер. Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер.
Қатысушы оқушылар:
Багонбай Аягүл
Амандық Жасмин
Бақбергенова Ғазиза
Мақсатова Шапағат
Мейрамбекұлы Асылбек
Елтай Шахизада
Аманқос Ақберен
Бақсиық Тоқжан
Оқушылар санадарды таңдайды. Сандар бойынша тақ сандар, жұп сандар болып екіге бөлінеді. Өзара топ басшысын таңдайды. Топ басшылары келіп көздерін жұмып, «Білімділер», «Ойшылдар» тобы болып екі топты таңдайды (топтың атауын беру,орындарына орналастыру)
– Ал, құрметті оқушылар, осы уақытқа дейінгі алған білімімізді топ болып, жан аямай ортаға салайық
Ойын кезеңдерімен таныстыру. 6 айналымнан тұрады.
1.Тездет, бірақ қателеспе
2.Сырлы жұмбақ әлемі
3.Құрастырма сурет
4.Айшықты сөздер
5.Ғажайып төрттік
6.Ойлан тап
Әділ-қазылар алқасымен таныстыру.
1-ші айналым«Тездет, бірақ қателеспе!» Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Екі топтың да жауабы тыңдалады. Содан кейін тақтадан дұрыс жауабы шығады.
2-айналым «Сырлы жұмбақ әлемі»
Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ,орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1.Сылдыр сұйық, су емес ,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт – молоко — milk
2.Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап – книга – book
3.Білімнен мол сый – асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп – школа – sсhool
4.Алуан түрлі із салғанмен,
Өзінен де пайдалысы – өзегі. Жауабы: қарындаш – карандаш – реncil
3-айналым: Құрастырма сурет
4- айналым «Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз әдебиеттік оқу пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. (Слайдпен көрсетіп, оқытып, жауабын тыңдау)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды) 2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ) 3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)
4. Қабағынан қар жауды (ашуланды) 5. Ит өлген жер (алыс)
6. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
Қорытынды: әділ-қазылар алқасына сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады. Марапатталады.
5-айналым: «Ғажайып төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30,40,50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Қазақ тілі
Б,в,г,ғ,д,ж,з дауыссыз дыбыстарды қай түпіне жатады?