Просмотр содержимого документа
«Алтын сақа,Сайыс сабақ»
Интеллектуальды ойын-сайысы
Тақырыбы : Алтын сақа
Мақсаты : Оқушылардың бойына салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту,оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау.Өз отбасын,Отанын сүйіп,әдепті болуына бағыт-бағдар беру.
Түрі :Сайыс сабақ
Әдістері:Әңгіме,түсіндіру жарыстыру
Көрнекіліктері:Тақырып, ұлттық бұйымдар, ( киіз үй, қоржын, бесік, табақ, домбыра, тақия т.б), кезеңдердің аты («Жалғасын тап», «Кім шапшаң?», «Жүзден жүйрік», «Білімді мыңды жығар», « Кім алғыр?», «Ұйқасын тап»).
Сайыс бағдарламасы
1-кезең «Жалғасын тап»(киіз үй)-11
2-кезең «Кім шапшаң?»(қоржын)-9
3-кезең «Жүзден жүйрік»(бесік)-7
4-кезең «Білімді мыңды жығар»(тақия)-5
5-кезең «Кім алғыр?»(сандық)-3
6-кезең «Ұйқасын тап»(қобдиша)-1
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар,сайысқа қатысатын ұл-қыздар!
Бүгін 4-сынып оқушылары аралығында өткізілгелі отырған «Алтын сақа» ойын-сайысын көріп тамашалайсыздар.Бұл сайысқа әр сыныптан өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын оқушылар отыр.Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін салт-дәстүріміз ұмытылмай,сақталып келеді.Ендігі жалғастырушы келешек жас ұрпақтар.Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейміз.
Ойын шарты «Алтын сақа» сайысы 6-кезеңнен тұрады. Әр кезеңде тапсырмалар болады. Әр кезеңнен екі оқушыдан ысырылып отырады. Ең соңғы оқушы алтын сақаның тапсырмасын орындайды. Сол оқушы жеңіске жетеді. Бұл сайысты әділ баға беретін әділ қазылар бағалайды.
Сабағымызды пысықтай келе осы тақырыпқа орай асық түрлері мен ойындары жайында айтып өткім келеді.Мұны,сендер жаттап,жадыларыңа түйіп алыңдар.
Асық түрлері
Құлжа сақа-арқардың асығы
Топай-бұзау асығы
Жабайт-қой асығы(сақасы)
Жабай-қой асығының әдеттегі түрі
Шүкей-қой,ешкі асығы
Шүкімейт-жас қозы,жас лақ асығы
Асық ойындары
Хан атпақ
Хан жақсы ма?
Ханды қара басты
Хан-уәзір
Үйірмекіл
Сасыр
Атпақыл
Ақпақыл
Үштабан
Омпы
Алты атар
Шық етер
Тисін қабат
Табан
Төрт асық
Бес асық
Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынандай талапты,
салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз.Талаптарыңа нұр жаусын!-дей келе «Алтын сақа» ойынымызды аяқтаймыз.Көңіл бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет.