Ма?саты: ауыз ?дебиеті ?лгілерінен тарихи адамдар келбетін жасап к?рсету,айтыс ?неріне деген ?ызы?ушылы?тарын ояту; игілікті?, жа?сылы?ты? бастауы болып келетін осы бір д?ст?рлі мерекеде мерекелік к??іл сыйлау.Адамгершілікке, ?айырымдылы??а, мейірімділікке,?лтты? тілі мен м?дениетін с?юге т?рбиелеу.
Елімні? ырысты ет к?рі- жасын, - деп ыдыстар?а д?н толтырады,с?т ??яды.Осы кезде ?лтты? киім киген ?л мен ?ыз орта?а ж?гіріп шы?ып:
?ыз бала: Уа, а?айын,туыс?ан,
Наурыз к?н туды шы?ыстан.
Сол той?а келдім ша?ырып,
Ат терлетіп алыстан.
?л бала: А? т?йе ?арны жарылды
Наурызды елім са?ынды,
Келі?дер,наурыз той?а б?рі? б?гін,
Аямас ?нерпаздар ?н мен жырын.
?ыз бала:?анеки, ?арсы алайы? жылды? басын,
?осылып жас?а жасы?,бас?а басы?.
Барайы? келер жыл?а т?рт к?з т?гел,
Аман боп алыс- жа?ын,к?рі- жасы?.
(Есікті біреу ты?ылдат?андай болады.Б?л келген ?ой жылы екен.)
?ой: Мен келдім міне орта?ыз?а,
Аманды? тілеп барша?ыз?а.
Саулы?ын берсін деймін б?рімізге,
Жеткенше келер жыл?а.
?л бала: К?ттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастар?анына елімні?
Береке, ырыс сыйлашы.
Бастаушы: Уа, халайы?! Уа, жарандар! ?лыс о? болсын! Ертеден келе жат?ан ізгілік пен мейірімділікті? береке мейрамы- Наурыз ??тты болсын! Наурыз ?рпа?тан –?рпа??а м?ра болып келе жат?ан халы?ты? жыл басы мерекесі.Б?л к?ні барлы? таби?ат,жан –жануар ?айта т?леп,жа?а тілек,жа?а армандар туады.Жа?а жыл басында адам баласы бір – біріне тек жа?сылы?,а? ниет,а? тілек тілейді.
?уанышты Наурыз мерекесіні? ба?дарламасы мынадай:
Алдар к?се ауылына барып ойын – к?лкі ?ызы?тарын к?реміз.
Алдар:Бай –еке,кеше мен ауылдан шы?ып,жолмен келе жатсам,д?л алдымнан жуанды?ы б?йбішені? астында?ы ?амырды? жуанды?ындай жылан шы?а келді.
Б?йбіше:Ой, тілі?е шо? т?ссін, ?амыры несі –ей!
Алдар: Содан д?л ана то?алды? астында?ы ?ойды? басындай таспен бір пергенімде,ой,алла- ай,тура ана б?йбішені? артында?ы сары майдай езілді де ?алды. ?тірік айтсам,ана ?ызы?ызды? астында?ы ?аздай ж?лынайын,бай –еке.
-Ой, б?л ?у б?рін де біліп келіп отыр,шы?ары?дар астары?ды,етті ?азан?а сал,б?йбіше,?йтеуір бір пісер.(Шы?бермес Шы?айбай: «Піс,?азаным,бес ай!» - деп жантая кетед.)
- Отырайын он ай.(Алдар да жантаяды.?йелдер мен ?ызы жатып ?алады.К?п уа?ыттан со? бай да,?й –іші де ?й?ы?а кетеді.Осы с?тті а?дып жат?ан Алдар а?ырын т?рып,?азанда?ы піскен етті бас?а ыдыс?а салып алып,орнына к?н тула?ты кесіп- кесіп салып ?ояды. )
?арны аш?ан бай б?йбішесін оятып, «Етті т?сір,Алдар ?йы?та?ан сия?ты»дейді.Б?йбіше ?ара??ыда етті салып ?кеп байды? алдына ?ояды.Шы?айбай ары тістейді,бері тістейді,етке тісі ?тпей б?йбішесіне «Еті? піспепті» -деп аш жатып ?алады.
-?йбай – ау,Шы?еке,енді ?айтіп к?ріскенше кім бар,кім жо?,??ша?ымызды ай?астырып ?оштасайы? та, - дейді.Сол кезде ысты? то?аш кеудесін к?йдірген бай:
-Ой, атауы?ды жегір,міне,сен -а? алшы осы ысты? то?ашты, -деп ренжігендей болып то?ашты Алдар?а беріп жат?ан кезде Тазша бала шы?ып:
?тірік ?ле? айтып хан?а бар?ан,
Мен Тазша шешендікпен топты жар?ан,
?у бас та домала?ан той дегенде,
Асы?ып келе жатсам алдымды орап,
Шы?айбай,Алдарменен келді? ?айдан?
-Ой,Шы?еке,Алдеке,?лысты? ?лы к?ні б?л ренжігендері?ізге жол болсын.?лысты? ?лы к?ні адамзат бір –біріне ?ал?ан к??іл кірбі?дерін кешіріп,ынтыма?тасады екен.Ал ол к?ні ренжіген адамны? ?мір бойы жолы болмайды екен.Бір –біріі?ізге деген реніштері?ізді кешіріп,той?а ж?рі?іздер.
Екеуі реніштерін кешіріп,??ша?тасады).
-Уа,халайы?,тойлары? той?а ?лассын,наурыз ??тты болсын деп,той?а келеді.
Бастаушы: балалар,?аза?та «тойбастар» деген жа?сы ырым бар. Той бастай отыры?дар, -дегенде б?рі «Уг?й –?й» ?нін айтып,той бастайды.
Уг?й,уг?й ?німіз,
Арпа,бидай д?німіз,
Уг?й –ай деп ?н салсам,
Келіспей ме с?німіз.
,
Наурыз тойы басталды,
Ауылымда уг?й- ай.
Той –думанды к?руге
Асы?ы?дар уг?й- ай.
Наурыз к?же пісірді,
?желерім уг?й- ай.
Д?м татайы? к?неки
К?жесінен уг?й- ай.
А? ?же тойбастар алып келіп:
Жа??ырт?ан д?ст?рімді ра?мет, елім,
Тербетсін шатты? ?ні ?аза? жерін.
Той баста?ан ?адамы? ??тты болсын,
Жал?айтын д?ст?рімді б?бектерім, -деп тойбастарды ?лестіріп береді.
М??алім: Ал,енді айтыс?а кезек берейік.?л мен ?ыз айтысады:
?л: ?ыздар,?ыздар ??рты?нан,
?уып келдім ж?рты?нан,
Сол ??рты?нан бермесе?,
Тесіп шы?сын ?рты?нан.
?ыз:Бала,бала,?ырт бала,
Аузымда?ы ??рт,бала,
Сілекейлеп берейін,
Сусын болсын ж?т,бала.
?л: ?ас?ыр,?ас?ыр ?ара ала,
Бауыр ж?ні сары ала,
Бізді? ?ойды арала,
?ыздарды? ?ойын жарала.
?ыз:?ас?ыр,?ас?ыр ?арасы?,
?ас?ыр ?айда барасы??
Мына баланы жей ?ой,
?ойды ?айдан табасы?.
?л: ?ас?ыр,?ас?ыр ?ара ала,
?тірікке ?арама,
?ой болмаса далада,
Осы ?ызды жарала.
?ыз: Ма? т?бетім барады,
?ас?ырларды алады,
Содан кейін сен,б?лем,
Тап ?зі?ді ?абады.
Алдар к?се: Б?рекелді, неткен ?нерлі балалар.
?ндер айтылып,наурыз к?жеден д?м татады барлы?ы.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Алдар К?се наурыз тойында»
Наурыз тойы – көктем тойы
Мақсаты: ауыз әдебиеті үлгілерінен тарихи адамдар келбетін жасап көрсету,айтыс өнеріне деген қызығушылықтарын ояту; игіліктің, жақсылықтың бастауы болып келетін осы бір дәстүрлі мерекеде мерекелік көңіл сыйлау.Адамгершілікке, қайырымдылыққа, мейірімділікке ,ұлттың тілі мен мәдениетін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Наурыз» туралы нақыл сөздер,қазақ үйі макеті, тұрмыстық бұйымдар,ұлттық тағам түрлері.
Ақ әже:Наурызым әкелсін деп береке,ырыс.
Дәніме толып тұрсын барлық ыдыс.
Жаңадан келе жатқан жылдың басын,
Ақ құйып қарсы алған өте дұрыс.
Берекең осылайша ортаймасын,
Шаңырақ биік тіккен шайқалмасын.
Босағама ,о наурыз құт боп кіріп,
Елімнің ырысты ет кәрі- жасын, - деп ыдыстарға дән толтырады,сүт құяды.Осы кезде ұлттық киім киген ұл мен қыз ортаға жүгіріп шығып:
Қыз бала: Уа, ағайын,туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім шақырып,
Ат терлетіп алыстан.
Ұл бала: Ақ түйе қарны жарылды
Наурызды елім сағынды,
Келіңдер,наурыз тойға бәрің бүгін,
Аямас өнерпаздар ән мен жырын.
Қыз бала:Қанеки, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасың,басқа басың.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс- жақын,кәрі- жасың.
(Есікті біреу тықылдатқандай болады.Бұл келген қой жылы екен.)
Қой: Мен келдім міне ортаңызға,
Амандық тілеп баршаңызға.
Саулығын берсін деймін бәрімізге,
Жеткенше келер жылға.
Ұл бала: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарқанына елімнің
Береке, ырыс сыйлашы.
Бастаушы: Уа, халайық! Уа, жарандар! Ұлыс оң болсын! Ертеден келе жатқан ізгілік пен мейірімділіктің береке мейрамы- Наурыз құтты болсын! Наурыз ұрпақтан –ұрпаққа мұра болып келе жатқан халықтың жыл басы мерекесі.Бұл күні барлық табиғат,жан –жануар қайта түлеп,жаңа тілек,жаңа армандар туады.Жаңа жыл басында адам баласы бір – біріне тек жақсылық,ақ ниет,ақ тілек тілейді.
Қуанышты Наурыз мерекесінің бағдарламасы мынадай:
Алдар көсе ауылына барып ойын – күлкі қызықтарын көреміз.
Айтыс өнерін тамашалаймыз
Наурыз көже ішу
Қонақтардың алдынан Алдар көсе шығып сөйлейді:Қош келдіңіздер! Бүгін ауылдың ірі байы,сараңдықпен атағы шыққан Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа барамыз. Ұлыс күні қабағы ашылып,мейірімі төгілер, жүр десем,ешкім бармай қойды.Енді сіздер бізбен бірге жүріңіздер.
Хабаршы: Алдар,өзіңдей айла мен ақылға біз кендеміз.Бірге барсақ бәрін бүлдіріп алармыз,сол түк бермеске әуелі өзің барсаңшы.Бізді қайда қашады дейсің.
Алдар: Жарайды,ендеше.(Алдар көсе жолға шығады.Шеткері тұрған үлкен ақ ордаға келіп,жабықтан сығалайды)
Үлкен перде ашылғанда жартылай қазақ үйінің төрі көрінеді.Төрде Шығайбай сақалын сипап отырады.Бәйбіше нан илеп отыр,тоқалы бас үйітіп,қызы Бізбике қаздың жүнін жұлып отырады.
Алдар:Бай –еке,кеше мен ауылдан шығып,жолмен келе жатсам,дәл алдымнан жуандығы бәйбішенің астындағы қамырдың жуандығындай жылан шыға келді.
Бәйбіше:Ой, тіліңе шоқ түссін, қамыры несі –ей!
Алдар: Содан дәл ана тоқалдың астындағы қойдың басындай таспен бір пергенімде,ой,алла- ай,тура ана бәйбішенің артындағы сары майдай езілді де қалды. Өтірік айтсам,ана қызыңыздың астындағы қаздай жұлынайын,бай –еке.
-Ой, бұл қу бәрін де біліп келіп отыр,шығарыңдар астарыңды,етті қазанға сал,бәйбіше,әйтеуір бір пісер.(Шықбермес Шығайбай: «Піс,қазаным,бес ай!» - деп жантая кетед.)
- Отырайын он ай.(Алдар да жантаяды.Әйелдер мен қызы жатып қалады.Көп уақыттан соң бай да,үй –іші де ұйқыға кетеді.Осы сәтті аңдып жатқан Алдар ақырын тұрып,қазандағы піскен етті басқа ыдысқа салып алып,орнына көн тулақты кесіп- кесіп салып қояды. )
Қарны ашқан бай бәйбішесін оятып, «Етті түсір,Алдар ұйықтаған сияқты»дейді.Бәйбіше қараңғыда етті салып әкеп байдың алдына қояды.Шығайбай ары тістейді,бері тістейді,етке тісі өтпей бәйбішесіне «Етің піспепті» -деп аш жатып қалады.
Кемпірі: Шалым,мына тоқашты ал, жолда жерсің,аш жаттың ғой, жаңа ғана пісірдім, -деп ыстық тоқашты қойнына салғанда,үй сыртында аңдып тұрған Алдар:
-Үйбай – ау,Шығеке,енді қайтіп көріскенше кім бар,кім жоқ,құшағымызды айқастырып қоштасайық та, - дейді.Сол кезде ыстық тоқаш кеудесін күйдірген бай:
-Ой, атауыңды жегір,міне ,сен -ақ алшы осы ыстық тоқашты, -деп ренжігендей болып тоқашты Алдарға беріп жатқан кезде Тазша бала шығып:
Өтірік өлең айтып ханға барған,
Мен Тазша шешендікпен топты жарған,
Қу бас та домалаған той дегенде,
Асығып келе жатсам алдымды орап,
Шығайбай,Алдарменен келдің қайдан?
-Ой,Шығеке,Алдеке,ұлыстың ұлы күні бұл ренжігендеріңізге жол болсын.Ұлыстың ұлы күні адамзат бір –біріне қалған көңіл кірбіңдерін кешіріп,ынтымақтасады екен.Ал ол күні ренжіген адамның өмір бойы жолы болмайды екен.Бір –бірііңізге деген реніштеріңізді кешіріп,тойға жүріңіздер.
Екеуі реніштерін кешіріп,құшақтасады) .
-Уа,халайық,тойларың тойға ұлассын,наурыз құтты болсын деп,тойға келеді.
Бастаушы: балалар,қазақта «тойбастар» деген жақсы ырым бар. Той бастай отырыңдар, -дегенде бәрі «Угәй –әй» әнін айтып,той бастайды.
Угәй,угәй әніміз,
Арпа ,бидай дәніміз,
Угәй –ай деп ән салсам,
Келіспей ме сәніміз.
,
Наурыз тойы басталды,
Ауылымда угәй- ай.
Той –думанды көруге
Асығыңдар угәй- ай.
Наурыз көже пісірді,
Әжелерім угәй- ай.
Дәм татайық кәнеки
Көжесінен угәй- ай.
Ақ әже тойбастар алып келіп:
Жаңғыртқан дәстүрімді рақмет, елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін.
Той бастаған қадамың құтты болсын,
Жалғайтын дәстүрімді бөбектерім, -деп тойбастарды үлестіріп береді.
Мұғалім: Ал,енді айтысқа кезек берейік.Ұл мен қыз айтысады: