Просмотр содержимого документа
«"А?ылдылар мен ал?ырлар" сайысы т?рбие са?аты »
"Ақылдылар мен алғырлар" сайыс
Aimen
11 ақпан 2013
2747
0
0
ШҚО, Аягөз ауданы "Горный ЖББОМ" КММ математика - информатика пәні мұғалімі Жагипарова Арай Бакытовна
Мақсаты:Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуін қалыптастыру, пәнге деген ынтасын арттыру. Жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Топтардың өздерін таныстыруы, ұраны, төсбелгісі. 2. І тур. «Сергіту сәті» 3. ІІ тур. «Ал, қане, тауып көр!» 4. ІІІ тур. «Тест» 5. ІҮ тур. «Жұмбақтар шешу» 6. Ү тур. «Терезе элементтері» 7. ҮІ тур. «Шатасқан әріптер» 8. ҮІІ тур. «Капитандар сайысы» 9. ҮІІІ тур «Үй тапсырмасы» Барысы: І тур. «Сергіту сәті» 1 минутта информатикаға байланысты сөздер жазу. ІІ тур. «Ал, қане, тауып көр!» Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. 1. Диаметрі 3, 5 дюйм, сыйымдылығы 1, 44 Мб болатын ақпарат тасушы. А) фотопленка В) дискет* С) қағаз Д) қатқыл диск 2. Компьютер тілінде адамды қалай атаймыз? А) қолданушы* В) клиент С) ем қабылдаушы Д) тапсырыс беруші 3. Мына шамалардың қайсысы информатикамен байланысты? А) киловатт В) килобайт* С) килобар Д) киловольт 4. Объектілер қоймасы: А) қапшық* В) телефон С) файл Д) радиобайланыс 5. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақ: А) қапшық В) терезе* С) себет Д) қойма 6. Өлшем бірліктерді өсу ретімен орналастыр: А) байт В) бит С) МБайт Д) КБайт (ВАДС) 7. Логарифм сызғышын кім ойлап тапты? А) Б. Паскаль В) Лейбниц С) Робертсон* Д) Холлерит 8. Гректер есептеу құралын не деп атады? А) абак* В) серобян С) суан - пан Д) калькулятор 9. Калькуляторды ең алғаш кімдер жасады? А) Паскаль В) Чебышев, Однер* С) Бэббидж Д) Холлерит 10. Енгізу құрылғысы: А) тышқан* В) монитор С) жүйелік қорап Д) принтер 11. Шығару құрылғысы: А) джойстик В) сканер С) принтер* Д) қағаз 12. Компьютердің ең басты бөлігі: А) тышқан В) монитор С) жүйелік қорап* Д) сканер 13. Мына программалардың қайсысы мәтінмен жұмыс жасайды? А) PowerPoint B) Word* C) Excel D) Access 14. Компьютерді қайсы бактериялар бүлдіруі мүмкін? А) бацилл В) микроб С) вирус* Д) паразит 15. Адам мен компьютер арасындағы қарым - қатынас: А) әңгіме В) пернетақта С) интерфейс* Д) жүйе ІІІ тур. «Тест» Әр топқа екіден тапсырма беріледі. 1. Аталған байттар тізбегі: А) қапшық В) объект С) файл* 2. Компьютердің ақыл - ойы: А) монитор В) пернетақта С) процессор* 3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші сыртқы құрылғы: А) интерфейс В) принтер С) сканер* 4. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі: А) байт В) бит* С) МБайт 5. Өшірілген файлдар қай қапшықта сақталады? А) менің құжаттарым В) менің компьютерім Д) себет* 6. Вирусқа қарсы программа: А) антишпион В) антивирус* С) антигрипп
ІҮ тур. «Жұмбақтар шешу» 1 - жұмбақ Екі батырмалы, Бір бұрандалы. Жалғыз өзі - ақ, Сансыз іс тындырады. (Тышқан) 2 - жұмбақ Ақпаратты сақтап таратқан, Жұртты өзіне қаратқан. (Компьютер) 3 - жұмбақ Монитор жанында бір қорап, Тұр өне бойын тоқ орап. Ең негізгі микросхема, Аталған ол... (жүйелік қорап) 4 - жұмбақ Тетігін бассаң алаңсыз, Жазады қағаз - қаламсыз. (Пернетақта) 5 - жұмбақ Төртбұрышты жұқа қорап, Магнитпен қапталған. Сыйымдылығы 1, 44 МБайт, Сақтайды ол ақпарат (дискета) 6 - жұмбақ Бар құрылғы әркім білмес, Ғаламтормен байланыстырар. Телефонға жалғанып ап, Ақпаратпен алмастырар (модем) 7 - жұмбақ Компьютердің құрамдас бөлігі, Қағазға басып береді. (принтер) 8 - жұмбақ Батырмасын тұтқасына орнатса да, Жан - жағына емін - еркін қозғалатын. Бар сондай ойын құмар құрылғысы, Экрандағы нысандарды басқаратын. (джойстик) 9 - жұмбақ Компьютердің қосымша бөліктері, Ай мен күндей егіздер. Сыбырлап та, айқайлап, Көңіл - күйді көтерер. (колонкалар) Ү тур. «Терезе элементтері» 6 - тапсырма слайд арқылы көрсетіледі. ҮІ тур. «Шатасқан әріптер» Информатикаға байланысты сөздерді құрастыр. 1. ТРАПҚАА - АҚПАРАТ 2. ПЮТЬМОКЕР - КОМПЬЮТЕР 3. РИНПЕРТ - ПРИНТЕР 4. ОТИРМОН - МОНИТОР 5. АКЕСРН - СКАНЕР 6. ТАБАҢАШ – ТАҢБАША ҮІІ тур. «Капитандар сайысы» ASCII кодымен кодталған сөзді кері кодтау керек. 1) 84А8Е1ААА5Е2 2) 4344А4А8Е1АА 3) 94АВА5Е8ААА0 ҮІІІ тур «Үй тапсырмасы» Paint - та «Менің досым – Компьютер!» тақырыбындағы суреттерін көрсетеді.