2. Жол ?ауіпсіздігін есте са?тау?а, білуге жол ережесіні? белгілерімен таныстыру
3.О?ушыларды к?шеде д?рыс ж?ріп, жол ережесін са?тау?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: Ба?даршам , жол белгілері салын?ан суреттер , интерактивті та?та, жолережесіне арнал?ан кітаптар.
Саба?ты? барысы: 1. ?йымдастыру кезе?і :
Кіріспе : «Жол травматизміні? алдын алу» атты т?рбие са?атын баста?алы отырмыз.
Жол за?ы д?рыс ж?ріп , абай болуды талап етеді. Жол т?ртібін б?зба , ол ?атер тудырады. Жолды? ?алыпты ?оз?алысы к?бінесе балаларды? жол бойында ?алай болса солай ж?ріп, доп ?уалайтыны , ша??ы тебетіні , ж?ріп бара жат?ан машина?а жабысатыны ,?алтарыстан жол?а шы?ып келетін салдарынан б?зылады. Жол т?ртібін б?з?анды?тан кейбіреулер машина д??гелегіне ілініп ?аза тауып , кейбіреулері жара?ат алады . Ал кейбіреулері ?мірлік м?гедек болып ?алады.
Сонды?тан ?рбір о?ушы мектепте о?ылатын » Жолда ж?ру ережесі » та?ырыбында?ы саба?ты м??ият ты?дап, ?р саба?тан ?орытынды жасап отыру?а міндетті .?лгілі , т?ртіпті о?ушы к?шеде, жолда ж?ру ережесін ,за?ын б?збайды.
Бау
Сын
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру
3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жолережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.
Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын .
ІІ. Негізгі бөлім:
Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 2. Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған. Адам тасып аялайды.
Өміріңді күзеткен, (Автобус)
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
Мұғалім : Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын біліп , тіліп алу баршамызға керек.
1. Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты біздің еліміздің қала , ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни барлық жүргізушілер , көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
2. Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен , көрейік . Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
3. Жиек жол деген не ? Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4. Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды ? Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Тақтада
Қызыл – Тоқта !
Сары – Сақтан !
Жасыл – Жол ашық!
Құндызай : Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем баспа алға !
Диана: Сары көзін ашқанда ,
Қарап қалма аспанға !
Сұлупан: Жасыл көзін ашқанда ,
Өте бергін , жасқанба !Оқушылар бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап , кезегі келгенде көрсетіп тұрады.
Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық ,
Қаймықпасын ата – ана .
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы :
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін .
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман !
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың ,
Сен өзіңді сау сақтап
Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»
Инспектор :
Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,
Ауырса адамды, аңды да емдейді .
Отырған мынау Медбике апаға
Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?
(Осы кезде басын ақ шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)
Инспектор :
Апа, қараңыз мына сұмдықты ,
Маймақты кім қыңжылтты ?
Мед.бике:
Маймағым, не болған өзіңе,
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?
Аю:
Айтайын мен жасырмай шынымды – ай,
Сақтап қал , апа жанымды шыбындай.
Жармасып бал тасыр машина үстіне
Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.
Мед.бике:
Бір асар тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұздың қарынның қамы үшін.
Міне, енді еңіреп тұрғаның ұят – ақ,
Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !
Аю.
Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!
Мұғалім : – Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?
Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\
Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.
Инспектор:
Көреген, дәу қырағы.
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда.
Бағдаршам:
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Бағдаршам:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта, сақтан, жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Диана:
Төрт топтан құралған,
Белгілер туыстай.
Жол сілтеп тұрады.
У-шусыз ұрыспай.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып – қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар жолдаған.
Аман – сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан – жақты.
Міндеттеу белгісі Томирис :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі Ислам:
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн – түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.
Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау :
Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.
«Мен және менің міндеттерім, құқықтарым»
Мақсаты: 1) адамзаттың басты құндылықтарын айыра білу;
2) дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің мағынасын ашу;
2 . «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
3. «Бәріміз бірге!» ойыны ( қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: – Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар.Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өз Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
4. Пікірталас.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.
- Дүние жүзі елдеріне ортақ заңдар бар. Біз ол заңға да бағынуға міндеттіміз. Ол былай аталады: «Адам құқықтары жайлы жалпыға бірдей декларациясы».Дүние жүзінің балаларын қорғауға арналған «Балалар конвенцияның 6-бабында былай делінген: «Сіздің өмір сүруге құқығыныз бар, ал мемлекет сіздің жан-жақты еркін дамуыңызға көмектесуге міндетті. Денсаулығына, өміріңе қамқорлық жасап, қорғауға міндетті».
Олай болса, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
Оқушы: Отан дейміз от жаққан жерімізді
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман-тоғай елімізді.
Сабақты қорыту.
-Сендердің қазіргі міндеттерің?
-Адамзаттың басты құндылықтарын ата.
Мақсаты: Оқушыларға шылым шегудің адам ағзасына тигізетін әсері туралы жеткізу. Оқушылардың өздері салауатты өмір салтын қадағалап, өзіндік жеке өмір сүру тәжірибесін меңгерту. Салауатты өмір салты пропагандасын жүргізу.
Көрнекілік: денсаулық туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, суреттер,
Әдісі: ертегі-көрініс
Барысы:
Жалпы біздің бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Салауатты өмір салты»
Әр қайсымыз кішкентай кезімізде ертегілерді көп қарап қызықтағамыз. Енді сол ертегілерге қайта оралайық.
1-көрініс «Бауырсақтың үйінен кетуі»
Бауырсақ шал мен кемпірден кетпекші болады.
Бауырсақ: Апа, ата! Осы біздің ауылда ешқандай қызықты оқиға болмайды.
Шал: саған қандай қызықты оқиға керек.
Бауырсақ: Менің ауылда отыра бергім келмейді.
Кемпір: Енді не істемек ойың бар?
Бауырсақ: Ата, апа! Мен кеттім. Сау болыңдар.
Кемпір: Қайда кеттің?
Бауырсақ: Кеттім, мен қайтып келмеймін. Мен барлық жасөспірімдер сияқты қыдырып, өмірдің қызығын көргім келеді.
Шал: Бауырсағым, бұл айтып тұрғаның не сандырақ? Қайт кері.
Бауырсақ сахнадан шығып кетеді.
Кемпір: Жарайды, барсын, көрсін, оның түбі жақсылыққа әкелмейді.
Сахнадан шал мен кемпір де шығып кетеді.
Мұғалім: Бауырсақ жол жүріп кетеді.
Қазіргі жасөспірімдердің ойынша, өмірдің барлық қызығы тек қыдыру мен шылым шегу, арақ ішіп, есіртке қабылдау деп ойлайды.
сахнаға шылым шегушілер, яғни түлкі, қасқыр, қоян шығады.
Түлкі: әй, сенде темекі, сіріңке бар ма?
Қасқыр: жоқ.
Түлкі: енді не істесек екен. Құлағым ісіп бара жатыр.
Сол уақытта бауырсақты көреді.
Түлкі: ананы қара, біреу келе жатыр.
Қасқыр: қазір жақындасын, содан сұрап көрейік.
Түлкі: әй мында кел.
Қасқыр: Сен кімсің?
Бауырсақ: мен бауырсақпын, мен атамнан да, апамнан да кеттім. Мен блатной болғым келеді. Маған өмірдің қызығын көрсетіңдерші.
Түлкі: Ә, солай де, сенде темекі бар ма?
Бауырсақ: жоқ.
Қасқыр: ендеше бізге 5катя бер.
Бауырсақ: қайдағы 5 катя? Біздің ауылда бір ғана катя бар. Мен сендерге қайдан 5 катяны табамын.
Түлкі: О-о, колхозник, біз сенен катя сұрап тұрған жоқпыз. Ақша сұрадық. 500 тенге гони сюда.
Бауырсақ: менде 500тенге жоқ, тек 200тенге ғана бар.
Түлкі: әкел соны. әй, қоян, мә, мынаны ал да, тез бізге шылым әкеп бер.
Қоян жүгіріп барып, темекі әкеліп береді. Соны алып, түлкі мен қасқыр бауырсаққа шылым шегуді үйретеді.
Түлкі: сен мынаны аузыңа сал да, түтінді өзіңе қарай тарт.
Бауырсақ жөтеле кетеді.
Қасқыр: алғашында солай болады. Үйреніп кетесің.
Түлкі: енді біз сияқты блатной боласың.
Қасқыр: жүр саған басқа да қызықтарды көрсетейік.
Солай деп бауырсақты құшақтап, сахнадан шығып кетеді.
Мұғалім: бауырсақ солай темекі шегуді үйренді.
3-көрініс «Бауырсақтың үйге қайтып оралуы»
Шал мен кемпір үйінде жүреді. Сол кезде кемпір бауырсақты байқап қалып, шалына жүгіріп барады.
Кемпір: әй шал ананы қара, бауырсақ келді.
Бауырсақ: «шал мен кемпірді құшақтап» мен енді сендерді ешқайда тастамаймын, ешқайда қашпаймын. Сендерді тыңдап жүретін боламын.
Сахнадан шығып кетеді.
Сынып жетекшінің сөзі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер жеке өміріндегі сәтсіздіктерден, ата-аналарымен шиеленіскен қарым-қатынастан, жолдастарына сеніп, олардың айтқанына көнгеннен темекі шегіп, арақ ішіп және есірткі қабылдаудың керегі жоқ. Әрбір адам таңдауға құқылы, және ол өз денсаулығы үшін, өз өмірі ұшін өзі жауап тартады. Сондықтан қазірден бастап өмірдің шынайы қызығын көріңдер. Ол үшін салауатты өмір салтын қадағалау керек. Оның негізгі компоненттерін өздерің де білесіңдер: дұрыс дем алу, дұрыс және рационды тамақтану, қозғалу белсенділігі, жақсы эмоциялар, шынығу, табиғатқа деген сүйіспеншілік, жаман әдеттердің қалыптасуынан арылу. Сендер қазір Қазақстан Республикасының азаматтарысыңдар, сендерге болашақта сәтілік тілеймін!
Тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ
Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата-бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.
Өтілу барысы:
Құрметті оқушылар! Бүгін біздің сыныбымызда «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.
Бұл сайысқа екі топ қатысады:
1. «Сұңқар» тобы.
2. «Барыс» тобы.
Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек: Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
1-тур: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2-тур: Мақал – сөздің мәйегі
(тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Жақсы кісі байқап сөйлер, ...(жаман кісі шайқап сөйлер)
2. Ер еліне, ...(ит иесіне)
3. Балапан ұяда не көрсе ... (ұшқанда соны іледі)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді ...(Ғалымның хаты өлмейді)
6. Көз жетпеген жерге, ...(сөз жетеді)
7. Отыз тістен шыққан сөз, ...(отыз рулы елге тарайды)
10. Өнерлінің қолы алтын, ...(өлеңшінің сөзі алтын)
11. Еңбек етсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)
12. Отан үшін күрес - ...(елге тиген үлес)
3 – тур: Кім тапқыр?
- Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы: