kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ал?аш?ы Президент к?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Та?ырыбы:  Ал?аш?ы Президенті? к?ні.  

Ма?саты: 1. О?ушылар?а Президентіміз Н.?. Назарбаев туралы м?лімет беру, сан ?ырлы талант иесі, ??діретті т?л?а екенін таныту.
2. Елімізге е?се тіктетіп, мемлекетімізді мы?ымдап берген, хал?ымызды ?лемге танытып, алаш баласыны? абыройын а?са?тат?ан Елбасыны? кісілік келбетін ме?герту.
3. Отанын с?юге, елжандылы??а, елі с?йген Елбасынан ?лгі алу?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті та?та
Т?рі: т?рбие са?аты
Сынып са?атыны? барысы:
I. ?йымдастыру кезе?і.
Психологиялы? ?зірлік.
Кіріспе.
- ?аза?стан Республикасыны? т???ыш президенті Н?рс?лтан Назарбаев ?біш?лы сия?ты талантты т?л?аны?, хал?ын с?йетін ?лтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жо?. Алты жаста?ы баладан алпыс жаста?ы ?артта
аманды?ын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Н?рс?лтан Назарбаев 1 желто?санды «?аза?станны? Т???ыш Президентіні? К?ні»ретінде атап ?тетін за??а ?ол ?ойды. О?ан сай 1 желто?сан енді мемлекеттік ресми мерекелер ?атарына енеді. Б?л бізді? ?лкен ?уанышымыз, ?лкен жетістіктерімізді? бірі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ал?аш?ы Президент к?ні»

Тақырыбы: Алғашқы Президентің күні.

Мақсаты: 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта
Түрі: тәрбие сағаты
Сынып сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Кіріспе.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі.
II. Тақырыбы, мақсаты
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан ТПрезидент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз.
Негізгі бөлім .
Слайдтар бойынша түсіндіру.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу.
Балалық шағы
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды.

1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас
жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі.

Оқушы:
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.

Оқушы:
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын

Оқушы
Нұрсұлтанды тудырған, заманалар
Желтоқсан жел. Ұл мен қыз
Ажал құшқан сондағы
Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы
Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады.

Оқушы
Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы
Дара шыңы қазақтың
Дана басып тудың халық – алыптан
Топырағы ол туған жердің киелі
Интерактивті тақтамен жұмыс
- Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері
- Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсету

Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні деп

Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Астанаға саяхат
Астана-Отанымыздың жүрегі.
Астананың көркем жерлері туралы айту. Басқа елдің президенттерінің Астана туралы айтқан пікірлері
Астана күні. (Оқушылар пікірін тыңдау)
Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз.
БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА
Астананың көрікті жерлеріне саяхат.
Оқушылардың өлеңдерін тыңдау.

Оқушы
Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн
Артта қалды бодан болған азап күн
Елім, жерім қазағым деп тебіренем
Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын.

Оқушы
Қазақ елі желбіреп көк байрағың
Гүлге оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын
Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ.
Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары туралы айту.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтылған пікірлер
ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
Жыл сайынғы жолдаулардың мақсат, міндетіне тоқталып өту
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан – 2030” халыққа жолдауы

2011- 2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы жасалды.
2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау.
(жолдауларға шолу жасау)
Слайдтар бойынша түсіндіру

2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында
«Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді көрсету.
Қорытынды:
1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы адам қандай болу керек?
Интерактивті тақтамен жұмыс
Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………»
Президент болсам….
Оқушылардың ой-пікірін тыңдау.
Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту
Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.

Оқушы
Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың бүгін туған күні

Оқушы
Әнге толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын бір барабандар, дабылдар
Елбасының туған күнін ардақтау
Бәріміздің борышымыз, бауырлар

Оқушы
Қазақстан – кешегі әз әуен,
Қазақстан – бүгінгі ғажап үн.
Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар,
Қазақстан – қастерлі қазағым
Мұғалім
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың
« Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз.
Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Ал?аш?ы Президент к?ні

Автор: Темирбекова Гайша Беккожевна

Дата: 19.01.2016

Номер свидетельства: 279425


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства