kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А? ару. Ер с?лтан (сайыс)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Наурыз мерекесіне орай ?ыздарымыз бен жігіттерімізді? ?нерлерін бай?ау.О?ушыларды? жан-жа?тылы?ына к??іл б?лу.?лтты? салт-д?ст?рді бойларына сі?іру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А? ару. Ер с?лтан (сайыс)»




Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Міне,көптен күткен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі де келіп жетті.Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы,Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі,қыс өтіп көктем келеді.Қазақ халқы үшін үлкен мейрам -Жаңа жыл!

Наурыз тойы жырымыз,

Көңіл гүлдей жайнасын!

Құлпырып тұр күн мен ай,

Мерекесі халқымның

Наурыз тойын бастайық.

Наурыз тойға арналған

Сайысты біз ашайық

Құрметті ата-аналар.ұстаздар.қонақтар Наурыз мерекесіне арналған «Ақ ару», «Ер сұлтан» атты сайысты бастайық.


1.Мың бұралған арулар аңдап басып.

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

(Ортаға аруларымызды аттарын атап шақыру)


2.Ата жолан жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ел намысын қорғамақ,

Жігіттер шықсын ортаға.

Бүгін сұлтан атанбақ.

(Ортаға сұлтандарымызды атын атап шақырамыз)



3.Ал арулар,арулар

Ешкімнің жоқ ала алар.

«Ақ ару»атты лайықтап

Қайсысың кәне,жеңе алар.

Ал жігіттер, жігіттер

Бар өнерді салыңдар.

«Ер сұлтан»атты лайықтап

Біреуің жеңіп алыңдар.


4.Бастамас бұрын сайысты

Ақсақалынан ауылдың

Аталы бата алайық.

Екі түрлі әнші бар.

Біреуі соның бата алған.

Ешқандай артық болмайды.

Атадан үлкен бата алған.


«Атаның бата беруі»


5. Құрметті көрермендер өздеріңіз білесіздер,қазақ халқы қай уақытта болмасын өздерінің балаларының қылықтары мен мінез-құлқына еркелетіп,сондай-ақ жеңгелері қайын сіңілі-лері мен қайныларына,ағалары қарындастарына ат қойған.

Мен де сол сияқты бүгінгі сайысқа қатысушы аруларымызға ат қойдым.

Ақылдым- Зарина

Талдырмашым-Светлана

Қаракөзім-Нұрайым

Аяулым-Аружан




6.Сұлтандар сендердіңде аттарың заттарыңа сай болсын.

Аңқылдағым-Ұшқанбек

Салмақтым-Кенжемұрат

Жігерлім-Бөкенбай

Еркетайым-Жұлдызбек


7. Арулар мен сұлтандар сайысқа тұсуге дайынсыңдар ма?

(Барлығы хормен дайынбыз)


8.Сайысқа дайын болсақ ,алдымен сайыс жоспарымен таныстырып өтейін.

1. Таныстыру (осы отырған қауымға өзін таныстыру)

2. Өз өнерін көрсету.(Ән,би,көркем сөз оқу)

3.Сұрақ-жауап.

4. Сән үлгісі(қыз балаларға)

Асық ату(ұл балаларға)

5. Жыр шумағы.(досына,ұстазына,қалаған адамына арнаған тілегі)


9. Сайысымызды бастамас бұрын, сайысқа әділ баға беретін әділқазы алқасын сайлап алайық.(Әділқазы алқасын сайлау)


10.Олай болса 1 тапсырма осы отырған қауымға өздерін таныстыру.


11. Сайысымыздың келесі тапсырмасы

«Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй»-дегендей .Енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап,әділ бағасын берейік.




12. Келесі тапсырма «сұрақ-жауап».Мұнда сайыскерлер қалаған карточканы алып ондағы сұрақтарға нақты жауап беруі керек.

( Сұрақтарға жауап алу)


13. Сайысымыздың келесі тапсырмасы сұлтандарымыздың

мергендігін яғни дәлдігін байқау үшін «Асық ойыны»



14.Келесі тапсырма аруларға арналады «Ағаш көркі жапырақ адам көркі шүберек» дегендей.Арулар өздерінің киім киюдегі талғампаздығын көрсетеді.Таңдаған киімдерінің айырмашы-лығы неде екенін, неліктен осыны таңдап алғанын сөзбен сипаттап беруі керек.


15. Ендігі соңғы тапсырма «Орамал тон болмайды,жол болады»дегендей ұстазына,досына,қалаған адамына арнаған жыр шумағын яғни тілектерін тыңдайық.



Мұғалім: Енді бүгінгі сайысымыздың «Тойға шашу» деп аталатын екінші бөлімін бастаймыз.Ал,әділқазы алқасы ән тыңдай отырып қорытындылау жұмысын жалғастырады.

(Концерт соңында сайыстың әділ бағасын хабарлайды)


Құшағына енгізген

Аясында гүл бақтың

Аппақ сүтін емізген

Қымбаттысы қымбаттың




Анам қандай жақсы адам- дей келе осы отырған аналарымызға арнап Сағызғали Заринаның «МАМА» әнін тыңдайық.


Келді ғой жаңа жылым-Наурыз айы,

Жасалар Наурыз көже –басты тағам.

Ерікті елімізге тілейтінім-

Қазақстан -құтты болсын Жаңа жылың

Қасымов Кенжемұраттың орындауында тыңдайтындарыңыз «Қош келдің Жаңа жыл»әні.

Көңілді дем алайық

Қалықтап кетсін халайық

Кеш көрігін қыздырып

Би билеп ән салайық

деп Сәрсенбаева Светонның «Анаға хат» әнін тыңдайық.


Ал әділқазы алқалары сіздер қорытынды бағаны есептеп болсаңыздар. Сөз кезегін қазылар алқасына берейік.

(

Қазылар алқасы қорытынды бағасын береді.)


Мұғалім:

Көгере бер,көркейе бер,өсе бер.

Өмір жолы еңбекпенен шешілер

Шыңға шығар шынар болып шынайы

Кездеспесін ешқандай да кесірлер

Барына риза болсын көрермендер

Осымен бұл қызықты тәмәмдайық

Тағы да үйретерміз аман болсақ

Әр түрлі өнерлерді балаларға.



Мейрамына халықтың

Бата берді атамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз көжеден дәм татамыз дей келе осы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арнап жасаған 4- кластың көжесінен дәм татайық.

(Ата-аналарға,ұстаздарға,келген қонақтарға Наурыз көже беру.)




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
А? ару. Ер с?лтан (сайыс)

Автор: ?азыбай А?д?урен Магадан?ызы

Дата: 24.04.2016

Номер свидетельства: 321956


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства