kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алдымен с?й арда?ты ата-ана?ды

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л т?рбие са?атыны? ма?саты бала бойына ата-ана?а деген махаббатты, с?йіспеншілікті, ??рметті уа?ыздау. О?ушыларды? ?лкендерге деген сезімдерін еш?ашан жо?алтпауларына, ата-ананы? с?іспеншіліктеріне б?лене берулеріне жол ашу.Ашы? т?рбие саба?ы, бастауыш м??алімдеріне мол к?мек.Осы материалды 0олданып саба0 -тк3зе беруге болады 7

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алдымен с?й арда?ты ата-ана?ды »

Алдымен сүй ардақты ата-анаңды

Тәрбие сағатының мақсаты:

Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата-анасын құрметтеп, адал да парасатты ұл мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ата-ана берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге уағыздау.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

Тақырып жазылған плакат, ата-ана туралы мақал-мәтел, ұлағатты сөздер.




Тәрбие сағатының барысы:

І. Кіріспе сөз сөйлеу, сабақтың мақсатын түсіндіру.

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ұстаздар, ата-аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер құрметті қауым!

1-жүргізуші: «Алдымен сүй ардақта ата-анаңды» атты 3 «Б» сыныбының ащық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,

Әкеге арнап, марапатты бастар күн

Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.

Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

1-жүргізуші:

О,Ата-анам!

Таянышым, тірегім!

Бар бақытты бір басыңа тіледім

Бізді жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

2-жүргізуші: Ата-ана алдындағы әдептілік – баланың бармақтай кезінен бойына табиғи дарыған қасиет болуға тиіс. Ата-ананы сыйлау – елді сыйлау. Ата – әжесін құрметтеу – өмірді құрметтеу.

Хормен: Қымбатты ата-ана, ұстаздар! Біздің борышымыз – Сіздерді құрметтеу.

Сымбат: Алдымен сүй, ардақты ата-анаңды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімімен ананың жасалады.

Жырақ жүрген анасын сағынған,

Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.

Екеуінің қуанышы, тілегі,

Әрқашанда бір арнадан табылған.

1-жүргізуші: Ендігі кезекте ата-ана туралы дана сөздерді жеткізуші ұрпаққа құлақ түрсек.

Аруна: Ұл-қыз ата- анасын, үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе, алдымен әдепті болулары керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса, ата-ананың ұл-қызы болып өседі.

Нұржан: Ата-ананың қадірін білмеген, халық қадірін білмейді.

Мерей: Ата-ананың көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.

Айдана: Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-ананы аялап бақсаң, армандарың орындалады.

Жарас: Ата-ананы сыйлау-сәби шағында олар өзіңді бағып қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып, аялап күту керек.

2-жүргізуші: «Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.

- Баласы кетіп бара жаткан атасының атасының алдынан шығып: Ата мені де ала кетесіз бе? – деді.

-Балам, мен көрші сыныпта болғалы жатқан «Алдымен сүй ардақта ата-анаңды » атты ашық тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың - дей бергенде, Ата маған сұрақ қойыңызшы – деді бала.

- Балам үйдің алтын қазығы кім?

- Ата үйдің алтын қазығы – бала, дейді.

- Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі.Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.

- Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке – деді бала.

- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана.

Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.

- Ал балам, өмір сүру үшін не қажет?

- Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - деді бала.

- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді,қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді.

Енді қарт оқушыларға сұрақ қояды.

Адамның ақылы қайда балаларым, кім айтады екен?

Қарлығаш: Ханның ақылы тағында,әкемнің ақылы жанында, ғалымның ақылы басында, жігіттің ақылы жақсылығында, ақымақтың ақылы кім көрінгенннің қалтасында.

Қарт: Ия, балаларым, сендер ата- ананың тәрбиесін бағалап өскен балаларсыңдар! Қанаттарың еш талмай, ақ жолмен ата- аналарыңды сыйлай біліңдер!

2-жүргізуші: Біздің қазақт әр сөздітұспалдап та, туралап та, астарлап та жеткізген халық. Ата-ана туралы қаншама мәнді де маңызды сөздер айтылады.Сонымен бірге ата-ана туралы хадистерді бңлетін оқушыларымызды тыңдап көрейік.

Айсана: Ей, перзентім! Ойыңа тоқып ал, ата-анаға құрмет, ізет қылуды мойынға алу ләзім. Себебі, баланың түп негізі ата-ана болып табылады.

Шапағат: Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы болма. Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады. Сен соны білуің керек.

1-жүргізуші: Мақал – мәтел қазақтың тіл өнері,

Берері көп халықтың көп көрері.

Тілдің әр кез мерейін арттыратын,

Жаса-жаса жасай бер тіл өнері, -дей отыра келесі сөз кезегін мақал мәтелдер жарысына берсек.

Ата-аналар мен оқушылар отбасы, ата-ана, тәрбие туралы мақал-мәтелдер айтып жарысады.

«Әрқашан күн сөнбесін» әні орындалады.

2-жүргізуші: «Ана» дегеніміз әлемнің жан дүниесі. Ол дүниеге тіршілік тұқымын себеді. Ана, әке сөздері бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.Ендеше келесі кезекті балаларға берсек. (Оқушылар ата-ана туралы жаттаған тақпақтарын айтады.)

«Анамның тілі, аяулы үні» әні орындалады.

1-жүргізуші: Бала тәрбиесі бесіктен,- дейді қазақ. Әрбір ата-ана өз баласына қазақтың ырым-тыйым сөздерін айта отырып тәрбиелейді. Ендеше біздің оқушыларымыздың ата-аналарынан естіген ырым-тыйым сөздеріне құлақ түрсек.(Оқушылар өздері білетін ырым-тыйымдарын айтады.)

«Мереке» әні орындалады.

Қорытынды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Алдымен с?й арда?ты ата-ана?ды

Автор: Даулетбаева Зульфия Мухтаровна

Дата: 29.04.2015

Номер свидетельства: 206932


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства