Просмотр содержимого документа
«А?паратты? са?ат "Астана авторы-президент" »
Ақпараттық сағат
АСТАНА АВТОРЫ - ПРЕЗИДЕНТ
Мақсаты:Оқушыларды өздерінің туған қаласы – Астананың тарихымен таныстыру. Еліміздің бас қаласының авторы – Президент екенін айқындау.
Қолданылған құралдар: интерактивті тақта, Президенттің суреті, Астана қаласының көріністері.
Ақпараттық сағат барысы:
Баяндаушы: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Астана біздің туған қаламыз, елордасы деп мақтан етеміз. Ал сүйікті қаламыздың тарихын жақсы білеміз бе?
Мұғалім: Балалар қалай ойлайсыңдар, бұл ненің суреті?
Оқушылар: Бұл Бәйтеректің суреті!
Баяндаушы: Астананың символы – Бәйтерек. Бәйтерек - әсем, биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Бәйтеректің ең жоғарғы қабатынан Астананың жан-жағы алақандағыдай көрінеді.
1-оқушы: Күн нұры аспанымда төгілген,
Шуақ беріп Астанамның төріне.
Бәйтерегім болашаққа жол сілтеп,
Бар әлемге алтын қырдан көрінген.
Мұғалім: Бәйтерек қайда орналасқан?
Оқушылар: Біздің туған қаламыз Астанада.
2-оқушы: Болашаққа бастаған
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның-
Мақтанышым – Астанам. (Е.Өтетілеуұлы)
3-оқушы: Астанам – бағым, баспанам,
Қарыштап алға, бас қадам.
Отанымның жүрегі
Елорда – менің Астанам. (Н.Қалқа)
Баяндаушы: Астана қаласы өз тарихын жылдан бастайды.
4-оқушы: Ұлы тарих сан ғасырды көрген жер.
Жау-дұшпаннан талай қатер төнген жер.
Тұңғыш Қазақ Президенті — Нұрсұлтан,
Астананы бастап келген жер...
(Ескі қаланың суреттері көрсетіледі)
Баяндаушы: Астана – Қазақстанның бас қаласы. Астана қаласының орналасқан жері құтты мекен, топырағы құнарлы, төскейі шұрайлы. Айнала көкорай бел, көк шалғын. Астанамыздың өзі де, табиғаты да сондай әдемі. Біздің еліміздің астанасы Алматы қаласынан 1997 жылы Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді.
әнінің фонограммасы ойналып, экраннан Н.Назарбаевтың, Президент сарайының суреті көрсетіледі)
Мұғалім: Балалар, бұл кім?
Оқушылар: Нұрсұлтан ата, біздің президентіміз
Мұғалім: Иә, балалар біздің еліміздің басшысы – Елбасы Нұрсұлтан аталарың.
Баяндаушы: Президент өзінің Астана туралы жазылған «Еуразия жүрегінде» деп аталатын еңбегінде елорданы ауыстыру жөніндегі ойын ең алғаш 1993 жылдың соңында сөйлеген сөздерінің бірінде-ақ ортаға салғандығын еске алып өтеді. Парламент сессиясының 1994 жылғы 6 шілдесінде өткен пленарлық мәжілісінде Нұрсұлтан Әбішұлы ел астанасын Ақмолаға ауыстыру қажеттігін жан-жақты дәлелдермен тұжырымдап, жүрегі толқи отырып сөз сөйлеп еді. Елбасы сол сөзінде бұл шешімге тосыннан емес, үлкен ой-толғаныстан кейін және 32 өлшем бойынша алдын-ала арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйеніп келіп отырғанына халық қалаулыларының көзін жеткізуге тырысты.
Президентіміздің астананы ауыстыру туралы ұсынысы өте бір қиын-қыстау кезеңде – тәуелсіздігіміздің жаңа тәй-тәй қадам басқан шағында ортаға салынған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы өз идеясына Қазақстан халқын жаппай жұмылдырып, қолмен қойғандай етіп жүзеге асырып келеді. Кешегі облыс орталығы Ақмоладан – бүгінде әлем таныған Астанаға айналған елордамыз – осының жарқын дәлелі. Ал мұның өзі адамнан ерекше қажыр-қайрат пен табандылықты талап ететіні белгілі.
Осы он екі жылдың ішінде бұрын еліміздің елеусіз көп облыс орталықтарының бірі болып келген Ақмола қаласы таңғажайып қарқынмен түлеп, аты әлемге танылып, Еуразия кеңістігінің жаңа үлгіде салынған әсем шаһарларының біріне айналып үлгерді.
Осылайша, Ақмола қаласының бақ жұлдызы еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінен кейін ғана барынша жарқырай жанды. 5-оқушы:
Жалындап тасқын атқан жас қаланың,
Ойнайды оттарымен асқақ әнім.
Арнаймын алғы сөзді Президентке.
6-оқушы:
Ежелгі арман өтелген.
Нығайды қазақ елдігі.
Ақталды шаңырақ көтерген,
Елбасының ерлігі.
К.Салықов
7-оқушы:
Авторы әлемге айғақ Астананың.
Ай қабақ, жайма шуақ жүзі қандай,
Ақ гүлдей сүйгің келер үзіп алмай.
Астана – қазағымның жас қаласы,
Ажарын көрген адам қызығардай.
Аңсатқан шырын, шарбат бал-уызы,
Тансантқан таңғажайып дәру жүзі;
Бой жазған Сарыарқаның самалында,
Астана – қазағымның бақ жұлдызы.
Т. Молдағалиев.
(экраннан Астана қаласының төлтаңбасы мен туы көрсетіледі
сурет 7, 8)
Баяндаушы: Бұл – Астана қаласының эмблемасы немесе қаланың өзінің жеке таңбасы. Төлтаңбаның тұжырымдамасы мен нобайының авторы – Президент. Астананың жаңа рәміздері 2008 жылы 6 шілдеде қабылданды. Төлтаңба негізіне жетілу, шексіздік пен мәңгілікті білдіретін шеңбер алынған. Екі символ – Бәйтерек пен Шаңырақты біріктіру оның орталық айшықтары. Осы көркемдік шешім қаланың белгісін де, елдің символын да өз бойына тұтастырған қазіргі Қазақстан дамуының кезеңдік сипатын да танытып тұр.
Бәйтерек – төрткүл дүниені құшағына сыйғызған алып ағаш. Ол дамып келе жатқан ғарыш кеңістіндегі тірі ағза ретінде қабылданады. Бұл ортадағы символикамен тығыз байланысып тұр. Шаңырақ – өзің өсіп-өнген отбасыңның әлем кеңістігімен ортақтастығын білдіреді.
Төлтаңбаның бүкіл аумағы екі сақинадан тұрады, сондай-ақ оның да өзіндік бейнелі мәні бар. Сыртқы сақина ұлы даланың тарихы терең қатпарларда жатқандығын білдіреді. Ал қызыл түсі Оттың аластаушылық құдіретінен туған. Ал ішкі сақина тәуелсіз Қазақстанның жаңарған бейнесін және Астананың асқақтығын танытады.
Сурет 7 – Астана қаласының төлтаңбасы
«Көгілдір аспан» түсі – ұлттық иедеология тәуелсіздігінің орталық негізін айқындайтын мемлекеттік тудың түсі. Ал Бәйтерек пен Шаңырақтың біріктіріле бейнеленуі қазіргі Қазақстан тарихының терең тамырлы екендігінің белгісі.
Сурет 8 – Астана қаласының туы
Мұғалім: Міне, балалар, біз өзіміздің туған еліміздің елордасы, біздің сүйікті қаламыз Астана қаласына сырттай саяхат жасап шықтық. Сонымен, Астана туралы не білдіңдер, Елбасы Нұрсұлтан атамыз Астананы неліктен «Астана – менің қуанышым, мақтанышым» деп айтады?
Баяндаушы:Астана – ХХІ ғасыр қаласы. Жаңа астана тағдыры жас ұрпақтар тағдырымен, жастардың арман-үмітімен тығыз байланысты.
Астана күннен-күнге гүлденуде. Астананың болашағы зор.
Мұғалім: Бүгінгі ақпараттық сағатта алған білімдерінді қорытындылап, келесі сөзжұмбақты бірігіп шешейік.
(Оқушылар берілген сөзжұмбақтың сұрақтарына жауап беріп,
бос торларын толтырады)
Сағат соңында оқушылар өзіндік жұмыс жасайды.
1-топ. Астана қаласының суреттері бойынша топ мүшелері мәтін құрап жазады.
2-топ. Топ мүшелері «Астана авторы – Президент» тақырыбында ой бөлісіп, қорытындылайды.
СӨЗЖҰМБАҚ
«АСТАНА АВТОРЫ - ПРЕЗИДЕНТ»
Сұрақтар:
Астананың орталық даңғылы
Жануар, Қазақстанның символы
Тәуелсіздік
Қазақстанның байырғы халқы
Астананың назар аударарлық ойын-сауық орталығының бірі
Елордадағы 30 мың орындық жабық спорт кешені
Астанадағы этнобақтың атауы
Басқаламыздың бұрынғы атауының бірі
Астананың символы
Ақпараттық сағат сыныптағы оқушылардың арасында туған қаламызға, оның тарихына қызығушылығын арттырып, Президенттің Мұражайына баруды ойластырдық. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің Күмбезді залы (дәл осы залда 1997 жылы 10 желтоқсанда «Енді бұдан былай және мәңгі бақи осы жерде, кең-байтақ еліміздің нақ жүрегінде халықтың тағдыр-талайына қатысты шешімдер қабылданатын болады, енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғады...» деген тарихи мәні зор пікір айтылды) мен Мәжіліс залы (Астананың қалыптасу тарихына арналған экспозиция орналасқан) бойынша саяхат жасадық .
Ой толғаныс
Сыныпта өткізген ақпараттық сабақ және Тұнғыш Президентіміздің мұражайына саяхатымыздың соңында сыныптағы оқушыларым өз ойларын түйіп, шағын шығармалар жазған болатын. Осы шығармалардан үзінділер келтіргелі отырмын.
Қырғызбаева Малика: «Мен бұрын астанада тұрамын деп мақтаныш ететінмін. Бірақ ол мақтанышымды еш нәрсемен дәлелдей алмайтынмын. Енді мен өз қалам туралы біраз мәлімет алдым. Осыны жалғастырып, Астананың тарихын, өткені мен болашағын көбірек білгім келеді».
Төлеген Алдияр: «Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан атамыз екенін мен білемін. Ал, біздің сүйікті қаламызға жасаған еңбегі, ерлігі туралы беймәлім екенбін. Өте ұят жағдай. Келесіде қатемді түзеуге тырысамын».
Асанов Әділет: «Тәуелсіздігіміздің тірегі, тұңғыш Президентіміз бізге үлкен үміт артып отыр. Сол үмітті ақтауға тырысамын. Еліміздің астанасын Сарыарқа даласына көшіріп, аз уақытта осындай дәрежеге жеткізіп отырған Нұрсұлтан атамызды батыр деп санаймын. Мен де өскенде сондай батыр боламын».
Сұрапбай Айжан: «Біз кішкентайымыздан, сәби шағымыздан жақсы өмір сүріп келеміз. Оның барлығы Тәуелсіздіктің арқасында. Біздің болашағымыз жарқын болсын деп Президентіміз ерен еңбек етеді. Нұрсұлтан атамызға рахметімді айтамын. Қазір менің еңбегім – оқу, маман болу. Өскенде мен туған қалама еңбек етемін».
Қадылбек Рамазан: «Отанын, туған жерін, ананың ақ сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Ұлан байтақ даласы бар халқы мерейлі ғажап өлке. Ғажап өлкемнің Тәуелсіздік алғанына 23 жыл толғалы тұр. Осыны ойласам, кеудеме мақтаныш толады.
Айналадағы кейбір мемлекеттерде қантөгіс болып жатқанда, біздің еліміздің бейбіт болғанына қуанамын. Бақытты, алаңсыз болашағымыз үшін, еркін елдең еркін білім алып,алаңсыз күліп-ойнап жүрген барша ұл-қыздардың атынан , еліміздің Тұнғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа балалық жүрегіммен рахмет айтамын!
Орыстар Бірінші Петрді, американдықтар Дж.Вашингтонын, түріктер Ата Түрікті пір тұтып жатса, мен текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаевты пір тұтамын. Ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстап, ту көтерген, елордасы Астананың авторы – Н.Ә.Назарбаев».